Жылдың үздік поэзиясы
7858

Әулие шоқы туралы толғау

Көрегеннің көрікті көркем ісін,
Көркем ісі болашақ ертеңі үшін
Сайра-сайра бұлбұлым ерке құсым.
Елім-айлап еңіреген абыз ердің,
Аңыз ғып айт парасат ертегісін.
Тіршіліктің толғасақ та қайсы әнін,
Ізгілік сыр жағады екен ой шамын.
Төлге бардық көбейтсек деп қой санын,
Әулие деп атайды екен сондағы ел,
Шоқылардың ішіндегі ең бойшаңын.

Әулие аты алғаш маған жұмбақ-ты,
Бағдар сілтеп көрсеткендей шың жақты.
Көңілімнің дүрбісімен қарап ем,
Шежіресі маған былай тіл қатты:

Түнеріп бір кетпегендей көктен бұлт,
Көктегі бұлт секілденген өктемдік.
Өктемдіктің зәразабын көп көрдік,
Бастан талай зұлматты өткердік.
Өткердік те, жек көрдік те кектендік.
Парасаты кемелденген текті ерлік,
Ғажап күнге жеткізер ме деп келдік.
Азат күннің ажарын жіберердей көктем ғып,
Қайғы арманы аралас
қиялдарға көп сендік.

Осындай бір сарында сөйлегендей болады,
Ере бермей ілеске қой дегендей болады.
Төрелердей төрдегі «Ей» дегендей болады.
Періштедей пейілді бейнелердей болады.
Пенделікті бойыңнан жой дегендей болады.

Көргендей ғып айтатын
не ғажайып аңызды,
Былай деді бір күні бір танысым жаны ізгі:
Бұл аңызы ерекше бұл кезеңге маңызды,
Маңыздысын мәнерлеп майын
әбден тамызды.
Асан қайғы атанған аяулы адам кешегі,
Шоқыға кеп осынау аялдаған деседі.
Ой-арманын, болжамын баяндаған деседі,
Қалғып-мүлгіп қараңғы
ел оянбаған деседі.
Оятуға жанын сап аянбаған деседі.
Кемелденіп келешек арман болған азат күн,
Келетіні Алладан аян болған деседі.

Киелі бұл шоқының
бойында бар сұстылық,
Сұстылықта жатқандай ізгілікті іс тұнып.
Әлімжетті қуларға сес көрсетер ышқынып,
Пасықтарға паңдана қарамайды пысқырып.
Жағымпазды жақатпай қарайды оған тіксініп.
Жөн-жосықсыз мақтаулар
мөлдіреген ауаңды
Жіберердей ыс қылып,
Жарқ-жұрқ еткен алтынды
жіберердей мыс қылып,
Жайраңдаған жазыңды жіберердей қыс қылып.
Сұсты көзін қадайды сұрқиялау қылыққа
Сұстылықта жатыпты кереметтей күшті рух.

Бұл рухты шоқымыз,
Қара дала тынысын бағып тұрған тәрізді.
Ізгілікті ой шамын жағып тұрған тәрізді.
Биіктерді армандап,
Қиялының қанатын қағып тұрған тәрізді.
Келешектің келбетін танып тұрған тәрізді.
Тілдің жайы бүгінгі қамықтыған тәрізді.
Жағымпаз бен жантықтар
жалықтырған тәрізді,
Бір нәрседен көңілі қалып тұрған тәрізді.

Сабырлы да салмақты
темір тектес төзіммен,
Бәрін біліп тұрғандай
мөлт-мөлт еткен көзіңнен.
Түкпіріндегі түйсіктің
ғажайып бір сезіммен,
Естігендей боламын әулиелік сөзін мен.

Асан қайғы ақынның қайғылылау өлеңі,
Қосылмаған бастары, бірлігі жоқ ел еді.
Аяқ-қол мен жал-құйрық
жоқтығына қайғырдық,
Жоқ бірлікке ол теңеуі
Жыр боп шыққан жүректен і
штегі шер-шемені.

Жырға қосып күйігін,
Аласартпай биігін.
Жердің іздеп ұйығын,
Қарыздармыз ұлы арманын
айтып өткен адамға.
Оған куә ұлан-ғайыр даламда,
Ұрпақтары өтей алса парызын,
Жан рухымен жай табар ма бабам да.
Асан қайғы бабамыздың арманын,
Асанғожаұлы жеткізе алар ма?
Үмітің тұрған шақта шамдай жанып,
Тәуелсіздік сипаты таңдай жарық.
Даңқымен бара жатқан тауға айналып,
Әулие шоқымыз тұр мәңгі ойланып.