Жылдың үздік поэзиясы
10
10
Туған жер кеші
Туған жер кеші
Сағынышымды үдетпе менің.
Алыста жүрген ұлыңды жүдетпе дедім.
Ойламай қалсам өзіңді бір сәт,
Жұтылып кете береді түнекке демім.
Туған жер төсі
Өзіңде алғаш іңгәлап шыр еткен едім,
Қырандай баулып балақтап түлеткен едің.
Бір түп жусаның ынтық қып еріксіз мені,
Сағынышымның тұндырған жүрекке емін.
Туған жер тасы
Бір алып қорғаным едің,
Таусыншақ мезгіл тауыспас мол бағым едің.
Балалығымның айғақты іздері қалған,
Мәңгілік менің сағыныш арманым едің.
Туған жері расы
Жанымның бөлшегі едің,
Жасындай қаулап ержеткен өртеңің едім.
Төсіңде ойнап, сайыңа түнеп қалатын,
Түнек түндерде тынымсыз тентегің едім.