97
Сағыныш
Келетіндей бір бақыт мына маған,
Сізді ойласам, еріксіз жылап алам.
Жалғыздықты дос етіп түндерімде,
Сағынышқа тұншығып, тына қалам.
Қойғандай-ақ сізде бір өшім қалып,
Жүргенімді білмеймін несін налып.
Көрген сәтте жымиып үнсіз ғана,
..Ақылымды билейсіз, есімді алып.
Көзім күліп тұрса да...ішім жылап,
Сезімімнің ұқпадым күшін, бірақ.
Көңілсіздік көргенде көзіңізден,
Келетіні-ай барлығын түсінгім-ақ.
Сағыныштың зор еді неткен мұңы?
Айтпап едім ашылып көптен мұны.
Қара аспан да түнеріп, ренжіген-ді,
Сіздің менен біржола кеткен күні.
Содан бері сенбеймін тірі адамға,
Дос та келді жұбатып, бір "ағам" да.
"Жақсы адамым ол менің әлемдегі"
Деуші едім ғой сіз жайлы сұрағанға...
Жә, жетер, мән бермеңіз дегеніме,
Өткен өтті, енді айтып, керегі не?
Бірақ, менің бір ғана ұқпағаным,
Жүрегіңіз "ол қайда?" демеді ме?
Кім әкетті, білмеймін, қолдан барды,
Қайда қоям, кеудеме толған зарды?
Қалай кешем? Кешіру мүмкін бе еді?
..Бақытыма кедергі болғандарды...