7229
Бала ақын
драма
1. ИНТ.КҮНДІЗ.ҮЛКЕН САХНА. САХНАДА АЙТЫС. ОТЫРҒАН КӨРЕРМЕНДЕР.
2. ИНТ.САХНА АРТЫНДА ЕЛДОС АНАСЫН ІЗДЕЙДІ. ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНЫМЕН НӨМІРІН ҚАЙТА ҚАЙТА ТЕРЕДІ.
ЕЛДОС
Сәкен аға, апамды көрмедіңіз бе?
СӘКЕН АҒА
Жоқ көрмедім. ол әлі келмеген секілді
Елдос сахна артынан көрермендерге көз жүгіртеді.
3. ИНТ. АУРУХАНА. ЕЛДОСТЫҢ АНАСЫН ЖҮРГІЗІЛЕТІН КЕРУЕРТПЕН ДӘРІГЕРЛЕР АЛЫП БАРАДЫ.
ЖАНАР
Алло, Елдос..(жылайды)
4. ИНТ.САХНА АРТЫ. САХНАДА АЙТЫС.
ЕЛДОС
Мменің ккетуім керек
СӘКЕН АҒА
Елдос қайда барасың? Екі айналымнан соң сенің кезегің
Сәкен ағай Елдостың соңынан жүгіреді.
5. ИНТ.АУРУХАНА. ЕЛДОС АУРУХАНАҒА ЕНТЕЛЕЙ ЖҮГІРІП КІРЕДІ.
ЕЛДОС
Апам қайда? Жанар, апама не болды?
ДӘРІГЕР
Сізге кіруге болмайды? Анаңыздың басына қан құйылған.сәл кешіккенде үлгермейтін едік.
СӘКЕН АҒАЙ
Сәлеметсізбе! Қазір науқастың жағдайы қалай? Бес минутқа баласы кіріп шықса боладыма?
6. ИНТ.АУРУХАНА БӨЛМЕСІ. АНАСЫНЫҢ КЕРУЕРТІНЕ БАСЫН ҚОЙҒАН ЕЛДОС ЖЫЛАП ОТЫР.
АНАСЫ
Балам..
ЕЛДОС
Апа, апатай,сізге не болды?
АНАСЫ
Сен айтыста болуың керек едіғой
Елдос көз жасын сүртеді.
ЕЛДОС
Жжоқ, мен сіздің ққасыңызда бооламын, ббармаймын ешқайда
АНАСЫ
Мен әркез сенің қасыңдамын ұлым. Айтыстан қалма
ЕЛДОС
Жоқ апа, бармаймын. Ссіз ққолдап залда оотырмасаңыз,айтысудың мәәні жоқ
7. ИНТ.САХНА. ЖҮРГІЗУШІ САХНАҒА ЕЛДОСТЫ ШАҚЫРАДЫ.
ЖҮРГІЗУШІ
Сахнаға көптің көңілінен шыққан бала ақын Елдос Жандарбековты шақырамыз.
Сахнаға ешкім шықпайды.
Зкт. 6 ай бұрын
8. ИНТ.КҮНДІЗ. МЕКТЕП. КЛАССҚА ДИРЕКТОР АПАЙ БІР ОҚУШЫМЕН БІРГЕ КІРЕДІ.
ДИРЕКТОР АПАЙ
Сәлеметсіздерме оқушылар! Бүгін сыныптарыңызға жаңадан оқушы келді. Аты жөні Жандарбеков Елдос. Енді ол сіздермен бірге оқиды.Елдос,ана тұрған бос орынға отыра қой.
Отырған оқушылар Елдосқа қарайды. бір бірімен сыбырласады. ортаңғы партадан шыққан аяқ Елдосты шалғысы келеді. Елдос сәл кідіреді. Әлгі бала аяғын тартып алады.
Мұғалім тақтаға есеп жазып түсіндіруде.
F'(x)=6x+3x+5
МҰҒАЛІМ
Осы есептің шешімін кім шығарады?
Әлішер?
ӘЛІШЕР
Эфот икс тең алтының екі дәрежесі
МҰҒАЛІМ
Дұрыс емес. Тағы кім? Жанар?
ЖАНАР
Эфот икс тең он екі қосу бес
МҰҒАЛІМ
Ия, сіз айта қойыңыз.
ЕЛДОС
Эээфот икс ттең оон екі икс қоосу үш
Класс ду күлкі.
МАРҒҰЛАН
Мынауың кәдімгі тұтықпағой
МҰҒАЛІМ
Қане тынышталыңдар. Елдос,сіздің жауабыңыз дұрыс
МАРҒҰЛАН
Аағай, эээфот икс нешееееге тең болды?
Күлкі. Қоңырау соғылады. Жанар Елдостың жанына келеді.
ЖАНАР
Сен оларға көңіл аударма, олар үнемі солай. Менің есімім Жанар.
ЕЛДОС
Еелдос
ЖАНАР
Өте қуаныштымын. Жүр, мектепті көрсетейін. Сен қай жақтан келдің?
9. ИНТ. КЕШ. ЕЛДОСТЫҢ ҮЙІ. БӨЛМЕ.
АНАСЫ
Қалың қалай ұлым? Жаңа мектебің ұнадыма?
ЕЛДОС
Ұұнамағанда не іістеймін? Әлде басқа мектепке аауыстырасызба? Апа, ауылға кетейікші.
АНАСЫ
Жоқ балам болмайды. Біз ол жаққа қайтып бармаймыз.
Флэшбэк
10. ИНТ.ТҮН.АУЫЛ. ҮЙДІҢ ІШІ. ЕЛДОСТЫҢ КІШКЕНТАЙ КЕЗІ.
Елдостың әкесі анасын ұрып жатыр. Жылаған әйелдің дауысы. Қорыққан бала Елдос.
ЕЛДОС
А а а апа
11. ИНТ. МЕКТЕП. КҮНДІЗ. КЛАССТЫҢ ІШІ. ӘДЕБИЕТ САБАҒЫ. МҰҒАЛІМ САБАҚ ТҮСІНДІРУДЕ.
МҰҒАЛІМ
Поэзия-өлең үлгісіндегі әдеби туындылар. Поэзия сөздің ырғақтық құрылысына, ұйқасына негізделеді. Сондықтан бүгінгі сабағымызды шығармашылыққа арнаймыз. Өз қиялымызбен өлең немесе проза жазамыз.қане бастаймыз.
Ойланған Елдос терезеге ұзақ қарап өлең жаза бастайды.
