Жылдың үздік поэзиясы
181

Айтарым бар

Болмаса да сүбелі, бай танымдар,

айтарым бар, менің де айтарым бар.

Көңіліме қонбаған кей жайларға,

қарай алмас үн-түнсіз, сайтаным бар.

Айтарым бар менің де, айтарым бар,  

айта алмасам жеткізіп, айтар ымдар.

Дүйім сөзден шықпаса, бір түйін сөз,

бір түкіріп, өзіме қайтарыңдар...