167
Алаша хан
Алаша хан романының әр бетін жазған сайын өзімді бақытты сезіндім. Алаша хан – өткен дәуірдегі хандардың бірі қана емес, Қазақ деген барша сөздің бастауында тұрған адам. «Қазақтың ел қатарына алғаш рет қосылған тұсы Алаша ханның тұсы» деп Мәшһүр Жүсіп бекер айтпаса керек. «Он алты тараулы Алаша хан» күй болып төгіліп оқырман құзырына жетіп отыр. Алаша хан – Араб шапқыншылығы мен Қытай саясатының өткір де уытты тұсынан қасқалдақтап жол тауып, өз елін құтқара білген, Ұлытауда Алты Алаш одағын құрып, кейінгі заман хандары құрған Алаш одағының серке басы болды. Алаш ұранды Қазақтың Алашасы осы еді. Мен – Қазақпын. Қазақ азаматы болып туған соң алғашқы рома нымды Қазақтың бір тау тұлғасының әруағын көтеруге арнап, перзенттік парызымды өтедім.
Ауадан алып қалай жазасың? Ибн Жарир атТабаридың, Гамиль тон Александр Росскинның еңбектері мен «Ескі Таңнама»ның 198 томындағы Алаша ханға қатысты деректер пайдаланылды. Қазақ ішіндегі хан жайлы шырмашату аңыздар түгел тексерілді. Арғын Қаракесек, Алшын, Алтын, ӘлімҚаракесек, Қарасақал рулары тура лы сіз сөзсіз риза болатын, аса құнды деректер роман ішіне орналасты. Кітап жұмыр басында Алаштың ойы сыйған, жұмыр жүрегінде Алаштың айы тұрған аңқылдақ, асыл жүректі, бекзат болсысты Қа зақтардың қырағы көзінің қиядан қалт жібермей оқуына арналады. Автор.
АЛАША ХАН
(Роман)
Ұлтым - Қазақ!
Керегем - ағаш!
Ұраным - Алаш!
Оң көзім - Қанас,
Сол көзім - Манас!
Бір қолым - самурай,
Оң қолым - Абылай!
Бір қасым - жазу,
Сол қасымда қап-қара азу.
Айдарым - Қозы көрпештен,
Иығым - Алатау берген өркештен.
Ернімде кеберзіген қыздың сезімі,
Жон-арқамда қатып тұр мұздаған таудың төзімі.
Ұраным - Алаш!
Керегем - ағаш,
Бір аяғымда - Талас,
Алпамыс маған қарас.
Қобыланды мені құшақта,
Қамбар ата кетпе ұзаққа.
Төле би төрлет жаныма,
Жалаңтөс рух боп жүгіре жөнел қаныма.
Үмбетей жырау қонағым бол, жаюлы саған дәмді астар,
Таңырқап қарап ұйқымнан оятып кетті таңғы аспан.
Батыр-Баянмен ішкен шәй кетпейді бүгін санамнан,
Сағынбай, Сары батырлар үңіліп кетті жанарға -
Кірпігімді түріп қолдары,
Қызыл жыланын ойнатып, айдағарша еркелеп жолдары.
Ұраным - Алаш,
Керегем - ағаш,
Кеудемде үкінің көзінен пайда болған ою-өрнектер,
Қуыс кеудеме тығылған уыс-уыс сәуле ертектер...
Керегем - ағаш,
Ұраным - Алаш,
Алпамыс баба балаңа қарас,
Табанымда - Талас,
Құлағымда Шудың сарылы,
Кеудемде отыр керімсал Манас,
Тап бергей саған отыр ғой ішімнен атылып арыстан -
Ертіспен ессіз жарысқан,
Қарқаралының бөрікті бұлтымен алысқан,
Қап-қара көздер сезім боп қаламыма тамды ғарыштан.
Ұраным - Алаш,
Керегем - ағаш,
Абаймен жарас,
Мағжан қолымен түрілмеген айдың пердесін жаңа аш -
Қолыңды соз айға,
Көзіңді тамдыр ойға,
Мендей ұл қайда,
Жүрегіңді балдыр қып қолдарыма байла.
Түпсіз бір шыңырау Алашпын,
Алақаныммен ойна,
Балық көңіліңмен бойла,
Қаршыға көзді Қазақпын,
Кірпігім астын паналап, жанарымдай жайна!
Ұраным - Алаш!
Керегем - ағаш!...
Бүгін үлкен қуанышымды сізден жасыра алмай бөліскім келіп отыр. Алаш атын аспанға шығарған Алаша ханның Самарқанда шығарған теңгесі табылып, онда аңыз болған бабамыздың тоқылдауық құстың маңдайында қайырылған төбеліндей ерекше айбарлы төбелі бар екені, құлақ шекесінен салбыраған қос тұлымының өрілгені көрсетілсе, теңгенің екінші бетінде аққу мойнақ Қазақ таңба қашалған. Алаша ханның бүкіл тарих ғылымы мойындаған, даусыз соның теңгесі деп қаралатын бұдан бұрынғы теңгенің бір жағы жазулармен толтырылса, екінші бетінің бір жағында өз елінің барша билеушілері пайдаланған аққу мойнақ Қазақ таңба, енді бір жағында Абыр руының бөрі таңбасы берілген. Отырардан табылған бөрі таңбалы бір теңгенің екінші жағында бөрі бейнесі салынса, Ташкенттен табылған тағы бір бөрі таңбалы теңгенің екінші жағында бөрі бейнесі бәдізделген. Бөрі таңбалары мен бөрілер оймасы екеуінде әртүрлі әшекейленген. Алаша ханның теңгесіндегі бөрі таңба Қаратаудағы Сауысқанды мен Абыраөзен-Арпаөзеннің жартасында жалтырап тұр. Барып жатсаңыз, бір сипап өткейсіз!
- Шіркін, адамзат баласының да билеушіге лайықтыларын неге Құдайым жылан патшаларындағыдай етіп туада тәжді қылып жаратпайды екен? Сонда «елді кім билейді?» деп әбігерге түспей, әркім өз орнын біліп, бейбіт өмір болып, адамдар жапа шекпес еді,-депті бір жігіт. Тәжді жыландар жайлы сөз қозғап өтті ме?
Қайса кәлпе деген Баркөлдік кісі 1970 жылдары жолда кетіп бара жатқан тәжді жыланды көріп оның тәжін алады. Тұрпанның Тоқсұн ауданындағы Тұнияз деген бір Ұйғыр ағайын кішкентай тәжді жыланның тәжін қолға түсірген. Мұндай тәжді жыланның құйрығы үшкіл емес, шорт кесілген болады. Мұндай жыланның тәжін алуда оның аунайтын жеріне шұға жайып қойса, аунағанда мүйізі соған түсіп қалады екен. Осы кішкентай тәжді күміспен күптетіп, тұмар қылып жасатып, мойынына тағып алған. «Менің жолым осының арқасында ерекше болғыш» деп сол жыланның тәжін ешкімге сатпайды. Бір іске қадам жасаса таза, құрғақ шүперектің үстіне тәжді қояды да, тәж жыбырлап қозғалып кетсе ол сапарға шықпайды, тәж қозғалмаса онда «жолымды Құдай оңғарып тұр!» деп сапарға шығады. Ойлағаны іске асады.
18 ғасырдағы Ер-Жәнібек ешкі басты айдағарды өлтіріп, оның қос мүйізін Қабанбай мен Бөгенбайға сыйлап, құлағын, төбе сүйегін ұрпақтары мен жиендеріне үлес қылады. Мүйізінен басқасы әзірге дейін сақтаулы.
Бірнеше жыл бұрын, Қытайлар Іленің Қас өзеніне тоспа салу үшін жартастарды партылатқанда, қос мүйізді екі жылан тау арасына жасырынған бүкіл жыланды бастап қашып су шүңетіне түсіп әрең құтылады.
Жуық уақытта Марқакөлде арқар мүйізді, жіңішке сұры айдағар көзге түсті.
Жаңағы жігіт айтқандай адамдардың билеушісіне дара белгілер берілсе, жұрт ойлағандай оған билік оңай тие қоймайтын көрінеді. Тиген күннің өзінде сан түрлі машақатты лайша илеп барып, қолын әрең босатады екен. Осындай өмірдің қызыл-қырман күресі мен қанжілік болған жанталасы Қазақтың алып аңызының бірі Алаша ханға арналады. Туада осындай ерекше белгімен туған Алаша ханды бұл жігіт айтқандай ел туада «хан» деп танып алақанына салған жоқ. Бұхарада тұрып 32 баулы елді билеген Қызыл Арыстан ханның, Әмудың бойында отырған Оғыздың Қызылаяқ руын шауып олжалап әкелген тоқалынан туған Алашаның - маңдайынан төбесіне қарай құдды біреу қолмен қайқайта жапсырып қойғандай тоқылдауықтың қызыл төбеліндей тәжді төбелі болды. Қызыл бұйра төбел еді. Жаңа туған қызыл төбелді шақалақтың басының айналасы онсызда қызыл ала болып жатыр еді. Қартайғанша ұл көрмей, көп қыздан кейін ұлға зар болып жүрген хан сәбиін көргенде мынау ғажапты түсінбей біраз аңтарылып қалғаны шын. Тұтқын қыздың ұл тапқанына іші күйген бәйбіше оның қызыл ала болып тұрған шақалағына:
- Хан ием, мынау алаша бала ғой, басы қызыл ала. Мұндай бала ертең елді Алатайдай бүлдіріп ала қылады. Ел деген араның аласындай бөлініп берекеңіз кетіп, тағыңыздан таясыз. Бұл жамандық нышаны. Мұны балам деп сақтамаңыз. Онсызда өзіңіз шауып, таланды қылған елдің қарғысы болмасына кім кепіл?! Ел біткеннің «елді ала қылады, ауру, апат әкеледі, берекесін бөледі» деп ала жылқы мінбейтінін ұмыттыңыз ба? Ұл көксесеңіз Құдай әлі сүйегі - сом, еті - шымыр, терісі - аман, дені - сау ұл береді. Менің құрсағыма да шыңылдап бір сондай шикі өкпе бітер. Шағыр көздерге шалдырмай елден тез аласталық. Жұрт бұдан хабар тапса «ханның баласы ала болып туыпты. Құдайдың оған бір азап түсіргелі тұрғаны анық» деп, ырымшыл ел сізден бойын аулаққа салса қайтеміз, -депті. Хан кідіріп қалды да, баласына қарап ала маңдайлы болсада қимай:
- Өзің бір жайлы ет. Өлтіруші болма. Елден аластаймын дегеніңе қосылам,- депті. Осыдан кейінгі күндерде, «қыран қанатын жазудан бұрын аяғымен тебуді үйренеді» деп өмірге тебініп келіп, әлден тепкі көрген сәби анасын балық тұмсығымен түрткілеп бұдан хабарсыз боп жата берген. Шежірелік аңызда, Алаша Бұхараның дәл өзінде емес, оның шығысындағы Қазақ қаласында туған. Әмір Темірдің тұсында қаланың аты Шахрисабз болып өзгереді.
Алтайлықтар кәдімгі қызыл төбел тоқылдауықты сол төбеліне байланысты «алаш» деп, «алашы» деп атайды әзірге дейін. Хакастар болса «алас» дейді. Мұнысы ағашты аурудан аластаған тоқылдауықтың емшілік қызметіне де қаратылады. Біз үнемі көретін ақ төс, шұбар тоқылдауықтың төбелі қызыл келсе, Алтайда қана кездесетін қара тоқылдауықтың төбелі де тура осындай қызыл келеді. Бұдан тыс, қызыл төбелі бар, басы қасқа, денесі қара келген қасқалдақ тоқылдауық бар. Оның қызыл төбелі айдарланып кетеді.
Содан кейін туа бітті өз есімі мен тағдыр белгісін қызыл төбел қылып маңдайына жапсырып ала келген алаша баламен бірге шешесінен құтылуды, оның сүйікті болып кетуіне орай қалдырмау үшін бәйбіше жетерлік азық-түлік дайындатып, хан жіберген 40 қызметші жігітті қосып, бейбақтарды Сырдың суынан өткізіп, «Құдайдың рақымы түссе тірі қалар, болмаса өлер» деп Қаратаудағы елдің арасына апартып жаны тыныш таппақ. Бәйбіше хан көзі тая бере, қырық жігіттің басшысына бөлек сыбырлап:
- Өз бетімен қаңғып күнін көрсін. Өзеннен өткен соң жалпуыштап жанында жүрмей, өз беттеріңе тарқап кетіңдер, -деп аздыра жөнелді.
Сәбиді сол сәттің өзінде өлтіріп жіберуге ханнан қаймықты және «алда балалы болсам, соған бір кесірі тиіп өзімнің де балам алаша болып қалама?» деп шошынды. Қырқынан шыққан сәби Сырдың жағасынан әрі өткізілді. Туа бітті тәжді ұл тауды әке көріп, Қаратаудың ойында, Құрусайдың бойында өсе бастады. Баланың анасының аты - Ханбибі. Бала мен Ханбибі анаға аң-құс аулап, азық жинап қарасқан қырық жігіт бала өз асын өзі алып ішерлік болғанда ханның қанжары мен балтасын табыстап, тозбас тон мен арымас ат беріп, сол жердегі ел ішіне бытырай сіңіп, қырығы қырық үй болып қырық найзалы түтінін тік ұшырып, өз алдына бір қауым ел болып кетеді.
«Ханның қызыл төбелді ала бас баласы бар» деген сөз сыртқа «алапес баласы бар екен» деген атпен түрленіп тарап кетеді. Тоқылдауық құстың қызыл төбеліндей томпайған айбарлы қызыл еті маңдайында бүлп-бүлп еткен Алаша, тоқылдауықты сол кездің адамдарының қазіргі Алтайлықтар мен Хакастар құсап «алаш», «алашы» деп айтуына сай Алаша атанып жүре берген. Әзірге дейін Қаратауда Алаша шатқал деп аталатын сол кісінің балалығы өткен шатқал бар.
Жошы хан Ұлытаудағы Орда-Базарда ордасын тігіп, тақ орнатқанда өзіне дейінгі осы Түзді-Қыпшақта әйгілі болған Алаша ханның құрметіне арнап кесене тұрғызуды ойлап жүреді екен. Мәшһүр Жүсіптің және басқаның айтуынша, Алаша ханның кесенесін Жошының өзі емес, оның ақылды келіні Ташкент пен сол кезде Асы атанып тұрған Түркістаннан шеберлер шақырып, алпыс жігіт көмекші ерткен бас шебер екі жаз дайындалып, үшінші жазда кесенені қойдың құйрық майы, қымызбен беріктелген, күйдірген қыштан тұрғызып шыққан. Осы төртбұрыш кесененің төбесін әдейі тоқылдауық құстың төбеліндей томпақ етіп томпитып, оның төрт қабырғамен тұтасар жағын ойық қуыс еткені де сол тоқылдауық құстың төбелімен сәйкес қылып, аңызбен ұштастырғандағысы еді. Кесене дегеннен көрі, мұны сағана деуге болады. Яғни, сахна сияқты жарлық шашып сөйлейтін, қарауыл қылып төңіректі шолуға, қорғануға да болатын киелі орын. Сағананың үстіне шығатын бұрама баспалдағы бар. Кесененің маңдайшасына арнайы бөрі іздері салынған. Бөріні ұлыма деп тергеп айтатынымыздай, Қытай құжаттарында Алаша ханның Ұлуша деп жазылғанына сай, Алаша руының да Ақбөрлі, Тоқбөрлі деп екі тармаққа жіктелетіні, Бөрше деген кіші руының болуы мен тарихтағы Алаша ханның да Бөрше деген ұлының бар екені, тіпті Қорасанның Парсы текті ұлықтарының ықпалымен, Алашаны Парсы тілінде қасқыр деген мағына беретін Гург деген лақап атпен атауы көп нәрсені үйлестіріп көрсетеді. Алты Алаш ұғымына сай, кесененің кіре берісіне, жақтауына жапсыра 6 қырлы бағаналар орнатылған. Бағананың табанына Үш Жүзді білдіретін 3 жарты шар бейнесі салынған. Едені кірпіштен төселген. Кесене сыртындағы өрнектер Алаша ханның атына сай «алаша» деп аталатын - өрмекпен тоқылған төсеніш, қоржын, тұскілемдердің өрнектеріне ұқсатылған. Ол жерде Алаша ханның Алты Алаш одағын бекітіп орда тіккені шын. Өзіне қарасты 24 рудың таңбасын қашатып, бұл таңбалы тасты Сарысудың бойына жақын бір жыраға қойдырып, ол жердің Таңбалы-Нұра деп те, Таңбалы-Шұбар деп те атанғаны шын. Нұра дегені таңбалы тастан бір шақырым жерде жатқан Нұраның қара тұзы деген тұзды алқап. Таңбалы тастың теріскей жағында Таңбалының тұзы деген тұзды алқабы тағы бар. Шұбар дегені таңбалы тастан шығыс-теріскей жаққа жүргенде кездесетін Шұбар көлдің табаны. Қазаққа кейінгі замандарда қосылған рулардың таңбалары осы тасқа үздіксіз қашалып отырғаны бар. Үш жүздің баласы қазақтың таңбаларында талас болса, Алаша ханның жарлығымен басылған сол таңбалы тасқа барып қарасатыны бар. Енсіз қойға ен салынып, таңбасыз тайға таңба салынып, Алаша алғаш келгендегі ала тайлар ат болып кеткен бір дәурен! Алаша ханның өзі бұл кесенеде жерленбеген. Қара-Кеңгір бойына жақын жатқан орда орнына салынған кесенеден тыс, Жанғабыл өзенінің бойында «Алаша хан ордасы» деп аталатын ескі жұрттың орны тағы бар.
