11
Ауылдағы күзгі көрініс
Жапырақтар сарғайып жатқан кезде,
Өзгереді бұлт басып аспан лезде.
Көрініске осынау қарап тұрып,
Ой-санама оралды жоқтан өзге.
Жел тұрады батыстан ауық-ауық,
Сиырлар жүр қорегін шөптен тауып.
Жапырағын шаң басқан ажырықтың,
Шайып өтті ақ жаңбыр көктен жауып.
Қой кезектен қой келеді шаңға батып,
Кезекші жүр, көк тайын жорғалатып.
Ең соңында келеді төрт аяғын,
Кәрі саулық елпеңдеп зорға басып.
Малын күтіп көрші үйдегі ағатайым,
Баса киіп басындағы малақайын.
Қолындағы таяғымен сабарма еді,
Малын егер үркітсең жазатайым.
Бәріде көзін тігіп өз малына,
Есі шығып қарамай жан-жағына.
Ұрып жасқап өз малын бөліп жатыр,
Мәнде бермей сабаздар қалғанына.
Бір жағында көрші апайым жүр айқайлап,
Қолындағы сәбиіне жүр тай-тәйлап.
Едіреуден үріккен көк серкеден,
Бала шіркін қорқақтап, тұр ой-тай сап.
Бірді-екілі, сиыр ұстап сауын үшін,
Көршілермен сөзге келер тауық үшін.
Шаң басып, іренжісіп жатсақ тағы,
Осының бәрі қызық ауыл үшін...