Жылдың үздік поэзиясы
91

Кенесарының басы шабылғандағы шашырап кеткен қанымыз

Әр Қазақ - сыңары Кененің,
Әр Қазақ - басы еді денеңнің.
Әр Қазақ қаны еді, о, ненің?
"Бар Қазақ - басың шабылғандағы
шашыраған қаның" деп сенемін.
Аспанға төрлей бер, Кене-Күн!
Басыңды іздеген денеңмін.
Қайда деп, о,  басым,
Балтыққа бағытымды бұрып ап келемін.
Алдымнан шығады асқақ су,
Ағынды нулар мен әппақ түн.
Орыстың қыздары тізілер,
Жүздері ақ түнді сақтап тұр.
Эрмитажды ақтарар қолдарым,
Басым жоқ, денемін, оңдағын!
Бассыз бұл кейпіммен бас іздеп,
Қолыммен сыйпаймын зорға әлі...
Қайдасың о, басым, табылсаң,
Шаншылшы мойыныма сағынсаң.
Дұшпаным қайтадан жиылып,
Үзеңгімнен сүйіп жалынса. 
Дұшпанның басын екеуге бөліп,
Балыққа тістетем, бауырлар.