Жылдың үздік поэзиясы
91
91
Қысқы сейіл
Ақ жамылып, жасырынғанда қара
Шаңқан ойлар шам жағады жаңа
Қыс ертелеу түсті деп өкпесін нала
Айтып қап отыр көрші шал ғана
Ал əппақ, əппақ бұл маңғаз дала!
Сен сонда
суырылып келіп, тау бетке қара.!
Алтайдан едің... Алатау да дара!
Ұлпадан майда, күртік те, бірде кібіртік
Қар өрнегі жалқыдан, жалғыздан ғана
(Жаратқан - Дана!)
Сырын ұқ сұңғыла боп ақ бояудың
Бізге шатыр - қар жауған Алқара көк
Мүлгігенде атырап, сен ояу бол-
Əне сансыз ұшқындар қонады көп,
Бізге шатыр бүгінгі Алқара көк
Құла дүзде қолшана -шаттық көлік
Күйбең жерден əупірім ала қашса
Еш өкінбе кетсе де жастық өтіп,
Жібекқанат күндер көп, тəңір жазса
Судан қыл суырғандай сезім
қанша!