624
Ана мен бала
Анасы бір күні:
-Әй, балам,Қиқым!
Ұнамайды маған сиқың,
Бойың болса титім.
Қарашы ана көрші Жұқаны,
Жасы жетіде болса да,
Алып жығатын түрі бар,
Біздің үйдегі тайынша-бұқаны.
Тепсе темір үзеді,
Оқуын да түзеді.
Екі шелек суды теңселмей,
Жалғыз өзі шоланға әкеп тізеді.- деп,
Қиқымды әзілмен қайрады.
Қиқым сонда сайрады:
-Болсам егер нәзік титім,
Нәрлі тамақ бер маған,
Қазы, қарта, шұжық жейтін,
Өзгерсін десең шағын кейпім.
Сусын бер дәрумен шырын,
Сонда мықты болады ұлың.
Титімдей болсам да тіресіп,
Күрескенде сіресіп.
Спорт секциясына барып жүрмін,
Жүлделі орындарды алып жүрмін.
Деуші едің анашым:
-Кәкәу, Кәкәу деседі,
Кәкәу қашан өседі?
Ертең ерте ер жетіп,
Төбем көкке жетеді.
Ойлы, ойын сөзбенен,
Шымыр сөйледі баласы,
Шырайланды анасы.
Іштей тілеу тіледі,
«Болса екен елінің,
Болашақта данасы».