9
Байрағым..
Еркіндік елдікпенен бірге тұрар
Көк тудың құдірет пен құрметі бар.
Байрағы құламаған халық едік
Көк аспан қыран менен күнге құмар.
Байрақтың тарихы да тұнған аңыз
Байрақты болған Сармат, Ғұн бабамыз.
От шашқан айдаһарлы байрақпенен
Мұра боп бізге қалды бұл даламыз
Ел-жұртым шашылғанда «елім-айлап»
Бірлікке жинап еді бөрі байрақ.
Әскерін бастағанда Әбілмансұр
Байрақпен жауға шапқан Абылайлап
тұсында Абылайдың ақ байрағым
Жинады Алты Алаштың жаппай бәрін.
Бабам ай бірлік, ерлік белгісіндей
Тұғырға ақ туменен бақ байладың
Оспаным Шығыстағы һас батырым
(Қазақтың жігіттері ай... тасқа тілім.)
Ақ туды көтергенде ақ білекпен
Қорыққан қалмап еді қаста тыным
Ақ орда, Алтын орда ақ ту алған
Сондықтан құламап ед бақ бұлардан.
Тұғырда тұрғанынада ақ байрағы
Жанары жауынгердің отты болған
Исламмен бірге келген ғасырлардан
Алашорда байрағы жасыл болған.
Астында Алаш тудың сөнбейміз деп
Өшпейтін жүректерде жасын қалған
Кеңестің ұстатқаны қызыл еді
Сол Қызыл талай жанды үзіп еді
Қырғынын қызылдардың тоқтата алмай
Аңсадық азаттықты біз үнемі.
Ал бүгін көгімізде көк туымыз
Көк тумен биік біздің шоқтығымыз
Жаяумен амандасқан аттылымыз
Қурайды өртемейтін оттылымыз
Қырандай саясатқа қырағымыз
Байрақта қанат жайған қыранымыз.
Ешкімге өздігінен тиіспейтін
Тыныштық, бейбітшілік ұранымыз.
Желбіре көк байрағым тұғырыңда
Қазақтай алып жүрек тірі мұнда!
Өзі өлмей құлатпаған қолдан туын,
Қазақтың мың ғасырлық ғұмырында!