Жылдың үздік поэзиясы

Байрағым..

Еркіндік елдікпенен бірге тұрар Көк тудың құдірет пен құрметі бар. Байрағы құламаған халық едік Көк аспан қыран менен күнге құмар.   Байрақтың тарихы да тұнған аңыз Байрақты болған Сармат, Ғұн бабамыз. От шашқан айдаһарлы байрақпенен Мұра боп бізге қалды бұл даламыз &...

Ары қарай оқу

Тәуелсіздік...

Тәуелсіздік... (әр кезең ойлары)   І бөлім    «Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді» Бұл далада қазақтар өскен еді Тауқыметтің сан түрін кешкен еді...   Батыр еді бұл халық киелі еді, Жүрегімен Аллаға сүйен...

Ары қарай оқу

Сүю

Сонау бір сезімге кенедей құмартып, Отырам өзіме,өмірге мін артып. Мен солай күніне мың өліп, тірілем, Шықпасын білсем де мұнан түк.   Бір кездері кетсе де ауып,түлеп, Сол адамға бақ тілеп,сауық тілеп, Қылығына қара ту көтерместен, Сүйе беру – бәрінен қауіптірек...

Ары қарай оқу

Алаң

Жатқанымен бір күнді күн ысырып, Келер күннің тым сұрлы түрі суық, Көп армандап жүргенмен алдан бірақ, Жылтыңдатар жанарын қуыс үміт. Дегенмеген әрдайым сақтайды Егем, Бір тыныштық әлемнен таппай келем. Бүгін жылы болғанмен ауа райы, Бүрсеңдейді неліктен жаппай денем. Сүйдік, күйдік, куә...

Ары қарай оқу

Ініме

Тағдырдағы жолымыз кілең кетік, Соны ертеден түсініп, түгендедік. Тете туып, таласып өскенменен, Жүрек дертін тартыспай бір емдедік.   Бәрінен – мен, ал ұлдың үлкені – сен, Қиындығы ғұмырдың – күнкөріс ең. Қолымыздан келгенін жасап жүрміз, Кетпеу үшін т...

Ары қарай оқу

Абсурд: ескішілдік пен жаңашылдық

Ең үлкен азап – тозақта емес, мазақтан күю. Ең үлкен күнә – серттен таю.   Жүзжылдықтардың дұғасын қайыра оқып, Болмысын жылқының тұяғына жасырған Бабаларымды аңсап отырмын. Менің мұңлы жырларым… Күйдің құдіретін түсіне алмайтын, Қобыздың киесін есіне алмайтын, А...

Ары қарай оқу

Наз

Тағдыр дегенім – қателік емес, таңдауым, Өзіңде қалды бар жаным… Күнәнің іздеп ойлысын, Таңдарды түнге, түндерді таңға жалғадым.   Торитын болдым нәпсікеш жынның кей ізін, Шықты ма содан мүйізім? Суық санама опынып тұрып сақтадым, Өкініштердің сүйісін. &n...

Ары қарай оқу

Құбылу

Күмбір-күмбір күй саулап, күңіренген елеспін, Көңілімде – сәби саз, көмейімде – көмескі үн. Қолымдағы көзені тауысарға достар көп, Жүректегі қайғымды бөлісерге жоқ ешкім. Бөспе жұртқа бәрібір, барлығына кінәмшіл. Даңғазалық өмірді көре қалсам, бұғам шын… Жанның тылсым нұры...

Ары қарай оқу

Ақылдан ұлғаусар мендегі кертолғау

«Бауда нұрым балқымас, Балақ жүнім шалқымас». Айнала ұшқан алты аққу – алты түйір тамшы жас... Тулақ болып арыды тұлпарым еді керқұла ат, Қаудыраған сүйекке дей көрмеші қамшы бас.   Мен ешқайда шықпаймын, Мен ешкімді іздемен, Ерте, ерте, ертеде-ақ есейт...

Ары қарай оқу

Ешкімнен келтехат келмейді...

Ешкімге өтпейді телефон... Ешкімнен келтехат келмейді... Ал тыста қай маусым?! Белгісіз... Жапырақ ұшқандай желменен.   Соңғы рет біреу гүл сыйлаған, Кім еді?! Қураған раушан... Тудырар үрей мен жалғыздық, Біреуге айта алмай қуансаң.   Бір дауыс шыға ма,...