Мәшекеңнің айтуынша, Жошы хан кесенесінде ханның өзі емес, керқұланның айғыры шайнап өлтірген ұлы жерленіп, Алаша хан кесенесінде Жошы ханның өзі жерленіп, жаңағы айтқандай екінші кесенені оның келіні тұрғызған деп сөйлейді тарихтан. Алаша хан кесенесіндегі төрт адамның мәйітіне қол тигізген қазба жұмысына жалданған адамдардың жылдам опат болуы да, кесененің әубаста бос кесене ретінде салынып, кейін ішіне төрт адамның сүйегінің жерленуі, мархұмдардың аты мен кесене атауларының ауысып жұмбақталуы жерленген адамдардың сүйегінің қауіпсіздігі үшін жасалған епті әрекеттер болғаны сыңайлы. Бұл кесенеге кейінгі уақытта сүйегі әкелініп қойылғандарды Ақназар хан, Тәуекел хан деушілер бар.
Жошы хан бір кезеңде, өзіне дейінгі түздің ұлы арыстаны Алаша ханның атымен өзі де Алаша атанып кетеді. «Ақсақ құлан» аңызында «Алаша хан - Жошы хан» деп екі сөздің қосарлана айтылғаны сол. Сондағы ордадағылардың оны алғаш Алаша атандырып жібергендегі кеңесі мынау:
- Әкеңіз Демежан - Шыңғыс хан атанғанда, Түзді-Қыпшақтың тәжі болған сізге Алаша ханның атағы лайық.
Сақалы селкілдей сөйлеген Кетбұғадай биге Жошы разылық күйімен қарап қойды. Қымызын ұрттап, жанына домбырасын жақындатып қойып. Құлақ құрышын қандырар домбырасы өзінің қабырғасының қалқасындағы көлеңкемен қапталып күңгірт тартады. Хан би мен батырлардың масаттандыратын сөзімен емес, шабытты күйдің ыстығы тығылған көзін жыпылықтатып қойып масаң күйде отырса керек.
- Алаша хан - Жошы хан, -деп кідірді де, бір сәт жерге еңкейіп ойланып тұра қалды да, жұпарға оранып тұрған шапанының оң жақ жеңін созып-созып қойып, қоңыр бөркін бір бұлғаңдатып жіберіп, Абатқұл би терши жөнелетін маңдайын көтеріп, - Осы атау лайық сізге, екі есімді қосып айтайық, - демесі барма?! Отырғандардың ішінен 3~4 бидің бұған қосыла дүрлігіскені байқалады.
Енді хан қымызын сіміріп, көзін тіпті де қыса түсіп, жүзінен қуанышын жоғалтып, қан ішкендей сұрланып бір қарап отырды да, бетіне қайта қан жүгіртіп, «тағы кімдер не айтар екен?» дегендей оқталып, содан соң қабақтары жыбырлап дайын тұрған, ханның аужайын баққан Меңлі тарханның жанындағы 5-6 адамға көз тастап, босаған кесесін қолына ырғап ұстап, біраз қарап отырды. Олардың тобы сел етті де, кейбірі шапанының жеңін уыстарында жымқырып, кейбірінің тізесі қозғала берді.
- Меніңше,- деді қауға сақалы қарға малынып әбден қырауланған, темір ұшты бөркі қана басына қайрат беріп тұрған қарт батыр Сайым қолын жұптап, алдыға бір теңселіп алып:
- Қыпшақ хандарының атақтыларының бірінің атағын алсаңыз қайтеді?
- Жоқ, тәй әрі, -деп Жошы хан бірден кесіп тастады. Басқа билерге көз аудармастан, - Бұл өлі, бөтен билікті қайта оятатын лепес. Ұлытаудан батысқа қарай Дөңей суына қарай Түзді-Қыпшақтың батыс бөлегі басталады. Ал, біздің кеңес құрып отырған Ұлытауымыз Түзді-Қыпшақтың жүрек көзі болып жайнап тұр және Түзді-Қыпшақтың шығыс бөлегін қамтыған оңтүстікте Сыршық пен шығыста Ертіске дейін созылған иеліктерім бар. Мен бұрынғы Қыпшақтың емес, 24 рудың жиынынан тұрған, іргесі ірімес жаңа ұлыстың ханымын. Ұлдарым, немерелерім ұйысқан рулардың санын 42-ге, 92-ге жеткізер. Бұрын мұнда «Қытай көп пе, Қыпшақ көп пе?» дейтіндей қалың Қыпшақ болғанымен, қазір сиреп кетті. Күні кешеге дейін Қыпшақ аты қатты жаңғырып тұрды. Ат тұяғының тасқа сыңғыр етіп тиген тағасының дыбысын неше қайталап «Қыпшақ!», «Қыпшақ!!» деп.
Міне енді -деп сөзін қайтадан нығыздады хан, - Керей, Найман дейсің бе, көптеген руларымыз Алтай мен Тәңір тауынан осылай қотарылып көшіп келді. Әлі де келгісі келетіндер бар шығар?! Қоңырат барып «Жиделі-Байсынды толтырам!» деп отыр. Еру елдің топаны Түзді-Қыпшақ пен мен Хорезмдегі Қаңлы-Қыпшақты басып қалды. Олар барған сайын азайып Қаңлы арбасының қаңқасы қалды, алпыс үлесі Анадолыға аттанып кетті деп естимін. Сондықтан, Қыпшақ ханының атымен аталсам топтанып отырған тұрымтайдай тоқ елді тұнжыр қабақ етсем, мұным қалай болмақ? «Өзі басып алған елдің ханының атын өзіне берген қуыршақ хан екен» демей ме сырт дұшпан?
Бір би сөз алуға қол ишара білдіре беріп еді:
- Жә, жә, жоқ, қолыңды дұрыс сілтедің бе өзі?! Алаша хан жайлы айта біліңдер.
Осы кезде Кетбұға би тамағын кенеп қойды да, астыңғы жағы қалталанған көзінің қысығын құс жолындай кеңіте ашып, өзі таянып отырған иір-қиыр өрнекті шомбал аса таяғын ырғап-ырғап қойды.
«Сөйле» дегендей жылдам қағылатын иегін баяу изектеп, хан оған байырқалап қарады өз кесесіне қымызын өзі құйып алып жатып. Езуінде қымыз көпіршиді.
- Бәйтерек ұранды Қаңлының Қайы ханына қарасты 50 мың үйі біздің тепкімізге шыдамай Ұрымға ауып кетті. Махмұт Қашқаридың кітабын өткен жұмада өзіңізге сыйлағам. Сол Махмұт абыз «Қыпшақ елінің жақсы- жайсаңдары Қаңлы қауымынан еді» дейді. Ақбарақ, Қарабарақ, Қызылбарақ, Үш Қаңлы - Таңбалымен төрт боп тарап. Мына Ұлытауда Барақкөлдің жатқаны содан. Алаша хан Қаңлының қара шаңырағына Алты Алаштың баласын жинап, Ұлытауда орда тігіп, Қытай мен Арабқа Алашын жұттырмай, талай жыл жанталасып жүріп, сүйікті астанасы Самарқанды қайтарып алған ер еді. Алаша ханның атын өзіңізге алсаңыз, әрине Қаңлы-Қыпшақ қатар разы болып, төреге дейін Қаңлыны хан тұтып келген ұлы дала сіздің әділеті ісіңіз бен мейіріміңізге бөлек қарайтын болады.
Бұл кезде бәрі абыздың сөзіне қосылғандай болып, төңіректен біреу:
- «Қаңлы елінде хан бар, Кәделі елде Қаңлы бар, Қаңлыдан хан сайла дейтін бе еді?!» дейді, «сайла» деп тіке айтуға бата алмай.
- «Хан жоқ болса Қаңлыдан көтер. Төре жоқ жерде Қаңлыдан хан сайла» десеңші. «Хан таппасаң Қаңлыдан сайла», -деп екінші би оған ұрса сөйлеп, сөз ләмін жұмсартып қойған болды.
- «Қаңлы тұрғанда басқасы хан болмайды», -депті біз келмей тұрып. «Хан сарқыты - Қаңлыдан деген», -деп тап-тұйнақтай қылып тоқтай қалды мына бір би. Өзі де тоқты сияқты домаланған би еді.
- «Қаңлыны арбаға ханмен бірге отырғыз. Қаңлының орны - ханмен қатар», -деп өзі қаңлы, жирені аралас сақалын қылау шалған Миям абыздың дауысы бәрінен созылыңқы шығып, соңы өрекпіп кетті. Басқаға бұрылып қарамаған Жошы хан оған назарын аударып қарады. Өзінің мұрагер ұлының «Сайын хан - Баты хан» атанатынындай, келесі күннен бастап хан «Алаша хан - Жошы хан» болып аталып кетті.
Осыдан кейінгі екі күн бойы ешкімді қабылдамай, Жанғабыл өзені мен Қаракеңгір өзені бойындағы Алаша хан орда тіккен екі жерге ханшатырын тіккізіп, бақ ауысып, ырыс жұғысатын жерді екі күн күнемел, екі түн түнемел қылып жақсы күтіммен аунап-қунап шықты.
2
Алаша хан - Жошы хан,
Ақсақ құлан шошыған.
Құлан тепті теректі,
Күтірлетті тосыннан.
Құлан жұлған құлаш қол,
Қолтығынан ашылған.
Құлан теуіп сор-қақты,
Су аршып ап, шашырап.
Құлан белден саудырап
Түскен сағым тоқырап.
Құлан иек қу таңға,
Иісінісіп шоқылар...
Тыныш жатпай бұл құлан,
Бөрігіңді ұшырды-ау!..
Қаққан аяқ, тістеген тіс,
Араңызға қысылды-ау!...
Ақсақ құлан, Жошы хан,
Нанбайсың ба осыған?
Қан төгіліп құланнан,
Күнге жаны қосылған.
Ақсақ құлан жосыған,
Ен далада босыған.
Он екі жауын құйып өткен соң,
Сорың сипап басыңнан.
Байлығыңды кетірді-ау,
Тағдырыңды кептірді-ау,
Құлан теуіп өлтірді-ау,
Көксегеніңді көкке ұрды-ау!...
Кепкен қанда жазық жоқ,
Кірлі тұман шөктірді-ау!
Шоқтай ұлды жоқ қылды-ау!
Алтын жалды ашулыңды,
Алтын жалды айғыр жоқ қылды-ау!...
Бұйрығын көктен келтірді-ау...
Келтірді-ау!...
Ақсақ құлан, Жошы хан
Нанбайсың ба осыған
Балаң өлді, Жошы хан?
Балаң өлді, Жошы хан,
Нандық ханым, осыған.
Ақсақ құлан жосыған,
Белең-белең қосылған.
Белегірде желген ат,
Қиқуынан шошыған.
Ту құйрығы бір құшақ,
Тұлпар қашты, әй, ханым.
Белі босап балаңнан,
Сұрқай қашты, әй, ханым.
Қисық таға, бос шеге,
Дүлдүл жаны шырқырап.
Дүлдүл қашты, әй, ханым,
Езуінен ажал иісі бұрқырап.
Алтын тұғырлы орнынан,
Тұйғын қашты, әй, ханым.
Алтын Ордам бағынан,
Бұлбұл қашты, әй, ханым.
Теңіз толқып, тайпалып,
Бұлдырайды астыңда.
Көл босап, тау жұмсарып,
Теңіз жерді табаныңмен бастың ба?!...
Терек түптен жығылып,
Отыра алмай орнына.
Алатауың шайқалып,
Бұлт бетін тырнап долығар.
Жер өксіді, ай, ханым,
Белі кетті беріктің.
Төрде төре боп жайғасқан,
Өмір кетті өліп тым.
Ел егілді, күн жусап...
Қанға жусап қызыл шөп.
Ағынды арна суалып,
Соқыраңдап түзулеп
Көл босайды көзіңнен,
Кірпік-шырша шыртылдап...
Қара жолды таптапты,
Құлан биелері сұңқылдап...
Алаша хан - Жошы хан,
Теңіз биік тасыған.
Сол теңіз кеп басыңа,
Құйылысып шашынған.
Шындыққа сорпасы қосылмайтын әңгімелерді сапырып, Шыңғыс ханның атағына жала жабуда бір адам. Бір адамнан естіген соң жала жапты жүз адам. Мың-мың болып көбеймесін деп тоқтау салып сөйлеймін. Сондағы жаласы - Кеңес одағының сұрқия саясатымен «Жошыны әкесі Шыңғыс хан өз ұлын қастап өлтіріпті» дейтұғын.
«Түйенің танығаны жапырақ» болып, Шыңғыс әулеттеріне қатысты оқиға болса болды, оның сайдың тасындай ұлдарының айбарын, атағын, еңбегін елемей, тек ұлы Шыңғысты айта беретіні. Жошы өз заманында Орта Азия мен Шығыс Еуропаны тіксіндірген алып еді, баһадүр еді. Қазақтар оған «байырғы Алаша ханымыздай ұлысың, данасың!» деп «Алаша хан» атағын берсе, оның ұлы Баты ханға «Сайын хан» деген атақ берген. Мішһүр Жүсіптің сөйлеуінше, Жошы хан бір қолы жұлынған баласының сүйегін әкеп жерлеп, үстіне кесене тұрғызғанда кесене «Жошы ханның тамы» аталып кетеді. Жошы хан кесенесінде бір әйел және бір қолы жоқ адамның сүйегі жерленген. Ақсақ құлан айғыры қолын шайнап, артынан топ құланның ішіне кіріп кетіп тапталғанда жұлынған қолы үгіліп, шынашағы бір жақта, денесі бір жақта қалған адам осы. Оның жанында жерленген әйел баланың анасы болар. Қабір тағанына төселген қалақ кірпіштердің біразына «Ықпал» деген сөз жазылғандықтан, керқұланның айғыры өлтіріп кеткен адамның есімі «Ықпал» болуы мүмкін бе дейміз? Кім білген. Мәшһүр Жүсіп «Жошы өлгенде оған арналған кесенені келіні Алаша ханның атында салдырып, атама көрінбей төменірек жақта болғаным жөн деп әдеп сақтап, өзінің кесенесін бұл кесенеге жақын болсада, көзге шалынбайтын аласа жерге салғанын» тамсана жазады.
«Ақсақ құлан жосыған, Балаң өлді Жошы хан» деген құдіретті күйдің бұл күнде сол сөзін баяндай алатын тілі де жоқ, мүкістеу бір күйдің үзбесін «Ақсақ құлан» деп босқа сеніп шертіп жүрміз. Қазақ өркениеті құндылықтарының ең ескі нұсқалары сақталғаны шығыста - Алтай болса, батыста - Маңғыстау топырағы. Маңғыстау Қазақтарының күй аңыздарында Мұрат Өскенбайұлының жеткізуі бойынша керқұлан айғыры өлтіріп кеткен Жошының ұлының өлімін ханға жеткізген Ноғайлының Кербұға деген күйшісі делінсе, Алтай-Ертіс Қазақтарының аңызы былай өрбиді:
Жошы ханның заманында екі мерген аң қарап жүреді. Ұлытауда Қаратал өзенінің бойында қабырғасы төрт құлаш биік келген, мұнарасы сегіз құлаш, сыртқы жағы көлденеңі 5 құлаш, тереңдігі 4 құлаш орман қорғалған Хан ордасын салып, анау жайнаған Орда-Базарда ұлыстың ханы болып отырған Жошының буыны қатып, бұғанасы бекімеген жас баласы арғымағының айдар-кекілінен жел естіріп, екі мергеннің алдынан шыға келеді. Амандасудан соң екі мергенге алда жатқан құланның мың қаралы тобынан құлан атып көрсетіңдер деп қиғылық салады. Аңшылардың «бұрынғылар құланның қалың тобын атпа, қағар киелісі болады деген еді» деген ескертуін елемей, бала көнбей оқ атқызғанда, оқ тиген керқұланның айғыры жеңіл жараланып қашып, қуса жеткізбейді. Ханзаданың алысты алты бүктеп басатын асау арғымағы қоя ма, қуып жетіп ақсақ құланның алдына шығып, оңынан бір өтіп, солынан бір өтіп қайырмақтаймын деп көлденеңдеп жүргенде, керқұла айғыр қапылыста оның қолын шайнап, үріккен ат мың қаралы құланның үлкен тобына кіріп кетіп таптап өлтіреді. Екі мерген соңынан жетсе өлі жастың сүйегін көреді. Хан қаһарынан қорқып екі мерген оны құпия жерлеп, «Жошы не дейді екен?» деп, ел ішіне құлақ тосып ханның сөзін аңдиды. Бұл кезде баласы жоғалған Жошы қайғырып теріс қарап жатып алады да, «баламның тірі екенін естірткенге есепсіз сүйінші берем, өлімін жеткізгеннің көмекейіне қорғасын құям!» деп қатал жарлық шашады. Екі мерген қатты алаңдап ақылдасады.
- Ханның небір мықты ізкесушілері бар, екеумізді тауып алмағанда қайтеді?!
- Жошыны күйші дейді, күйдің тілін түсінсе керек. Осы хабарды күй арқылы жеткізейік!,- деп шешеді. Әуелі бұлар:
«Бір топ құлан жосыған,
Оған балаң қосылған.
Балаң өлді, тебіліп,
Сенемісің осыған?» деген жыр жолын күй тіліне салып, өз көкейіндегісін ханға ұқтырады.
Ескі күйлердің бәрі алғашында жеке дара күй ретінде емес, ән-жырды сүйемелдеуші әуен ретінде , әуелі сөзін шығарып, оны домбыраға салып шерту арқылы пайда болған. «Бөкен жарғақ» күйінде күйші «Әттең, шіркін! Қалады-ау бір күн!» деген қайырманы қайталап отырады. Бүгінгі замандағы әртүрлі сүйемелдеулер болмаған болса, біз де өзіміз шығарған әндердің әуенін домбырада жеткізуімізге тура келер еді. Ал, егер әнімізді айтарда үнімізді шығармай, тек домбыра тілімен әнімізді сөйлетсек, ол өз алдына бір күй болып кетеді. Күй тілі бастапқыда өте ұғынықты болған. Күй тілінің ұғымсыздану кезеңі - сыбызғыға салынған күйлердің домбыра күйі ретінде қайта өңделген кезінде пайда болды. Сыбызғы күйлерін домбыра күйіне аударуда Қазақ күйлерін қана емес, Қалмақтың сыбызғы күйлерін де домбыра күйі ретінде аударып шерту қарқынды жүре бастады. Бара-бара келесі буын күйшілер сөз, жыр тәртібін сақтамайтын, белгілі әуенді ұйтқытып шерте жөнелетін күйлерді шығара бастады да, сөйлейтін тілі жоқ, бірақ үні жағымды тамаша күйлердің толқыны осылай етек алды.
