Жылдың үздік поэзиясы
104

Жүрегіңе тығылған гауһарыңды қорғай түс

Ішіңдегі аспаның қырандарға толы екен,

Тілеулері басқаның жыландарға толы екен.

Қолдарының тамырлары -

Сол жыланның жолы екен.

Оның басы - тәжілі абжыланның зоры екен.

Ал, сендегі қырандар,

Сондайлардың жыланынан көп екен.

Сенің ішің - ұйықтап жатқан көреген,

Рухыңды азат ойға бөлеген.

Мәрмәр денең туылды екен бала боп,

Қандай гаухар денеден?

Жарқыраған жүрекпен анаң жүзіп келеді,

Түсіңде де нұрын шашқан кемемен.