АЛТЫН ҚАЛАМ ТУРАЛЫ

2009 жылы қоғамдық қызметтің әр саласында еңбек етіп жүрген Қуат Домбай, Досым Сатпаев, Кенже Жұманұлы, Расул Жұмалы және Айдос Сарым «Алтын қалам» әдеби сыйлыған өткізу туралы бастама көтерген болатын. Мақсат – еліміздің рухани-мәдени дамуына Қазақстан азаматы ретінде өз үлестерін қосу және жас таланттар мен жаңа есімдердің қалың жұртқа танылуына ықпал ету. Бұл конкурстың басты ерекшелігі - бастамашыл топ пен қазылар алқасының мүшелері әдебиетшілер емес. Жаңа әдіс жүлдені әділ өткізудің кепілі. Сондықтан "Алтын қалам" жүлдесі үздіктерді қаламгерлер емес, оқырмандар анықтайтын Қазақстандағы бірінші конкурс.

"Алтын қалам" ұлттық әдеби жүлдесі алғаш рет 2010 жылы өткізіліп, "Жылдың үздік прозасы", "Жылдың үздік поэзиясы", "Жылдың үздік балалар шығармасы", "Жылдың үздік драматургиясы", "Жылдың үздік ғылыми-іскерлік жұмысы" аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталды. Сонымен қатар, «Қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесі үшін» аталымы бойынша саяси қылмыскер деп айыпталып, Қытай түрмесінде 40 жылдай отырған, «Қылмыс» атты 6 томдық кітапты абақтыда жазып шыққан, Қытай өкіметі тарапынан саяси себептерге байланысты қудаланған қазақтың арда азаматы, бүкіл ғұмыры азаттық үшін күреспен өткен Қажығұмар Шабданұлы марапатталды. Бұл қаламгердің туған отанынан алған алғашқы әдеби сыйлығы болды.

Алғашқы шараға үш ай ішінде еліміздің әр өңірінде тұратын 75 автордан 92 шығарма келіп түсті. "Алтын қалам" әдеби жүлдесі екінші рет 2011 жылы ұйымдастырылып, 115 автордан 240 шығарма түсті. Бұл жолғы конкурстың бір ерекшелігі - ТМД елдерінің авторлары да қазақстандық қаламгерлермен бірге бақ сынады.

"Үздік шетел әдебиеті" номинациясы бойынша молдовалық Вика Чембарцеева мен ресейлік Роман Рубанов үздік атанды.

2014 жылы "Алын қалам" жүлдесіне 165 автор қазақ және орыс тілдерінде жазылған 364 шығармасын жолдады. Авторлар қатарының артуы "Алтын қалам" әдеби жүлдесінің тәуелсіз және әділ өтенінің айғағы. Аталған жүлде қазақстандық оқырмандарға бүгінгі қаламгерлермен танысуға, олардың еңбектерін бағалауға, балалар мен жасөспірімдерді көркем шығармаларды оқуға ынталандыруға және патриотизм арқылы салауатты, мәдени ортаны қалыптастыуға септігін тигізеді.

 

2015 жылы ұйымдастырылған байқауда 170 адам бақ сынады,  355 жұмыс оқырман сүзгісінен өтті. 2015 жылғы байқау бағдарламасы алғаш рет «Жылдың үздік сатирасы», «Жылдың үздік фантастикасы және детектив шығармасы» аталымдарымен толықты. Осы жаңалықтың арқасында сатира, фантастика жанрында қалам тербейтін авторлар біздің бәйгемізге қатысуға мүмкіндік алды.

2015 жылы «Қазақ әдебиетіне қосқан елеулі еңбегі үшін» номинациясы бойынша жазушы, кинодраматург, Түркі дүниесі әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан халық жазушысы   Смағұл Елубаев марапатталды.

2015 жылы қазан айының 21-де жоба серіктесі «Меломан» сауда желісі ұсынған алаңда Әдеби кеш өтті. Басқосуда бүгінгі қазақстандық әдебиеттің проблемасы, әдебиет нарығындағы жағдайғ кітап басып шығару ісі сөз болды.

