Жылдың үздік балалар шығармасы

Бақытқа апарар жеті жол

- Мама, мына сағат біздікіндей екен. Қазір ол «ку, ку» дейді. Советхан жүгіріп барып басқа бөлмеге кірді де, тағы айқай салды: - Мам, мам, қарашы, бұғысы бар біздікіндей кілем! Менің кереуетімнің үстінде ілініп тұрған ше! - Иә, иә, балам. Ол кілем Есен көкеңнің де, Ұлпаш апаңның...

Ары қарай оқу

Мақтақыз

Күрең түске боялған күн қызыл іңірде көкжиектен асып алтынды шұғыласымен далаға көрікті нұрын төгіп тұр. Сол жағымнан сыбырлай ескен қоңыр жел желкемдегі шашымды жанарыма қарай желпімегенде осы бір сүйкімді суретті әлі  қимай отыра берер едім. Көзіме түскен бір тал шашты асықпай артқа қайырдым...

Ары қарай оқу

Күз келгенде

-Ана, неге жапырақтар құлайды? -Жапыраққа күздің биі ұнайды   -Ал бұлттар ше? Неге олар жылайды? -Жауын деген Көктің нұры шырайлы   -Ана, неге, құстар кетіп барады? -Тоңып қалса ауырады тамағы   -Ал аңдар ше, ауырмай ма орманда -Індерінде жылынады тоңғанд...

Ары қарай оқу

Қасқыр мен қошақан

Кең жайлауда сойылдай Қасқыр отыр қой бағып Екі көзі тойынбай Екі азуы майланып   Жеті қойды аңдыған Жалғыз қасқыр ұлиды Жанына кеп балдырған Бір қошақан жымиды   -Қасқыр аға, барлығы Жылқы, сиыр, торпағы Анау жатқан әрбірі Сізден неге қорқады? &nb...

Ары қарай оқу

Санамақ

Бір дегенім бабам Үміт артқан маған Екі деген елім Махаббатым менің Үш дегенім үйім Тәңір берген сыйым Төрт дегенім туыс Сарқылмайтын ырыс Бес дегенім бесік Содан шықтық өсіп Алты деген ауыл Аға-әпке, бауыр. Жеті деген жайлау Ұртты ақпен майлау. Сегіз деген...

Ары қарай оқу

Кішкентай аяқтар

Мен кептелісті жақсы көремін. Адамдар әдетте көлігі көп көшеге тап болса күйгелектеніп шыға кетеді. Бағдаршамның қызылы жанса, не жаяу жүргіншілер жолағын біреу кесіп өтсе, қарға адым жерге жете алмай аялдай қалса дегбірі қашады. Меніңше, олар кептелістен емес, өз ойларымен оңаша қалудан қорқады. Бі...

Ары қарай оқу

Наушаһар шежіре

Қаңтар жылуы (Кіріспе)   Жақсылық істесеңдер, жақсы болсаңдар – сендерге ғажайыптың өзі көмектеседі! Ал жақсылық – мазмұнды ертегіден әсер алғанда пайда болады, Дәуіт ағай.    Баяғы өткен заманда ертегі әлемінің кейіпкерлері арасында үлкен қырғын болыпты. Қ...

Ары қарай оқу

Бала арманының желкенді кемесі немесе Лионель Месси қалай чемпион болды?

   (балаларға арналған өлеңдер топтамасы) 24 маусым 1987 жыл. Аргентина. Росарио қаласы.   Сәуле сепкен күн ғажап. Жадырайды күллі алап. Росариода дүниеге, Келді сәби іңгәләп.   Құйттай ғана ұл бала. Алды өмірге жолдама, «Аман болсын басты...

Ары қарай оқу

Маған ұшуды үйретші

(хикаят) І Жарқырап жанған Күн анау бір ауылдың жанындағы сарқырап аққан өзеннің бетіндегі бұрқыраған көпіршіктің жылт-жылт еткен әр тамшысымен қоса күлімсіреп тұр. Ал тура сол тұстағы бақта Бозторғайлар отбасы емен-жарқын ұшып-қонып, айналасын әнге бөлеп жатыр. Ұясына түскен күн шуағы қалқала...