Оқушылар жұмыстарын тапсырады.Оқушылардың жұмысына үңілген мұғалім. Қоңырау соғылады.
МҰҒАЛІМ
Елдос, сәл кідіре тұршы. Мына өлеңді өзің жаздың ба?
Елдос
Ия
МҰҒАЛІМ
Керемет жазғансың. Мектеп жанынан ашылған жас ақындар үйірмесі бар. Қатыссаң болады. Айтқандай кешкісін жиналамыз. Міндетті түрде кел. Өзіңмен бірге жазған өлеңдерің болса ала кел.
ЕЛДОС
Жақсы ағай
12. ИНТ.ҮЙІРМЕ КАБИНЕТІ. ЖИНАЛҒАН ЖАСТАР.
МАРҒҰЛАН
Ооо біздің тұтықпада келді.
Барлығы күледі. Елдос кетуге оқталады. Сырттан ұстазы кіреді.
ҰСТАЗ
Оо Елдос келген екенсіңғой, жақсы болды, кіре ғой.
Елдос Жанардың жанына кеп отырады.
ҰСТАЗ
Өлең сөздің мәйегі. Бұл жерге сіздер босқа жиналған жоқсыздар. Құдай берген талантты шыңдау үшін жиналдыңыздар. Бүгін араларыңызға жаңадан Елдос деген ақын жігіт қосылды.
МАРҒҰЛАН
Е е е елдос
ҰСТАЗ
Марғұлан! Қазір барлықтарыңыз өздеріңіз шығарған туындыларыңызды оқисыздар. Сосын бірігіп талдаймыз.
Музыка. Дыбыссыз өлең оқыған жастар. Қошемет. Күлкі.
ЕЛДОС
Ауылдамын мен, бала күндерім кекілді,
Алдымнан шықты, ақ жауын жауып бетімді.
Алақаныма тамшысы жылы тиеді,
Аяулы анамның аппақ жаулығы секілді.
Арманыма ұқсас ақша бұлттардың үлпілдек
Жанары жасқа толып тұр тағы шүлпілдеп
Бала күндердің есімнен кетпес елесі
Батқан күнменен барады сөніп біртіндеп.
Үнсіздік. Ұстаз қол шапалақтайды. Отырғандарыдң барлығы қол шапалақтайды.
ЖАНАР
Елдос, керемет шығарғансың
МАРҒҰЛАН
Бұл жігіт өзі өлең оқығанда тұтықпайды ау деймін
Марғұлан өзінен өзі күледі. Бірақ басқалары оған қосылмайды.
Флэшбек
13. ИНТ.АУЫЛДАҒЫ ҮЙ. БӨЛМЕ. КІШКЕНТАЙ ЕЛДОС ӘКЕСІН АЛДЫНДА ОТЫР. ӘКЕСІ ДОМБЫРА ТАРТЫП, ӘННІҢ ӘУЕНІН ЫҢЫЛДАП АЙТУДА. ДОМБЫРАҒА ЖАРМАСҚАН ЕЛДОСТЫҢ САУСАҚТАРЫН ӨЗІМЕН ІЛЕСТІРЕДІ.
14. ИНТ. КҮНДІЗ. МЕКТЕПТІҢ ДӘЛІЗІ.ҰСТАЗЫ ЕЛДОСТЫ ТОҚТАТАДЫ. ҚОЛ АЛЫСЫП АМАНДАСАДЫ.
ҰСТАЗ
Елдос, сен домбыра тарту білесің бе?
ЕЛДОС
Иаа білемін
ҰСТАЗ
Бәрекелді. Домбыраң барма?
ЕЛДОС
Жоқ
ҰСТАЗ
Кешке үйірмеге кел. Мен өзім домбыра ала келемін
ЕЛДОС
Не үшін ағай?
ҰСТАЗ
Келген соң түсіндіремін.
Елдостың жанынна Жанар келеді.
ЖАНАР
Сәлем Елдос
ЕЛДОС
Сәлем!
ЖАНАР
Кешегі оқыған өлеңің керемет. Маған оқуға басқа да өлеңдаріңді бересіңбе?
ЕЛДОС
Әрине
Екеуі күлімдеп класқа кіреді.
15. ИНТ.КЕШ. ҮЙІРМЕ КАБИНЕТІ. ҚАҒАЗДАРЫНА ҮҢІЛГЕН ҰСТАЗ.
ҰСТАЗ
О, Елдос келдіңбе, сені күтіп отырғанмын. Кел, отыр.
Елдостың қолына домбыраны ұстатады.
ҰСТАЗ
Қане, бір күй ойнап берші
Елдос "Көрұғлы" күйін ойнайды.
ҰСТАЗ
Бәрекелді. Сен талантты жігітсің. Елдос, сен талантты жігітсің. Келесі айда жасөспірімдер арасында ақындар айтысы өтеді. Сенің мектептің атынан айтысқа шыққаныңды қалаймын.сенің суырыпсалма ақындығың да бар. Сенің қолыңнан келеді.
Сырттан домбыра ұстаған Марғұлан кіреді. Елдосқа қарайды.
МАРҒҰЛАН
Мынау мұнда неғып жүр?
ҰСТАЗ
Оның аты Елдос. Мен оны мектептің атнан айтысқа дайындаймын
МАРҒҰЛАН
Нее? Сіз мені дайындаймын деген жоқсызба?
ҰСТАЗ
Марғұлан, біріншіден сен домбыра тарту білмейсің. Екіншіден сенің суырыпсалма ақындығың жоқ. Сен махаббат туралы өлең жазасың, ол айтыста жеткіліксіз.
МАРҒҰЛАН
Сонда мына тұтықпа менен артық дегіңіз келіп тұрма?
Елдос ашуланып орнынан тұрады. Ұстазы оны қолымен отыр деп тоқтатады.
ҰСТАЗ
Бұл жерде ешкім ешкімнен артық емес. Сен лирикаға жақынсың. Ал айтысқа тағы да айтамын суырыпсалма ақын қажет.
Марғұлан ашуланып бөлмеден шығып кетеді.
ЕЛДОС
А аағай, менің айтыса алатыныма ссенімдісізбе?
ҰСТАЗ
Ия Елдос. Сенімдімін. Тек біраз дайындалуымыз қажет.
16. ИНТ. КЕШ. ЕЛДОСТЫҢ ҮЙІ. БӨЛМЕ. АНАСЫ ТАМАҚ ДАЙЫНДАУДА.