Ары қарай оқу

Кертолғау

Ақылдан ұлғаусар мендегі кертолғау, Сендегі нәзік жан соған кеп өртенді-ау! Жолдарым кер ағыс, дүние дүмбілез, Ешкімге жақпайды сондықтан бұл мінез.   Шығыстан есетін самалдар аңсауық, Барғанын білмеймін молама қанша алып! Өзімді жоғалттым жүргенде тентіреп, Мұра боп қал...

Ары қарай оқу

Туған жер кеші

Туған жер кеші Сағынышымды үдетпе менің. Алыста жүрген ұлыңды жүдетпе дедім. Ойламай қалсам өзіңді бір сәт, Жұтылып кете береді түнекке демім.   Туған жер төсі Өзіңде алғаш іңгәлап шыр еткен едім, Қырандай баулып балақтап түлеткен едің. Бір түп жусаның ынтық қып еріксіз мені, Сағы...

Ары қарай оқу

Су

(туған жерге сағыныш циклінен) Сағынышым сарғайған, Жылжып ағып барады. Тұнық терім маңдайдан, Сырғып ағып барады. Жанарымнан бейкүнә, Мұң құлатып барады. Жыландыдан жылыстап, Бұлақ ағып барады. Мейірімді уыстап, Құлап ағып барады. Менің мұңлы тағдырым, Жылап ағып барады... Қобд...

Ары қарай оқу

Ауылдағы күзгі көрініс

Жапырақтар сарғайып жатқан кезде, Өзгереді бұлт басып аспан лезде. Көрініске осынау қарап тұрып, Ой-санама оралды жоқтан өзге.   Жел тұрады батыстан ауық-ауық, Сиырлар жүр қорегін шөптен тауып. Жапырағын шаң басқан ажырықтың, Шайып өтті ақ жаңбыр көктен жауып.  ...

Ары қарай оқу

Жетім бақ

Сен кеткенсің Дендеген дертім қалған, Еліктей қыз, қайдасың еркімді алған? Мен тұрған маң мұңыма масаңданып, Салтанатын табатын сен тұрған маң. Жеңілтек жел басылмас желігі ептеп. Жаныңды жүруші еді төңіректеп. Сағағынан үзілген жапырақ та, Аяғыңа құлайтын еңіреп кеп. Сығып алып көз жас...

Ары қарай оқу

Өтүкен

Күннен келдім, Күнге қайтам! Бар болмысым  - ғажап Күннен! Феникстей күлден қайта, Жаратылған Қазақпын мен.   Мен Қазақпын! Сұсты айбатым - Серпіп тастар шер түндігін! Тасқан селдей - Күш, Қайратым! Ескен желдей  - Еркіндігім!   Ен байлығым - Е...

Ары қарай оқу

Тезек терген

"Бір күні Аққыз өзінше айла тауып, тезек теру үшін ала қапқа қалақтай қоңыр домбырасын иығына салып, бел асады. Содан ауылдан ұзап шығып, иесіз даланың елеусіздеу бір сайына жеткенде қоңыр домбырасын қолына алып, мұңдасымен аңсап көріскендей күй кешеді...".      ...

Ары қарай оқу

Тізімде жоқ "Дос" жайлы

Досым қайда жүрсің, Келші бері. Көріспедік дауылды, Күз келгелі. Қалай жайың жақсы мекен, Əлде қышқыл сырадай ашщы мекен. Мендегі жай, күрең күз көктері жоқ, Сол себепті барлығы қашты мекен. Бұрыңғыдан кімдер бар естілеме, Салқын самал тау жақтан есті міне. Жолдастардан хабар жоқ...

Ары қарай оқу

Секем

Жазба-қыспа, көктем бекен, Жасырынып қымтанған өкпем бекен, Сағынышқа айналған сары алтыным, Сағым мұңын нөсердей төккен бекен. Ызғарма-дауылма, аяз бекен, Көпшіліктің ақылы саяз бекен. Сезімімді білдіріп қоямында, Өң бойымды билейді бірден секем. Қызылма-жасылма, күңгірт бекен, Қы...