Жошы хан әулетінен «Төре тартыс» деген күй тарту дәстүрі қалды. Абылай хан, Жантөре хан, Арынғазы хан, Дәулеткерей, Тезек төре, Үсен төре қатарлы хан-сұлтан, төре тұқымы Жошы бабасына тартқан күйші болды. Күймен құшақ айқастырған хан әулетінің ықпалымен Қазақ арасында күйшілер дегдар адамдар ретінде қатты құрметтеліп, күйшілік өнер - бекзат өнер ретінде мәпеленді.
Баласының өлімін күй тілінен ұққан Жошы төсектің басында сүйеулі тұрған домбырасын жұлып алып:
- Не дейді ойбай, не дейді ойбай-ау? Сенің домбыраңның дауысы боздады-ау! Сен домбырамен айтып отырсың-ау:
- Алаша хан - Жошы хан,
Атқан құлан жосыған.
Құлан теуіп өлтірді-ау,
Бұйрығын көктен келтірді-ау!- деп отырсың!-дегенде, қоршап отырғандар шулап қоя берген екен:
- Міне, тақсыр, өз ауызыңыздан естідік.
Сонан кейін хан өзін-өзі өлтіре алмай, «Жошының құлақ күйі» деп аталатын күйді шерткен екен. Қарақас Қалел, Сарбас Ырымбай, Молқы Рапығат, Шақабай Шалап қатарлы аңыз күйшілерден жеткен күйді Сарбас Белет күйші бізге жеткізеді.
Әлқиса, домбыраның көмей тесігі одан бұрын да бар. Өйткені, осы көмей тесік болмаса домбыраның үні шықпайды. Ақыры, Жошы адамдардың көмейіне емес, осының бәрін жеткізіп күмбірлеп сөйлеп тұрған домбыраның көмейіне қорғасын ерітіп құяды.
- Жұрт мені «Алаша хан - Жошы хан» деп Алаша ханға қосып айтады. Ұлымның өлімінен кейін шыққан «Ақсақ құланның» сарыны:
«Алаша хан - Жошы хан,
Нанбайсың ба осыған,
Құлан теуіп балаңды,
Ақсақ құлан жосыған» дейді де, құлағымның түбінен шықпай тұрады. Басқасы басқа, Алаша хан деген атпен қосарланған атымның осы күй тілімен қатар кең жайылатыны ойыма да келмеген.
- Хан ием, аянышты қаза да, құрметпен аяланған қосар атыңыз да байтақ Түзді-Қыпшаққа жайылып кетті. Оның асау басын кері қайырып бұру мүмкін емес. Ғасырлар бойы «Алаша хан - Жошы хан» деген атыңыз осы ел бар жерде, осы ел отырған белдің бәрінде бұлдырықтай бұлдырап бір өшпейді. Олардың шырадай жанған көздерінде осы аңыздың шоғы сөнбейді.
- Алаша хан Араб пен Қытайдың тепкінінен теңселмей жол тауып, Ұлытауда орда тігіп, тақ орнатып, Алты Алаштың басын қосып, бақытты елдің бауырына қазан асып, Самарқандағы сарайын қайтарып алып, жауының жағасын дал-дұл еткен адуынды да ақылды хан.
Өзің берген Ибн Жарир ат-Табаридың кітаптарының Қаңлыға қатысты томын қарап шықтым.
Қандай парасатты адам! Тоқылдауық құстың қызыл төбеліндей тәжімен дүниеге келген ұлдың тәжінен сипап, оны қорғап-қоршап таққа көтерген Майқы билер болғанда, менің де алды-артымды қоршап отырған өздеріңдей билер бар. Бірақ, Алашаның атын осы күнге дейін осы еңбектеріне бола ұмытпай келген елге қарашы, менің «Алаша хан - Жошы хан» деп соған теңеліп қатар аталғанымды оның еңбегімен салыстыруға болама?
«Алаша хан - Жошы хан» деп қайғылы күйдің аңызынан қана атымның белгілі болғанына, ұлымның ұлардай шулап соғысқа енді жарап қалар деген шағында мерт болғаны қабырғамды қысаңға салып, әр түн сайын қаусата береді, Кетбұғам?
- Аппақ қар ақ заһар болып , кәрлене шашылғанда алдына уыттанған қолымызды жайдық. Мына Ұлытаудың ұялы сайларында, Қаракеңгірдің ығында, сізден алғыр қыран жоқ деп, хан қайғысының құйына құламайтын құлан жоқ деп, өлімнен сұсты сұңқар жоқ деп...
- Еңкейторы мен Қабанқұлақ деген арғымақтарымның алдынан көктей өте тұлпар жоқ, өлімнен сұсты сұңқар жоқ деп, құланды қойдай иіріп соғатұғын қос жүйрігімнің бірін мінген ұлымның омақасарын білмей, ойланбай шұлғып жүргенде, ауыл сыртына келіп ажал ордасын тікпесі барма?!
- Қам көңілдімін, хан ием! Қам көңіліміздің қара қазы қанатынан жыртылып бет-бетімен суға құлады. Қауырсыны қара-қара сия болып шашылмаған жері жоқ. Қарқараланды жер беті... Қара күйеге үйкелген тіземіз, қара майға малынған маңдай шашты күзеңіз... Сарай адамы ретінде салауатты орданың бетіне қарар түрім жоқ...
- Ұйықтап жатқанымда құлақ пердемді жарып кете жаздаған жер астынан шыққан тұлпар дүбірінен көзімді ашқанымда шатырлап көкте бір жарық сауле билей ме? Найзағай ма екен оның аты?
- Көк бетінде бұлттарын жұлқып, тістеп шайнап үйірге іріктеп жирен айғыр болып жүрген сол шығар? Ауызымыздың қауызын ашып ұрттағанымыз сол найзағайдың дайындаған сілекей-сілбісі. Қауызды ауызы шұғынық болып ашылған шөңке ауызды адамдар бүгін бал қосылған шырын ішіп жаратушыға алғысын білдірсе, бірер күннен кейінгі бұлтты күндерінде ауызының қауызын қам көңілмен жауып, қасиетті таңына қайғы жаудыра қарар ма екен? Ақырғы рет арыстандары біртіндеп сұлап жатқан дәуірге келіп ентігін басқан бұл жұрттың бар баққаны хандар мен сұлтандардың қабағы. Олардың сән-салтанатқа толы өмірі емес, жорық пен тыныштыққа байланысты шешімдері, ақылдылығы мен мінездерінің алақұйындығы.
- «Адамның сырттаны екен», «Қасқырдың сырттаны екен», «Иттің сырттаны екен» деп осы үшеуінің ерекше мықтысы мен алыбына арнап айтатын «Сырттанымыз» тек арыстанға қаратылмай ма? Арыстаннан үлкен аң мен жанға бұлай айтпаймыз. Әулие-Атадағы Арыстанды өзенінде бір кезде сол сырттандар - арыстандар өлем қапқыр керқұландарша жосылып жүрсе керек.
- Сіз есіңізге әлде бір оқиғаны алдыңыз ба?
- «Арыстан басты Алаша ханды бала күнінде ала болыпты, алапес екен» дейтін жағына пышақ жанып судырата сөйлейтін су жұқпастардың өтірігінің бір ашылғанын құйма құлақ қарттардың алдында көрдім» деп, осылардың шырма-шату әңгімелері жайлы бір айтып едің. Соңғы уақытта қайғы басып, көп нәрсе көңілімнен көтеріліп барады екен. Сол әңгіме есімді жинап, жадырап әңгіме тыңдауыма күш бере алатын болса соны бір қайыра айтып берсең, бір жасап қалғандай боламын ба?
- Айтқаныңыз болсын, хан ием! Сізден ықылас болса, бізде ниет дайын. Ол бір ұзақ та, қысқа әңгіме ғой. Бөрінің ұлый жүріп алғай да шалғай жол басып, осы ұзақ үнімен ұлу арқылы қысқа өмірдің аралығын ұзартып жүргеніндей «бұл бала аман қала ма?» деп ащы да, алаңдатарлық болып басталып, соңы дәмді оқиғаларға ұласатын әңгіме ғой.
3
Төрткүл ошақ қаздырып,
Төбел бие сойдырды,
Төменгі елді шақырды.
Төбеліне тауап қып,
Маңдайынан ұлды сипалап,
Жанынан күн боп табылды.
Жорға бие сойдырды,
Жоғарғы елді шақырды.
Қиындық бар-ау деп білмей,
Жорғалы өмір кешсін деп,
Жағалай айтты сауынды.
Ала бие сойдырды,
Аш-арықты тойдырды,
Аймақ елді жи!- деді.
Асықты жілік ұстатып,
Ұлым деп қасына қойдырды,
Ұлан-асыр той қылды,
Ел аштықты білмеді,
Тісі тіске тимеді.
Алашаны ел айналып,
Төрт төңіректен толғанып,
Ердің - ері, егеудің - сынығы.
Түкті орданың түнді ағартқан түңлігі.
Майқы бидің бауын үзбес білігі,
Түнекті көктің қиылып түскен тілігі,
Жауы жасып жапырақ болған жарқашы,
Болат бармақты елдің балтасы.
Алаша бала есейе берді. Арқарға қарап тауда қалай жүруді, таутекеге қарап тау-тастан қалай секіруді, ілбіске қарап қалай аш қалмауды, қыранға қарап жемін, жауын қалай байқауды үйренді. «Аяғы жоқ, қолы жоқ бұл қалай күн көреді?» деп жыланның өмірін түсіне бастайды. «Бала өз асын өзі алып ішерлік болғанға дейін қасында болыңдар» деп жіберілген қырық жігіт ханның қанжары мен балтасын табыстап, тозбас тон мен арымас ат беріп, сол жердегі ел ішіне бытырай сіңіп, қырығы қырық үй болып қырық найзалы түтінін тік ұшырып, өз алдына бір қауым ел болып кетпеп пе еді?!
Өз асын өзі алып ішерге жараған Алаша бала «тастар қалай құлайды, қатер қайдан төнеді, ауарайы қалай өзгереді?» деп зерек ұл осының бәрін ойға түйіп, өзінен басқа жанды жақтырмай, керек қылмай, тағы болып жалғыз жонға шығып, тау жастанып күн көре бастайды. Көкжал ауызынан жалын атып оған қарайды да, еміреніп кері шегінеді. Бала анасының тәжін жасыру үшін тігіп берген түлкі тұмсықты бас киімін басынан тастамайтын. Тобылғыдан жақ қылып, садақ жасап, жүзгеннен оқ қылып, көзіне көрінгенді қорек қылып, атып жеп, оғын құралайдың көзінен өткізетін мерген болыпты. Бала 12 жасқа жетіп жонға шығып аң аулап, етін қақтап жеп, одан ойдағы қалың дүбірге, қою шаңға елітіп «бұл не болды екен?» деп жазыққа түсіп бір ағаштың көлеңкесіне әкеліп қалтқы тігіп, соның ауызында демалып отырады. Үйсін Майқы бидің аңдарды арандап, саятшылық құруға шыққан беті екен. Үйсін Майқы би өзі шатырында қалып, ұлы осы нөкерлерімен нөкерлеріме төңіректі бықпырт қылып, аңдарды аранға айдап, аң қызығында жүріп осы отырған Алашаға оқтай ұшырасады. Күннің шапағы көзінде ойнаған, қияқ айдың пішіні ерініне сыйып тұрған, бір қасық шырындай жұтып жіберерлік бет сүйегі сүйкімді, қарақат көз баланың құж жауырын, құрыш денесі осы бастан білініп, иықтары керіліп келбетті таудың ұсқынымен отыр екен. Бала томаға тектес бас киімін сыпырып алып бұларға үндемей қарағанда, қызыл түктеніп көрінген маңдай тәжінен бұлар сескеніп жақындап бара алмайды. Қарақаттай ұл айбар тәжін ашқанда, онысы ажал түгіндей көрініп бойларына үрей шашады. Бұлар келіп оған тисе алмасада, айналсоқтап жөн сұрасады. Алатау мен Қаратауда Майқы биді білмейтін адам жоқ еді, тымқұрыса отау иесі жасқа келіп қалған бала бір жерден естіген шығар деп, «Үйсін Майқы бидің ұлымын» деп өзін таныстырғанда да қабағын көтеріп қойып, ләм-мим демеген. Әрі айналып, бері толғанып баладан еш жауап ала алмай қас қарайып кеткен соң, бекзада нөкерлерін ертіп қозы көш жердегі ұзап кеткен шатырларына қайтып, әкесінің қасына оралады.
- Әке, -депті бекзада «олжалы оралдыңдар ма?» деген сұрағына Майқы бидің, - аңға аттандап шыққан соң, аран құрып, қоршай қырып қан-қасап жасаған соң біз олжалы болмай кім олжалы болады? Олжаның үлкені басқа ма деймін, -деп кібіртіктейді.
- Балам, не айтқың келіп тұр? Көзге қораш, айтуға оғаш бірдеңе көрдің бе? Әлде, жамбасы алтыннан, тізесі адырнаша тартылған ерекше бір жаратылыс көріп тіксініп қайттың ба?
- Түгел сөздің түбі тобықтай бүлкілдеп тұрған тамағыңызға сыйып кетеді, әке. Менің көргенім соңғысы болар...
- Онда айт, қане. Кімді көрдің?
- Тау етегіндегі бір ағаштың көлеңкесінде қалтқы жасап, соны көлеңкелеп отырған бала көрдім. Ай дейін десем, аузы бар екен, күн дейін десем, көзі бар екен, көрген кісі қызыққаннан «бір қасық сумен жұтып жіберер ме еді?» деп тамсанатын қой бүлдірген сияқты бала екен. Сүйкімді баланың кенере таудай, кереге иықты келбеті, шынар бойлы сымбаты бар. Құсбегі пішіп тіккен томағадай құнысып отырып алған бала мізбақпады. Тоқпақтай айдары аш беліне түсіп тұрды. Өзінің маңдайында тәж ба, жан алғыштың бұйралап өсірген түгі ме, сұсты бір қызыл белгісі бар. Қыранның айдарлы томағасы сияқты маңдайына кигізілген құдірет. Төбелді тоқылдауықты алаша деуші едік, соның дәл өзі. Маңайына жан батып бара алмаса керек. Біз де батып ұстай алмай, қадалып тұрып әр нені сұрай-сұрай, кеш батып кеткен соң қайтып кеттік. Жалғыз-ақ айыбы тілі жоқ екен. Еш тіл ала алмадық, тілінен түйір сөз түспеді.
- Мылқау бала болғаны ма?
- Тілі жоғына қарағанда, құлағы да естімесе керек. Егер тілі мен құлағы болғанда, дүниеде ешкімнің қолына түспейтұғын, ексе бітпейтұғын, қуса жетпейтұғын асылдың өзі екен, әке, бір сөзбен айтқанда.
- Қанша алыста қалды ол бала?
- Қозы көш жерде, аңға қазға аранға жақын.
- Мені ертең арбамен алып барыңдар, көрейін.
Майқы би бір елдің билеушісі. Өмірі арбамен жүреді. Арбасына ат, өгіз жектірмей, жаяу кісіге тартқызатын. Келесі күні арбасын жаяу кісіге тартқызып, саятшы нөкерлерін алдын-ала жіберіп, өзі артынан бала отырған ағаштың жанына келеді. Бала күні кешегідей ағаштың саясына тіккен қалтқысының ауызында оның жіберген саятшыларының арасында отыр еді. Шынымен, мылқау адамша булығып қараған.
«Балалығымның не үшін тәтті болғанының себебі көп сөйлемеуде екен. Сырлы, мұңлы табиғат!...» деген ой қысады. Қаратау қарапайым болғанымен, сөз емізер күші бар. Ермен – жер мұңы. Иіс шашып айтар жер мұңы.
Саят құстарының арасында шоқиып отырған Алашаның оң жағындағы тұғырда сұңқар, сол жағындағы кішкентай тұғырда тұйғын, лашын тұр екен де, Майқы би үңіліп қараса баланың иығынан қос басты бір алып ақ үкі төніп тұр екен. Мұнда осындай құс жоқ болатын. Әлгі алып қос басты үкі өзін бір жоғалтып, бір пайда болып сағымданып, бар мен жоқтың арасындағы кие болып көрініп тұр екен. Мұны Майқы биден басқа ешкім көрген жоқ. Баланың өзі де сезбесе керек. Майқы би ел үмітін ақтайтын ер туды деп сеніп, балаға жақындауға асығады. Майқы бидің арбасы жақындап келгенде, оны көрген жерден бала орнынан ұшып түрегеліп:
- Армысыз, хан біткеннің қазығы, бұқара жұрттың шірімейтін, иістенбейтін, таусылмайтын азығы, -деп көздері гүл-гүл жайнап, беттері алау шашып, қарымды қолымен Майқы биге келіп сәлем бергенде, Майқы бидің көзі тойып, көңілі толып, ішіп-жеп қарап бірден ақтарылды:
- Ар бол, балам. Әрқашан аман бол! Сәтті күні туған ұл екенсің. Құрсақта жатып, несібесін алыстан тілеп туған балам. Болайын деп тұрған ұл екенсің. Болатын жеріңе жете алмай, қолына алып, қайырып салушының жоқтығынан құсбегі пішіп тіккен томағадай құнысып жүр екенсің. Жеріңе жетпей тұр екенсің! Кел, балам, қасыма мін!-, деп қасына келген баланың ерекше тәжді маңдайын тауап қылып сипап, әшекейлі арбасына отырғызып алады.