ЕЛДОС
Апа, жжақсы жаңалық айтайынба?
АНАСЫ
Айтағой құлыным
ЕЛДОС
Ммен жасөспірімдер арасындағы айтысқа ққатысамын
Анасы шаруасын қойып, баласының жанына келеді. Құшақтап маңдайынан сүйеді.
АНАСЫ
Мақтанышым менің. Қадамың сәтті болсын.әкең жетпеген жетістікке сен жететін боласың
Флэшбэк
17. ИНТ.КЕШ. АУЫЛДА МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ САХНАСЫ. ЗАЛҒА ЖИНАЛҒАН ХАЛЫҚ.ЕЛДОСТЫҢ ӘКЕСІ САХНАДА ӨЛЕҢ ОҚУДА.АНАСЫ МЕН КІШКЕНТАЙ ЕЛДОС ӘКЕСІНЕ ҚАРАП МӘЗ МЕЙРАМ. ДУ ҚОЛ ШАПАЛАҚ.
18. ЭКСТ. КҮНДІЗ. МЕКТЕПТІҢ АЛДЫ.
ЖАНАР
Сәлем Елдос. Қалың қалай?
ЕЛДОС
Ссәлем Жанар. Жжақсымын
ЖАНАР
Сенің мектептің атынан айтысқа қатысатыныңды естідім. Сен үшін қуаныштымын.
ЕЛДОС
Рахмет
ЖАНАР
Елдос, кезінде менің нағашы апам сәл тұтығып сөйлеген. Мамандар онымен жұмыс жасаған соң артынан мүдірмей сөйлеп кеткен. Сол кездері мен үнемі қасында қарап отырушы едім. Көп жаттығулар есімде қалды. Егер қаласаң.. Егер қажет деп санасаң айтысқа дейін дайындалуға болады.
Елдос Жанарға жымия қарап "ия" дегендей басын изейді.
19. ИНТ.КҮНДІЗ. ҮЙІРМЕ КАБИНЕТІ. ЖАНАР МЕН ЕЛДОС ТЫНЫС ЖАТТЫҒУЛАРЫН ЖАСАУДА.
ЖАНАР
лдос-а-а-а-а-а-а-а о-о-о-о-о-о
ЕЛДОС
А-а-а-а-а-а-а о-о-о-о-о-о
Екеуі қосыла күледі.
20. ЭКСТ.КҮНДІЗ. ПАРКТЕ СЕРУЕНДЕГЕН ЕЛДОС ПЕН ЖАНАР БАЛМҰЗДАҚ ЖЕП КЕЛЕДІ. БІР БІРІМЕН ОЙНАЙДЫ. МУЗЫКА
21. ИНТ. КҮНДІЗ.ҮЙІРМЕ КАБИНЕТІ. ЕЛДОС ДОМБЫРА ШЕРТІП ОТЫР.
ҰСТАЗ
Қалай Елдосжан дайынсыңба?
ЕЛДОС
Иа
ҰСТАЗ
Есіңде болсын, бастамас бұрын деміңді терең ішке тартып төртке дейін санайсың. Міне былай
Ұстаз саусағымен көрсетеді. Елдос қайталайды. Домбырасын тартады.
ЕЛДОС
Басымнан бағым тұрса бағым аумай
Көңілден сөздер шықты ағылардай
Бұхардай бабамызға айтыс жасап
Жамағат бүгін біраз жиналғандай
Тұтықпай айтысайын мен ендеше
Ұстазымды ұятқа мен қалдырмай айахооу ееей ай
Екеуі күледі.
22. ИНТ. КЕШ. ҮЛКЕН ҮЙДІҢ ІШІ. ГАЗЕТ ОҚЫП ОТЫРҒАН МАРҒҰЛАННЫҢ ӘКЕСІ.
МАРҒҰЛАН
Әке, сізбен сөйлесейін деп едім
Әкесі газеттен басын көтерместен
ӘКЕСІ
Ия, айта бер
МАРҒҰЛАН
Ертеңгі айтыс жөнінде. Мен қатыспайтын болдым. Яғни, қатыстырмайтын болды.
Әкесі газетін үстелдің үстіне қойып баласына қарайды
ӘКЕСІ
Сен дайындалып жүр едіңғой. Не болды?
МАРҒҰЛАН
Ұстазымыз менің орныма басқа баланы алды.оның үстіне ол тұтықпа
ӘКЕСІ
Содан?
МАРҒҰЛАН
Мені барлығының алдында ұятқа қалдырды. Әке ол бала айтыста жеңбеу керек.
23. ИНТ.КҮНДІЗ. МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ЗАЛЫ. ЖИНАЛҒАН ХАЛЫҚ. САХНАДА ЖҮРГІЗУШІ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ТАНЫСТЫРУДА.
ЖҮРГІЗУШІ
Ортаға қатысушыларды шақырамаыз. Бірінші нөмірлі Жетісу ауданынан келген Балманов Аян. Екінші нөмірлі ..
Үшінші нөмірлі...
Төртінші нөмірлі Жандарбеков Елдос
Бесінші нөмірлі...
Ендеше осы шараның демеушісі, әділ қазы мүшесінің төрағасы Отаров Асхат Әлібекұлын ортаға шақырамыз.
Сахнаға Марғұланның әкесі шығады.
МАРҒҰЛАННЫҢ ӘКЕСІ
Биыл үшінші рет өткелі тұрған жасөспірімдер арасындағы айтыс ерекше болмақ. біріншіден жүлде қоры көбейсе, екіншіден жеңіске жеткен айтыскер үлкен айтысқа жолдама алады. барлықтарыңызға сәттілік тілеймін.
Сахнада айтыс басталады. елдостың кезегі.демін ішіне тартып ұстазы көрсеткендей төртке дейін санайды.залда көрермен Елдостың анасы, Жанар, мұғлімдер. Елдос қатты қобалжиды.
ЕЛДОС
Ау халайық аманбысыз қадірменді
Ықыласыңыз жанымызға жалын берді
Сахнаға алғаш шыққан балаң едім
Көңілім көкжиектей сағынды елді.
Жер шарын жеті айналсам жете аламба
Ағайын өздеріңдей тәлімгерді.
Көгертіп көк шыбықты батаңызбен
Даңғыл жолға салушы ең дарынды елді
Жан жақтан ақындарды көрсем дағы
Құдай маған талантпен сабыр берді айехоооу (аздап тұтығады)
Ду қол шапалақ. Әділ қазыларға ұнағандай бастарын изейді.