Ары қарай оқу

Қаһарман құмырысқалар

(хикаят) Бек-пектің шытырман уақиғасы   Анау құстардың қанаты талар құзар биіктен қарағанда біздің қала, яғни мен өскен жер көзге көрінуі екіталай. Өйткені біз кішкентай жаратылыспыз. Бізді көрген барша тіршілік иелері бізді мүсіркеп, місе тұтпай, тіпті көзге де ілмейді. Өйткені біз &n...

Ары қарай оқу

Қарагердің ажалы

  Орда бұзар отыз жастан асқан жылқышы Әбікен жылдағыдай биыл да Іргеқұмды қыстады. Қарамағында бағып қаққан совхоздың он бес үйір, жүз жиырма жылқысы бар. Жыл он екі ай ат үстінде күннің көзі, желдің өтінде жүруден әсте жалыққан емес. Бала жастан атқұмар боп өскен соң жылқы малын жанындай ж...

Ары қарай оқу

Төрт дос

Қазақтың ұланғайыр кең даласының күн шығыс бөлігінде, көз тастасаң сұлулығына көз тоятын əсем ауылдардың бірінде Батыр, Данабек, Мейірбек, Дархан деген төрт дос өмір сүріпті. Батыр ат құлағында ойнайтын, əскери соғыс тактикаларын жақсы білетін өте ержүрек бала, ал Данабек өте ақылды қолдан роботтар...

Ары қарай оқу

Құтжолдың адалдығы

Қаңтар айының ортасы. Айнала аппақ қар. Екі күннен бері күн қатты суып, ақ үлпек қар айналаны ақ көрпеге малып тастаған. Екі қапталынан қаз-қатар тізілген шағын ауыл көшесінің шеткі бөлігінде көк дарбазасы бар бір қабатты шағын үйде Құтжол атты ит қара шаңырақты күндіз түні қалтқысыз күзетіп келе жа...

Ары қарай оқу

Алтын қаланың құпиясы

        I тарау         Ауғанстаннан келген жұмбақ адам. Тосын кездесу Оқырман әрдайым шытырман оқиғаларға толы кітаптарды жақсы көретіні айдай шындық. Басқаны қайдам, өзім сондаймын. Мектепте үлке-ен кітапханамыз бар. Сонда...

Ары қарай оқу

Асыл айна

Қыркүйектің ортасын қалалық үкімет «көктем» деп жариялады. Күздің айының көктем болмасына басқа еш шара қалмады. Алдын-ала жарияланған зерттеу мәліметі бойынша наурыз айының ортасында төңіректі түгел су алады... Тас жолдар кедір-бұдыр, ойдым-ойдым қырық жамау... Ауылда тасқынға қарсы бөг...

Ары қарай оқу

Бос келген күрең

(Ақтанның хикаясы)   Ақтанның оянғанына біршама уақыт болған. Шаңырақтан көлбеу құлаған май тоңғысыз күзгі шуақ түңілік көтеріле үйге қоса енді. Сырттан еміс-еміс ала төбеттің үрген дауысы мен қойдың күрт-күрт жусағаны анық естіліп тұр. Әдетте атасының мама ағашқа атын ерттеп жүрген тықыр...

Ары қарай оқу

Жақсылық жасаудың кезегі

(Ертегі) Ертеде бір мрамор тастан қаланған алып шаһар болыпты. Кезінде қала дәуірлегенімен, патшалардың тынымсыз соғысынан  қирап, күнкөріс күннен күнге қиындай беріпті. Осы қалада Жиһан мен Жиһаз деген екі ағайынды жігіт өмір сүріпті. Жиһан өте ақкөңіл, жомарт екен. Қажет кезінде үстіндегі...

Ары қарай оқу

Елгезек Есеннің бастан кешкендері

шыншыл ертегі Шымқалада жуырда тамаша балалар қалашығы ашылған еді. Ол өзінің сырт көркімен де, көзді арбайтын көптеген аттракциондарымен де қала балаларының  көңілін біржола жаулап алған болатын. Америкаңдағы атақты Диснейлендіңнен бір кем емес. Ауыздан ауызға тарап, бірінен бірі мақтауы...

