Жылдың үздік поэзиясы
391

Балама

Балам, саған айтарым -

Жоғалтпа абыройың, ешқашан мұнайма.

Қасындағы бауырың

Тірек болып, үлгі алады мақтана.

Досың жақсы болғаны -

Арманға апарар жолыңа теңеледі.

Дұрыс басымдық қойылғаны -

Адамға бақыт сезуге көмектеседі.

Таза ойың, мөлдір бұлақтай,

Қарапайым сөзді іске айналдырады.

Тағдыр қалады жұмбақтай,

Өмір бағыты өзіңе байланысты болады.

Балам, саған айтарым -

Қиын сәтте, кінә болса, қате жасасаң,

Жасырып жүрме, жаным,

Жалғыз емессің, қасындамын әрқашан.

Өзіңді қорғай біл,

Жақсылықты ұмытпа, қамқорлық көрсет.

Маңызды құрал - ол тіл,

«Ана тілің құрметте!» - атадан келген өсиет.

Балам, саған айтарым -

Дүниеге келгенде үлкен бақыт әкелдің,

Өмір бойы сапарың

Ақ болсын, әрдайым сақта таза жүрегіңді!