Ары қарай оқу

Үміт деген жанымызды тірілтер

Үміт деген жанымызды тірілтер Тебірентер, тек алдыға жүгіртер, Таң атады, түн кетеді түк болмай Тыңда досым,күт, бар айтар ойлар   Үміт отын күн етіп, кілттер тауып Талай ашар әр адам талай есік Тірі жандар тіршілігін жалғастырар  Жас адамдар ойланар, ойын ойнар...

Ары қарай оқу

Маза, күдік, күбір, ой.

Маза, күдік, күбір, ой. Мүмкін сенің өлер күнің бүгін ғой. Мына өмір қара құдық секілді, батып кетсең шыға алмайсың түбінде, ой   Қамық,қайғыр, күйзел мейлі күйік шал. Мына өмірді әлің келсе сүйіп қал. Ойларыңда жұмыртқалап жатса өлең, самғат бәрін жиып хәл.  ...

Ары қарай оқу

Сынбай қалсын көңіліңнің әйнегі

Сынбай қалсын көңіліңнің әйнегі. Қоңыр көзің жылауға да кекшіл шын, кірпігіңнен төгіледі ой демі.   Сен білмейтін ең ауыр бір күнә бар. Ол дейтінім: ғашық сезім, ақжүрек, айтылмайтын басқа ешкімге шын адал.   Сені ойлауға болады ылғи шүбәсіз. Өзің жайлы түс көрем...

Ары қарай оқу

Дариға дәурен

Дариға дәурен. Құлап бара жатамын. Құлап бара. Жас көмкерген тоңғақ — үн, жылап—дала. Көмейімнен, ең ащы әуез оянды құлақтана.   Дариға дәурен. Бір сазды әуен шертеді жүрек қылын. Естелікте ескірген күн өтті мың. Ескі мақам, қарашықтың жадына түнетті мұ...

Ары қарай оқу

Ғұмырыңнан айналайын Қаламгер!

Өнер шіркін, тамсандырған талайды, Хан Тәңірі төккен шуақ арайды, Тау Қыранға шабыт болған Тянь-Шань Тым биіктен маңғазданып қарайды.   Құз – шыңында кіл шындықтың мұзы бар, Бұл шындықта өрнектер бар біз ұғар, Топырағы талай ғұмыр куәсі Боранын да сол тағдырлар сыз...

Ары қарай оқу

Әулие шоқы туралы толғау

Көрегеннің көрікті көркем ісін, Көркем ісі болашақ ертеңі үшін Сайра-сайра бұлбұлым ерке құсым. Елім-айлап еңіреген абыз ердің, Аңыз ғып айт парасат ертегісін. Тіршіліктің толғасақ та қайсы әнін, Ізгілік сыр жағады екен ой шамын. Төлге бардық көбейтсек деп қой санын, Әулие деп атайды екен со...

Ары қарай оқу

Арал өлмейді

(1989 жылы Мұхтар Шаханов Кеңестер Одағының депутаттығына үміткер болып ауылымызға келгенде арналған өлең) Хабарың мені қуантқан келеді деген, Келеді дедім періште өлеңімен. Әулие сезім, әулетті ой-жырларыңменен, Сиқырлы нұрға жата ма, қалай, бөленіп әлем? Жыр айым ба едің жарқырап маңдайға...

Ары қарай оқу

Қызыл күрең тобылғы

(Баллада) Сүт көңілім – кілегейлі ақ қаймақ, Алыс қалған балғын бала шақты ойлап. Жүргенімде тобылғы еске түседі-ау, Әкем ылғи жүретұғын ат байлап. Сағыныштың оты жанып кеудемде, Атпен бардым бірде әдейі сол жерге. Ерке күндер өртедіңдер өзекті, Тұрдым толқып тобылғымды көргенде....

Ары қарай оқу

Тіршілік – азан қазан

Қош көрдік, не әкелдің, әкеттің, келген қонақ аспаннан? ырзық па, жауып жатқан жеміс пе, жердің жүзі – дастархан... бұлттарда киім бе едің тоқылған, киіндірген жас талды...   Апыр-ай, қайдан келген мына қар, Қайдан келген мына жан? Осылай, сен де көшіп келдің бе...