Осындай ұлды оң тізесіне отырғызғаннан кейін Майқы бидің ендігі армандары түгел орындалғандай болып, қуанышында шек болмады. Шу бойындағы сарайы тұрған Сүйепке алып келген соң, құлжа атқызып сойып, балаға асықты жілік ұстатып, төрт төңіректің көзінше оны «ұлым» деп танып бала қылып алды да, «Алаша» деп атын қойып, енді он күн бойы аста-төк мейрам жасап осыны тойлауға дайындалды. Төрт төңіректен шақырылар елге арнап төрткіл ошақ қаздырып, «тоқылдауықтың төбеліндей маңдайында айшықты қызыл төбелі бар ұлыма төбетайына жаратушының нұры сипай түскен қыз бұйырсын!» деп төбел бие сойдырып, төбел мен төмен сөзі ұйқасқан соң, төменгі елді шақырып, олардың астауы түгел төбе биелердің етімен толтырылса, «ұлымның орны жоғары болсын. Жорға аттың жұмсақ жонында өмір кешіп, сән-салтанаты бұлаң құйрықты аттарының айылбасына дейін төгіліп тұрсын, өмірде қиындық деген нәрсе бар-ау деп білмей өтсін» деп жоғары мен жорға сөзі ұйқасқан соң, жоғары елді жидырып, олардың астауларын түгелдей жорға биелердің етімен толтырады. Жоғары ел мен төмен елді жиған соң, үш қанатты Үйсіннің ортаңғы өзегі болған абақ таңбалы аймақ еліне ала маңдайлы Алашаның аты мен затына сай ала биелерді сойдырып, аймақ елдің астауларын соның етімен толтырады.
- Ердің ері, егеудің сынығы.
Түкті орданың түнді ағартқан түңлігі ,-деп саба құрсақ билер мен қасы-көзі көзтастай жайнаған батырлар баланың сыр-сымбаты мен оның аспанға атқан жебесін артынша ілестіре атқан екінші жебесімен қақ жаратын мергендігіне сүйініп, батасын береді. Майқы бидің бауын үзбес білігі,
Түнекті көктің қиылып түскен тілігі,
Жауы жасып жапырақ болған жарқашы,
Болат бармақты елдің балтасы, -деген сөз содан кейін шықты. Майқы бидің оған берген тәлімі мен үйреткені оның бойында қоныстанып қалды.
Ердің ері, егеудің сынығына сай келетін жүз сарбазды таңдап, Бақтияр деген баласын бас қылып, бәрінің ат-көлігін жабдап, айыл-тұрманын бекемдеп, азық-түлігін қамдап, олардың ортасына Алашаны алдырып:
- Мына баланы тәж үстіне қадалатын жыға қылып, бастарыңа шаншыңдар. Төбемізден қараған шах еді, хан еді деп біліңдер. Шоқыларың болып шошайсын. Шеп құрып, беттеріңе осы ұлды ұстасаңдар бұзылмайтын бөгет болмайды. Ту қылып төбелеріңе тік көтеріп, алау қылып алдыға ұстап бағыныңдар. Ал ендігі сендерге бұйырар бағыт басқа, -деп кідірді түгел сөздің түбін жұтып, тамағының тобықтай бүлкіліне сақтаған ұлы би, - Алаша Қаратаудан келді. Осының өзінің Қаратауынан әрмен қарай асыңдар. Жүзгенді даланы ат аяғымен жүзіп өтіп, Шу мен Сарысуды көктей өтіңдер. Ұлытау, Кішітау деген таулар бар. Қара Қаңлының түтіні бықсып жанған қасиетті Қаракеңгір, Сары Қаңлының сарайын алыстан сағым суымен сыйлай аққан Сары-Кеңгір, шоқының асты жезге толған Жездікеңгір, Алашаның айдарындай Айдағарлы, Құдайым құт ұйытқан Құдайберлі деген жерлерге барып, үйірлі елді ырқыңа келтіріп, иіріліп ірге теуіп, ханы болып, шартарапқа нұр түсірген шапағатшысы болып, соған барып, салтанат құрып, дәлдейтін сақасы болып елін қорғап, билеп-төстеп салық салыңдар! Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен ел болуды, жұрт болуды ойлаңдар! Соның о жақ, бұ жағында Қаты-Сибан деген жау бар. Есіл, Нұра деген қос өрімді өзеннің аралығында Тоғанастың тоқсан екі көлі бар. Құм емес, шөл емес, бәрі егін-жай, қара топырақ. Оның бойында Он сан - Ноғай, Орман бидің елі бар. Сол екі жұрттың аралық жерінен килігіп күйме көтеріп, билік құрыңдар. Тас түссе таңдайыңнан, алтын түссе маңдайыңнан. Үш жылға дейін бақ-тәлейлеріңді байқаңдар! Күндердің күнінде осы бала хан болады, сендер қарашасы боласыңдар! Хан әділ болса, басынан бағы таймайды, қарашасы табанды болса, қара жерден кеме жүргізеді!, - деп, ұлы бастаған жүз жігітке батасын бергенде айтқан «Тоғанастың тоқсан көлі» дегені Арқадағы ожаудан шашыраған майша жылтырап жатқан Көкшетаудың көп көлі екен, Қаты-Сибан дегені Сібірдегі Ханты мен Соян тобындағы қауымдардың ата-бабалары екен. Он сан дегені Нанасан атанып жүрген, Ноғай дегені кейінгі Ноғай емес, Неней атанып жүрген халық болса, Орман дегені Огур-Мант делінетін Сібірдегі Манси халқы. Орман би, Орманбет деп жүргені солардан шыққан басшы. Олардың бәрі кезінде Есіл, Нұраға дейін жайыла қоныстанған.
Содан кейін Алашаға бұрылып, оны жөнелтерде айтқаны:
- Сусындарыңды қандырған Сүйептен жүз болып аттанып, Қаңлы-Қыпшақтың қара жұртын бетке алып Қаратаудан әрмен асып, Ұлытау, Кішітауға барып, Қаракеңгірдің бойын сүзіп, Сарыкеңгірдің сарымсағын ат шашасына тигізе үзіп, Жездікеңгірге желкілдей жетіп ту тігіп, Айдағарлыға аш беліңе түскен айдарың сән беріп, Құдайберлінің суына аттарыңның тұмсығын тигізіп, тұнығынан сүзіп іштіргенде болашақ келіннің атының тізгінін қоса ұстап тұрып, маңдайыңның тәжін жасырып тұрған бөрі тұмсық бөркіңді көтеріп қалып:
- «Күн енді қақ жарылған маңдайымнан туады» дерсің!
4
Алаша хан тұсындағы аштық туралы
Екі ақын таласа-тармаса сөйлейді:
- Өрттей боп тұр күннің сәулесі,
Адамға тойып құмы семірді.
Даланың бейбақ әуресі,
Тым-тырыс басталып елірді.
- Шөлдер селкілдей бастапты,
Көлеңкесін қанжарлап адам тұр.
Қаперсіз жел аштарды аттапты,
О, Бетпақ, жанбақшы далаң дүр.
- Бір күндері шағаладай самғадым,
Жүрегім кезіп бұл маңды.
Меңіреу түкпірден көзімді алмадым,
Құстар жүрегі қатты былғанды.
Аш қалды мейірлі ел, есті әлем,
Көзін жұмып алды топырақ.
Суылдаған көз жасын кешті әрең,
Өртке аунап шықты атырап.
- Шулайды алаңдар адамсыз,
Шегіртке әндері кернеген.
Өзендер құрғап жамалсыз,
Малта тастары қақты елбелең.
- Жанмен арпалысқан намыстар,
Шөп тамырына қашып кетіпті.
Құзғын тырнақ жаудырып алыста,
Сирек бір шақырып өтіпті.
Өзекке балта салдырды,
Бір бала құйынға сарнады...
Көз жасына алғыс жаудырды,
Кесеге құйып көздің бальзамын...
Э-эх, -дейді тамағын кенеп, дауысын соза:
- Балқаштың ұлан-асыр балығы,
Етек-жеңіңе -ақ ентелеп.
Ашыққан көздердің жарығы,
Дәтімді тауысар желкелеп.
Эһ, күрең дала күпиіп,
Қай жаққа кетіп барасың?!
Қалдырсашы желінінен сүт ұйып,
Құланын ырғытқан даласын.
Даласын... Қалдыршы!...
Қарсыда отырған ақын көзі шатынап, өрекпи жөнеледі:
- Нан сусытар едім тегештеп,
Алауыртқан сиқыр ақ таң-ай!
Жарты нанның өзі боп елестеп,
Күн батып бара жатқаны -ай!
Күн батты жарты нан болып,
Саусағын жаяр жандарым...
Құйын сүйреп біреуін, жар көміп,
Нәубетті түсіне алмадым.
Ақ пейіл елім бір кезде ашыққан,
Жұлыны сусып желкеден.
Құмдарда буырқанып тасып қан,
Өксігі көл-көсір өлкеден.
Екінші ақын сонда байыппен ақырластырады:
Уілжіген еріндерді айырман,
Еріні ғана тілінсін тастардың.
Мөлт жанары да тосын жойылған,
Тамтығы да қалмай аспанның...
Осы ақындар сезгендей, Алаша хан ердің ері, егеудің сынығы болған жүз сайлауытын бастап, Жалпақтұмсық деген жердегі Араб шапқыншылығынан кейін орын алған аштықтан адам жеуді кәсіп еткен тобырды жазалауға бет алады. Жиделі өзенін жағалап көп жүреді. Жыртқышқа айналған адамдарға бет алған сайын шағырайған күн сол беті шырақтай жанып тұрады да, кеш батпай қояды. Аспаннан ай, жұлдыз көрінбеген соң бұлар бағыттан, жолдан жаңылып «қай сиқыршы төбемізден буып тұр? Майқы бидің аманаты жайында қалып иенде сандалып өлерме екенбіз?!» деп алаңдайды. Бұл уақытқа дейін Арабтар 673 жылы Байкентте олжалы болды. 676 жылы Бұхара, Самарқанға кіріп, Соғдиянаның ту-талақайын шығарды. Шаш атанып тұрған Ташкентті де, Арал теңізінің төңірегіндегі Хорезм аймағын да соғыс лаңы шарпыды. Соғыстан жадап-жүдеп қашқан ел Борсық құмы, Баршақ құмы мен Жиделіге дейін шашырап, оның үстіне бір жыл «құс шөлдеген жұт» болып, даланы аштардың сүйегі көміп, аштықтан ес жиған елде адам етін жеуді қорек ететін тобырлар қалай пайда болмасын?! Батысқа және солтүстікке жүре береміз деген Алашаның тобы титықтап неше күн бойы кешсіз, түнсіз тұрып алған күнге таңырқайды. Әлде, неше күн дегені бір күн қана болып,бұлардың есін әбден алып жіберген төбеден төнген машақат па?!... Алашаның жолбасшысы Аламанның көкойнақ аты бұған дейін бағытты ажыратып, әскерге жол ашып жүр еді. Ол жылқы да адаса бастады. Ақыры, шаңқиған күн астында амалсыз қалған Алаша әскерлеріне ұйықтауға бұйрық береді. Бұлар бір кезде қыранның шаңқылынан оянады. Алаша оянып:
- Ес кірді! -деп айхайлап жібереді. Шынымен бұларға ес кіре бастаған еді. Қалың қыран қонған екен, бұлар оянған бетте қаруларына жармасқанда қырандар дүркіреп ұшады. Жан-жағына қараса 3~4 күнге жетерлік етіп дайындап алған азық-түлігін қырандар жеп кетіпті. Күннің ыстығынан ес жия алмай бірнеше күн бойы ұйықтап қалғанын шамалайды. Күн әлі шаңқиып тұр. Таң да емес, кеш те емес. Алаша хан бұл жерді Бүркітті деп атайды. Осы күннің шаңқиуы өткен соң, тоқтаусыз солтүстікке жол тартып адам жегіштерден төңіректі тазалап отырады. Адам жегіштерді құртып қана қоймай, киімдері мен үйлеріне дейін түгел өртеп жібереді. Ары-бері өткен адамдардың амандығына кепілдік береді.
Бұдан тыс, алдағы елді мекендерде Ферғанадан келген бір сиқыршы өзін пір ретінде көрсетіп, адамдарды табындырып құлдықта ұстай бастапты. Алаша хан жол-жөнекей сиқыршы топтарды бағындырады. Бұлардың келе жатқанын біліп күнді үстіне шаңқитып, не таң, не кеш емес мезгіл орнатып, өздерін құрта жаздағандар осы ма десе, ол байлауда жатқанда быжалақтап «мен емеспін!» дейді. Тағы бір сиқырлы дұғасына орай бермей көзін құртқанда, жанында үрпиіскен сойыл соғарлары «жанымызды аман қалдырсаңыз айтамыз» деп, оның Ферғаналық еме екенін, Мысыр перғауындарының Ніл бойындағы Қарнақ деген ғибадатханаға жасырылған кітабына ие болған ұрпақ екенін, Араб шапқыны кезінде осылай келіп, момын елге молда болғанын ашып тастады. Оларды естіп отырып, Алашаның шықшыты ашудан неше мәрте бүлкілдеп кетті. Адам күнді басқара алмас. Әйтседе, осы сиқыршының олардың үстіне бір сиқырды шаңқитқаны шаңқитқан.
Алаша хан сай-сайда шашырап сарай құрып алған осы сұм топтарды біртіндеп құртуға кіріскенде бұлардың аштықтан емес, дәніккеннен адам етін жеуді кәсіп еткенін біледі. Басынан кеңірдегіне дейін мүжілген адамның денесінің басқы жағын алғаш көрген кезде жүректі Алаша хан осыншама жауыздықтан тіксініп те қалған. Бұл топтар аштық аяқталған соң, оңтүстіктегі Бұхара жеріне қайтып кетпек болған көрінеді. Өйткені аштық аяқталса бұлардың оңай ұстап жейтін адамдары да азаяды деген сөз. Оңтүстікте Араб үстемдігі барынша орнап, мұндай жәдігөйлікке шектеу салынғандықтан, олар қырға шығып жұт болған даланың адамдарын азық етуге көшкен. Өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы аштықта Бұхарадан Ташкентке келген Жөйттер Шымкент жақтан босып барған Қазақтардың талай баласын қорек еткен. «Қансыз адам етінің дәмі болмайды» деп, нан жеп тойсада бала күнінен адам етін жеп үйренген Жөйттер адам етіне өмір бойы аңсары ауып тұратын. Адам етіне құныққан Жөйттердің денелері ірі келетін. Жөйттер жем ететін адамдарын балалар мен семіз әйелден таңдап немесе арықтау болса оның аяқ-қолын тұсап итше бағып, итаяққа құйылған әр уақтағы тамақты итше жалатып ішкізіп, бұларды өздері ғана білетін жертөледе байлап ұстап, оларға қан көбейтетін қайнатпа шөптердің суын үзбей береді. Мұндай жертөлелердің қуыстарына өздерінің бағалы бұйымдарын да көміп жасырып, үңірейген қабырғасындағы дершелерге балауыз шам қойып, құрбандықты кіргізетін есік пен өздерінің құпия кіріп-шығатын есіктерін екі бөлек жасап, сырттан кіріп кеткен адамның төбесіне істігі бар қада құлап өлтіретін етіп қауіпті тұзақтарды құруды да ұмытпайды. Жөйттер құрбандық адамдарын итке айналдырып жібергенімен, өздері ит асырамайды. Айына бір рет болатын, әр айдың жаңаланған күніндегі құрбандық мейрамында әйелдер күні бойы еш шаруамен айналыспай демалады. Құрбандық мейрамына арнап құрбанға шалынатын адам әкелінген соң, барлығы кешке қарай ақ қойдың терісінен жасалған екі сыпыраны бір-біріне жапсыра тігіп, оны жайып үстіне ұн себеді. Құрбандық адамды сыпыраға шығарып, одан кейін өздерінің ұмытылған тілінде ескілікті діни жырларын айтып, қолдарын шапалақтап, секіре билеп құрбандықты шырайналып шыққан соң, дөңгеленіп тұра қалып, әуелі біреуі оның санына не қарнына бізін, пышағын сұғып алады. Қан атқақтап шыққанда құрбандық жанталасып қашып шығу үшін ұмтылғанда төңірегіндегі барлық адам өз қаруларын оған сұғып, қансыраған құрбандықтың қаны сыпыра үстіндегі ұнға тамшылап, қызыл қанмен иленген ұнның үстіне құрбандық ақыры құлайды. Құрбандық тым кішкентай бала болса, әр жолы денесіне істік сұғылғанда шыр-пыр болып жан ұшыра жүгірген баланы бұлар тәтті сөздермен алдап, қанының тіпті шашырағанын қалайды. Бала жаны қиналып тұрсада сөзге бір ауық сәт алданып тұрып қалады да, азабы аяздай батып қайтадан жаны қалмай шырқырап, дедектеп жүгіреді. Сыпырадағы ұнға қан көп тамшыламай жатып, құрбандық құлап қалса Жөйттер көңілсізденеді. Қанның қалай дегенде де көп тамшылап, ұнның барынша қанға иленгенін қалайды. Құлаған соң оның тірсегін тіліп, алқымының қос күре тамырын орып қанын тіпті сорғытып, әйелдер мен еркектер қан көргенде сырттан айхайлағандардың дауысы құлаққа өтпей, есі кетіп ештеңеге қарамай беріліп, еркектер жағы оның етін бөлшектесе, әйелдер жағы қанға батқан ұнды домалақтап, илеп одан мантының қамырын дайындап, еркектер мантының етін әзірлеп осылай мейрам өткізеді. Қандай әлсіреп тұрған Жөйт болсада қан ішкен соң жылдам күшейіп кетеді. Алашаның әскерімен соғысқанда сұлап түскен жаралы Жөйттер жанындағы адамдарды бауыздап жіберіп, тамағын сойып қанын ішіп тура осылай күшейіп оларға арыстандай шапқанда, олар басында аңтарылып қалып, албастыға айналып кеткен бұларды әрең дегенде жер жастандыратын.
