Жылдың үздік поэзиясы
9

Су

(туған жерге сағыныш циклінен)

Сағынышым сарғайған,
Жылжып ағып барады.
Тұнық терім маңдайдан,
Сырғып ағып барады.
Жанарымнан бейкүнә,
Мұң құлатып барады.

Жыландыдан жылыстап,
Бұлақ ағып барады.
Мейірімді уыстап,
Құлап ағып барады.
Менің мұңлы тағдырым,
Жылап ағып барады...


Қобда тулап асаудай,
Мөңкіп ағып барады.
Кемерінен аса алмай,
Толқып ағып барады.
Туған жерді ойласам,
Менің мұңлы жанарым
Жасқа оранып қалады....

              

***


Жыланды суы-
Сұлудың таққан сырғасы.
Жыланды нуы-
Сағынышымның тұнбасы.

Жыланды басы,
Жайлаған сонда ауылым.
Жыланды тасы,
Мамықтан жұмсақ бауырым.


Жыланды жолы,
Қиырда шиыр бұралаң.
Жыланды елі,
Ақжарқын ада күнәдан.

Жыландым шерім -
Тарқатар ойдың бұрымын.
Жыландым жерім
Сағынды сені құлының.
Есіңде болсын ендеше,
Ақын мен ауыл бір ұғым...