Жылдың үздік поэзиясы
85

Батыр Баян дулығасын Мағжанның табытына күмбез қылым кигізген

(«Батыр Баян» поэмасына соғылған ескерткіш)

Табыты табылмаған ақынға Тәңірі өзі тауын кигізер,
Сүйегі табылмаған ақынның сүйегін күнге Тәңірі өзі сүйдірер.

Алтай таудың арқасын арқама сірестіріп,
Қос иықта қос бөрімді күрестіріп,
Ертіс судың екі айрығын еміп өсіп анамнан...
Жарты әлемге жадырап қарау үшін жаралғам...
Шабыт қонған Сары-Арқаға жатып алдым шалқамнан...
Кенесары қолдары қағып жатыр арқамнан...
Ойқастаған жолбарысты ұстап ойнап ортамнан,
Нұра суға найзағайдан нәр тамған...
Мағжан сөзі кесек-кесек тас болып,
Жастық болып жадыраған басқа озып.
Тәңіртаудың тар қойынында шырылдап,
Оның жаны бозторғай боп буынды ап.
Оның қызыл қайыңдарын иіскелеп,
Шыңдарының ең ұштарын нүктелеп.
Осы жерден шапқан Түрік жасағы,
Мағжан құсап қамшысын қатты бүктеген.
Осы жерде өскен апорт алмасы,
Арулардың кеудесінен түспеген.
Ұлытаудың бүлдіргенін езгілеп,
Арулардың ерніне жағамын.
Былқылдаған денесіне арудың,
Өгем таудың жұмсақ шымын жабамын.
Үстелдегі былқ-былқ етке қолжазба,
Әрбіріне арудың денесіндей қарадым.
Балалардың банан-банан аяғы,
Мағжан есімді жап-жаңа сәбилерді санадым.
«Анашым!» деп ұйқыға батқан әппақ Мағжаным,
Анаңыздың моласына әппақ бұлт боп барамын.
Анаңыздың мойынын жай құшақтап отырып,
Алатауды анаңыздың шарпысымен орадым.
Жердің бетін тесе жаздап тұяқтар,
Қыз құшағын қарығанда ұяттар,
Шыңғыс ханның шұбар-шұбар әскерін,
Қасқыр болып бастағанда Қияттар.
Қият балға таудың төсін жаңғыртып,
Жошы құлағына жаңғырғанда қыраттар.
Бұрымдай боп буынған бұлақтардың қасында,
Мағжанның да, Қойлыбайдың әруағы мұнартқан.
Үкілерін басыма қадап алып орманның,
Ала айғырын жетелеп алып барам арманның.
Батыр-Баян қылышынан шыққан қырық найзағай,
Көлеңкесін кесіп өтіп Жоңғардың.
Батыр Баян дулығасын - Табытына Мағжанның
Кигізді де күмбез қылып, толғандың.
«О, Баян!» деп, «О, баба!» деп қарлығып,
Садақтай боп атылған әруағы ең таулардың.