Алаша осы аяусыз топтарды жаныштап шыққан бетімен Қаратаудан асқан соң, Ұлытау, Кішітауға келіп, бақанды елді бақадай шулатқан зорекер ұлықтардың басын алып, тақымы ұрлықтан кеппеген тынымсыздардың тоз-тозын шығарып, есесі кеткеннің есесін қайырып, теңелмегенді теңестіріп, салық салып, салтанатын асырып, салығын Майқы бидің қазынасына жіберіп, алғашқы олжасын қамқоршысының қанжығасына байлап, Алаша деген атын аспанға шығарады.
Елдің босуы, оңтүстік аймақтардағы соғыстардан қажыған, қашқан адамдарға байланысты көбейе түскен ашығып адам жегендер мен ұры-қарыны толығымен қырып бітіру мүмкін емес еді. Батпай қоятын күнді елестетіп бұларды әбден сиқырлап ұйықтатып тастаған сиқырды қоя тұр, осыншама далиған дала мен шақырайған күннің астындағы жер бетінде қыбырлаған адам жегіштердің құрбандық адамдарын бағатын, қамайтын үңгірлердің жан алғыш қуыс жолдарын айтпай кетуге болмайды. Осындай құпия жолдармен жүріп, бұлардың ісін анықтауға түскендердің алдынан үш бөлек дәліз кезігеді. Оның оң жақ дәлізінде бетін қамыспен көлегейлеп, аздап топырақ сеуіп қойған, адамдар бір түссе шыға алмайтын ұра болады. Ортаңғы дәлізде бері қарай шықпайтын ордалы жылан болады. Оларды сол жерге қара дұғамен байлап тастаған. Жертөле ішімен жүргенде қуыс жолдың, айналма дәліздердің, баспалдақтардың оң жағын сипауға болмайды. Осы оң жақ қабырғадағы жіптерге байланған қазықтарды қозғап кетсе, төбеден істіктері самсаған қадалар келіп кірген адамды төбеден шаншып өлтіреді. Мұнда кіретін Жөйттер теріс бағынған әдетімен, үш бағыттағы дәліздің тек сол жағымен жүріп, қабырғаның тек сол жағын сипап, сүйенсе де сол жағына сүйенеді. Мейрам өтетін, яғни адам жейтін бөлменің босағасына қос тіреуіш қойылған. Ол тіреуішке кімде-кім жанасып қалса, төбеден 20~22 пұттық тас құлап жаншып қалады. Егер осындай жасырын жертөленің бірінен қамалған адам сытылып шығып кетсе немесе басқа көлденең көз бұл жерді біліп қойса, Жөйттер бұл жертөлені тастанды етеді де енді қайтып аттап баспайды.
Осы адам жегіш тобырлар балаларын жеті жастан бастап адам етін жәркемдеуге үйрете бастайды екен. Сондықтан, жеті жастан асқандардың қолдары шабылып, жеті жасқа жетпегендері де адам етімен ауыздықтанып үлгергендіктен Алаша хан оларды қалай бір жайлы етерін білмей ішін бір күйік шалады. Жеті жасқа дейінгі адам етіне дәндеп алған балалар мен жеті жасқа жетіп адам етін жәркемдеуді үйреніп алған адам жегіштердің балаларын жинап алып қатыгездікпен жойып, тазалап жіберейін десе, Алашаның да, оның жақындарының да жүрегінің басына көктен бір нұр құйылып, өздерінен-өзі қаннан жеріп, жазалауға дәрменсіз қалады.
Алаша атынан түсіп, әскерлеріне дабыл ұрғызып, жүрелеп сиынып Көк Тәңіріне жалбарынады:
- Уа, Тәңірім, бұлар да біз секілді тұздай тіспен, түрулі тілімен бал жалап, сүйек кеміріп, су ішкендер.
Адам етімен ауыздықтанғаны шын болса, сенің құдіретіңмен жеті жасқа дейінгі арамдалғандардың тісі түсіп, орнына адам етінен жерійтін таза балалардың тісі өсер. Жетіге толғандарының адам етіне талпынғанының қолын төмен түсір. Бәріне күшің жетеді. Адам етінен жеріт. Бәрін қылышпен қалай қандаймыз?
Алаша хан тілегінің жауабы түсінде көрінеді. Екі құлағы тебінгідей, қарны салақтап, өзінің кіндігін өзі көре алмайтын бір ірі адам шалжиып отырады да, жетіден асқан жауыз баланың қолын шауып түсіріп, жетіге жетпегенін ақ киген таза адамдардың қолына мойынынан сығымдап ұстап апарып тапсырып, маңдайынан үрлегенде олардың кекілдері сәнімен қозғалып, өңдеріне нұр кіріп жатыр еді.
Алаша оянып бұйрық берді.
- Уа, Бақтияр, Аламан, Айдарке...
Аталған жолбасшылар жетіп келді.
- Сәуе көрдім. Жетіге дейінгі сәбилерді жинап әкеліңдер!, -деп әмір етті.
Жетіге дейінгі сәбилерді жинап, аңырып қарап тұрған Аламанның көзі жыпылық қағады. Тура осыларды өз қолымен қандайтын бұйрық алғандай қолы сәл қалтырап қоя береді.
- Уа, жолбарыс жолбасшыларым, садақ шынтақты сарбаздарым! Жүз жігіт болып келіп, 75 шаңырақ, 500 кісілік ел болып бағымыздың шамы көзімізден жанды.
Іркілмеңдер. Не айтсам да қалт айтпаймын.
Адам жегіштерді жойып бітіру мүмкін емес. Өздері кеткенімен, жаман әдеттерін ұрпағына үйретіп, бұрын өз балаларын жеп жан сақтаған болса, бейбіт күнде балаларына адам етін асатып, көрші руларды азық қылуға көшкенін естіп Майқы би атам жағасын ұстап, төңіректі тазалап, адамдардың қадірін қалпына келтіруге бұйрық беріп еді.
Айдарке жүрелеп отырып, маңдайын баяу көтерді де:
- Ау, төбемізге шаншыған жығамыз болған Алаша, сәбилерге қол батпайды. Қандай жылы сәуе көргенсіз! Сәуеңізде көрсеткенін жасайық. Жүзіңізге жылылық ұялап-ақ тұр.
- Сіз не айтсаңыз соған бағынамыз, - деп гүр етті ендігі екі серігі де.
- Жеті жасқа дейінгілерді тектілердің тәлім-тәрбиесіне беріп, тазалыққа тапсыру керек болды. Біраз жылда атың өшкір сұмдықты көрмейтін боласыңдар. Бес-алты жыл күтіңдер. Мына далада адам жегіштер жайлы бір жамандық естімейтін боласыңдар сонан соң.
Сол кезде Аламан мойынын ішке алып, кідіріп барып тіл қатты:
- Бір сайдан аштықта адам етін жеп аман қалған бірнеше кемпірді тауып алып, «ана ғой!» деп аялап елге қосып жіберіп ем. Адам болып кетер деген үмітім болды. Кіндіктінің бойынан табылған еді. Бірақ, бейбіт күнге жеткен кемпірлер ауыл үйдің кішкентай балаларын аңдып, ішіп-жеп қараған көздері шарасынан шығып, кісі етін сағынып, балаларға тап-тап берген соң өлтіріп қойдым.
- О, Құдай!, - деп көзін аспанға қадай шалқайды Алаша. Ауызын аңырата ашып, - Бұған дау жоқ. Бірақ, сен неге менімен ақылдаспай осындай іске бардың? Неге ауыл үйдің қатарына қостың? Сол балалардың бірнешеуі желініп кеткенде орнына берер балаң барма еді?, - деп зірік етті.
Аламан көзін жыпылықтатып, басын төмен салбыратып, тізесін бір-біріне соққылап тықыршып кетті.
- Майқы би бізге Ұлытау мен Кішітаудың иығын, Үш Кеңгірді аманаттап, «Үш Кеңгірді алған соң Жетікеңгірдің жеті суын қоса алып, жетеуінің құйғаны - Қаражарда қара орман елге пана бол!» деп, темірқазық тұсына жол тартқанымызда, «адам жегіш әруейлерді елеусіз қалдырмай жойып, соғыс пен аурудан, аштықтан азап шеккен елге салқын бұлт боп сая бол!» деп жібергенде біреуің адам етіне жерік кемпірге болысып, жауызға жалмауыздың баласындай жасырын көмектесіп, енді біреуің сол жалмауыздың жалғыз қызына, адам етін жеген арсыздың ағарған алқымына алданып, өздерің бір түнде қорқырап жатсаңдар не болмақ, уай?,- деп ақырғанда қатар отырған үшеуі де селкілдеп кетті. Себебі, Алаша ауызын ашып ақырғанда оның аузынан оттай жалаңдаған қызыл тілі оқ жыландыкіндей атылып барып ішке суыт тартылғандай болды да, оның жанары шақырайып қаһар шашып, Алашаның айдағар ашуынан айтарға болмаса әбіржіп қалды. Тайсаған көздердің абдырап қалуы, отырған жерлерінен жамбасымен тайғанап жылжи кетуі олардың ендігі жерде салғырт болмай, қара жерден кеме жүргізетін болашақ хандарына дауыс көтеріп қарсы шықпай, тіпті адал болуға бекінгенін білдіргендей-ақ екен. Алаша солай түйді. От ауызды бөрі, тілін ауызына әрең сыйғызды. Ысық, уытты тілін қуысына кіргізіп, сәл еңкейіп, әлде бір дүниені лоқси жаздап отырған атаусыз хан, сол бұққан күйі тағында құйған құрыштай қозғалмай қалған. Бұлар қатқан шөркедей қимылсыз қалған Алашаның қызыл шұбар астарлы, шүкірге боялған тонының түлкі жағасының қайырылып қалғанын, еңкейген беті жер бетіне ауыр салмақ салғанын көріп үндемей біраз отырды да, осы тыныштықты бұзуға әрекеттенген Аламан оның тыңдай алатынын, тыңдай алмасын білмеседе естіртіп, сыбырға жақын үнмен, Шіңгілдің мөлдір суындай сыбдыр қағып сөйлеп көрді:
- Өзіңіз айтып едіңіз. «Адам етін жейтін шашыранды тобырлар бір-бірін танудың белгісі ретінде, өзара көрісе қалған жерінде оң қолдарын көтеріп, саусақтарының арасын бақанша ашып белгі береді» деп.
Сол кезде құз жауырынды Алаша еңкейте қүйған мүсіндей қатып отырып, сауытынан басын шығарған тасбақадай басын кілт еткізіп жұлып алып:
- Иа-а-а!, - деп созыла ыңыранды.
Аламан сонда ғана оның тыңдап отырғанына көз жеткізіп, оны адам емес, пері ұлындай көріп алып еді. Енді өзін тыңдай бастағанына, мұрнына көгілдір алманың иісі келген баладай қуанып кетіп, бойын кеңітіп, сәл жымиып алды да:
- Сол кезде сіздің оларға қолыңызды көтерген күйі «Мен - Алашамын! Саусақтарының арасын бақанша ашқан адам жегіштерді жазалауға жіберілген жоғарыда Тәңір, төменде қара жерде Майқы еркелеткен ұлмын» дегеніңізде, басында олар түкке түсінбеседе, кейін атыңызды алыстан естіп шошитын болды. Өстіп жүргенде кісі етіне жерік еместері сіздің жасағаныңызды жасап, жұдырығын түйіп кеудесіне қойып, бас иіп бір-біріне ізет қылып, адам жегіштер үйреткен сұмдық сәлемдесу жосынынан қашып жақсылықтың шатырынан осылай пана тапқан еді. Сол нәрселер есіме түсіп кетті, - деп сөзін бітірді.
5
Толғағы терең ананың құрсағында шайқалғанбыз!
Ор қояндай жүгінтіп,
Аш күзендей бүгілтіп,
Іштегі түйдектелген бура сөзді бұрқыратып бұлттарға қайтарғанбыз!
Әкемнің күшіменен,
Анамның сүтіменен,
Кіршіксіз, уыз сөзді айта алғанбыз!
Пай, пай-ай!
Қандай жағдайда да адамды күнә мен хауіп-қатерден қорғайтын шарт-жағдай – құрсақ тәрбиесі. Құрсақ тәрбиесі дегеніміз баланы тоғыз ай тоғыз күн көтерген ананың құрсақ көтеріп жүрген кезіндегі рухани тазалығы. Мұндай таза, иманды құрсақта тербелу мыңның біріне ғана бұйырмақ. Құрсақ тәрбиесінің бақыты бұйырған ұрпақ қанша қиыншылық келсе де бұзылуға бір тылсым күш жібермей, өз тазалығын, жүрегінің хауіпсіздігін сақтап қала бермек. Қандай сәтте де жүрегімді сақтап қалдым мен .
Анасын еске алып мың қаралы ел ішінде күңіреніп жылап отырған елге беделді жігіттерді көріп сай-сүйегім сырқырап, олар үшін күйіндім. Анаң үшін сұңқылдап жылай берме, анаңша әлдиле әлемді! Ел тірегі болады деген есті, жағдайы бар жігіттер сұңқылдақ болса бізде бақ шаба ма? Біз де анамыздан айырылғанбыз. Хан Абылай өлгенде де Қазақтың шаңырағы ортасына түсіп қалған жоқ. Аналардың аманаты өзіңе қалдырған Қазақтың алтын босағасын сүйеп, ерік-жігері берік, төбесі дулығалы ел қорғаны болар ер жетілдіру емес пе?! Анамды еске алып сұңқылдадым деп отыратын кез емес.
Адам өзгермейді. Қиналғанда, тарыққанда іштегі жақсы-жаман жасырын қылықтары сыртқа шығады. Біз соны «өзгеру» деп жүрміз.
Жақсы адам қанша азапқа түссе де, қиналғанда оның қайсар, жарқын, иманды қуаты сыртына шығып күмістей жарқырайды. Сондықтан, біреуді «өзгеріп кетіпті» деп кіналау басы артық іс. Ол өмірдің ішкі қағидаларын түсінбеуден келіп шыққан таным. Әдеттегі уақытта, балалық шақтың ауласында, мектепте, университетте жасөспірімдер мен өрендер күрделі қиыншылық көре қоймағандықтан, бәрі ұқсас ауамен тыныстап, бәрі адал көңіл, бала мінезді болып көрінеді. Ол кезде ішінде жасырын жатқан дүниелер сыртына шыға алмай тұрады. Сынақтар келгенде олардың тегінен келген немесе өзінде бар жақсы-жаман бадырақтары мен жапырақтары сорпа бетіне шығып, олардың шынында кім екенін әшкерелейді.
Туғаннан ержеткенге дейінгі бала тәрбиесі қанша жақсы болғанымен, тосын қиындық келгенде адамның көбі бұзылып кетеді. Сол үшін қиналғаныңда қыңқ етпейтін «Құрсақ тәрбесі жасасын!» деп бірге ұрандайық!
Ел іргесі түн сайын күңіреніп, таң ауысса сөгіліп келеді. Ұрдажық, алдамшы өмір көбеюде. Құдайым, осыларды көрсем күйіп кетем. Темір топшы қыранның тегеурініндей, батыл да қанатты әрекет жасайтын ерлер ішімізде аз емес. Ендеше, о дүниелік болған аналарымыздың елесінің құшағында булығып жатпай, «жә» деп адымды алшаңдатып аттап тұрып, төсектен ғарышқа көз жіберіп, еліміздің еңсесін оңап-оңап жіберетін күш пен орайды, жолды Құдайдан сұрайық! Құдай бізге берсін, еліміз оңалсын! Бүкіл қауымымның жасаған кемшіліктерін жаратушым өзің кешір, еліме пана бол, елімді сақта, елді сақтауға дайындаған біздерді сақта! Ішкенімізді ақ, сүйгенімізді пәк, әділдігімізді елге жақ етіп, көз дүрбіміз өзіңнің хақ жолыңа тікелей телмірсін!
Ел қуаты болар деген абзал, отты, шешен ағалардың бір жақ ұрты арын сөз, бір жақ ұрты жағымпаздықпен бал жаласқан жалын сөз. Сендерге де «жоқ» дейміз, қара құрсақ дәрменсіздік, өз ұйығыңа, үйіңе кіріп сұлап түс, тоқта, араласпа, «тәйт, тек!» дейміз. Жатып тұрып, құлан иектенген сәріден оянып, қара қазан аспанның астына қарап тұрып Қазағым үшін кешірім тіледім.
Білесің бе, қыртысы аппақ қармен сірескен, аспан астын жауып тұрған бір үлкен азапты күннің қабаты Қазақтың мойынынан төмен түсіп, көкірегін қысып тіреп тұр. Жауайын деген қар емес, жауатын қарды тұсаулап тұрған көк емес, бұл өзі азаптың аппақ қыртысын қарға жинаған бір әлепет сұмдық көрініс. Жауатын қар емес болған соң, сірескен елдің азабы аспаннан түсіп жер үстінен бір қабат биіктікте елімді өкшей қысып тұр. Елім үшін шошынып тік түрегелдім. Елімнен басқа не медеуім бар?! Ел ішінде жамандық өршіп, азғантай жақсыларға ғана мейірім түсіп тұр. Елдің бесігі – біз екен, елдің есігі – сіз екен, елдің құны – біз екен, елдің тұмсығы – сіз екен, аянып қалмай, арқамызға елдің денесін, қолмен демер сөресін, бөріктен биік өресін көтеріп, жалтылдап, үкі көзіміз түн ішін қуатқа толтырып жіберсін және мұратқа. Әруақтар шаттанып жыласын «Еліме мұрат қонды!» деп, «Қабырғаны тілген қанды жебені суырып тастарың келді!» деп.