24. ИНТ.САХНА АРТЫ.
ҰСТАЗ
Жарайсың жігітім,барлығы дұрыспа?
ЕЛДОС
Ия ағай. Ккөп тұтықпаған сияқтымын
ҰСТАЗ
Мен сені мақтан етемін
25. ИНТ. БӨЛЕК КАБИНЕТ. ӘДІЛҚАЗЫЛАР
1 ӘДІЛҚАЗЫ
Менің ойымша бас жүлдеге төртінші нөмірлі бала лайықты. Елдоспа еді аты
2 ӘДІЛҚАЗЫ
Ия, мен де сол баланы түртіп қойдым. Сөз саптауы да жақсы. Сіздер не дейсіздер?
МАРҒҰЛАННЫҢ ӘКЕСІ
Менің ойымша бас жүлдеге жетінші нөмірлі бала лайықты. Ия, төртінші нөмірдегі бала жақсы айтысады, алайда біз тұтықпа баланы үлкен айтысқа жібере алмаймыз.
Үнсіздік.
1 ӘДІЛҚАЗЫ
Тым болмаса бұл балаға бірінші орынды берейік
МАРҒҰЛАННЫҢ ӘКЕСІ
Бірінші орынды тұтығатын балаға бергеніміз жөн болмас.
1 ӘДІЛҚАЗЫ
Оның тұттыққанына емес, айтысқанына қарауымыз керек емеспе?
26. ИНТ.ЖҮЛДЕГЕРЛЕРДІ МАРАПАТТАУ.
ЖҮРГІЗУШІ
Бас жүлде - - - - -
Бірінші орын - - - - -
Екінші орын - - - - -
Үшінші орын Жандарбеков Елдос
27. ИНТ. САХНА АРТЫ. ЕЛДОСТЫҢ КӨҢІЛ КҮЙІ ЖОҚ. АШУЛЫ.
ҰСТАЗ
Жақсы айтыстың Елдос
ЕЛДОС
Ия, ббірақ мен ббірінші орынға лайық емеспін
ҰСТАЗ
Сенің қалай айтысқаныңа халық куә. орын үшін қапаланудың қажеті жоқ.
ЕЛДОС
Мен айтыса алмаймын. елге күлкі болдым. менің қолымнан айтысу келмейтінін біле тұра мені қатыстырдыңыз
Бөлмеге күлімдеп Елдостың анасы кіреді. елдос анасына қарамай бөлмеден шығып кетеді.
Флэшбэк.
28. ИНТ. КЕШ. АУЫЛДА ЕЛДОСТЫҢ ҮЙІ. ӘКЕСІ СТОЛ БАСЫНДА АРАҚ ІШІП ОТЫР. КІШКЕНТАЙ ЕЛДОС КІТАП ОҚЫП ОТЫР.
ЕЛДОСТЫҢ ӘКЕСІ
Бұл өмірде әділдік жоқ. естисіңбе балам. ақындардың барлығы, тіптен Мұқағалидің өзі бұл өмірден әділдік таппаған. біз ақындар, әділдікпен күресіп келеміз. естисіңбе ұлым..
29. ИНТ. КҮНДІЗ. МЕКТЕП ДӘЛІЗІ. ЕЛДОСТЫҢ ЖАНЫНА ЖАНАР ЖҮГІРІП КЕЛЕДІ.
ЖАНАР
Елдос сені әрең таптым ғой. Сен бүгін ақындар үйірмесіне келесіңбе? Біраз болды ғой ол жерде көрінбегеніңе
ЕЛДОС
Жжоқ бармаймын
ЖАНАР
Саған ұстаз келсін деген. Әне өзі де келе жатыр
ҰСТАЗ
Сәлеметсіңдерме балалар. Елдос қалың қалай? Сен неге үйірмеге келмей жүрсің?
ЕЛДОС
Ссебебі мен ақын емеспін (дауысы қатты шығады)
Барлығы классқа кіреді.
30. ИНТ.КЛАССТЫҢ ІШІ.
ҰСТАЗ
Өмірде талай жеңілістер болады, бұл біріншісі болса соңы емес. Сен сонда өз талантыңды мойындамай осылайша қырсығып жүрмексіңбе?
Ана сенің жүрегің тоқтамасын
Әлі талай менімен мақтанасың
Еден жуып жүріп-ақ тарихта сен
Ұлы ақынның анасы боп қаласың сенің шығарғаның емеспе? Ұлы болу үшін еңбектену керек. Еңбектенуге де қажырлылықпен қайсар мінез керек. Егер қайсарлығың болмаса сенің таланытыңның түкке қажеті жоқ. кешке үйірмеде күтемін.
31. ИНТ. ТҮС. ЕЛДОСТЫҢ ҮЙІ
АНАСЫ
Балам тамағыңды іш. мен қазір жұмысқа кетемін
Елдос кітабынн столға қойып анасының жанына келеді.
ЕЛДОС
Апа, жұмысыңыз жақсыма? сізді ешкім ренжітпейдіме?
АНАСЫ
Ол не дегенің құлыным. мені кім ренжітсін. не болды? аяқ астынан неге бұлай дедің?
Анасы баласын құшақтайды.
ЕЛДОС
Апа, мен атақты айтыскер болғым келеді. сол кезде менде ккөөп ақша болады. сіз жжұмыс жасамайтын бболасыз.
АНАСЫ
Құлыным сол, әрине боласың. Алла сол күнге жеткізсін
32. ИНТ. КЕШ. МЕКЕМЕНІҢ ДӘЛІЗІ.ЕЛДОСТЫҢ АНАСЫ ЕДЕН ЖУЫП ЖҮР. ӨТКЕН АДАМДАР ОНЫМЕН АМАНДАСАДЫ.
32A. ИНТ.КЕШ. ҮЙІРМЕ КАБИНЕТІ.ЕЛДОС КЕЛЕДІ.
МАРҒҰЛАН
Оо біздің айтыскер жігітіміз келді. ол өзіне деген сенімділікті жоғалтпаған секілді.
ЕЛДОС
Ммықты болсаң өзің неге сол айтысқа шықпадың?
МАРҒҰЛАН
Қарайгөр.Мына тұтықпа бірдеңе дейдіме
ЖАНАР
Марго қойсаңшы, тым арттық кеттің
ЕЛДОС
Жжоқ айта берсін, тым болмаса айтатынын оосы жжерде айтсын. сірә сахнада айта алмаса
МАРҒҰЛАН
Не дедің?
