«АЛТЫН ҚАЛАМ 2024» ӘДЕБИ ЖҮЛДЕСІНІҢ ЕРЕЖЕСІ

Жалпы ереже

«АЛТЫН ҚАЛАМ» тәуелсіз әдеби жүлдесі (әрі қарай - конкурс) 2024 жылы мынадай мақсатпен өткізіледі:

  1. Жас және қазақстандық қаламгерлерді дәріптеу;
  2. Қазақ қаламгерлерінің қатысуымен әдеби кештер және мастер-класстар өткізу;
  3. Бүгінгі Қазақстан әдебиетінің базасын қалыптастыру және оларды жариялау.

 

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Ұйымдастыру комитетінің құрамына  құрылтайшылар өкілдері және конкурс меценаттары, ықылас танытқан ұйымдардың өкілдері кіреді.

Конкурстың ұйымдастыру комитеті Конкурс қатысушыларын марапаттау рәсімін ұйымдастырады, қазыларды Конкурс қатысушыларының шығармаларын бағалауға шақырады. 

Ұйымдастыру комитеті қабылданған шығармаларға рецензия жазбайды, оларды авторға қайтармайды және басып шығару немесе жариялау үшін баспа үйлеріне жөнелтпейді. Сонымен қатар, ұйымдастыру комитеті Конкурсқа ұсынылған жұмысқа байланысты авторлармен хат алмаспайды. 

Ұйымдастыру комитеті aqalam.kz. сайтында оқырмандардың жоғары бағасын алған шығармалардың авторларын хабардар етеді және марапаттау рәсіміне шақырады. 

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ МАРАПАТТАУ ТӘРТІБІ

Барлық жұмыс aqalam.kz сайтына орналастырылады ( әрі қарай - сайт).

Дауыс беру екі кезеңмен жүргізіледі: бірінші кезеңде үздік шығармаларды сайт оқырмандары дауыс беру арқылы анықтайды. Олар лайықты әдеби шығармаға 2024 жылғы қазан айының 20-на дейін дауыс береді. 

Мұнан кейін, сайтта ең көп дауыс жинаған жұмыстар әрі қарай жеңімпазды анықтау үшін қазыларға табыс етіледі. Жарияланған барлық материалмен танысқан қазылар көп дауыс жинай алмаған, бірақ сапалы жазылған туындыны байқаудың қысқа тізіміне ұсына алады.  

Конкурстың Қазылар құрамына жобаға арнайы шақырылған тұлғалар, ұйымдастырушылардың өкілдері және меценаттар, жоба серіктері кіреді. 

Қазылар әр аталым бойынша жеңімпазды жасырын дауыс беру арқылы қатысушылардың соңғы тізімінен таңдайды. 

Қазылар Конкурс қатысушыларымен хат алыспайды. Қазылар шешімі өзгертілмейді. 

Ұйымдастыру комитеті жоба серіктерімен, жекелеген кәсіпорындармен келісе отырып Конкурстың арнайы сыйлығын тағайындауы мүмкін.

Қазылар кез келген аталым бойынша жеңімпазға немесе дипломантқа атақ беруден бас тартуға құқылы.

Конкурс жеңімпаздарына дипломдар 2024 жылдың желтоқсан айында өтетін Конкурс қатысушыларын марапаттау  рәсімінде табыс етіледі. 

Марапатату шарасы өтетін орынға барып-қайту шығынын Конкурс қатысушысы өзі көтереді.

ЖҮЛДЕ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

Конкурсқа кез келген адам, танымалдығына, кәсіби дайындығына, шығармашылық одақтардағы мүшелігіне, мекен-жайына қарамастан қатыса алады.

Конкурсқа ортамызда жүрген, көзі тірі авторлардың шығармалары ғана қабылданады.

Конкурсқа шығармаларды автордың өзі ғана жолдай алады/соавтор, автордың (құжаттағы) аты-жөні  көрсетілмеген шығармалар,  үшінші бір адам арқылы жіберілген жұмыстар қаралмайды. 

Шығармалар тек қазақ тілінде жазылуы тиіс.

Қатысушылар бір мезгілде Конкурстың бірнеше номинациясына жұмыстарын ұсына алады.  

Әрбір қатысушы Конкурстың бір жанрына 3 шығармаға дейін жолдай алады. 

Конкурстың 2024 жылы жарияланған аталымдарына сәйкес келмейтін жұмыстар қаралмайды.  

Конкурсқа алдыңғы жылдары ұсынылған жұмыстар екінші рет қабылданбайды және қаралмайды. Сонымен қатар, Конкурсқа факспен, қолдан жазып жіберілген шығармалар қабылданбайды және қаралмайды. 

Қазылар және ұйымдастыру комитетінің мүшелері Конкурсқа үміткер ретінде қатыспайды. 

ЖҰМЫСТАРДЫ ҰСЫНУ ТӘРТІБІ

Қатысушылар туындыларын конкурстың ;жеке мекен-жайына жөнелте алады, автор өзі жайлы мәліметтерді, байланыс телефонындарын толық көрсетуі тиіс.  

  1. Тегі, есімі, әкесінің аты (құжат бойынша), жасы, мекен-жайы, қысқаша шығармашылық өмірбаяны, сондай-ақ қосымша кез келген ақпарат (бұл мәліметтермен тек ұйымдастыру комитеті танысады);
  2. Байланыс телефоны,  e-mail (бұл мәліметтермен тек ұйымдастыру комитеті танысады);
  3. Шығармалар электрондық түрде (файл форматы - Microsoft Word немесе RTF, шрифт Times New Roman немесе Arial Cyrillic, шрифт мөлшері 12, жолдар арасындағы интервал 1,5);
  4. Жоғарыда көрсетілген мәліметтер толықтырылған хаттың электрондық поштамен ұйымдастыру комитетіне жіберілуі Сіздің Конкурс ережесімен келіскеніңізді, сонымен қатар жолданған шығармаларды әрі қарай ұйымдастыру коимитетінің пайдалануына автоматты түрде рұқсат бергеніңізді білдіреді  (төменде көрсетілген «Шығармаларды пайдалану» бөлімін қараңыз). 

Назар аударыңыз! Қатысушылар үшін конкурс анонимді түрде жүргізіледі.  Конкурсты өткізу және қорытынды шығару кезінде қатысушылардың тіркелу мәліметтерін  ұйымдастыру комитеті мен сайт администраторы ғана қарай алады. 

Конкурсқа жұмыстар түрлі аталымдар бойынша  2024 жылғы қыркүйек айының 05 күні мен 2024 жылғы қазан айының 20 күні аралығында қабылданады.

КОНКУРС АТАЛЫМДАРЫ 

2024 жылы Конкурс келесі аталымдар бойынша өткізіледі: 

  1. ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПОЭЗИЯСЫ
  2. ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПРОЗАСЫ
  3. ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК САТИРАСЫ
  4. ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК КИНОСЦЕНАРИЙІ ЖӘНЕ ДРАМАТУРГИЯСЫ
  5. ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ФАНТАСТИКАСЫ ЖӘНЕ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАСЫ
  6. БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҮЗДІК ШЫҒАРМА

ШЫҒАРМАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Автор, Конкурсқа өз шығармаларын жолдай отырып, олардың ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының түрлі қалаларында жариялануына, топтамаға енуіне немесе жеке кітап ретінде жарық көруіне келісімін береді сондай-ақ, автор авторлық қаламақы алуға ұмтылмайды.  

Ұйымдастыру комитетінің электрондық мекен-жайы: altynqalam@yandex.kz.