Ары қарай оқу

Құтжол жұмысқа кетті

            Есіктен басымды қылтитып қарадым. Көрінбейді. Алыста жүр-ау. Содан кейін сөмкемді асынып, атқып шықтым. Қақпаны да көз ілеспес жылдамдықпен жауып үлгердім. Іле-шала Құтжол да «гүрс» етіп соғылды. Құтылдым-ау. Әйтпесе ол &...

Ары қарай оқу

Жақсылыққа жақсылық

(Болған оқиға) Ақ күшікті машинадан лақтырып тастаған кезде жерге шаң-шаң боп домалап  түсті. Ол жер, бұл жері қатты ауырып қалғанына қарамастан төрт аяғынан тәлтіректеп тұрды. Айналаға қарап енді қайда барарын білмей дағдарып қалды. Таяқ тастам жерде гүрілдеп ағып жатқан өзеннің суық лебі б...

Ары қарай оқу

Аппақ қардай аппақ сезім

            Қыстың қысқа кеші тез-ақ батты. Айналаны қараңғылық ілезде орап алды. Осыдан біраз бұрын жауған ескі қардың да сәулесі шамалы. Ал есесіне суық үдеп тұр. Жалаңдап өтіп барады. Қар жауатын сияқты. Бірдеңе қылаулайды. Не азап десейші! Ү...

Ары қарай оқу

Қызыл торсық

Бала кезімде әкемнің  артына міңгесіп, шөп шабуға барушы едім. Әкем  торы аттың алдына  тартпаны тіктеп немесе айыр, тырманы көлденең ұстап отыратын.   Қанжығаның бір жағында тамақ  салынған қап,  екінші  жағында   күнге  бояуы оңған  торсы...

Ары қарай оқу

Тосын сұрақ

Түйіп қалғандай төбеден, Сұрақ қойды немерем. -Ата, сіз айтасыз: Көйлегінің етегі, Желбең, желбең етеді. Ал кітапта жазылған, Асқар таудың етегі. Түсіндірдім өзімше, Дүйім жұрттың көзінше: -Таудың да болады басы, Болады  және етегі. -Тауда етек бола ма? Шапан...

Ары қарай оқу

Ана мен бала

                                                    Анасы бір күні: -Әй, балам,Қиқым! Ұнамайды маған сиқың, Бойың болса титім. Қарашы ана көрші Жұқаны, Жас...

Ары қарай оқу

Ғаламтордың әлегі

Сабақтан келген Бақтұрлы, Киімдерін лақтырды. Сөмке қалды ашылып, Дәптер қалды шашылып, Әкесі тыққан сотканы, Апасына таптырды. Ғаламторға үңіліп, «Аватарға» тәк тұрды. -Тамағыңды іш, балам-ай, Деген сөзге қарамай, Бөгде үнге құлақ түрді. Ютубтағы боевик,...

Ары қарай оқу

Біз қалайша ақылды боламыз?

Көл жағасында төрт бала құмнан үй салып ойынның көрігін қыздырып жатты. –Мен өскенде ұн зауытының бастығы боламын.   –Айбол қолындағы самсаны жүйсініп жеді. –Қызық екен. Не себептен ұн зауытының бастығы болғың келеді? – деп сұрады Айдар. –Өйткені мен...

Ары қарай оқу

Сыйлық

Кәусар тұйық мінезді бүлдіршін. Балабақшада ешкіммен араласпайды. Оңаша өзімен-өзі бір бұрышта отырып сурет салғанды ұнатады. Сыртта жуас болып жүргенімен үйде арасында мінез танытады. Пысықтығымен көзге түсіп анасының мазасын алады.     –Ана маған мына тұрған қуыршақ әперші,...

Ары қарай оқу

Бөпе

  Үштен жаңа асқан Жәния алғыр қыз. Өнерге жақындығы бар. Бірде ас үйде тамақ ішіп жатқанда: –Музыға басталды, – деп қасықтарды дастарқанға соға бастады.  –Жаным сол, атаң сені танымал пианист Жәния Әубәкіровадай болсын деп атыңды тегін қоймаған екен. –Әкесі қызы...

Ары қарай оқу