Жылдың үздік поэзиясы
97

Алтайда

Сен қайтесің,
сағынып жетіп,
сарғайып келіп
Аулыңа табан тигенде?
Табиғат керім - төскейің, белің
Қарағай басын игенде?

Ақбауыр бұлттар алмасып барып
Төріне таудың кіргенде
Қуалап қашып,  жотадан асып
Өзенің еппен күлгенде ?

Өріліп тұтас көкорай майса
Толқын да толқын-түрленсе
Елігі келіп, ерітіп кетіп
Періште  ғажап күйге енсең?
Сен қайтесің сонымен?

Ал мен  ылғи асығамын,
Аптығам,
Көптен бері салған емен шаттық ән,
Найза ұшы шыршалары шаншылып,
Жауын төгіп жаухар болды шашылған!
...Катоным менің, Катоным - қалың Қарағай
Келемін тағы, кетемін тағы
Қарайлай қалып, қарайлай...