Марғұлан Елдосқа қарай ұмтылады. Отырғандар оны сабырға шақырып тоқтатады.
Жалғасы
32B. ИНТ.ДӘЛІЗ. ЕДЕН ЖУУШЫ БАЙҚАУСЫЗДА ШЕЛЕКТЕГІ СУДЫ ТӨГІП АЛАДЫ. ЖАНЫНАН ӨТІП БАРА ЖАТҚАН МАРҒҰЛАННЫҢ БӘТЕҢКЕСІ СУ БОЛАДЫ.
МАРҒҰЛАН
ЕЙ, КӨЗІҢЕ ҚАРАМАЙСЫҢБА, МЫНАУЫҢ НЕ?
ЕДЕН ЖУУШЫ
Кешір балам, байқаусызда төгіліп кетті
МАРҒҰЛАН
Мен саған балаң емеспін. Сүрт мынаны құрғатып
Екеуін көрген Елдос қастарына келеді.
МАРҒҰЛАН
Енді жетпегені сен едің
ЕЛДОС
Өзіңнен үүлкен адамға соонша дауыс көтергенің не. Көрдіңғой байқамай төгіліп кетті. Апай сіз бара беріңіз
МАРҒҰЛАН
Ей, сен не еден жуушылардың қорғаушысы боп кеткенсіңбе? Кет басымды қатырмай
Марғұлан Елдостың иығынан итереді. Елдос Марғұланды жұдырықпен ұрады.Еден жуушы апай айғайлап көмек шақырады.
32C. ИНТ.МЕКТЕП. ДИРЕКТОРДЫҢ КАБИНЕТІ. МАРҒҰЛАННЫҢ ӘКЕСІ МЕН ЕЛДОСТЫҢ АНАСЫ ДИРЕКТОРДЫҢ АЛДЫНДА ОТЫР.
ДИРЕКТОР
Сіздердің балаларыңыздың тәртібі шектен шықты. Олар мектептің ішінде төбелесті. Бұл деген сұмдық қой.
МАРҒҰЛАННЫҢ ӘКЕСІ
Баламның айтуыншасіздің балаңыздың өзі бастаған көрінеді. Марғұлан үлгілі отбасының баласы. Өзіне тиіспесе, өзі бастап шатақ шығармайды.
ЕЛДОСТЫҢ АНАСЫ
Балам жаңа ортаға үйренісе алмай жүрген болар. Бұған дейін ол ешкіммен төбелесіп немесе ескерту алып көрген емес. Керісінше үлгерімі жақсы, жетістіктері де жоқ емес
МАРҒҰЛАННЫҢ ӘКЕСІ
Егер жаңа ортаға үйренісе алмаса басқа мектепке ауыстырыңыз. Сіздің балаңыз үшін менің балам бұзақы секілді
ДИРЕКТОР
Мен сіздерді түсінемін. Әркімге өз баласы жақсы дегендей. Алайда тәртіп барлығына бірдей.
Жалғасы
32D. ИНТ. ДӘЛІЗ. ЕЛДОС ПЕН МАРҒҰЛАН АТА-АНАСЫН КҮТІП ТҰР. ЕЛДОС КАБИНЕТТЕН ШЫҚҚАН МАРҒҰЛАННЫҢ ӘКЕСІН ТАНИДЫ.
ЕЛДОС
Апа, ббәрі дұрыспа?
ЕЛДОСТЫҢ АНАСЫ
Ия балам. Тек әлгі кісі сенің басқа мектепке ауысуыңды талап етті. Құдай оңдағанда директорың жақсы адам екен. Екеуіңе де ескерту береміз деді
ЕЛДОС
Мені басқа мектепке ауыстыр дейдіме? Апа бұл өткен жолы айтыста қазы болған кісі ғой. Маған енді ббарлығы түсінікті болды. Алаңдамаңыз аапатай, мен ссізді ұятқа қалдырмаймын
32E. ИНТ.ТҮС. ҮЙІРМЕ КАБИНЕТІ.
ҰСТАЗ
Елдос келдіңбе? саған не көрінді мектептің ішінде төбелесіп. күшің тасып бара жатса басқа нәрсеге жұмсамайсыңба?
ЕЛДОС
Ағай, мен ққателестім. ккешірім сұраймын
ҰСТАЗ
Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң деген емеспе Абай атамыз. бізде шаруа көп, қане отыр.
ЕЛДОС
Аағай мен айтыста қазы болған кісіні ккөрдім. Оол Марғұланның әкесі
ҰСТАЗ
Солайма?
ЕЛДОС
Сіз ббілетінбедіңіз?
ҰСТАЗ
Ия білемін. бірақ ондай жағдайлар сенің сенімділігіңе әсер етпеуі керек. Расымен қабілеті, таланты бар адам қалай болғандада өзін мойындатады. әкесіз, көкесіз де. сондықтан бұдан былай мұндай қасиеттен аулақ болғаның жөн
ЕЛДОС
Түсіндім
ҰСТАЗ
Түсінсең енді мені тыңда. жуырда Түркістанда Республикалық ақындар айтысы болады. ол жерге жан-жақтан мықты деген айтыскерлер жиналады. сен де бағыңды сынап көр
ЕЛДОС
Ммен ол айтысқа ққатыса аламынба? ооған бас жүлде алған ақын ққатыспаушы ма еді
ҰСТАЗ
Бас жүлде алған бала ол айтысқа қатысудан бас тартты. Бірінші, екінші орын алғандарды төрелік қатыстыруға қарсы. олар сыннан өтпей қалды. енді өзіңді көрсететін уақыт келген сияқты.міне әдебиеттер тізімі. Кітапханаға бар. ертең дайындықты бастаймыз.
32F. ИНТ. МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫ. ЕЛДОС КІТАПТАР АЛЫП ОҚУ ЗАЛЫНДА КІТАП ОҚИДЫ. (МУЗЫКА)
32G. ИНТ. ҮЙІРМЕ КАБИНЕТІ. ЕЛДОС ДОМБЫРАМЕН ҰСТАЗЫМЕН ДАЙЫНДАЛАДЫ.
Жанармен тыныс жаттығуларын жасап дайындалады. (музыка)
32H. ИНТ. МАРҒҰЛАННЫҢ ҮЙІ. ӘКЕСІНІҢ КАБИНЕТІ.
МАРҒҰЛАН
Әке, сіз әлгі баланы қалайша Республикалық айтысқа жіберуге рұқсат бердіңіз?
