Жылдың үздік поэзиясы
456

Қарапайым, дара пайым

                                            КІРІСПЕ

Бұл топтамада, негізінен, автордың сөзден сән емес мән іздейтін қауымға арналған, шағын мәтінді  нақылдық сипатта, көп сөзді ойы тар, аз сөздің ойы ұтар - деген түйінмен, бойы жетпесе де, ойы жетер - деген үмітпен, ұлт келешегі, жастардың қазақы қалыпта қалыптасуына сәл болса да септігі тиер - деген оймен жинақталған, ой тұжырымдарының шағын бөлігі, «қарапайым, дара пайым» деген атаумен, «рухани уағыз»  түрінде берілген. 

 Ақыл ойлық биікке, жете алмайтын туа біз.

Жетелейтін дұға күш  -  «рухани уағыз» !

 

P.S.

Жалпы, мұндай «уағыздық» топтаманың «Алтын қалам 2024» әдеби байқауының конкурс аталымдарына аса сәйкес келмесе де, оқырман жұрт пен қазылар алқасы, тағлымдық

негіздегі ой тұжырымдарға да көңіл аударар - деген үмітпен байқауға жіберіліп отыр.

Конкурс ережесіне сай, бұл топтама, төмендегі екі номинация бойынша ұсынылады:

 

1.  « БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҮЗДІК ШЫҒАРМА»

2.  «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПОЭЗИЯСЫ» 

-

ҚАРАПАЙЫМ, ДАРА ПАЙЫМ           

 

                                                           

БІЛГЕНІҢ

Білгенің – санаңа ілгенің.

АҚИҚАТ

Ең басты насихат - ақиқат.

САТУЛЫ

Сату бар жерде, сатулы ар.

ЖАҚСЫ

Жақсы қазақ – жақсыға жақ.

ЕНГЕН СУ

Менменсу – Меніңе енген су.

ҮЛГІЛІ

Кісінің дүлдүлі - ісімен үлгілі.

ӨЛШЕМ

Көз мөлшерің – өзді өлшемің..

САУАПТЫ

Кісінің жауапты, ісі де сауапты.

НӘРІН

Жаттамай бәрін, сақтағай нәрін.

КУӘГЕРІ

Сөзіңнің уәделі, өз арың куәгері.

ӨЗГЕРІМ

Білімінен өзгенің, іліміңе өзгерім.

БОЛҒАНСУ

Сөзіміз толған су, ісіміз болғансу.

КЕБІНМЕН

Келгені тегіңнен, кетеді кебінмен.

ДАҒДЫЛЫ

Кісінің тағдыры – ісінен дағдылы.

«АЙКЬЮ»

Өз үндік ой түю – өзіңдік «айкью».

ДӘРІСІҢ

Әр сөзің, әр ісің – ең басты дәрісің.

БАҒАЛАҒАЙ

Жоқты жобаламай, барды бағалағай.

ҮЙРЕНУ

Тірлікті үйрену – бірлікті күйге ену.

ТАБУ

Өзіңді, өзің табу – кісілік көзін табу.

ИНТЕЛЛЕКТ

Қазаққа ең керек:  қазақы интеллект.

БАСЫМ ІС

Заманда асығыс – аз сөздік, басым іс.

МӘҢГҮРТТІК

Мәңгүрттік – жоғалту, мәнді ұлттық.

КІСІЛІК

Кішілік жетпей біз – кісілік етпейміз.

ҚАБІЛЕТТІ

Қоғамда әділетті – адам да қабілетті.

КЕРЕК

Мәуелі ілімге ерек, әуелі білім керек.

МІНДЕТТЕУ

Өзіңді міндеттеу – өзгені мінді етпеу.

ҚИЯНАТ

Иттік іс ұялатын – жасаған қиянатың.

ІС КЕЛСІН

Қолыңнан іс келсін, іс келсе істерсің.

МІС

Жалғандағым – іс, барғандағым – міс.

ОЙЛЫ

Ертеңін ойлаған – ең кемі: ойлы адам.

ҮЛКЕН ЖҮК

Таныту үлкендік – үлкенге үлкен жүк.

ОЙЫ ҰТАР

Көп сөзді ойы тар, аз сөздің ойы ұтар.

ТАНЫМ

Танымың болмаса, нанымың далбаса.

ЖАБАЙЫ

Жақсының Абайы – жаманға жабайы.

АҚ-ҚАРАЛЫ

Болуды ақ-қаралы, санамыз атқарады.

ЖАҚСЫЛЫҒЫ

Кісінің жақсылығы – ісінің ақтылығы.

КӨТЕРГЕЙ

Руыңды көтермей, рухыңды көтергей.

СОНШАМА

Нақыл үн қаншама - ақылың соншама.

УАЙЫМ

Бір күндік уайым – құлқындық пайым.