Ары қарай оқу

Құлыншақ, жауын ба, қорғаншақ

Құлыншақ, жауын ба, қорғаншақ, Тамады жұп-жұмсақ, момақан... Көтеріп тұр, әне, сан шырақ... Қайыңның саусағы қалтырап...   Қолтығы гүлдеген қайыңның, Әлде ол қанат па, бүр жарған... Тербелген бөпе ғой лайым ол – балапан жапырақ уайымым.   Аспанның таңдай...

Ары қарай оқу

Бақтағы баллада

Адым атқанда ізім қала ма? Көз салсам көкке көзім қала ма? Кімнің кітабы мына ғаламшар, Жер–парағына сөзі тараған?   «Зылихадан» қаш: алтын тақтан қаш, Бұ жалғаннан қаш «ақ таң» атқанша... Бүрмелі көйлек қолаң шаштан қаш, Өзіңнен де қаш,...

Ары қарай оқу

Жанымды мұздатып алдым

Жанымды мұздатып алдым, Жауынды сүйгенім үшін... Күркіреп барады аспаным. Келгенін сездіріп күздің. Иә сіз... Құшағын құп көріп өзгенің. Мен сол... Қоштасқан қызбын. Қара көк қосылып жылайтын, Қара дақ бұлт жиып... Тамшысы темірдей, Жендетім аяусыз. Жоғалып кетсем...

Ары қарай оқу

Менің гүл сатқым келеді

Менің гүл сатқым келеді, Жұмсартқым келеді жүректерді. Босатқым келеді бейнеттен Білектерді. Кейін ішіндегі сырларды сезінгім келеді Сыйлаушылардың) Езілгім келеді қиянаттарға қиылып жатқан Қия жолдарға құйылып жатқан көңіл үшін Қуанғым келеді солғанға дейін созылған өмір үші...

Ары қарай оқу

Шырағыңды сөндіріп алмайын деп

Шырағыңды сөндіріп алмайын деп, шынарымды балталап тастаппын мен... Талғажау етем енді ай жарығын) Қара түннің қарашы қайғы алуын... Тұнығымды тұманға айналдырып, Дей көрме қайда күнің? Бір білерім, Сүюге жарамсызбын, Сенуге пайдалымын... Сен кеткелі!... Қараңғы көңіл іші,...

Ары қарай оқу

Әбдімәлік

(поэма) Бұл дала дархан дала батыр дала, Жырлаған рух береді ақынға да. Жетеді құпиясы ашылмаған, Тосында Торғай деген жатыр қала.   Торғайдың даласында көп аңыз бар, Дәріптеп айтқан елге соны абыздар. Бұл күнде ұмытылса сол аңыздар, Көбейер кер тартпалар кері ауыздар...

Ары қарай оқу

Алматы дәптерінен

(Топтама өлеңдер)   Білгенімді әрдайым, айта берген емеспін. Әрдайым не айтуды, білген қате демеспін.   Шындықты ұққым келсе де, сене алмаймын жиі оған. Жұрттан гөрі өзімнен, артықырақ ұялам.   Күзді – көктем дер едім, болмады оның керегі....

Ары қарай оқу

Асыра сілтеу

поэма                                                                           &n...

Ары қарай оқу

Қысқы сейіл

Ақ жамылып, жасырынғанда қара Шаңқан ойлар шам жағады жаңа Қыс ертелеу түсті деп өкпесін нала Айтып қап отыр көрші шал ғана Ал əппақ, əппақ бұл маңғаз дала! Сен сонда суырылып келіп, тау бетке қара.! Алтайдан едің... Алатау да дара! Ұлпадан майда, күртік те, бірде кібіртік Қар өрнегі жалқ...

Ары қарай оқу

Өлең өлкесі

Өз өлкеме алып кетем мен Сені Онда түндер жап-жарық, Жұлдыз біткен таң қалып, Жерде жатып күледі Қытығы келіп.                     Аяғымен Ай жүреді, Тек қашпашы, өтінем, Құтылғың...

Ары қарай оқу

Алтайда

Сен қайтесің, сағынып жетіп, сарғайып келіп Аулыңа табан тигенде? Табиғат керім - төскейің, белің Қарағай басын игенде? Ақбауыр бұлттар алмасып барып Төріне таудың кіргенде Қуалап қашып,  жотадан асып Өзенің еппен күлгенде ? Өріліп тұтас көкорай майса Толқын да толқын-түрленсе Е...

