Жылдың үздік поэзиясы
122
122
Қиястық пен қиянат
Қиястығым бар шығар,
Қиянаттан шет тұрам.
Қыбырлаған құмырысқаны,
Баспайыншы деп тұрам.
Ақырса біреу адамға,
Ақымақ екен деп тұрам.
Ауыра қалса достарым,
Ауырмаса екен деп тұрам.
Оқыс сөйлер адамға,
Озбыр екенсің деп тұрам.
Амалды дұшпандарыма,
Қамалды сөзбен шеп құрам.
Атқа мінген адамды ,
Жығылмасыншы деп тұрам.
Желбіреген көк туым,
Мығым болсыншы деп тұрам.
Қаңтарды ойлап кешегі,
Қаңтарылып көп тұрам.
Көзбен көрген қиянатқа,
Аң-таң болып көп тұрам.
Кірпік қаққан сәтте бір,
Азат ойымды жоқ қылам.
Қиястығым бар шығар,
Қиянаттан шет тұрам.
Қыбырлаған құмырысқаны,
Баспайыншы деп тұрам.