Жылдың үздік поэзиясы
627
627
Ана
Әлемде баға жетпес байлық
Бар - ол Ана.
Дүниеге жарық сыйлаған -
Ол Ана.
Таза, шын махабатқа лайық -
Ол Ана.
Ешқашан ренжісі болмаған
Маған - ол Ана.
Ана үшін ең қымбат жан -
Ол Бала,
Тырысқан ақ сүтін ақтауға.
Ананың сөзі жүректен шыққан -
Өмір бойы керек сақтауға.
Қиын сәтте нұр шашып жүрген -
Ол Ана,
Бақыт қылуға әлемге жаратқан.
Дау болса да бесікті тербелеген -
Ол Ана,
Бала үшін құрбанға дайын болған.