МАРҒҰЛАННЫҢ ӘКЕСІ
Жәә бәсеңдет даусыңды
МАРҒҰЛАН
Кешіріңіз. Әке қалайша ол... Оған жол бердіңіз?
МАРҒҰЛАННЫҢ ӘКЕСІ
Қарапайым еден жуушының баласы топты жарып үлкен айтыскерлермен айтысуға бармақшы. Аяғынан шалсақ та ол берілмеді. Өжет екен өзі. Ал сен ше? Он бес жасар баланың аяғынан қайта шалу керек дейсіңбе? жоқ балам. олай болмайды. енді өз проблемаларыңды өзіңді шеш.
Баласының иығынан қағып бөлмеден шығып кетеді.
32I. ЭКСТ.ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ.КЕШ. ҰСТАЗЫ АЛАҢДАП ЕЛДОСҚА ТЕЛЕФОН СОҒУДА.
ҰСТАЗ
Қап, мына бала қайда жүр а
Алло, Жанар, Елдосты көрмедіңбе? телефонын көтермейді. көрмедім дейсің бе. жақсы.
32J. ИНТ. БӨЛМЕ.БӨЛМЕ ЕСІГІН ҚАҚҚАН ЕЛДОС АЙҒАЙЛАУДА
32K. ИНТ.МЕКТЕП ДӘЛІЗІ.
Олжас Елдостың жанына келеді
ОЛЖАС
Елдос, сені Республикалық ақындар айтысына кетеді деп естідік. Бүгін жүресің бе?
ЕЛДОС
Иа
ОЛЖАС
Сағат нешеде?
ЕЛДОС
Кешкі 5 те поезд жүріп кетеді. Неге сұрадың? Жжайшылықпа?
ОЛЖАС
Жәй, біз жігіттер болып саған кішкене дастархан жайып, тілегімізді айтып шығарып салғымыз келген. Егер уақытың болса әрине
ЕЛДОС
Ууақытым бар. Ттек үйге соғып, ззаттарымды алайын
ОЛЖАС
Жарайды ендеше. Күтеміз. Төменге келерсің
Жалғасы
Елдос кеткен соң Олжастың жанына Марғұлан келеді
МАРҒҰЛАН
Не деді?
ОЛЖАС
Келеді. Сеніп қалды
32L. ИНТ.БӨЛМЕ
Елдос бөлменің есігін ұрып айғайлауда. Еден жуушы естіп сырттан есікті ашады. Елдос оған қарамастан сыртқа қарай жүгіреді.
32M. ЭКСТ.ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ.КЕШ.
Елдос ентіге жүгіріп жолсерікке келеді
ЕЛДОС
Ааға Түркістанға ппоезд жүүріп кеттіме?
Жолсерік сағатына қарайды
ЖОЛСЕРІК
Жарты сағаттай болды жүріп кеткеніне
Елдос ентігін баса алмай Жанарға қоңырау шалады.
ЕЛДОС
Жанар, ммаған көмек керек
32N. ЭКСТ. МЕКТЕП АЛАҢЫ
ЖАНАР
Ия Елдос. Енді не істейміз?
Жанар ысқырғышымен оқушыларды сапқа тұрғызған мұғалімге қарайды.
ЖАНАР
Елдос сол жерде бол. Қазір барамыз
32O. ЭКСТ.ЖОЛ. МАШИНА
32P. ИНТ.МАШИНАНЫҢ ІШІ.ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘН МҰҒАЛІМІ РУЛЬДЕ. АЛДЫНДА ЕЛДОС. АРТҚЫ ОРЫНДА ЖАНАР ОТЫР
ЕЛДОС
Аағай ттезірек жүріңізші
МҰҒАЛІМ
Бұдан артық жылдамдықты асырсам ГАИ тоқтатуы мүмкін. Ұзақ аялдайтын бекетке дейін үлгеруге тырысамыз
32Q. ЭКСТ.ТҮН. ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ
Мұғалім, Елдос, Жанар вагонның алдына жүгіріп келеді. Сырттан Елдостың ұстазы қарсы алады.
Екі мұғалім қол алысып амандасады.
ҰСТАЗ
Рахмет сендерге. Үлкен сауап жасадыңдар
ЖАНАР
Ең бастысы үлгердік
МҰҒАЛІМ
Жеткізген еңбегімізге жеңіспен оралыңыздар. Жолдарың болсын!
Мұғалім Елдостың арқасынан қағады.
МҰҒАЛІМ
Ал жігітім, жеңіспен орал
Жанар Елдосты құшақтайды
ЖАНАР
Төртке дейін санауды, тынысыңды ішке тартуды ұмытпа. Жеңіс тілеймін.
Вокзал диспечерінің хабарламасынан кейін ұстаз бен елдос қол бұлғап вагонға кіреді.
32R. ЭКСТ. ҮЛКЕН ЗАЛ. КӨРЕРМЕНДЕР. САХНАДА АҚЫНДАР АЙТЫСЫ
32S. ИНТ.САХНА АРТЫНДА
ЕЛДОС
Ққобалжып тұрмын ағай
ҰСТАЗ
Сахнаға шыққанда барлығын ұмытасың. Терең демал. Айтатын сөздеріңнен басқа ештеңе ойлама
Зкт.
ЖҮРГІЗУШІ
Алматыдан келген Елдос Жандарбеков және оның қарсыласы --------
ҰСТАЗ
Ал бара ғой
Елдос домбырасымен сахнаға шығады.
Келесі күн. Жартылай финал.
32T. ИНТ.САХНА АРТЫ
ҰСТАЗ
Кеше жақсы айтыстың. Тек асықпа. Бастамас бұрын ішіңнен төртке дейін сана. Ал енді бара ғой
Жалғасы
32U. ИНТ.САХНА. ЕКІ АЙТЫСКЕР АЙТЫСУДА
ҚАРСЫЛАСЫ
Тұтығып сен сөйлейсің,
Қобалжисың, терлейсің
15 жасар бала ақын
Жеңісті оңай бермейсің.
Бірақ жасы үлкенге
Жолыңды сен бергейсің
Елдос домбырасын ұзақ шертеді
ЕЛДОС
Теңсіздіктер тең емес
Сын айтатын сен емес
Халқым қолдап отқанда
Тұтығатын мен емес
Отырған көрермен күлкісі. Шапалақ.
Келесі күн.
32V. ИНТ.САХНА. САХНАДА ТІЗІЛГЕН АЙТЫСКЕРЛЕР. ӘДІЛҚАЗЫ САХНАҒА ШЫҒЫП ЖЕҢІМПАЗДЫ АТАЙДЫ.
