Жылдың үздік поэзиясы
39

Менің гүл сатқым келеді

Менің гүл сатқым келеді,

Жұмсартқым келеді жүректерді.

Босатқым келеді бейнеттен

Білектерді.

Кейін ішіндегі сырларды сезінгім келеді

Сыйлаушылардың)

Езілгім келеді қиянаттарға қиылып жатқан

Қия жолдарға құйылып жатқан көңіл үшін

Қуанғым келеді солғанға дейін созылған өмір үшін..

Мен осы , ....... құмармын.

Мүмкін одан рақат табатын да шығармын.

Табыттарға қойылытан шегіргүлдерді

Мойынға іліп

Сүйіктілеріне арналған шоғырға шоқ қосып байлағым келеді,

Сүйгендеріне сыйланбайтынын біліп

Сергелдең етіп ойнағым келеді

Түймедақтардың пілтесін үзе

"Сүйеді"-"сүймейді"...

Қызық,махаббаттарын мамырдың мамагүлінен сұрайтындар,

Менмендікте мейірім жоғын біледі,мойындауды білмейді

"Жаным,дәл сендей әдемі"- гүлдермен барамын,

(Үйдегім іздемес)

"Жолықтырғанын қарашы бізді кеш"

-дегендерді де көп естіп,

Қараяр құлпытас құлағым.

...

Сосын ,мені бір қорқыныш билейді.

Күнәға қамалып тұрамын..

Қолымды қарғаймын,желкеңде бір қыздың  көз жасы жүр деп.

Мен де..

Мен де мүмкін бір күн оны жалықтырамын.

 

Кешке сөреде тұрады гүлдер...