Ел уайымы кеудемде бұлғындай бүлке айналғанда, жағамды жырта жаздап, асыл сүйегім алтындай ағарып, жұлқа айналғанда, мен Құдайдан елімнің бақытын жалынып отырып, таулардан айбар, Құдайдан қуат, түгі қалың қара жерден тоқшылық сұрамап па едім? Сол сұрағаным ендігі беріле қалса, қолым күміс күннің ықыласында аңдалып тұрған Құдайдың пейілімен біріге қалса, міне мен кірістім.
«Бір жас жігіт келді» деп, «Елімді оңап берді» деп, «Аузым аққа жарыды-ау, Құдайым көз жас көрді» деп, қайыршының аз-ақ алдында өмір сүріп жатқан елім «Тәубе!» деп, Құдайым, өзіңе сұлуланып сиынғанда, басымдағы бағымды Алатау қауқары көтере алмас. Менің сөзім – Осы.
Тегімді менің сұрасаң,
Қанжар қабақты қара әкенің ұлымын,
Алтай таудың қырымын.
Бойымда тасып көпіршіген мінім болса,
Ол менің мінім емес, Ертісімнің міні.
Дауысымда кербез үнім болса,
Ол менің үнім емес, жылқымның үні.
Анамды менің сұрасаң,
Моншақтар тағылған аршаның,
Жым-жырт, сүт бетті ханшаның,
Ерге сай жүректі алшаңы,
Буырқанған толқындай бүктеліп бар жаны,
Алдынан аққан қанша ағын,
Өмірдің жұтып сарсаңын –
Ауызынан төгіп ақ гаухар,
Жарқыратып бұ дүниеден
О дүниеге өте шыққан жан-жағын,
Жан еді.
Анамды менің сұрасаң!...
Бәріміздің қасиетті анамыз – Қазбике ана. Сүйсінбеуге, сүйікті етпей сөйлеуге болмайтын Сыр өзені сияқты алты сан Алаштың анасы. Ол анамыз төркін жағынан Уыз ханнан тараған Қалаш-Қыдырдың ұлы Сейіл ханның тұқымынан болып келеді. Сейіл шах атанған Сейіл ханның атын көтерген әруақты рулар Селжұқ атанады. Селжұқ өзі заманымыздың 30~80 жылдары Куш-Шан патшалығын құрған адам. Алаша ханның әлпештеген аяулысы, ханның жанына демеу, ақылына медеу, күміс тақты тиянағы болған соң, Қазақ ордасының анасы болған соң Қазбике атанып кеткен ана арт-артынан ірімшік иісті екі сәби табады. Осы қос құлынын Түкі, Бөрше деп атаған. Түкі есімі Түрік қағанатының билеушісі Түңке қағанның құрметіне, «Түрік қағанаты мен Түркеш қағанатының нұрына шомылып, ұлы даланың теңдігі мен ерлігін көтерер ұл болсын!» деген ниетпен қойылған. Түкіден кейінгі Бөрше жеті айға толып, еңбектеп талпынып жүргенде Қазбике анамыз екеуін «Ата жұрт – Алтай» болғанда, «Ана жұрт – Қазығұрт» деп Қазығұрттың бауырына алып келеді. Аттылы кісінің бойындай тастың көлеңкесіне тоқтап қос құлынын алып, әуелі Түкіні емізеді. Анасының төсінде сүті асып-тасып атқылайды, баласы тойдым дегендей ембей қояды. Бөршесі емгенде ауызын алмай тасып тұрған қос емшекті алма-кезек еміп тауысады. Сүт шықпасада еме берген, ақырында емшектен сүт орнына жұпар иісті бір белгісіз сұйықтықтың күшті иісі шыққан соң, мұндай иіске анасы маужырап баласының басын әрең тартып, «бұл не екен?» деп қарай түскен. Жарықтық анамыз биік көктегі жаратушыға бас иіп бұл екеуіне қарап қатты риза болған кейіппен, киелі Қазығұрт тауына қарап былай дейді:
Қазығұрт таудың қасқыры ең,
Ай астына шаншылған айбатсың.
Қанаты талмас қайратсың.
Шығыстағы Майқы атама,
Ырысы таусылмас қағанат сыйлапсың.
Алашадай еріме бәсіресін байлапсың,
Ердің ері, егеудің сынығынан жолдас сайлапсың.
Қыздарыңның қаз мойынын нұрмен жуыпсың,
Ұлдарыңа байлықтың бұлағын иіп тұрыпсың.
Қаз мойынды тауым аман бол!, -деп жалыны шарпып өткен түнгі алаудың жарығында бет сипапты. Сол анамыздың бір күн түнеп келген ізімен кері қайтуынан кейін де, салтанатты ханымның артынан ілесе келген адамдар ол тілек еткен жерді, осы сөздерді қалдырған жерді «Қос емер» деп атаған. Қасиетті анасы қос сәбиіне қарап:
Сәби ананың құрсағында жатқанда 59 тамырынан нәр алып, жатырды жастанып тоғыз ай тоғыз күн жатады. Күні толғанда оған толғақсыз ашылмайтын үш жұмбақ тамыр қосылып, алпыс екі тамырын шайқап, бұзып жарып жарық дүниеге келеді.
Үрпектерім, Табандарыңды жер тіреп таймайтын жасқа келгенде, алдарыңа қойған мақсаттарыңды жетесіне жеткізіп аяқтамай тоқтамаңдар!, - деген екен. Осы сөзінің тобықтай түйіні болсын деп аттылы кісінің бойындай қара тасқа:
Сауыт бұзар сұр жебе,
Серт қып атса – оқ тайма.
Түкім!
Атың – Түрік қой,
Түн түбіне дейін тоқталма!, - деген өсиетін ойып жазған екен. Қазбике анамыз Түкіден кейін Бөрше бойына бітіп көтергенде, жартастың ауызында бөлтіріктің өлекшінді еміп тұрғанын көріп, бөрі сүтіне жерік болады. Ебін тауып жан баласына көрінбей жуасыған биенің емшегіне бас қойып, тоя еміп, жерігі мал сүтімен басылмай, денесі күйіп жанып ыстығы көтеріліп, «Ой, Ұмай!» деуге шамасы әрең жетіп есінен танады. Атқосшылары мен канизактар ол кісіні тауып алып Ұлытаудың бір құзына шығарып ақ самалға желпіндіріп сергітпек болады. Таудың биігіне шыққанда салқын самалдан есін жиып аман қалады. Артынан Алаша мұны естіп, аңшыларына өлекшіннің сүтін сауғызып ананың жерігін басады. Айы-күні жетіп анамыз аман-есен босанып, дүниеге Бөрше келеді.
Анамыз екі сәбиін алып Қазығұртқа қасиетті тілек тілеуге келгенде:
Қанаты талғанға қайратын берген,
Ақылдан адасқанды ойлатып көрген,
Қасиетті таудың киесі,
Аналарының төсіндей тауға келгенде,
Сарбаз ұлдар сәбидей жылаған.
Қанағат, рақым, ыстық күш,
Тау басынан төске құлаған.
Ақыл-ойдың кемесін,
Қазығұрт қана көтерген.
Бөгесін қойылып бөтенге,
Жауларың жасып бөгелген.
Мұнарға быққан мынау аңғар,
Құмдай жасып құламаңдар,
Қарың талар, тұяғың таяр шақтада ұрпақтарым,
Арнасына сыймастай тілек сұрамаңдар!, - деп ұрпағына бір қарап, тау мен тасқа бір қарап, шексіз көкке қадалып жаратушыға мінажат жасап жеті шырақ жағып, жеті қарақшыға қарап тілек етіп, жеті шұғылалы жұлдыздың күш-қуатын өзіне шақырады. Оған дейін де қанша күн, қанша түн шұғылалы тілек етіп, болашақ үшін жалбарынғаны бір Құдайға ғана аян. Жеті қарақшының шөміш нұры оның төбесіне шөміш болып айналып тұрып, дөң басындағы оның төбесіне осы шөмішті жағы киіліп, оның үстін самұрық саңқылдап көлбей айналып тіл қатыпты. Киілді деген аты ғана, оның төбесіне тұспа-тұс тұрғаны болмаса, әлі де биікте. Самұрық дегені жәбірейіл періштенің киелі құс бейнесінде көрінуі.
Уай, неге сонша, тілегіңді тыңдар нағыз белгі ретінде жеті нұрды шақырып қоймадың. Әлде, үнсіз тілек етсем жаратушы естімейді деп ойладың ба? Ұлытаудағы үйің іргесіндегі бұлағың кеуіп көн бола бастады. Өңіріңнің бұлағының құты сенің аналық емшегіңе көшті. Құттың бәрі құйылды сенің кеудеңе. Ана екі ірімшік иісті сәбилерің – қозыларың үшін. Не сұрайын деп едің басқа?
Сонда анамыз жұлып алғандай қалш-қалш етіп, бесіктердің жанынан ұшып түрегеліп, дауысы найзағайша осылып жаңғырып шыққан:
- Мынау перзенттерім қарғыс атқан ағайынды жеті жұтқа ұрынбасын, -дегенде өжет тілегінің ұшынан аналық арыстанның қанды айбары атқақтап тұрды. – Батаңды берші, -деді сосын самұрық құстың алдында алақанын жайып. Самұрық құс оның басының тұсына киіліңкіреп тұрған шөміш басты нұрдың үстін тым баяу айналып жүрді де, одан кейін оның бетіне жоғарыдан үңілгендей болды:
- Мынау балқып, балбырап жатқан домалақ сәби менің жұмыр басыма ұқсайды екен, -деп басын тасбақаша қылжитып созып- созып қалғанда, қызыл-сары мойыны жыланша созылып барып қайта тартылып орнына келді.
- О, жарығым, Құдай алдына жұп-жұмыр жүрекпен, осындай балбыраған бақытты ниетпен, қуанып, құлшынып баратын жолым бар. Сондағы талпынып ұшқандағы аяулы жүрегіме тең батамды осы балама бердім.
Ал, кіші ұл жатқан бесіктің үстіне шыр айналып келіп үңіліп:
Мынауың өзгеше екен. Мен Құдай алдынан келе жатып жер бетіндегі адамдардың, жан-жануардың ию-қиу істеріне опынып, жанашырлық танытып, бірге өкініп, оларға ұрсып, жүрек ауыртып баратын жолым бар. Сондағы жанашырлыққа, демеуге толы ниетіме жиналып қалған батамды осы балама бердім, - деп биік шуақты жұлдыздардың арасына қарай көтеріліп, аспан әлеміндегі белгісіз ұясына қарай кері оралыпты.
6
Қаракесек тарауы
Арғынмын, атым - Әсет арындаған,
Арындап ән сала ма дарымаған.
Аспанның аясында ән шалқытқан,
Бұлбұлмын, дауысы көкте дамылдаған.
Көмекей көк қауызын әнмен ашса,
Төгіліп меруерт, маржан сауылдаған.
Тұлпармын топтан озған, тосырқаман,
Шаршы топ, қарсы өрім жоқ шабылмаған.
Жорғамын жұрттан озған жортарманмын,
Майдамын, майда желіс мамырлаған.
Жұртымның аса топыр жиынында
Бүгінгі ән адыра қалсын салынбаған!…
Тауық боп тары тердім Найман шалдан,
Найман шал - айы туған маңдайшадан.
Үйректей, қаздай қалқып жүрмін жүзіп,
Көл-елде, көп жұртымда Қыдыр шалған.
Ертіс, Сыр, Есіл, Іле өзендерім,
Тау өтпес Тарбағатай, Тянь-Шаньнан.
Ми дала, меңіреу шөл, күміс көлдер,
Мекенім, ертеде елім ірге жайған.
Құм - қыстау, өлке - көктеу, өзен - күзеу,
Жайлауым - жалпақ дала қарлы таудан.
Ойда - Орыс, өрде - Қытай қоныстасым,
Ауылым бар Ауғанға да таяп барған.
Желқабыз, сол ортаның заржағымын,
Толқытып тоқсан бунақ әнге салған.
Асқақ ән аспанға өрлеп, асқар тербеп,
Күңіренткен сары даланы күндер жалған!
Ән құмар әлеуметім анталап тұр,
Сайра тіл, аңыра әнім, інжу-маржан!…
Ән салсаң Әсеттей сал әсемдетіп,
Қоздырып делебені дүсірлетіп.
Шырқатып, шығандатып, шалықтатып,
Шапшытып, шүмектетіп, нөсерлетіп.
Талдырып, талықсытып, тамылжытып,
Орғытып, орағытып, басқа ерлетіп.
Самғатып, саңқылдатып, зар желгізіп,
Ұрынтып, өршелентіп, бәсеңдетіп.
Серпілтіп, сумаңдатып, сексен ырғап,
Қырық қарпып, тоқсан толғап, бес өрлетіп.
Қарқынды үн қан қайнатып, жүрек жұлып,
Жан жалмап, көңіл тербеп, әсерлетіп.
Сүйе бер, суырылтам ән сұлуын,
Тілін бал, сілекейін шекерлетіп,
Сарайым - саба, құям пісіп-пісіп,
Құйдырам ән қымызын ой кернетіп,
Сөз- жаңбыр, дауысым - дауыл, әнім - ескек,
Ойнақтап басылайын аз желдетіп.
- Қаракесектен шыққан Әсет Найманбайұлы
«Асылы, 12 атаның ұлына тараған, жұрттың білетіні жалпы жіктелу бойынша «Алты атаның ұлы Арғын» десіп сөйленетін, Біздің бұл Арғын ұрпағы - Арғын болғаннан бері қарай Бұхара жұрты болып келген» деп Мәшһүр Жүсіп өз куәландыруына сай, ескі Арғынның оңтүстік хандарына бағынып, хандармен жігіт- желең болып көп жүргенін жазады. Біздің Қазақ бұл Сары-Арқаға келіп, ие болғаны Абылай хан заманынан аз-ақ ілгері. Бұл Қазақ иесіз жатқан жерге текке келіп, ие болған жоқ. Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен, жаннан кешіп, кеше Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Керейде - батыр Жәнібек, Қаз дауысты Қазыбек, Қу дауысты Құттыбай заманында Қалмақпен жаудай алысып, жаттай сүңгі салысып, шыбын жанын нысанаға байлап, не маңғаз сарбаздары жау қолында оққа ұшып, өлгені өліп, қалғаны қалып, сөйтіп алған жері еді деген.
Болатқожа атауы Арғынның билік ұстаған руы Қаракесектің төл атауы. Әуелде Мейрам-Сопының тоқалы Қарқабат анадан туса да, Мейрам-Сопының бәйбішесі Нұрпаядан туған төрт ұлдың емес, Болатқожаның билік иесі болып кетуі оның ақылдылығы мен өжеттігіне, қайсарлығына байланысты еді. Бәйбішеден туған Қуандық пен Сүйіндіктің жас аралығы алыс екен де, Сүйіндік кенжелеп туыпты. Қуандықтың алты ұлы ат арқасына мініп, соңына еріп жасаққа шығуға жарағанда, Сүйіндіктің отауы сонда көтеріліп, Үйсін Өгіз бидің қызын алып енді үйленіп жатыпты. Әкелері ерте өліп, жылқы еншіге үлестірілмей қалған. Сонда Қуандық барлық мал-мүлікті сегіз үлеске бөліп, өзіне бір сыбаға, алты ұлына алты сыбаға, Сүйіндікке деп бір сыбаға үлестірген екен. Болатқожа Қуандық ағасымен келісімге келіп, енші қайта бөлінетін болып, Болатқожа жылқының ортасынан қақ жарып жүріп, екіге бөлінген жылқының Қуандық бытырап жатқан жағын таңдап алады да, бір айғыр үйірі артық болады. Жиылыңқырап жатқан жағын Сүйіндік алады. Осы бөлісте Болатқожамен еншілес болып кеткен Қамбар жылқыға ес болып, Шұбыртпалы мен Жалықпас та бір жағынан шығып жәрдемдеседі. Қаракесек тұқымы өсімтал болып, өсіп-өнуге келгенде бұған ешкім таласпайды. 19 ғасырда Қаракесектер 22 болыс ел болады.
Болатқожадан Ақша мен Түйте туады. Ақшадан - Бошан, Бошаннан - Жанту(Тоқтауыл), Таз, Байбөрі, Манат, Машай. Түйтеден - Майқы, Танас(Танаш). Майқыдан - Алтеке, Сарым. Танастан - Тымырсық(Темірсиық, Тымырсқа), Сары. Қаракесек құрамына Болатқожаның өзінен тарамайтын Шұбыртпалы, Қамбар, Жалықпас рулары кіреді.
Шұбыртпалыдан - Мәмбет, Үмбет, Олжабай. Мәмбеттен - Жолшы(Жебеші), Жанайдар, Қара. Үмбеттен - Үсен, Күсен. Олжабайдан - Бояу.
Қамбардан - Шымболат. Шымболаттан - Құттық, Бөлек(Бүлік). Құттықтан - Сары, Сарман. Бөлектен - Бұланбай Таңыбай. Жалықпастан - Алыпқаш, Келелі, Түгел. Түгелден - Барамық пен Бұйдалы болып тарай береді.
Мейрам-Сопының бәйбішесі Нұрпаяның жеңгесі Засия анадан Шұбыртпалы туады. Ал, Қамбардың анасының төркіні Алшын Зортымақтың елі делінеді. Мейрам-Сопының тұлпары Зортымақтың асында бәйгеден келген екен.
Қаракесек, Қарақожа атауларының бәрі Ауғанстан жеріндегі Арған өзенінің атырабындағы ежелгі Харахос елінің атынан алынған. Харахос елі тарихта «Авеста» мәтінінде Харахбат елі деп те аталса, біздің Қаракесектер Қарқабат деп ұрандайды. Елдің өзегін талдырмай аққан, 562 шақырымға созылатын Арған өзенінің Арғын атауын екені анық. Заманымызға дейінгі 6 ғасырда белгілі болған, оған дейін де бар бұл елді Александр Македонский жаулаған. Ол салған қаланың аты Аласандра атанып, Үнді-Грек патшалығының орталығына айналады.