ӨЗГЕРІС

Қоғамдық өзгеріс – адамдық сөз бен іс.

ОҢДЫ КҮН

Болмаса соңғы күн, әр күнің оңды күн.

ЖАҢҒЫРУ

Рухани жаңғыру – қазақылық қан кіру.

ІЗГІЛІК

Бойға сіңген ізгілік – іс-сөзіңе сүзгілік.

КӨГЕРГЕН

Өнер мен әдебиет – көгерген мәдениет.

ТАЙТАЛАС

Ұлт мүдделі ойталас - рухани тайталас.

ОҚ АЛДА

Өсіп-өнер қоғамда, адам тұрар, оқ алда.

ТАЯЗДЫҒЫ

Жүйелі, ой аздығы - сананың таяздығы.

КҮШ БІТІРЕР

Адамның іс бітірер, сөзі де күш бітірер.

ІЛГЕРІ

Көппен бол, бірақ та, ілгері топпен бол.

ЖҮК ІЛГЕНІҢ

Абайға жүгінгенің - санаңа жүк ілгенің.

КІСІЛІК

Кісіліктің өлшемі – түсініктің мөлшері.

ЖАҚЫНДА

Жатың да, жақың да – Абайға жақында!

БІЛУ

Өзіңді танып білу – шамаңды анық білу.

САПАЛЫ СӨЗ

Бүгінгі аталы сөз – елқамды сапалы сөз.

ИКЕМДІ

Бас толғанда ақылға, тіл икемді нақылға.

БІЛІНГЕН

Бойыңдағы ілімнен, ойыңдағы білінген.

ҮЛЕСІҢ

Біткен күні күресің, айқындалар үлесің.

СІЛКІНІС

Қазақы ең бір ілкілі іс – рухани сілкініс.

МӘҢГҮРТТІК

Бүгінгі мәңгүрттік – ертеігі әңгі ұлттық.

ЖАҢА ДӘУІР

Сана тәуір болмаса, жаңа дәуір далбаса.

СӨЗ

Мәнді сөз – әлді сөз, сәнді сөз – әңгі сөз.

МҮМКІНДІК

Өмір де бір күндік – берілген мүмкіндік.

ТОЙМАҒАН

Пайымды, ойлы адам – ақылға тоймаған.

ҰЯТТЫ ІСІҢ

Сарқылса ұят күшің, көбейер ұятты ісің.

СӨЗҮҒАРЛАР

Кісілік сөзұғарлар – көкірек көзі барлар.

ЖАҢҒЫРЫҚ

Жүруің мәңгіріп  – бодандық жаңғырық.

БАС-ҚАРЫН

Болғанда бас – қарын, билейді аш қарын.

ЖАЛЫҚҚАН

Сөз ұқпас халықтан, озық бас жалыққан.

ІЛІП АЛ

Үнсіздің де үні бар – түйсігіңмен іліп ал.

АҚЫЛДАНБАС

Өзгені мақұлға алмас, өзі де ақылданбас.

КҮЙ КЕТЕР

Өмір өзі үйретер – үйренбесең күй кетер.

ІЗДЕНІС

Адамзаттық ілгері іс - өмір бойғы ізденіс.

КІТАП

Ақыл – ойдың түйіні, кітап оның жиыны.

КЕБІНМЕН

Тексіздігің тегіңнен, кетеді тек, кебінмен.

ІСКЕРЛІК

Ең жоғарғы іскерлік – ізгілікті іс істерлік.

МІНЕЗІҢНЕН

Тірлігің, кірі езілген – өзіңнің мінезіңнен.

ОҢАША КҮН

Ой сүзбей оңаша күн, оңбайды болашағың.

ЖАНАШЫРЫ

Саналы Алаш ұлы - қазақтың жанашыры.

ТЫНЫСЫҢ

Іске асқанда бір ісің – ашылады тынысың.

ҮЙРЕТМЕН

Өзін елге үлгі еткен  - ең тиімді үйретмен.

ІЛІМ ҚОС

Болмауы үшін білім бос, біліміңе ілім қос.

ЖҮРЕКТЕ

Көптің күші білекте, аздың күші жүректе.

ТОЛҒАНЫҢ

Кемел ойлы болғаның – рухани толғаның.

ІС АРТПА

Кісіге, сөзі су, ісі артта, міндеттеп іс артпа.

МІНДЕТ

Мен осы, кім? – деп, өзіңді тануың міндет.

ІСІҢМЕН

Кісімсінген кісіңнен, озарсың тек ісіңмен.

ТОПТАН БОЛУ

Үнемі топтан болу – өз ойың жоқтан болу.

ҚУАТТЫ АДАМ

Іс-сөзде тұрақты адам -  рухы қуатты адам.

ДАҒДЫЛЫ

Өз еліңнің тағдыры, ойда болсын дағдылы.