ӘДІЛҚАЗЫ
Бас жүлде және бір миллион теңге жүлдесімен Алматыдан келген 15 жасар бала ақын Елдос Жандарбеков.
Ду қол шапалақ. Жүлдені тапсыру. Елдос қуанышын жасыра алмайды. Ұстазы сахнаға шығып Елдосты құттықтайды.
32W. ЭКСТ. КҮНДІЗ. МЕКТЕП АЛАҢЫ.
Жиналған мұғалімдер мен оқушылар шуласып гүлмен Елдосты қарсы алады. Елдостың назары жырақта жалғыз өзі тұрған Марғұланға түседі. Өзін байқаған Елдосты көрген соң ол теріс айналып кетеді.
Зкт.
Ақтөбе. Астана. Қостанай. Павлодар.
32X. ИНТ.САХНА
Сахна төрінде жүлдеге ие болған Елдос. І орын. гран при. ақшалай сыйлық сертификаттар
32Y. ИНТ. КҮНДІЗ. АУЫЛДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ БӨЛМЕСІ
Газетке үңілген Нәзипа Құралға қарайды (Елдостың әкесі)
НӘЗИПА
Әй Құрал, мынау сенің Елдосың емеспе? "Бала ақын" айтыстың жаңа жұлдызы депті
Нәзипа газетін алып Құралдың жанына келеді. Құрал газетті Нәзипаның қолынан жұлып алады.оқшаулау жерге барып оқи бастайды. газеттегі Елдостың суретіне ұзақ қарайды. көзіне жас алып газетті кеудесіне басады.
32Z. ИНТ.КҮНДІЗ. ЕЛДОСТЫҢ ҮЙІ.БӨЛМЕ
Анасы жұмысқа жиналуды. кенет басы айналып отырып қалады.
ЕЛДОС
Апа,не болды ссізге?
АНАСЫ
Ештеңе болған жоқ балам. тек басым айналып кетті.
ЕЛДОС
Апа, сол жжұмысты таста дедім сізге. ббіз ккелісіп едік қой
АНАСЫ
Балам ау. мені шаршатқан жұмыс емес емес қой.. Әлде сен менің еден жуғаныма арналасыңба?
ЕЛДОС
Апатай, ммен сізден ешқашан арланған емеспін.мен ссіздің ауыр жұмыс жасағаныңызды ққаламаймын. өзім бағғамын сізді
Анасы баласының маңдайынан сүйеді.
32A1. ИНТ. ҮЙІРМЕ КАБИНЕТІ.
Ұстазы қағаздарын жинастыруда.
ҰСТАЗ
Оо Елдос келдіңбе?
ЕЛДОС
Ссәлеметсізбе! Қайда жжиналдыңыз?
ҰСТАЗ
Астанаға. Көптен бері өзіңе айта алмай жүрген едім
ЕЛДОС
Жжиналысқама? Сосын қашан келесіз?
ҰСТАЗ
Жоқ Елдос. Мен біратала кетемін.
ЕЛДОС
Ққалайша? Алтын домбыра ше? Ббіздің дайындығымыз не болмақ? Барлығын тастап ккетесізба?
ҰСТАЗ
Мен бұл жерде осы кезге дейін ұстап келген сен едің. Ал қазір сен біраз деңгейге жеттің. Көп нәрсені үйрендің. Енді жетістіктерге менің көмегімсіз-ақ өзің жететін кез де келді
Мен үнемі жаныңнан табыламын Елдос. соны есіңнен шығарма
32B1. ЭКСТ.КҮНДІЗ.МЕКТЕПТІҢ АЛДЫ.
Ұстазды көлігіне дейін шығарып салып тұрған директор, бірнеше мұғалім және Елдос.
ДИРЕКТОР АПАЙ
Ал Сағынбек Мырзабаевич сізге жаңа жерде сәттілік тілеймін. әрқашан сізге есігіміз ашық.
ҰСТАЗ
Рахмет әріптестер! Аман болайық!
Қол алысып мұғалімдермен қоштасады. Шетте жалғыз тұрған Елдосқа жақындап қолын ұсынады. Елдос оны құшақтайды. Ұстаз оның көз жасын байқайды.
ҰСТАЗ
Жарайды болды. Әйтпесе қазір менде жылаймын. Бір Қазақстанның ішіндеміз. Байланысып тұрамыз. Алтын домбыраға дұрыстап дайындал. Ал енді мен жүрейін.
Жалғасы.
32C1. ЭКСТ.МЕКТЕП АЙНАЛЫСЫ.
Елдос жалғыз ой үстінде келеді. өзінен сәл алыс жерден Марғұлан мен Жанарды байқайды. Екеуі көңілді. жанар Елдосты байқайды.
ЖАНАР
Елдооос
Елдос тез-тез жүріп алыстап кетеді. Көзіне келген жасты қолымен сүртеді. Ол өз-өзінен жүгіріп қашады. (музыка)
32D1. ИНТ.ЕЛДОСТЫҢ ҮЙІ. БӨЛМЕ.
Керуертте теріс қарап Елдос жатыр. көңіл күйі жоқ.
АНАСЫ
Балам тамағыңды іш
ЕЛДОС
Ішкім келмейді
Анасы Елдостың жанына келіп отырады.
АНАСЫ
Ауырып қалған жоқсыңба? Бірнеше күн болды көңіл күйің де жоқ. Әлде ұстазыңның кеткенін уайымдап жүрсіңбе?
ЕЛДОС
Апа, ауылға кетейікші
АНАСЫ
Балам? (терең күрсінеді)
Зкт
АНАСЫ
Зкт
Әкеңді сағынып жүрсің ғой. Тек айта алмайсың
32E1. ЭКСТ.КҮНДІЗ. МЕКТЕП АЛАҢЫ.
Елдос жалғыз өзі терең ой үстінде. Жанына Марғұлан келеді
Елдос оны көрсе де үнсіз отыра береді.
МАРҒҰЛАН
Білемін, мені жек көресің. Оның себептері де жоқ емес. Сен алғаш келгеннен ақ аяғыңнан шалуға тырыстым. Бірақ сен құламадың. Керсінше одан сайын мықты бола түстің
Елдос Марғұланға қарайды
МАРҒҰЛАН
Елдос, мен сенен кешірім сұрағым келеді. Мен қателестім. Мүмкін қызғанған шығармын
ЕЛДОС
Ммені? Ққалай?
