Жылдың үздік поэзиясы
159

Шал-шауқандық кешкі елік

Елудің үшінен сәл, асқанымда,

аз мезгіл уақытта - қасқағымда.

Қолыма жыр пырағы, қалам алып,

ауыстым басқа ұғымға, басқа мұңға.

Замандас, кәрі- құртаң, жастарың да,

есіңе ал мені сөге бастарыңда.

Қызыл тілім жұтаңдау болғанымен,

ойым бар әр жолақтың астарында....