Жылдың үздік поэзиясы
92

Өлең өлкесі

Өз өлкеме алып кетем мен Сені

Онда түндер жап-жарық,

Жұлдыз біткен таң қалып,

Жерде жатып күледі

Қытығы келіп.                    

Аяғымен Ай жүреді,

Тек қашпашы, өтінем,

Құтылғың келіп.

 

Менің өлкем – өр мінездің отаны,

Самаладай сезімдер,

Бет пердесіз жүре алады

Бейкүнә боп небірлер.

Маңайыма толып ән,

Той төресі – ең адалы

Өзім болып жолығам

Жүрегімен Сені іздер.

 

Жердегі мен көктегі

Тұтасқанда: дүние де көп тегі.

Жұбатады  жанарлардан именбей

Көңілімді өкпелі.

(Жаңбыр неге төкпеді?)

Лағылдарды түн тізген

Уысыма толтырасың топ жарып...

Өз өлкеме алып кетем мен Сені,

Онда түндер жап-жарық...