Ары қарай оқу

Көкейкесті

Көз жасымнан сорғалаған өмірлік құстар жер қойнына кіргенше сол бір әуенге билеп үлгерді.   Алжыған аңқамның табиғат тәпсірлеп жеті түн бояуын, Беймәлім әуенге елітті күнәһар ойларым. Әуезіне қараңғылық тұншықты, Тыныштық үздікті, Қайдамын?!   Сәуегей сарынның үн...

Ары қарай оқу

Ұры сөз

Түрен тиген дауылдарда, жауындарда көмескі… Мен өзімді ешқашанда жақсы көрген емеспін! Біздің ғұмыр басы тәтті басталатын, арты азап, Түйсіктерін шатастырған тоқсандағы қарт ажал. Біздің тағдыр қарамайтын мейірімге, өштікке, Алыс-жақын, ұзын-қысқа дәргейіндегі қос нүкте. Мен...

Ары қарай оқу

Туашақ күйдің бітімі

Сөгілгенде көбесі топырақтың, Қособадан еңкейді қақырап күн. Жазғытұры, Жаз емес – күңгірт бояу, Сұрғылт дала - салқыны ақыраптың.   Бұлағы жоқ, үні бар – күмбір-күмбір, Елі көшкен, жер шөккен, тұлдыр бұл қыр. Өткен шағын аңсайды емексіте Күнге күйген күре...

Ары қарай оқу

Балама

Балам, саған айтарым - Жоғалтпа абыройың, ешқашан мұнайма. Қасындағы бауырың Тірек болып, үлгі алады мақтана. Досың жақсы болғаны - Арманға апарар жолыңа теңеледі. Дұрыс басымдық қойылғаны - Адамға бақыт сезуге көмектеседі. Таза ойың, мөлдір бұлақтай, Қарапайым сөзді іске...

Ары қарай оқу

Біле ме пенде өз кемісін?

Үнсіз...Түн... Бір сәтте ғажайып сезім Жүректі паналады. Жарық...Күн... Біле ме пенде өз кемісін? Жауапты таба алмады. Балалық шақ... Ата-ана қамқор беріп, Әділ жолын көрсетті. Ер жетті...Сынақ... Сабырлық пен сенім Анықтады өмір бекетін. Көктем жылуы... Жан жарын кездесіп, Бала дауысы...

Ары қарай оқу

Ана

Әлемде баға жетпес байлық Бар - ол Ана. Дүниеге жарық сыйлаған - Ол Ана. Таза, шын махабатқа лайық - Ол Ана. Ешқашан ренжісі болмаған Маған - ол Ана. Ана үшін ең қымбат жан - Ол Бала, Тырысқан ақ сүтін ақтауға. Ананың сөзі жүректен шыққан - Өмір бойы керек сақтауға. Қиын сәтте нұр шашып...

Ары қарай оқу

Отыкен

Ерінінде – дір-дір еткен Ай нұры, Етегінде – еңіреген жаңбыры. Есімнен бір кетпей қойды туған жер Киігіндей таудан қашқан таң нұры.   Ай мен Күні алып таудан туатын, Қырандайын шыңға өрмелеп шығатын. Бұлбұл билер биігіне сүйеніп, Бала батыр ел күзетіп тұратын...

Ары қарай оқу

Табиғат та бір кісі

Мынау бақтарда Қобыздар сарын ойнап жатқанда, Сәукелесінің жапырақ етегіне сүрініп, Қайыңға көңлім тоқтауда. Не деген ұлылық, Төгіліп жатқан сұлулық.   Анау аспанда Найзағайлар мүйіздесіп жатқанда, Көк көңлі сел боп аққанда, Жаңбырдан шыт көйлек киіп жүгіріп, Ел...

Ары қарай оқу

Мен неге?

Келемін, келеді толқынмен жарысып қобыздар, Екіге жарылған ежелгі қыпшақ пен оғыздар. Мен неге тарихтың түбінен қозғалдым Мендік зар неге ылғи болашақ алдында қарыздар?!   Желден көл суырған сен  «Қараторғайым», Серінің көзіндей өлеңде бар уайым...