«Арғын Жиделі-Байсыннан ауып келген» деп айтылғанда, Мәшһүр Жүсіп Жиделі-Байсынды Ауғанстанның солтүстік-шығысы ретінде көрсетіп, Балық, Құндыз, Талқан, Бадақшан аймақтарын атайды. Жиделі-Байсынның атына қызығып Асан қайғы бастаған Алаштың алтын бастылары барған дейді. Ауғанстандағы Пұштұндардың бестен бірі біздің Арғынмен қан жағынан ұқсас болып шыққан.
Арғындар Ауғанстан жерінен бері көшкеде ескі қоныста кімдер қалды?
Әрине, Көз таңбалы Арғынның атын күзетіп Хозор(Көзі, Хазар) қалды. Арғын ішінде Көзей деген ру да бар. Көз, Хоз сөздері Хозор, Хазар атауына ұласып бір халықтың атына айналды. Арғын бабасы Қарақожаның, Болатқожаның Ақшасы мен Түйтесінің Аққожа, Қарақожа деп аталуындағы «Қожа» сөзінің бәрі осы Көз сөзінен келеді. Арқаға Арғынды бастап келген Қаракесектен шыққан Қаз дауысты Қазыбек бидің есіміндегі Қаз сөзінің ұлылығы да сол ескі бабаларының Көз, Хоз, Қаз ұғымына барып байланады. Қандай ғажап сәйкесім! Сөздер де өз ұрпағын өлтірмей мың жылдар бойы жалғасып отырған тылсым әулет секілді.
Қаз деп, Қазыбек деп айтып-айтпай не керек?! Сол Ауғанстандағы Хазардың Мейірке тайпасы мен Қаракесектің ұқсас рулары:
Шалуақас, Жакыбас, Бай-Жалғық пен Жалықпас, Шұбығыр мен Шұбыртпалы, Қамбажай мен Қамбар, Бәйек пен Баубек, Түйте мен Дайды, Шымгер, Өлет пен Шымболат(Қамбар), Қорлық пен Қарпық.
Олардың Көзі тайпасы мен Қара-Кесектің жақындығы: Қуандық пен Қандек, Жалықпас пен Жалымас, Жалықпас пен Жалоу, Жалықпас пен Жаумылы, Қайдауыл мен Итаул, Қошқар мен Кешік, Рай мен Іриәк, Мәмбет пен Мамут, Бошан мен Қошаң, Шық пен Сырық(Бегендікте).
Олардың Болат тайпасы мен Болатқожа(Болат-Көзі) атанған Қаракесектің ұқсас рулары: Рай мен Мурәйде, Бостай мен Босы, Майқы мен Майлкы, Қаратеке мен Қортеке, Танас пен Табас, Манас пен Панаш, Ышақар мен Қошқар, Келден мен Хелдан, Түгел мен Түйеле.
Ауғанстандықтар да, Арқаның Арғындары да батыр адамды «қара» деп айтады.
Ауғанстандағы Харахос, Харахбат деп екі атпен қатар аталатын ескі ел мен Қаракесек, Қарқабат болып қатар аталған рудың тамыры бір болса, Мейрам-Сопы ұрпағы мен Маргиан(Меруиан) Скифтерінің тоғысы бір. Маргиан тарихи аймағы Түрікпенстанның шығыс жартысын, Бұхара төңірегін, Ауғанстанның солтүстік-батысын қамтыған. Одан кейінгі уақытта бұл тарихи аймақ Бұхара атанған. Мысырды 1250~1382 жылдары билеген Бұхариттер әулетінің негізін қалаған Айбек, Құтыз сұлтандардың да осы өңірдің Түрікпендері екенін атасақ та жеткілікті. «Арғын ұрпағы - Арғын болғаннан бері қарай Бұхара жұрты болып келген» деп Мәшһүр Жүсіптің толықтыратыны сол.
Арғынның ескі жұртын аймақ еткен Үнді-Грек елінің астанасы Аласандра аталса, Қытай жазбалары Соғдылардың Александрдың атын Алушан деп қадірлегенін жеткізеді. Сондықтан, «Алшын Зортымақтың асында Мейрам-Сопының торы төбел аты бәйгеден келген» дейтін Қазақ шежіресіндегі бұл Алшын қазіргі Алшын емес, сол Үнді-Грек елін білдіреді. Ол кезде Харахос деп те, Харахбат деп те аталған Арғынның баба жұртының өзегі болған Арған өзені Гангхар аймағын кесіп өтетін. Қамбар руының аты содан алынған болса, Гангхар аймағындағы Гангхар, Арғстан, Маруп(Меру), Арғандаб аудандарының атаулары Қамбар, Мейрам, Арғын ұғымдарынан сыр шертеді. Бұдан тыс, Мейрам-Сопының бәйбішесі Нұрпаяның есімі сол кездегі сол өңірді билеген Гректердің Миропая деген әйелдеріне көп қойылатын есімімен, әкесі Дос бидің есімі сол кездегі көне Арғын жерін басқарып отырған, заманымызға дейінгі 286~246 жылдардағы Грек-Бақтияр патшасы Теостың есімімен ұштасып жатыр. Оның жеңгесі Засияның есімі Зосима деген Грек әйелдеріне берілетін есіммен қабыса түскендей. Сары-Сопыдан тараған Дәуіт руының қанын тексергенде, үштен бірі басқа Арғынмен ұқсамай Грек қанымен ұқсас болып шыққан. Бұл Дәуіттің есімі Грек-Бақтияр елін құрушы әкелі-балалы, аттас Диот патшалардың есімімен сабақтасады. Қаракесектің бір тарауы Түйтенің есімінде Грек-Бақтияр елінің үшінші билеушісі Еутидем есіміне жақындық барына қарап, Грек мәдениетінің ықпалын шамалауға болады. Қаракесектің Алаша ханның жанына келіп, кейін еліне Сырдың орта тұсынан қоныс беріліп көктеп-өсуі кейінгі тарихымыздың қуанышы.
Алаша жүз жігітімен Ұлытауға желкілдеп жетіп бір-екі жылдың ішінде көзге түсіп, ауызға іліне бастады. Адам жегіш тобырлардан төңіректі тазалап, Үш Кеңгірдің бойына келіп, ұйқыны бұзып жылқы алды, күймені бұзып қыз алды. Көш елді көш-жөнекей шапты. Еру елді отырған жерінде шапты. Асулы қазан, тігулі үйге дап-даяр ие болып орныға бастады. Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен өз алдына мал салып, үстіне үй тігіп, бір рулы ел болған. Өз алдына мал малданып, жан жалданып, үйлі-баранды болғаны көңілін көтерді. Сатусыз дүние алған соң, қалыңсыз қатын алған соң ел болмасқа немене, жұрт болмасқа немене?! Бұлардың мұндай қайратты, батыр болғаны, сал-серілік ғұмыр кешіп жатқанын баяғы Қызыл Арыстан хан естіді. Бұл Қызыл Арыстан хан кім дегенге, Бұхарада отырып 32 баулы елге билік жүргізген хан екен. Жетікеңгірді жайлап, Жетіқоңырдың құмын қыстап жүретүғын бір Найман сөйлейді:
- Алаша ханның тамының жоғарғы жағынан бір кірпіші түсіп қалып еді. Жазуы бар екен, оқыдық. «Қысырау ханның ханымының аты – Ханбибі» деп жазылған екен,- дейді деп Мәшһүр атам естелікке алған. Алашаның анасының атын осыдан білдік. Бұл Қысырау Асан - Қызыл Арыстан хан болып айтылып жүр. Алаша ханның ақ киізге салынып хан көтерілуінен 6 жыл бұрын дүниеден озған екен. 700 жылы Шу бойындағы Сүйепті басып алып, өзін Батыс Түріктің ханымын деген. 703 жылы Майқы би атанған Үйсіннің Ожырай ханы бұған қарсы дүркіреген жорық жасап Батыс Түріктің өмірін ақырластырғанда, Қызыл Арыстан ханның ығысуына тура келді. Келесі жылы оның байтақ өлкесі түгелдей Майқы бидің қолына өтіп, Түркеш қағанатына қосылады да, Қызыл Арыстан хан бәрін тастап күншығысқа ауып кетеді. Қызыл Арыстан хан - Бөршін ханның ұлы, Батыс Түріктің алғашқы иесі Ыстам би қағанның ұрпағы. Демек, одан туған Алаша хан - нағыз Көк Түріктің тұяғы. Аттың тұяғы - Адамның қолы емес пе? Жылқыда солай болса, Алаштың ханы Алаша - Үміттілердің жаны болды, қорғансыз елдің қолы болды.
Сонда Қызыл Арыстан хан басынан бұлбұл дәурені өтпей тұрып, Түркеш билеушісі Майқы биден тартып Қотан, Қоғам, Қобан, еген билерге кісі салды:
- Майқы бидің менің баламды жігіт-желең беріп желіктіріп жібергені не қылғаны? Баламды өзіме алып келіп берсін де менен қалағандарын алсын!-деп.
Сонан соң Қызыл Арыстанның өзіне қарасты елден Қотан би шығып, өз ұлы Болатқожаны жүз жігітпен жіберді:
- Сендер барып шақырып келіңдер,- деп.
Бұлар келген соң, бұлар оларды ертіп қайту былай тұрсын:
- «Қайт!» деген сөзді айтпаңдар, өздерің де қайтпаңдар!,- деп өздерін жібермеді. Және келгендер олардың өмірін көріп қайтқысы келмеді.
- Аты бестісінде қартаятын, жігіті жиырма бесте қартаятын, көкектен басқа құсы жоқ, көк шөпті жұлғаннан басқа ісі жоқ, Сарттың отыны мен көмірін тасып бергеннен басқа көрер қызығы жоқ елден не аламыз?, - деп бұрқырапты.
Біраз күн қызыққа малтыққан соң, Алаша оларға бұл сөзді ұзартып айтыпты:
- Еркегі ат болатын, ұрғашысы жат болатын,
Тымақты тақияға айырбастайтын,
Пышақты қасыққа айырбастайтын,
Тары менен бидайдың нанын жегенге,
Жаман тары көженің суын ішкенге әлдеқандай болып мас болып құтыратын,
Сәбиі мейірімі аз тас болып туылатын,
Бөдененің бір санын жегенге күпті болатын,
Сарттың жаз болса тұзын, қыс болса отын мен көмірін тасып бейнет тартқаннан басқа көрер қызығы жоқ жерде не ақыларың қалды? -деген соң Болатқожаның адамдары:
- Рас-ау, рас!, -деп тобымен қайтпай қалады.
Сонан соң Қызыл Арыстан хан қайта-қайта кісі салдырсада бұлар қайтпапты. Сонда хан қасынан шығып барып келген Тентек абыз қайта келгенде, хан сұраған екен:
- Абыз, не көрдің?, - деп.
Сонда Тентек абыз айтыпты:
- Ұлытауға бардым. Бұхара өлкесінен көрмеген төрт нәрсені көрдім.
Бағылан семіз қозыны таусай береді екенсің, сары қазыны мойындарына асып жей береді екен. Қазы-қарта ғана ма, жал- жая, жылқының сүрі еті дөңбек болып үйіліп, аспаздары соны тіліп жіптей ширатып отыр ұзыннан-ұзаққа көзді арбап. Мені де жолымнан қалдыра жаздады. Сары қымызды дәрия қылып сапыра береді екен. Бір күнде қырық саба, елу саба қымыз толтыратұғын үйлер бар тіпті десеңіз. Сәулетті қыздарды жандарына сәукеледей тізіп қойыпты. Құдайдың құтты күні құшқаны елде жоқ ессіз сұлу қыз- келіншек. Сал-сері бір ел екен. Олардың мұнда келгеніне үш жыл болған. Осы жолғы «Үйсін мырзасы, қолбасы Бақтияр ағаң мен хан баласын алып кел!» деп жіберген жүз жігітіңіз Сары-Арқаның қызығын қимай тұрып қалыпты.
- Енді бұлар бірігіп бір ел болып біздің елмен жау болып жылқы барымталады,- деп күйінді хан.
Сонда Тентек абыз тартынбай:
- Осы жолғы жүз жігітті бастап барған Болатқожаңыз Алашаға еріп ел шапқанда соғысуын жан аямай соғысады екен. Олжа бөліскенде алмайды екен «кісі ақысы қиын болады» деп. Затында, сүйегінде абыздық бар екен. Сонан оны Алашаның төңірегіндегілер Болатқожаны, қайда барсада жолы ақ болғандықтан Ақжол атап кетіпті. Болатқожаның адамдары осы алты айдың ішінде әлден орнығып, Алашаның көзіне қарашығы болып сіңіп тұрып қалыпты.
Тентек абыз бір нәрсені айта алмай, іркіліп отырған еді. Түйіле түскен қабағы мен жөткіріне бергеніне қарап назалы хан оған үңіле қарады да:
- Басқа не көрдің? Су ақса аяғы - көл, көл деген кетпес мөр. Неден іркіліп отырсың?
- Айтсам ба, айтпасам ба екен? Майқы би оларды аз демей, аймағы алыс демей барған екен.
- Не дейсің?
Ханның үні қаһар аралас шықты.
- Өз шежіресін Алаш деген алыптан тарқататын Майқы би мен Алашаны ел сыйлап, Майқыны Алаш би атап, «ел құрсақ еліміз - Алаш, ханымыз - Алаша болады» деп Шұбароба, Қосқора деген сілемдердің бұлағынан басталған бір өзенде осыған бата қылысып, әлгі өзенді Алашби өзені атап жіберіпті. Ол суды Алашбай деп те жүр.
7
Алшын тарауы
Көршілес елдер жау болып,
Ойлағаны дау болып,
Кетіпті бір кез берекем.
Алғыр судың бойында,
Алшын деген аз ауыл,
Қытайменен жау болып,
Көшіпті, салып қарауыл,
Аттың мініп жарауын.
Көтеріп көшкен іргені,
Жиынды ноқта, сіргені.
Қарттар мен ерлер жиылып,
Ортаға салған білгенін.
Айтулы ерлер бар екен -
Жүйріктері баптаулы,
Найзалары саптаулы,
Сауыттары сақтаулы.
Қозы жауырын көк жендет -
Қорамсақпен қаптаулы.
Ерлердің сойы бар екен,
Бірінен бірі мақтаулы.
Жауларын жасқай ұрысып,
Біртіндеп төмен жылысып,
Сырдан төмен салада,
Еділ, Жайық, Жем, Сағыз
Елек, Қобда саласын
Мекенденіп кетіпті.
Кіші жүздің баласы.
Темірдің басы құба бел
Сол жақта қалды бөлініп -
Әлім аға бөлек ел.
Еділдің басы - Мыңтөбе,
Жайықтың басы - Орал тау,
Електің басы - Есенбай,
Қобданың басы - Шоңмұрын,
Жемнің басы - Мұңалжар.
Қонысқа солай тараған.
- Қашаған Күржіманұлы
Алшын атауының шыр етіп дүниеге келген жері - Алшын өзені. Ендеш, Алшын атауы қашан шыр етіп дүниеге келді?
257 шақырымға созылған Алшын өзені ҚХР, Хилұңжияң өлкесінде. Бұл өзен 1927 шақырымға созылатын Шұңғар өзенінің бір саласы ретінде белгілі. Алшын өзенінің атауы жергілікті Маньчжурлардың тілінде «алтын» деген мағына берген. Біздің Байұлындағы Алтын руының Алшын деп те аталатыны, оның ішінде Шұңғыр руының болуы, Шұңғырдың екі үлкен тармағының Алсай атанып осы Алшын өзенінің тарихымен тығыз қабысуы олардың Алшындардың негізін қалаған ру екенін, олардың түп тарихының осы екі өзеннен басталатынын білдіреді. Алтын руының жалпы Алшынның ортақ таңбасына айналған екі бұрышты шошақ таңбасы осы Алшын өзенінің екі бұрышты шошақ таңбаның сызығы сияқты бұрышталып ағатын көрінісінен алынған. Қарасақал руының да осындай таңба қолдануы, оның ішінде Шұңғырмен үндес Шіңгір руының болуы, ол рудың да осы Шұңғар өзені бойынан шыққанын білдіреді.
Шын мәнінде, Алшындардың Алшын деп дара аталғанынан бері де арада 1800 жылдық тарихы бар.
Заманымыздан бұрынғы 3 ғасырда Қытай жерінде патшалық құрып, патшалық ыдырағаннан кейінгі олардың Қытайға айналып кеткен бөлегі шежіреде Кеншін аталады. Солтүстік-Шығысқа қарай қоныстанып өзін сақтап қалған бөлегі шежіреде Алшын деп аталады. Шежіреде Кеншін мен Алшынды ағайынды етіп таратады. Осы атаулардан Ал мен Кен сөзін алып тастасақ, елдің Шын, Шін деген төл атауы шығады. Осы қысқа сөз алтын деген мағына береді.
Алшындар «Үш Сиық» деп те аталады. Себебі, Бақсиық, Сұлтансиық, Қадірсиық деген үш атадан барша Алшын өздерін таратады. Қытай тарихында Сиық-Шын деп аталатын қауым осы аталған өзенде өмір кешіп, олардың осы атауы 5 ғасырға дейін тұрақты сақталды. Қытайдың ескі тілінде бұл Сиық сөзінің Сюк деп оқылуына қарағанда бұл кәдімгі ру ұғымын білдіретін «Сүйек» сөзінен келіп шыққан. Қазақ ру сұрағанда «сүйегің қай ел?» деседі. Алшындар үш сүйектен - үш рудан тұрады деген сөз. Ескі Алшындар Бақсиық, Сұлтансиық, Қадірсиық болып бөлінсе, кейінгі Алшын қайта жіктелгенде Байұлы, Қаракесек, Жетіру болып тағы үш сүйек тәртібін сақтағаны содан.
