137
Мойындау
Қуанышқа толы сенің алабың,
Ерке ұлы болғанмын мен даланың.
Нән таулардың етегімен ілбіп мен,
Тарихымды таба алмай барамын...
Куәсі олар қаншама мың жылдардың,
Суылы мен шуылына құмдардың...
Шошақ бөрік Сақ сардары сұсты өңі,
Сонау қырдан төмен қарап тұрған күн...
Мынау Есік, анау Талғиз мекенім,
Тарихымды сенен іздеп кетемін,
Саф алтынмен аптап көмген патшасын,
Түсінді әлем Бабам алтын екенін...
Күптеседе күміс тіпті алтынмен,
Ырзық күткен қайран ұлтым әр күннен,
Арғы бабаң әр Ғұн болсын, сақ болсын,
Сен сақталдың!
ҚАЗАҚ болып салтыңмен.
Тау етегін тінтіп өрге тырмысқан,
Қанымдағы қалған өрлік тумыстан.
Есік көлге суарып ап тұлпарын,
Алмалыққа бет түзеген Шыңғыс Хан.
Сай салаңда әруақтар жүр шулаған,
Таңсық емес үйреншікті бұл маған.
Көшпенділер көшіргенде жер үстін,
Ат дүбірін жүрегімнен тыңдағам...
Тарихым бар сан мың жылды қаусырған,
Тек тағатым байыз таппай таусылған...
Бабам атын ойнақтатып шыққанда,
Жарты ғалам тұяғында жаншылған.
Биік таулар зәу шыңдарым аспандап,
Мен келемін екі көзден жас парлап...
Хән Тәңірім қарап тұрсың бұлт кешіп,
Көкке апарар басқышы жоқ баспалдақ.
Мақтансамда ол лайық бәсірем,
Жарты ғалам басын иген расымен...
Байтағымда гүлдер өскен қызарып,
Бабам қаны, Анам көзі жасымен..