ЖАҚЫНДАСУ

Ой қосып, ақылдасу – ақылмен жақындасу.

ҚАДАМЫ

Адамын мәдени еткен, қадамы әдебиеттен.

ПАРЫЗЫҢ

Әдетті болып ар ісің, әдепті болу парызың.

ТӘРБИЕШІ

Әдебиет - тәрбиеші, мәдениет - мәнге иесі.

АСҚАРЫ

Ойдың, үздік асқары – ойға салар басқаны.

СӨЗДЕН ІС

Басым болса сөзден іс - ең пайдалы өзгеріс.

ҚАРАПАЙЫМ

Болғанда сана дайын – адам да қарапайым.

ОҢБАЙСЫҢ

Назарлы болмай сын – тазарып, оңбайсың.

БОЛМЫСЫҢ

Оңды сөзің, оңды ісің – рухани болмысың.

КӨРНЕКТІ

Ісің болмай өрнекті, саналмассың көрнекті.

БОСТАНДЫҚ

Рухани бостандық – ойға жігер қосқандық.

ҮЛЕСІҢ

Адамдықтан үлесің  - надандықпен күресің.

МЫҚТЫЛЫҚ

Ұлт негізді нық қылық – рухани мықтылық.

ОЙЛАЙ БІЛ

Бүгінгіңді тойлай біл, ертеңгіңді ойлай біл.

МІНДЕТ

Мәңгүрттену індет, мәңгі ұлт болу міндет.

АЗАТТЫҒЫ

Рухтың азаттығы - жүректің, таза – ақтығы.

БІР ТҰЛҒА

Болмаса да, пір тұлға – әрбір адам бір тұлға.

ЗИЯТТЫҒЫ

Иманды, ұятты бол – адамның зияттығы ол.

РУХТАЛУ

Қазақ боп рухталу – басыңнан құрықты алу.

ҰЛЫЛЫҚ

Ең жоғарғы ұлылық – елде атану, ұлы ұлық.

ДАЛБАСА

Жалғандағың болмаса – армандағың далбаса.

ОЙ ҚУАТЫҢ

Басты күш ой туатын – ақыл мен ой қуатың.

ЕҢБЕКТЕН

Адамзатты Мен-ді еткен, істің бәрі еңбектен.

ИНТЕЛЕКТУАЛ

Адамдар интелектуал, ортадан ертерек туар.

ТАРТАДЫ

Ірі ісің өрге тартады, кір ісің, көрге тартады.

МАҚТАНЫШ

Көпшілікке жаққан іс – өзің үшін мақтаныш.

ШЕКТЕЙ БІЛ

Болса да еркің мықты, шектей біл еркіндікті.

АСЫЛ ІС

Заманда мынау, асығыс – асыға білу, асыл іс.

КЕЛТЕҢДІК

Болмаса ісің ертеңдік, ертеңгі ісің, келтеңдік.

ОЙ БӨЛІСКЕ

Болмаған ойлы өрісте, бара алмас ой бөліске.

ШІРІК

Байқалса пендешілік – болғаның пенде шірік.

ТІЛІҢДЕ

Ділің де, қазақы ілім де - таза ұлттық тіліңде.

ҚОРҚЫНЫШТЫ

Адамға, олқы күшті – қадам да қорқынышты.

ҚИ ҚАМЫН

Күйттегенің қи қамын, жоқтығынан иманың.

ОРТА

Адамға орта деңгейлі, қоғамдық орта ермейді.

АЙТЫМЫ

Адамның айқын ойлы, әр сөзі - айтымы ойлы.

ҰСТАМ

Болжай білу алыстан - данышпанға тән ұстам.

ЖАРАТЫЛЫС

Әркімнің жаратылысы – өзіндік дара тынысы.

ЖАҚЫНЫҢ

Жанашырың, жақының – еңбегің мен ақылың.

ОЙЛАУ

Бүгінгі күрделі ойлау – ертеңгі мүддені ойлау.

АЛҒЫСТЫ

Ел қамдылы алғы істі – болары хақ, алғысты.

ТҰСТАСЫ

Сөздің, ойлы қысқасы – даналықтың тұстасы.

ҰСТАНЫМ

Ең бастысы нұсқаның: адамшылдық ұстаным.

СЕН ЖЕТКЕН

Жетістігің сен жеткен – ақылың мен еңбектен.

БЕДЕЛІҢ

Беделің өзге арасында – іс-сөзің, көзқарасыңда.

ЕСЕПТІ БОЛ

Болсын десең, есеп түгел, әр күніңе есепті бол.

ҮЛКЕН ЖҮРЕК

Жасауға іс үлкендірек, ең керегі - үлкен жүрек.

МЕКТЕП

Мектеп - білім бақшасы, білім - тірлік ақшасы.

