Жылдың үздік поэзиясы
104

Ақын мұңы. Оралу

Ұлы ақын Мұқағали Мақатевқа  арнау

 

Астастырып отты  жырмен  мұратын,

Жанарында  үміт шоғы тұнатын.

Көкжиекке көз жіберіп  ойланып,

Қыр басында отырды ұзақ бір ақын...

 

Жүргенімен жырды сүйіп құмартып,

Жүрегіне салмақ салды   жүк артып.

Қайда барса қызыл жалау– қызғаныш,

Амалы жоқ қарсы оған қылар түк...

 

Елшенбүйрек  шықты алдынан тағыда,

Сүрініп жүр соры ма, әлде бағы ма?

Саржайлауға сар желдіріп  кетті ол,

Жалау іздеп жабырқаған жанына.

 

Беу, пенделік! Дерт қой мына іштарлық,

Бұл жалғанды жайлар ма тек  мыстандық ?!

Кеше еді-ғой, арбап алған Алматың,

Таулар неге шақырды  оны құштар  ғып ?!

 

Бақыт іздеп жолы ауыр жырына,

Жылынуға  туған аймақ нұрына,

Булығып кеп құлады ақын етпеттен,

Қарасаздың  қарауытқан қырына...

 

«Пай,пай, пай киелі жер қадірлім,

Байланған-ай,  дәл өзіңде  бағымның!

Шаршағанда қызыр кіріп түсіме,

Аңсағанда саған келіп шағындым...

 

Опасыздық өтсе менен оңбаймын,

Қара өлеңім хәл жеткенше  қорғаймын!

Қарайғанға қиянатым болған жоқ,

Шеттеттеді шен таққандар сол қайғым!

 

Беу, Қарасаз  бетіңді  бұр ұлыңа!

Өзі еркімен босып кеткен «құлыңа»,

Міскіндердің мысқалына ұшырап,

Өзім салдым қылбұрауды жырыма !

 

 

 

Айыптымын менің алдында  Тазалық!

Сенде мені сырт тебесің сазарып.

Жаным менің  жабырқатса  бұлт  төніп,

Таңың атса менде тұрам   бозарып.

 

«Сендің қалай сертті бұзған  соларға,

 Ор қаздырды   өмір өлім араңда!

Сену керек  сені қорғап жүрсе егер,

Сенім  үшін  жүрек керек адамға!»

 

Тылсым үннен тапты ақын жұбаныш,

Созды қолын бір құдірет тым алыс.

Қуаттанған шуақ тамған жанына,

Алапат ой қайта әкелді бұла күш.

 

«Бер батаңды Атамекен, Ақ мекен!

Мына өмірдің тастақ жолы қатты екен.

Жусаныңды жастап жатам басыма,

Аршаңнан да бір құшағын ап кетем!

 

Кешіре алсаң  кешір Ата  тауларым,

Тек сендермен еңселі екен Арманым!

Мұқағали дандайсыйды  деп кейде,

Мұқатқанмен оятты кей жауларым...

 

Алғыс саған  арма өмір, паң жандар!

Аяу үшін  жаралмаған Армандар.

Ойсыздарды оятатын отты жыр,

Ең жаманы ойлана алмай қалғандар.

 

Бақыт іздеп басы қатқан пендеңмін,

Сыя алмай  құшағына кең жердің.

Беу,қазағым жырлап өтсем арман жоқ,

Бар мұңың мен тағдырыңды сендердің!»

 

Жабықты ақын жанарына жас үйді,

Тылсым бір сыр  жүрегіне жасырды.

Хән-Тәңірге ұзақ қарап күбірлеп,

Бөркін шешіп  тізе бүгіп бас иді.

 

«Тірі сірә  көрмеспін беу, көрмеспін,

Мұқатпайды бұл ұлыңды енді ешкім.

Жабырқатқан жандар  болса жол берем,

Маған өтсе  қиянаттар мен кештім! »

 

 

Кешті ақын дос -дұшпанды , соларды,

Талай көңіл шуақ толып  тоң алды.

Қайтпағанмен Қарасаздың қырына,

Мәңгілікке Ұлы болып оралды !!!