 

2016 жылы «Алтын қалам» тәуелсіз әдеби жүлдесі аясында Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай қазақ романына арнайы жүлде тағайындалды. Үздік еңбектің авторы бір млн теңге сыйақы алды.

2016 жылы жұмыстардың барлығы шілденің 1-нен бастап қазан айының 15-не дейін қабылданып, оқырмандар қазан айының 31 дейін дауыс берді. Осы жолы  әдеби жүлдеге  446 автор әр түрлі жанрда жазылған 863 шығармасын жолдады.

Сондай-ақ 2016 жылы байқауға қазақстандық авторлардан бөлек  АҚШ,  Малайзия, Германия, Чехия, Украина, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және  Израиль азаматтары да қатысты.  

Осы жылы байқауға Қазақ радиосы қолдау көрсетті. Конкурсқа келіп түскен әдеби туындыларды Қазақ радиосының дикторлары мәнерлеп оқып, республика тыңдармандарына жеткізді.

Байқау нәтижесінде конкурс тарихында алғаш рет арнайы жарияланған  «Жылдың үздік романы» аталымы бойынша «Мен жындымын» шығармасымен жеңімпаз атанған  Тұрысбек Сәукетаев жүзден жүйрік атанды.

 

2017 жылы жоба серіктесі «Меломан» сауда желісі ұсынған алаңда 2016 жылғы Алтын қалам жүлдегері Тұрысбек Сәукетаевтың «Мен жындымын» романының тұсауы кесілді. Тұсаукесер шарасына белгілі қаламгер, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері, тағы басқалар қатысты.

Осы жылы тамыз айының 28-де Алматы қаласында орналасқан Ұлттық кітапхада әдеби кеш ұйымдастырылды.

Жиын барысында Қазақстандағы кітап және баспа нарығының қазіргі жағдайы, еліміздегі  баспа жұмысының қиындықтары мен келешегі,  баспалардың мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істеуі, Қазақстандағы кітап және баспа бизнесінің болашағы тақырыбында пікірталас өтті.

Осы жылғы жұмыстың басты ерекшелігі ретінде мынаны атап өткіміз келеді.

Балалар шығармашылығына арналған Халықаралық «Дарабоз» байқауы  2017 жылы алғаш рет  «Алтын қалам» жүлдесі аясында өтті. Конкурс қорытындысы бойынша жасөспірімдерге арналған үздік шығарманың авторы Төкен Әлжантегі  1 000 000 теңге алды. Бұдан бөлек, Есенқұл Маманұлы атындағы дәстүрлі сыйлық тағайындалды. Оның иегері 1 000 000 теңгеге ие болды. Бұл бәйге Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған үздік шығармаға берілді. Бұл аталым бойынша Әміржан Әлпейісов жеңімпаз атанды.   

 

 «Алтын қалам 2018» әдеби жүлдесінің жеңімпаздарды марапаттау шарасы Алматы қаласындағы елімізге және шетелге кең танымал ARTиШОК театрында өтті.

     Қазақтан шыққан алғашқы меценаттардың бірі Есенқұл Маманов атындағы сыйлық «Қазақтың үздік романына» берілді. Бас жүлде 1 млн теңгені ақын, жазушы, журналист  Айдын Кәлімхан иеленді. Балалар жазушыларына арналған «Дарабоз» байқауының бас жүлдесін және 1 млн теңгені прозалық және сын-зерттеу кітаптарының авторы, филология ғылымдарының докторы, Халықаралық Ш.Айтматов академиясының академигі Бекен Ыбырайым жеңіп алды.

      Айта кететін жайт, қазақ әдебиетінің жанашыры, танымал меценат Олжас Құдайбергенов  2018 жылы Фантастика жанрында жазылған үздік шығармаға өз атынан 1 млн теңге қаржылай сыйақы тағайындады. Қомақты ақшаны белгілі қаламгер Нұртөре Жүсіп жеңіп алды.

2018 жылы сәуірдің 25-де Астана қаласында "Алтын қалам" әдеби жүлдесінің жаңа маусымы жарияланып, жаңа кітаптардың тұсауы кесілді.

