Жылдың үздік поэзиясы
335

Арал өлмейді

(1989 жылы Мұхтар Шаханов Кеңестер Одағының депутаттығына үміткер болып ауылымызға келгенде арналған өлең)

Хабарың мені қуантқан келеді деген,
Келеді дедім періште өлеңімен.
Әулие сезім, әулетті ой-жырларыңменен,
Сиқырлы нұрға жата ма, қалай, бөленіп әлем?

Жыр айым ба едің жарқырап маңдайға біткен,
Сейхун дарияңнан сусаған далам таңдай жібіткен.
Асылын әркез ардақтай алар қасиетті халқың,
Білесіз ғой сізге қарайтұғынын қандай үмітпен.

Тұлпар тұяқты дүбірлеткенде пәк шабыт қырды,
Айшықты жырың ақиқат сырын асқақ ұқтырды.
Қасыңда сенің мойындай алмаймын басқа мықтыңды.
Тұла бойың түгел парасат тұнған азамат үніңнен,
Сенімім менің мәңгі өлмес патшалық құрды.

Ғашықтық ғаламатындай иесі ең ғаламат жырдың,
Дүниені дүбірлетер дүлдүлім саламат жүргін.
Бұл ауданда да тілеулесің көбін аралап білгін.
Өз тілінде аудандық газетін аңсаған,
Күйін кештік қой көлі жоқ жаралы аққудың.
Бауырмал бауырым, біздерден хабар ап тұрғын.
Хабар ап тұрғын.

Кез келген жүйрік дәл сіздей дара келмейді,
Кез келген адам сіз барған отқа бара бермейді.
Ел-ана, жер-ана жүрегіндегі
Сіздей ұл ғана жараны емдейді.
Қайда жүрсең аман жүр, асыл бауырым,
Сен аманда ақиқат әлемінің
Аралы өлмейді,
Аралы өлмейді,
Аралы өлмейді!!!