20
Тізімде жоқ "Дос" жайлы
Досым қайда жүрсің,
Келші бері.
Көріспедік дауылды,
Күз келгелі.
Қалай жайың жақсы мекен,
Əлде қышқыл сырадай ашщы мекен.
Мендегі жай, күрең күз көктері жоқ,
Сол себепті барлығы қашты мекен.
Бұрыңғыдан кімдер бар естілеме,
Салқын самал тау жақтан есті міне.
Жолдастардан хабар жоқ бауыр деген,
Жалғыз тағы қарсы алдым кешті міне.
Ешбірі жоқ кірбіңсіз жүрген жолдас,
Иықтаған демеген құрбы-құрдас.
Түсінгенім жалғанда бес ақ күн ғой,
Сол бес күнде алдамшы шындық болмас.
Тағы айтайын тілдестім өткеніммен,
Хабары жоқ ол жақтан кеткенімнен.
Дос деп жүрген адамдар жауым болды,
Сызып тастай алмадым өткенімнен.
Күрсіндім мұңайдым да бір жыладым,
Бауырыма қалай кірді сұр жыланың.
"Дедім"-де үнсіз ғана кете бердім,
Досым-ау сол бір кезде шын жыладым.
Ғашықтықтан дəл бұлай жас алмадым,
Қалам алып парақтан бас алмадым,
Өмірімде маңызды жан сендер жайлы,
Бұрын соңды дəл бұлай жаза алмадым.
Күйіндім ғой сезесіңбе жолдасымау,
Дос қадірін білесің жолда сынау.
Барлығыда мұз секілді ери кетті,
Қатқан сынды терезеге жаңа қырау.
Шындық екен қадірлілер кеткен кеше,
Айтқан еді,
Бірді-екілі жолдасың деді неше,?
Ал мен болсам мыңқ етпей жүздей дегем,
Жүз жолдастың ішінде жүзбейді екем.
Біріңде жоқ, қалдырған ізіңде жоқ,
Енді міне досым деген тізімде жоқ.