Бірінші кітап - Алашораданың 100  жылдығына орайластырылған "Алашорда" кітабында екі автордың жұмыстары қамтылды. Олар  Әміржан Әлпейісовтың "Ана жүрегі" және Ақылбек Шаяхметтің  "Суық жел" атты еңбектері.   Әміржан Әлпейісов  "Ана жүрегі"  әңгімесі үшін "Алтын қалам-2017" байқауында  "Алашордаға - 100 жыл" атты аталымы бойынша оза шауып, бас жүлде 1000000 теңгеге ие болған еді.

Екінші кітап - "Жылдың үздік прозасы" аталымы бойынша жеңімпаз атанған Мақсат Қарғабайдың "Өмірдің өзі" атты кітабында ауыл өмірі сәтті бейнеленген.

2018 жылы «Алтын қалам» байқауының ұйымдстырушылары  алғаш рет Әдеби «Оскар» табыс етті. Тырнақалды шара барысында 2018 жылы «Алтын қалам» байқауының ұйымдастырушылары  алғаш рет Әдеби «Оскарды»  5 адамға табыс етті. Оны «Алтын қалам» ұйымдастыру комитетінің мүшелері: Айдос Сарым, Расул Жұмалы, Кенже Жұманұлы, Нұржан Жалауқызы, Досым Сәтпаев, Қуат Домбай сынды әр саланың белгілі мамандары іріктеген. Сонымен, 2017 жылдың ең үздік «Жыл баспагері» сыйлығына Мереке Құлкенов лайықты деп танылды. Сондай-ақ, «Жылдың әдеби дебюті» аталымы бойынша «Чёрная кровь Казахстана. Нефтяная история независимости» кітабының авторы Олег Червинский марапатталса, оқырман таңдауы бойынша үздік кітапқа арналған «Кітап лайк» аталымына Зира Наурызбаеваның «Четыре облака» кітабы, «Жылдың үздік меценаты» сыйлығына кәсіпкер Бауыржан Оспанов лайық деп танылды. Сонымен қатар, саясаттанушы Ерлан Қариннің америкалық сарапшы Джейкоб Зеннмен бірлесіп жазған «Между ИГИЛ - Аль-Каидой: Центральноазиатские боевики в сириской войне» кітабы «Әлеуметтік мәнге ие тақырыпқа арналған үздік кітап» аталымы бойынша оқырман үшін маңызды кітап деп аталды.

Әдеби сыйлыққа «Оскар» мүсіншелерін мүгедек балалар әзірлеген. Жеңімпаздарға тапсырылған мүсіншелер «Эльдани» қайырымдылық қорының «Сәндік қолданбалы өнер шеберханасында» жасалды. Бұл шеберханада 1-ші, 2-ші топтағы мүгедек 15 шебер жұмыс атқарады. Аталған қор балаларды оңалтумен айналысады. 

 

2019 жылы 23 сәуірде Алматы қаласындағы «Мeloman «Grand» сауда желісінде «Алтын қалам» әдеби жүлдесі аясында кезекті әдеби кездесу өтті. Шара барысында  «Алтын қалам 2018» байқауында «Жылдың үздік романы» атанып, Есенқұл Маманов атындағы бас жүлдені жеңіп алған Айдын Кәлімханның «Қашқын» роман-биографиясы мен талантты қаламгер Есболат Айдабосынның «Жылдың үздік прозасы» аталымы бойынша оза шапқан «Ит тірлік» әңгімесі енген «Қашқын» атты кітабы таныстырылды.

«Алтын қалам» жүлдесіне қатысқан дарынды авторлардың таңдаулы әңгімелерінен құрастырылған «Қазіргі қазақ сатирасы» атты жаңа жинақ ұсынылды.

Сонымен қатар, «Алтын қалам 2017»  бәйгесінде топжарған «Алашорда» және «Өмірдің өзі» кітаптарының тұсауы кесіледі. 