ТҮСІҢЕ ЕНСІН

Ой түйінін түсінерсің, түсінбесең түсіңе енсін.

АҚЫЛДЫ ІСІҢ

Қаншалық ақыл-күшің, соншалық ақылды ісің.

ОҢБАЙДЫ

Жатпаса ой, қойнауыңда, оңбайды ойлауың да.

ОЗҒАН ІС

Адамзаттық озған іс – алға ұмтылыс, қозғалыс.

АДАМДЫҚ

Жоғалтпау адамдықты – болудан адам мықты.

ДЕҢГЕЙІҢ

Қалғаның көзден кейін, өз бағаң – өз деңгейің.

МІНДЕТ

Жамандықты індет де, жақсылықты міндет де.

ҚОЛДАНЫС

Ұлттық тілге қолғабыс – күнделікті қолданыс.

АЛҒЫ ІСІҢ

Адамшылдық алғы ісің – елден алар алғысың.

КӨРГЕНДІЛІК

Жақсыдан көргенді іліп, жүре алу көргенділік.

АЛАСЫҢ

Қарамен болса жарасым, кем дегенде: аласың.

АШТЫҒЫҢ

Рухани аштығың – болғаны, нәпсің бастығың.

МАҚТАН ІС

Болар іске мақтаныш, мақтанбау да, мақтан іс.

ҰЛТ ТҰМАРЫ

Ұлттың ары - әдебиет, ұлт тұмары – мәдениет.

МЫҚТЫ

Жалғанда, жалғандықты, аластай алған мықты.

БАУЫРМАЛ

Абаймен «ауырғандар» - қазаққа бауырмалдар.

МӘНГЕ ИЕ

Оңбаса тәлім-тәрбие, тіршілік болмас мәнге ие.

ЖАЛҒЫЗДЫҚ

Ортадан тыс, жалқы іздік – рухани жалғыздық.

БОЛМЫСЫ

Қазақтың, қазақ болмысы – іс-сөзінің оңдысы.

БАҒЫНЫМ

Танымы терең тағылым – адами заңға бағыным.

ҮЛГІ ТАП

Әр адам өмірі бір кітап, зерделеп, өзіңе үлгі тап.

ДАЙЫН БОЛ

Жеткенше діттегеніңе, дайын бол, күтпегеніңе.

МІНЕЗ

Болу үшін, мінезде ерек, туа біткен мінез керек.

БОЛМЫСТАН

Өмір жолдық оңды ұстам, тегіңдегі болмыстан.

ҚЫСҚАЛЫҚ

Ой-түйіннің нұсқалық, тыс-қалыбы: қысқалық.

БАС ҚАРУ

Өмірлік жолдық бас қару – өзіңді, өзің басқару.

АҚЫРЫ

Жетуі заманның ақыры – кетуі адамның ақылы.  

КЕСЕКТІЛІК

Есептілік ар алдында – кесектілік бәрі алдында.

ТЫЙЫМ ЖОҚ

Күреспесең ұйым боп, жамандыққа тыйым жоқ.

ШАРШАЙДЫ

Ойлай, ойлай ар жайлы, таза жан да шаршайды.

ІРІ СЫН

Болмауы кірісті бір ісің, тірлікте бүгінгі, ірі сын.

ӘДІЛЕТСІЗДІК

Саналмай әділетті үздік, жойылмас әділетсіздік.

ӨЗ ДЕРІҢ

Жат пиғылды сөзге ерім – болмағаннан өз дерің.

КІТАП  ҚАНА

Кетпеуі үшін жұтап сана, нәр беруші, кітап қана.

ІСІҢ АЙТАР

Айтарыңды кісіге айтар, сөзден артық, ісің айтар.

ОРНЫҚТАҢДАР

Дін қуалап зорлықпаңдар, ақыл-оймен орнықтаңдар.

БҰЗҒАНДАР

Бабасы - орда бұзғандар, баласы – «морда» бұзғандар.

ҚАЗАҚТЫҒЫ ҰЛЫ

Есіңде сақта қазақтың ұлы: қазақтың қазақтығы – ұлы!

ДЕМЕ СЕН

Қазақтың қамын жемесең, қазақпын мен де - деме сен.

БӨЛЕЙЛІ

Ақылға толы келісті пішін, бөлейді нұрға кеңістік ішін.

ТӨМЕН

Сөзіміз биік, ісіміз төмен, демейміз бірақ: кісіміз төмен.

ОҚЫП АЙТЫҢДАР

Өмірі кітап оқымайтындар - ақылды, елге, оқып айтыңдар.

ЖҰҚПАЛЫ

Адамдық, біртіндеп ұқпалы, надандық, күн-күндеп жұқпалы.

УАҒЫЗДЫ АЛ

Болмайын десең, нағыз мал, бабаңнан жеткен уағызды ал!

СОҢЫ