Ары қарай оқу

Айтарым бар

Болмаса да сүбелі, бай танымдар, айтарым бар, менің де айтарым бар. Көңіліме қонбаған кей жайларға, қарай алмас үн-түнсіз, сайтаным бар. Айтарым бар менің де, айтарым бар,   айта алмасам жеткізіп, айтар ымдар. Дүйім сөзден шықпаса, бір түйін сөз, бір түкіріп, өзіме қай...

Ары қарай оқу

Шал-шауқандық кешкі елік

Елудің үшінен сәл, асқанымда, аз мезгіл уақытта - қасқағымда. Қолыма жыр пырағы, қалам алып, ауыстым басқа ұғымға, басқа мұңға. Замандас, кәрі- құртаң, жастарың да, есіңе ал мені сөге бастарыңда. Қызыл тілім жұтаңдау болғанымен, ойым бар әр жолақтың астарында....

Ары қарай оқу

Қарапайым, дара пайым

                                            КІРІСПЕ Бұл топтамада, негізінен, авто...

Ары қарай оқу

Мойындау

Қуанышқа толы сенің алабың, Ерке ұлы болғанмын мен даланың. Нән таулардың етегімен ілбіп мен, Тарихымды таба алмай  барамын...   Куәсі олар қаншама  мың жылдардың, Суылы мен шуылына құмдардың... Шошақ бөрік Сақ сардары сұсты өңі, Сонау қырдан төмен қарап тұрған...

Ары қарай оқу

Ақын мұңы. Оралу

Ұлы ақын Мұқағали Мақатевқа  арнау   Астастырып отты  жырмен  мұратын, Жанарында  үміт шоғы тұнатын. Көкжиекке көз жіберіп  ойланып, Қыр басында отырды ұзақ бір ақын...   Жүргенімен жырды сүйіп құмартып, Жүрегіне салмақ салды   жүк...

Ары қарай оқу

Алтай-көктем

«Бір шеті киіз, бір шеті мүйіз міне, осындай Алтай-көктем...» Дейтін менің әкем де қартайды еппен. Әттең оның басынан не өтпеді, Сарылдырып нешеме алты ай да өткен.                    &n...

Ары қарай оқу

Қара өлең

Қара өлең, жүйрігімсің жалың майда, Самалмен бірге салған әнім қайда?! Жұртыма атам жатқан жеткіз мені, «Көрейін қызығыңды осындайда».   Иіскеп топырағын тұмарымнан... Сол әуен кетпей қойды құлағымнан. Еңкейіп су ішейін кер бұғыдай, Бүлдірген татитұғын бұлағымнан...

Ары қарай оқу

Алтай жаңбыры

(Сұлтанмахмұтқа) «Ақ жауын сілбілеп тұр...» О.Бөкей. «Сарыарқаның жаңбыры»   Алтайда жаңбыр. Бозамық қырлар. Боз дала. Боз жусандарым, қызғалдақ та бар аз ғана. Аяулы ағатай, сағынамын-ау сағынам, Сарғаяр болдым жазда да... Сен жайлы міне марқа бұлттар д...

Ары қарай оқу

Тоғызыншы мамыр

И, значит, нам нужна одна — Победа, Одна на всех — мы за ценой не постоим!                                    &n...

Ары қарай оқу

Құтқарылған сәби

(2023 жылғы  ақпан айындағы Түркиядағы жер сілкінісі құрбандарына арналады)   Бес күн өтті сілкінгелі қара Жер. Есін әлі жия алған жоқ қаралы ел. Тірі қалған адам әлі бар-ау деп, Үйіндіні үңгіп кіріп барады ер.   Бес күн бұрын бақытты өмір, басқа күй, Бүгін...

Ары қарай оқу

Қабанбай батыр

 (толғау) Ерлерін ел жадынан тұрған өшпей, Қоя ма аңыз етпей, жырлап өтпей. Болған ғой Алашта да талай алып, Робин Гуд, Гераклдай, Гильгамештей!   Сөз етсем жаугершілік заман жайын, Тұлғасы мызғымайтын қамалдайын. Айтар ем алыптардың алыбы деп, Қазақтың Қаракерей...

