Жылдың үздік поэзиясы
8

Дариға дәурен

Дариға дәурен.

Құлап бара жатамын. Құлап бара.

Жас көмкерген тоңғақ — үн, жылап—дала.

Көмейімнен,

ең ащы әуез оянды құлақтана.

 

Дариға дәурен.

Бір сазды әуен шертеді жүрек қылын.

Естелікте ескірген күн өтті мың.

Ескі мақам,

қарашықтың жадына түнетті мұң.

 

Дариға дәурен.

Неге толқи бересің жарым көңіл.

Бұлқынысын қарашы жанын жегір…

Көлеңкеме бүктелген өткен шақты,

көбелектің көзінен сағынды өмір.