407
Мен неге?
Келемін, келеді толқынмен жарысып
қобыздар,
Екіге жарылған ежелгі қыпшақ пен
оғыздар.
Мен неге тарихтың түбінен қозғалдым
Мендік зар неге ылғи болашақ алдында
қарыздар?!
Желден көл суырған сен
«Қараторғайым»,
Серінің көзіндей өлеңде
бар уайым.
«Сарыарқа» күйінен жөңкіген
тұлпарлар
О неге, тірейді елге кеп
маңдайын...
«Ақтеңіз» жағасы, қаңқылдап
қаз үні,
Ахметтің ақтайды жазықсыз
«жазығын».
Міржақып оятқан қазақтың
айыбы –
Болад та тұрады менің де
айыбым.
Мен неге тереңдеп кетемін Мағжанды
оқысам,
Тіл деген – қайғыда жаңғырар
аты сан.
Бостандық барысы,
жалғыздың намысы–
Батыр Баян боп мыңдаған қалмақпен
атысам.
Мен неге жылаймын Желтоқсан жырына,
Мұң шағам жарылып тұратын
Туыма
Алқакөл сұламадан Азаттығыма
Кеп жеткен не деймін Тәңірдің сынына?
Астанам, тастаман тіл-көздің сұғына,
Алпауыт алмасын көзінің қырына,
Маңдайы шылқыған байлықтың
Айналып кетпейін рухани құлына.
Күләштай Мәскеуде сайраймын
бұлбұлдай,
Мәншүк боп дұшпанға түйілем қырғидай,
Мен неге тіл үшін күрескім келеді
Қазақтай халықтың сағын сындырмай...