Жылдың үздік поэзиясы
676
676
Алтай-көктем
«Бір шеті киіз, бір шеті мүйіз
міне, осындай Алтай-көктем...»
Дейтін менің әкем де қартайды еппен.
Әттең оның басынан не өтпеді,
Сарылдырып нешеме алты ай да өткен.
Алты ай өтті азуын айға білеп,
Күртік болды көңілім майда, жібек.
Қасатталған қалың ой қайран шабыт,
Енді бізде қалды екен қай қабілет.
Ауыл үйді кезетін сөздей бөтен,
Бір батпан ой кеудеңді езбей ме екен.
Күзде кеткен келердей соқыр сәурік,
Әкем неге алысты көздейді екен?..
Ызғырығы сезілмей сыздың да өткен,
Бір қиялдың көгінде жүздім көптен.
Жылына тұрып тоңатындаймын,
Жайқала тұрып солатындаймын...
Осындай,
Міне, осындай біздің көктем.