МАРҒҰЛАН
Сенің бірбеткей мінезің, талантың, өжеттілігің. Менің жылдар бойы қолымнан келмеген дүниелерге сен еңбегіңмен бір ақ сәтте қол жеткіздің. Мүмкін сондықтан да болар. Сен мықтысың. Мойындаймын.
ЕЛДОС
Оойыңды ашық аайтқаның үшін рахмет
МАРҒҰЛАН
Болған жағдайларды ұмытайық
ЕЛДОС
Ұмытайық
МАРҒҰЛАН
Ендеше доспыз ғой?
Екеуі бір бірінің қолын қысып төс түйістіреді.
МАРҒҰЛАН
Айқандай анаукүні Жанар екеумізді көретін кезде оған осы ойымды айтқан едім. Сен дұрыс түсінбей қалған сияқтысың
Екеуі бір біріне қарап күледі.
32F1. ИНТ.КҮНДІЗ. ҮЙІРМЕ КАБИНЕТІ.
Марғұлан Жанар Елдос және тағы да басқа қыз жігіттер болып айтысқа қызу дайындық үстінде
32G1. ЭКСТ. МЕКТЕП АЛАҢЫ
Достар бірге футбол ойнауда. Ойыннан соң қызу әңгіме, күлкі (музыка)
32H1. ИНТ.КҮНДІЗ.ҮЙІРМЕ КАБИНЕТІ
Елдос жалғыз өзі домбыра шертіп отыр. Ішке Марғұлан кіреді. Марғұланның қолында қапталған домбыра.
ЕЛДОС
Ққолыңдағы не?
МАРҒҰЛАН
Бұл саған. Сыйлық
ЕЛДОС
Ммаған? Сыйлық?
МАРҒҰЛАН
ИЯ. САҒАН.
Қолындағы домбыраны Елдосқа ұсынады. Елдос домбыраны қабынан алып таңырқай қарайды.
ЕЛДОС
Ққандай ккеремет домбыра? Мұны ммаған не үшін ссыйламақсың?
МАРҒҰЛАН
Бұл саған жасаған қиянатымның өтеуі болсын. Бұнымен кінәмді өтей алмаймын. Бірақ бұл домбыраға сен лайықтысың. Әкем кезінде мен үшін тапсырыспен жасатқан екен. Бірақ мен домбыра тартпақ түгілі шертуді де білмеймін.
Елдос домбырамен Қазанғаптың күйін ойнайды.домбыраның үні сыңғырлап естіледі.
ЕЛДОС
Рахмет досым. Бұйырса осы домбырамен айтысып Алтын домбыраны аламын.
32I1. ИНТ.АУРУХАНА БӨЛМЕСІ.
Елдос анасының жанында отыр.
ЕЛДОС
Апа, мменің қолдаушым өзіңіз. Ол жерге сііз болмасаңыз барғым келмейді
АНАСЫ
СЕН ЖАЛҒЫЗ ЕМЕССІҢ. ӘКЕҢ КЕЛДІ
Елдос басын көтеріп анасына қарайды
АНАСЫ
Ол сені қолдауға келді ұлым. Бара ғой. Мен үшін алаңдама
Оқиға орын алғанға дейін.
32J1. ИНТ.САХНА АРТЫ. ЕЛДОС ЖАНАРҒА ҚОҢЫРАУ СОҒАДЫ
ЕЛДОС
Жанар, егер қиын бболмаса үйге соғып апамды өзіңмен бірге ала келесіңбе?
ЖАНАР
Әрине. Сіздің үйдің алдында тұрмын.
32K1. ЭКСТ.ЕЛДОСТЫҢ ҮЙІНІҢ АЛДЫ.
Елдостың әкесі Жанардың қасына келеді
ЕЛДОСТЫҢ ӘКЕСІ
Сәлеметсіңбе қызым! Үшінші подьезді қалай тапсам болады?
ЖАНАР
Сәлеметсізбе! Міне алдыңыздағы подьезд
Екеуі қатар кіріп екінші қабатқа көтеріледі.
ЕЛДОСТЫҢ ӘКЕСІ
Сенде осында тұрамысың?
ЖАНАР
Жоқ, досым тұрады. Бүгін Алтын домбырада айтысады. Анасын алып кетуге келдім
ЕЛДОСТЫҢ ӘКЕСІ
Елдос..
Сырттан есікті ашқан Елдостың анасы
АНАСЫ
Құрал. сен мұнда неғып жүрсің?
ЖАНАР
Сіздер бір біріңізді танисыздарма? сіз...
ӘКЕСІ
Занияш. кешіріңдерші мені. мен қателестім. Занияш..
Елдостың анасы басы айналып жерге құлайды. жанар дереу жедел жәрдем шақырады.
32L1. ИНТ.САХНА.
ЖҮРГІЗУШІ
Сахнада көптің көңілінен шыққан бала ақын Елдос Жандарбековты шақырамыз.
Сахнаға ешкім келмейді. Жүргізуші сөзін қайталайды. біраз уақыттан соң сахнаға Елдос келеді. Бас иіп амандасып орнына отырады. Көпшіліктің ішінен өзіне қарап отырған әкесін көреді. Домбырасын тартып бастайды.
32M1. ИНТ. САХНА.
Сахнаға Алтын домбыра иегерін анықтау үшін белгілі айтыскер шығады.
АЙТЫСКЕР
Бүгінгі Алтын домбыра иегері 15 жасар ақын Жандарбеков Елдос
Ду қол шапалақ. Елдостың әкесінің қуаныш көз жасы. мектеп директоры, жиналған мұғалімдер, Марғұлан, Жанар және кластастары қуанып сахнаға құттықтауға шығады.
32N1. ИНТ.КАБИНЕТ.
ұстазы тікелей эфирден айтыс көріп, Елдостың жеңісін көріп қуанады.
32O1. ИНТ.АУРУХАНА ПАЛАТАСЫ.
Елдостың анасы баласының жеңісін тікелей эфирден көріп қуанады. көзіне жас алады.
32P1. ИНТ.САХНА
Елдосты барлығы жеңісімен құттықтауда. Жанына әкесі келеді
ЕЛДОСТЫҢ ӘКЕСІ
Ұлым..
ЕЛДОС
Әке..
Екуі бір бірін құшақтайды. Көз жасына ерік береді. Елдосты Марғұлан және достары жоғарыға көтереді. Елдос Алтын домбырасын көкке көтереді. Ол бақытты.