Ары қарай оқу

Жүрегіңе тығылған гауһарыңды қорғай түс

Ішіңдегі аспаның қырандарға толы екен, Тілеулері басқаның жыландарға толы екен. Қолдарының тамырлары - Сол жыланның жолы екен. Оның басы - тәжілі абжыланның зоры екен. Ал, сендегі қырандар, Сондайлардың жыланынан көп екен. Сенің ішің - ұйықтап жатқан көреген, Рухыңды азат ойғ...

Ары қарай оқу

Кенесарының басы шабылғандағы шашырап кеткен қанымыз

Әр Қазақ - сыңары Кененің, Әр Қазақ - басы еді денеңнің. Әр Қазақ қаны еді, о, ненің? "Бар Қазақ - басың шабылғандағы шашыраған қаның" деп сенемін. Аспанға төрлей бер, Кене-Күн! Басыңды іздеген денеңмін. Қайда деп, о,  басым, Балтыққа бағытымды бұрып ап келемін. Алдымнан шыға...

Ары қарай оқу

Батыр Баян дулығасын Мағжанның табытына күмбез қылым кигізген

(«Батыр Баян» поэмасына соғылған ескерткіш) Табыты табылмаған ақынға Тәңірі өзі тауын кигізер, Сүйегі табылмаған ақынның сүйегін күнге Тәңірі өзі сүйдірер. Алтай таудың арқасын арқама сірестіріп, Қос иықта қос бөрімді күрестіріп, Ертіс судың екі айрығын еміп өсіп анамнан... Жа...

Ары қарай оқу

Өлмей тұршы, үмітім!

Қараңғылық билегендей жер-көкті, Тәтті өмірден жиі таттым кермекті. Жанды жеген бір уайымым іштегі, Жанарымның жасын тағы селдетті.   Сұрқай өмір салғанында сарсаңға, Төзе білдім қажысам да, талсам да. Ел қалаған “тәтті өлең” де тумады, Қаламымды балға малып...

Ары қарай оқу

Сағыныш

Келетіндей бір бақыт мына маған, Сізді ойласам, еріксіз жылап алам. Жалғыздықты дос етіп түндерімде, Сағынышқа тұншығып, тына қалам.   Қойғандай-ақ сізде бір өшім қалып, Жүргенімді білмеймін несін налып. Көрген сәтте жымиып үнсіз ғана, ..Ақылымды билейсіз, есімді алып....

Ары қарай оқу

Қаңтардағы қақтығыс

(Махамбет мақамымен)   Қаңтардағы шеруге, Дұшпан кірген заманым. Бейбіт өткен жиынға, Мыстан кірген заманым.   Абақтыда бауырды, Айқайлатқан заманым. Дубинкамен басқа ұрып, Қайқаңдатқан заманым.   Әкім-қара бақырып, Құрсын деген заманым. Ақынд...

Ары қарай оқу

Тайғақ мұздағы тайталас

(Болған оқиға ізімен)   86-ы. Желтоқсанның аяғы. Көше көк мұз Жиі аяғым таяды. Серең етіп құлағанша Бір мезет, Такси ұстап мінгім келді баяғы.   Бос  тұрған бір машинаға таядым, Тәлтіректеп жас бұзаудай таямын. Аяқтағы армян етік табаны Май жаққанда...

Ары қарай оқу

Қиястық пен қиянат

Қиястығым бар шығар, Қиянаттан шет тұрам. Қыбырлаған құмырысқаны, Баспайыншы деп тұрам.   Ақырса біреу адамға, Ақымақ екен деп тұрам. Ауыра қалса достарым, Ауырмаса екен деп тұрам.   Оқыс сөйлер адамға, Озбыр екенсің деп тұрам. Амалды дұшпандарыма, Қа...

Ары қарай оқу

Жаңаөзен

Деп жүргенде Азаттықтың таңы атты, Жаңаөзенде Қазақ қазақты атты, Талай адам қыршынынан қиылып Сұлап жатты. Адам тұрмақ Қара жердің қабырғасы қайысып Жылап жатты. Күн бұзылып, Күңіреніп Аспан жүзі тұмандатты. Қалың қазақ аңтарылып, Атқан кім?, Аттырған кім?-...

Ары қарай оқу

Ақтанау

АҚТАНАУ (шағын дастан) (Дүниежүзілік көшпенділер ойынының құрметіне)                                      &n...

Ары қарай оқу