23
Секем
Жазба-қыспа, көктем бекен,
Жасырынып қымтанған өкпем бекен,
Сағынышқа айналған сары алтыным,
Сағым мұңын нөсердей төккен бекен.
Ызғарма-дауылма, аяз бекен,
Көпшіліктің ақылы саяз бекен.
Сезімімді білдіріп қоямында,
Өң бойымды билейді бірден секем.
Қызылма-жасылма, күңгірт бекен,
Қызыл шоғы көрінген тым ғырт екен.
Санамнан кеткенімен жүректе бар,
Орынсыз тулай тепкен салғырт секем.
Жүріссізбе-жорғама, аяң бекен,
Сағынышқа малынған саяңда өтем,
Секем алған күндерді ұмытқайсың,
Келісейік, айтсаңшы, тіл қат көкем.
Кіші мекен ортама, ұлы мекен,
Сен қалаған, таңдаған ортаңда өтем,
Бəрін тыйып қоямын бір-ақ күнде,
Деп айтатын бір жанды тапсам екен.
Ажырықпа-ақселеу, сүйрік бекен,
Мен жетпейтін соншалық жүйрік бекен,
Қызба жаным қызсада, қаным тулап,
Бəрі бірде билейді салғырт секем...