Бұдан бөлек 2019 жылы екінші рет Әдеби «Оскар» сыйлығы табыс етіледі.    Аталған сыйлық бүгінгі заман әдебиетін дамытуға елеулі үлес қосқан қаламгерлерге берілді.  Жеңімпаздар «Алтын қалам» байқауы мен Әлемдік экономика және саясат институтының әлеуметтанушысы Айман Жүсіпова бірлесіп жүргізген әлеуметтік зерттеудің қорытындысы бойынша анықталды. Зерттеуге әдебиет, ғылым, бизнес саласындағы беделді 61 сарапшы қатысып, қазақстандық әдебиеттің даму барысы мен бүгінгі кітап нарығының жағдайына байланысты жеке пікірлерін білдірді. Сарапшылар сондай-ақ, қазіргі таңда сұранысқа ие әдеби жанрларды, үздік авторлар мен үздік кітаптарды атап өтті. 

        «Алтын қалам 2019» әдеби жүлдесінің жеңімпаздарды марапаттау шарасы Алматы қаласындағы елімізге және шетелге кең танымал Ыхлас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде өтті.

     Қазақтан шыққан алғашқы меценаттардың бірі Есенқұл Маманов атындағы сыйлық «Қазақтың үздік романына» берілді. Бас жүлде 1 млн теңгені ақын, жазушы, журналист  Айдын Кәлімхан иеленді. Балалар жазушыларына арналған «Дарабоз» байқауының бас жүлдесін және 1 млн теңгені прозалық және сын-зерттеу кітаптарының авторы, филология ғылымдарының докторы, Халықаралық Ш.Айтматов академиясының академигі Бекен Ыбырайым жеңіп алды.

2019 жылы "Алтын қалам 2019" әдеби байқауына Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның, Украинаның, Израильдің, АҚШ-тың, Молдованың, Германияның әртүрлі қалаларынан 397 автордан 778-ден астам туынды келіп түсті.

 

2020 жылы қазанның 27-де Алматыда ҚР Ұлттық кітапханасында «Алтын қалам 2020» әдеби жүлдесінің қорытындысы жарияланып, жеңімпаздардың есімдері таныстырылды.

    «Алтын қалам 2020» байқауына Қазақстан, Ресей, Украина, АҚШ, Израиль, Белорусь елдерінен, сонымен қатар  тұңғыш рет Моңғолия және Орталық Африка республикасынан барлығы 408 автор қатысты. Орталық Африка республикасына қоныс аударған қаламгер елімізден жырақта жүрсе де танымал әдеби жүлдеде көппен бірге бақ сынауға бел буған.

 Наурыздың 15-нен қыркүйектің 15-не дейін қабылданған 600-ге жуық шығарма  байқаудың ресми сайтында жарияланып, оқырмандардың және қазылардың сараптауынан өтті. 

     «Алтын қалам» әдеби жүлдесінің жеңімпаздарын марапаттау шарасы 2020 жылы COVID-19 вирусының кең таралуына байланысты алғаш рет жабық есік форматында ұйымдастырылып, салтанатты жиынға тек жеңімпаздар мен жоба серіктестері және БАҚ өкілдері  шақырылды. 

2020 жылы Есенқұл Маманов атындағы бас жүлде – 1000 000 млн теңгені алматылық Заман Төлеуов жеңіп алды.  Жазушының «Қарақуыс» романы «Үздік қазақ романы» аталымы бойынша үздік деп танылды.  Тағы бір басты сыйлық – 1 000 000 теңгені  балалар шығармашылығына арналған «Дарабоз» байқауында өзгеден оза шапқан павлодарлық қаламгер Алпысбай Хонж иеленді.

 

Коронавирус кеселінің бүкіл елде кең таралуына байланысты «Алтын қалам» әдеби жүлдесі тоқтап қалған еді. 2024 жылы конкурстың құрылғанына 15 жыл толуына орай, «Алтын қалам» жаңа маусымын жариялады.

Биыл жобаның демеушісі «Нұрлан Смағұлов қоры».

Жеңімпаздардың есімі желтоқсан айында өтетін марапаттау шарасында жарияланады.