«Алшынның аға баласы» ретінде Әлімнің құрметтелу себебі заманымызға дейінгі 3 ғасырда осы Сиық-Шын қауымына Елу руы жетекшілік ете бастады. Елу руының аты Маньчжур тіліндегі нұсқада елік ұғымын береді. Онсызда елік атынан шыққан Елу руының ұрпағы болған Әлімдер бүгінгі күні Елек өзенінің бойында отыр. Өздерінің атауының мәнін «елік» деп түсіндіретін Уілта қауымы Сахалинде, Уілшы, Олшы деген қауым 3 мың адам болып Хабаровск өлкесінде отыр. Елу руының бір жұрнағы осылар. Елу руының осы әуелгі аты шежіреде Алау деп алынған. Сиық-Шын елінің Елу-Шын болып біржолата жаңа атқа көшуі 5 ғасырда орындалды.
Сонымен, Алшын деген атаудың басталуына 1800 жыл толып отыр. 1 ғасырда олардың Елу руынан кейінгі орында Сахара-Музе руы тұрды. Алшын шежіресінде оның атын Сары-Мырза деп алады. Вдегей, Взегей деп аталатын қауым Маньчжурлар тарапынан Сахара деп айтылатын. Сары-Мырзамыз осы. Бұл қауым Приморск өлкесінде 2 мың адам болып отыр. Сахара-Музе руының аты 6 ғасыр бойы жаңғырып тұрды да, 7 ғасырда олар Мохе деп аталып, бүкіл Алшынға ие болды. Шежіреде Мохе атауы Мөңке деп алынады. Мохе, Мөңке атаулары «бұғы» деген мағына береді. Осы атауды иелеген Еменкі, Емен деп жүрген қауымдар Қытайдың Ішкі Моңғол, Хилұңжияң жерлерін және Сақа елін, Красноярск өлкесіндегі Еменкі ауданын, Хабаровск өлкесін, Магадан облысы мен Бурятияны, тағы бірқанша жерді 105 мың адам болып мекендейді. Қазақ шежіресінде Мөңкенің алдында Ораш деген атау тұрады. Осы ең ескі Алшын атауын сақтаған Орош, Орошон қауымдары 10 неше мың адам болып Қытайдың Хилұңжияң, Ішкі Моңғол жерінде отырса, олардың енді бір тобы Хабаровск өлкесінде отыр.
8 ғасырда Мохенің Бохей деген екінші атауы да қалыптасып үлгерді. Құдіретше 19 ғасырдағы Алшынның Жайықтағы шағын ордасы Бөкей деп аталмады ма?! Алшынның Бохей атанған кезі 10 ғасырдың аяғына дейін әйгілі болып тұрды. Солтүстік-Шығыс Қытай жеріндегі халықтарда «қара» сөзі ру деген атаудың орнында қолданылған. Сондықтан, Әлімдердегі Қаракесек, Қарамашақ-Төртқара, Қарасақал руларының атындағы «қара» сөзін алып тастасаңыз, рудың төл атауы шығады. Алшынның аға баласы - басқарушысы болған Әлімнің қара шаңырағы ретінде Қаракесек руының ардақталу себебі Хисюк руы жоғарыда аталған Елу руының ішінен жарқырап шығып билік ұстады. Хисюк деп аталу себебі олар бастапқыда «қара сұйық» деген мағына беретін Хисүй өзенінің бойынан шыққан. Осы Хисюк атауына руды білдіретін «қара» сөзі қосылып, Қаракесек аты содан шығады. Қарасұйық өзені қытайша қазіргі уақытта Хилұңжиаң деп аталып, бір үлкен өлкенің атына айналған. Өздерін Хызе деп атайтын жаңағы Хисүй руының тамтығы Хабаровск өлкесінде және Қытайдың Хилұңжияң өлкесінде 17 мың адам болып отыр.
Алшынның енді бір тірегі болған Алтынның Шұңғыр руының Бұйра тармағынан шыққан көсемдер жоғарыда айтылғанп Қаракесек көсемдерімен бірігіп, Таң патшалығы мен Түрік қағанатының бірлескен шабуылынан қираған Когурё елінің жеріне басып кіріп, Бохей патшалығын құрады. Билік негізінен Бұйра руының қолында болды. Осы Бохей елі қытайша Бохай деп дыбысталып, Қытайдың қылтамағындағы теңіздің аты да Бохай теңізі атануда. Осылайша Алшынның ол жақтағы «шығыстағы Бөкей» деп айтуға лайықты патшалығы 926 жылға дейін дәурендеді. Осы патшалықты құрған Зорың деген көсем патша болған соң өзіне «Гауван» деген атақ берсе, біздің Алшынның «Қоғам бидің баласымыз» дейтініне жақын келеді. Зорың есімі Сырым болып сақталып, 19 ғасырда Қазақ арасында Сырым батырдың арқасында қатты бір жаңғырды.
Ескі Алшындардың төрт кәсібі болды: балық аулау, аң аулау, егіншілік, мал бағу. Алтын қазумен айналысуды да жақсы білді. Шын, Шін деген ең ескі атауы мен одан кейінгі Алшын атауының олардың арасында ежелден бері «алтын» ұғымын беріп келгенін айттық. Сондықтан, кейінгі Қазақ арасында Алшынды «найзасының ұшы - алтын» деп әспеттейді. Алтын-Жаппас рулары Алшын-Жаппас болып айтылады. Қазақ шежіресінде Әз-Жәнібек хан Алшын руына Алтынды тұтқа еткенде, оған көтермеші орынбасар қылып Жаппас руын, Алшынның ат байланар дересі қылып Адай руын сайлайды.
10 ғасырдың ортасында Алшындардың Бохей елі ыдырап, Қытай қысымы күшейген кезде олардың недәуір бөлегі Алтай-Саянға ауып кетті де, оған дейін бұл жерге Елухы өзені алабынан ауып келген Алшындардың қарасын көбейтті.
Қашаған жыраудың «Алғыр суының бойынан Қытайдың қысымынан ауып келген елміз» дегеніндегі Алғыр суы Қытайдың қылтамағында тұрған Ляуниң өлкесіндегі ұзындығы 1345 шақырымға созылатын Елухы өзен. Қытай қысымынан бұл жерден Алшындар 7 ғасырдан бастап ығыстырылған. Екі дүркін көштің легімен Алтай-Саян тауына ауып кеткен Алшындар ру-ру бойынша қоныс иелеп, содан бері Красноярск өлкесінде және Томбы облысы жерінде Үлкен Кете, Кіші Кете өзендерінен тыс Кете деген рудың болуы ғана ма, Красноярск өлкесінде Таз өзені және Кемер облысы жерінде Үлкен Таз, Кіші Таз, Қара Таз, Үлкен Таз өзендері бар. Красноярск өлкесінде Тана өзені мен Беріш өзені орналасқан. Одан батысқа қарай Берішкөл бар. Алтай республикасындағы «Қазақ аудан» саналатын Қосағашта Адай көлі бар. Қытай қарамағындағы Адай құрамындағы маңызды ру саналатын Жеменейдің атында Жеменей өзені бар. Алтайда Қатын өзенінің бір саласы ретінде Шеркеш өзені бар. Красноярск өлкесінде Үлкен Телі өзені мен Кіші Телі өзені, Кемер облысындағы Телеут руы және Алтайдағы Телеуіт, Теле көлдері Телеу руының бір басына жиналатын құтты атаулар. Саумалдай сапырылған осындай сары көлдердің мойынын қысып жатқан қара бұғаздардан ескілікті Алшын әнінің әуезі көтеріледі.
Енді осы рулар ежелгі Мөңке деген атауының көпшесі болған Маңғыт деген атты иелеп, Шыңғыс ханның жорығына ілесіп Алтай-Саян тауынан дүрк қотарылып, сол тебінмен Еділ-Жайық, Елек-Қобда, Жем-Сағызға жаппай қоныс аударады. Біздің 8 ғасырдағы Алаша ханның жанынан табылған Алшындар бұл екі көштегі Алшындар емес. Бұлардан көп бұрын, 4 ғасырда Алшындар Ғұн көшімен Тұранға келіп орнығып, кейін Үндістан барады. Олармен бір уақытта Қоуан деген үлкен бірлестіктің аты мәшһүр болды. Сөйтсе, Алшындар осы бірлестіктің ең күшті тобы екен. Алаша хан аңызындағы Алшын атасы Қоғам би дегені сол Қокан елі.
«Алашаны алып келіңдер!» деп жіберген Болатқожаның жүз жігіті қайтпай қалған соң, «рахат пен мастыққа, сүрі етке басы айналмайтын жаужүрек» деп Қызыл Арыстан хан Алшынның жүз жігітін жіберіп оларды қайтарып келуге жұмсайды: - Алаша балам келсе, Бұхара аймағында жамбасына тақ та бар, қауызын су атқақтаған бақ та бар. Сендер барып жатып алмаңдар. Шақырып келіңдер, -деп. Алшынның жүз жігітіне бас болған Алдияр батырдың жанына 13 ақсақал қосты. «Есеп саны 313 ке жетсе, дүние жүзі жиылса да бетіне сыймайды» деп ырымдағаны екен. Бұған дейін жіберген 200 адамынан кейін жібергелі отырған 113 адамы осы. Үндемесе де, үйден шықпасада бәрібір еңбек дегендей, қайрандап қалған Қызыл Арыстан хан үйде жатып, жұмысты жайлап жатты. Ұлытауға үдере жетуі жетіп-ақ еді.
- Дені сау жас азаматқа жалғанның қызығы мұнда екен, - деп олар да қайта алмады.
- Тіл ұшымен ішкені - жылқының сары балы, қойлары домбырадай маңыраулы. Сары қымызы саптаяқта өзінен-өзі сапырулы, қазы қартасы қатырулы, жал-жаясы жапырулы. Құдайдың құтты күні құшқан қыз-келіншектен гүлдің иісі шығады. Мұндай қызықты көрмегеннің көзі шығады, - деп орнығып тұрып қалды.
- Алашаның айналасының байлықтан асып-тасқандығы сондай: «Қымыз озені деген өзен ағызамыз!» - деп бір жыраны қазып, қымыз құйған екен. «Сарысуға жақын сайды қымыз өзені қыламыз!"- деп қазып, қымыз ағызғаннан бүл күнде «Ақсай» атанған екен деседі. Ақсайдың аяғына қарай боздап аққан судан Бозшакөл пайда болған деп қылғына айтып, қылғыта сөйлегендердің топаны басылмай тұр.
Алашаның бабалары Шахрисабздағы Қазақ қаласының хандары болған соң, үш қолбасыны ертіп, ердің ері, егеудің сынығы болған таңдаулы үш жүз жігіті әр елден жылқы алып, теңдік бермейтін бойдақ болған соң, бұлар «Зиянды Қазақ» атанған. Баяғыда анасымен бірге баланы Сырдан өткізіп өз асын өзі алып жей алатын болғанға дейін қарайласқан қырық жігіт, Бұхарадан шыққан сол қырық жігіт Алашаның атағын естіп қырық жастағы қырыпсал кездерінде, қырық үйлі болып іздеп келіп тапты. Өз жұртына өкпелеген, одан қашқан, мұнан қашқан, бәрі бұларға келіп тығылып, әуелде 75 киіз үй болып көшіп жүрген Алаша енді өз алдына өзегінен тепсе өлмейтін ұйыған жұрт болды. Жан-жақтан келіп қосылып жатқандар бірі Үйсінің жүзіне барам деп, бірі Болатқожаның жүзінен ақыл табам деп, бірі Алдиярдың Алшын жүзінен найза алам деп сіңіп кетіп жатты. Бәрінің түбі Алаш болған соң, Алаша сонда «Алаш!» деген атты ұранға қойып, жауға шапқанда, «Алаш, Алаш!» деп шабыңдар! Өз кісіміз екенін сонан білейік. «Алаш, Алаш!» демегенді әкең де болса ұрып жық!- деп бата қылысыпты. Алаш ұранды Қазақ бидің баласы жанжал, ұрыс, төбелес болса «Алаш! Алаш!» деп айхай салса естіген Қазақта ес қалмайды. Ал, шайқас даласында бұл ұранды айтпағандар жауға теңеліп өлтірілген. Соның өзінде «не қылады?» деп Алаш ұраны шыққан кезде бей-жай болған біреулер аяусыз соққының астына қалып, кейі өліп кетіп жатқан соң «Алаш» дегенде ақырып тұрмайтын бір жан болмай, бәрі өңешінен от құсқан оғландарға айналыпты, -деп әңгіме етісіп жатты Бұхарадағы Қызыл Арыстан ханның сарайындағы жүз жігіттен бөлініп қайтып келген ақсақалдар.
Екінші бір ақсақал сөз алып:
- Алашаның Аққумақ деген ақбөкенді оздырмай діңкелететін аты бар екен. Жылантілме деген жазылғанда қоянның биіктігіндей ғана жазылып, жылан біткенді тұяғымен турап өтетін жүйрігі бар екен, - деп қамалда қамалып өмір сүретін Қызыл Арыстан ханды бір таңғалдырып, оның көзіне терезеден түскен қызыл шуақтың көзін шоқтандыра түскеніне қарап тұрды.
Үш жыл бұрын Болатқожамен бірге барып өзі қимай әрең келген Тентек абыз бұл жолы да 13 ақсақалдың тобымен барып, «хан аманаты» деп қимай-қимай әрең қайтып еді.
- Бұл жолы мені тағы таңғалдырды, -деді Тентек абыз, - Туада тәжді ұлыңыз құқайдан қорқып па, ақылмен құрылған торға да түспейді. Малын жанға, жанын арға айырбастаған шын ер бір бетінен қайтқан ба? Кектенсе бір қалпымен бұрылмайды. Алқаракес тонды шеберге піштіріп, бүргізсек те, ақсұңқар құс ілдірсек те, бөлулі байтал берсек те, берулі байтақ құрғызсақ та «оның бәрі менде бар» деп қолын сілтейін деп тұр. Намыстың жолында Қазбике деген керме иық келініңізді де құрбан қыла алады. Алаша айтпайды, айтса айтқанынан қайтпайды. Қазіргі Қазақ біткеннің ішіндегі ең маңдайы, әруағы күшті көсемі, сәулесі күшті шолпаны есебінде. Жаза басып, жаңылып сөйлеп құндағында көрген қиянатын айтып қалып едік, кірпіктері ұшынан найза атылып шығардай намыстанған ол...
- Сонда, -деді 13 ақсақалдың тағы бірі, - Сол барғанда жұлдыз құрттай жыбырлатып жинай берген жігіт-желеңі, бала-шағасын 2000 адамнан асырып алған екен. Қарашасын жиып наурыздама өткізгелі жатқан жерінен түскен екенбіз. Бәріміз тілдесіп көрдік, солай емес пе?, -деді сақалы ортасынан буылғандай жіңішкеріп барып жайылған ақсақал төңірегіне қарап. Төңірек дабыр-дұбыр етіп сөзін мақұлдай түскен соң, иығын қомдап алып:
- Алашамен тілдесіп көріп, кіндігіңнен Алаша деген ер шықты. Елдің қамын жер екен. «Мен шығайын!» деп жау келсе алдынан өзі жақтың көк жендетінше атылып шығады екен. Біздей жасы үлкендерге бір артық сөз айтпай, тыңдап, естіп «Әзіздерім, сіз білесіз!» деп кесе өтпеді. Өзінен бір жас кіші Алдияр бастатқан батырға «ботам, сен тұра тұр, мен айтайын!» деп кішпейілдік пен құрметін қатар жасап, алтын сауыт тарту етті. Бірақ, мұндай кішіпейілдігіне бола нәзік жаралған емес еді. «Жібектің үзілмейтін кендірімін» деп өзі білмейтін, білгеннің тілін алмайтын жарамасқа шоқпармен шекесінен шақ еткізетін дүрдің екі иығына екі бөрі қонып отырғандай!,- деп тебіренгенде аққан көзінің суымен сақалын сулапты. Қызыл Арыстан хан не дерін білмей қарап отыр. Кезінде араға түсіп ала маңдайлы сәбиді туа сала айыптап Сырдан өткізіп жіберген бәйбішесін ойға алып, жұдырығын түйді.
- Ел болғалы сыбағамызға тиген жалғыз мейрамымыз наурыздаманы жақсылап өткізейік!,- деп Алаша жақсы істі ұйғарыпты.
- Наурыздың жайын ұқтыратын «Салтдама» деген кітапты іштеріңдегі абыздар ашып, мына төрт төңіректен жиылып жатқан ел соның мәнісін білсін, - депті.
Тілі орамды, сөзге шешен ақсақалдар кітап ашылған соң бата қайырады. Бата қылысқан соң, бәрі шулап үн қосады. Олар қандай бата айтса солардың айтқаны айтқандай келіп, жұрт ілгері басып, малы да өсіп, басы да өсіп берекелі болады. Мал сойып наурыздама қылуға шамасы келмейтін енді қана қосылған жүз жігіт олардан алып жалғыз қой сойсада, наурыз күні бір қазан көжеге соның етін қотара салып «Алашаға жағынан бір тілім құйқасы болсада татырамыз» деп, басын сақтап қояды.
Бұған дейін қосылған күйлі мырзалардың сұлулары ірімшік пен майдан жасап, қарын-қарын жент сақтайды. Қыстыкүні «Бұл жентіңізді қашан бастайсыз, бізге қашан татырасыз?- деушіге: «Шырақтарым, әлі Самарқанның көк тасы деген анау Самарқанға жақын үңгірден табылатын, күн нұрына жібитін қасиетті көк тұзы жібігенде, бұл жент те өзі балқып, босайды. Сонда бастаймын! Осы күнде қайыршақтай қап-қатты, пышақ өте ме?» деуші еді. Майқы бидің айтуында бәріміздің түп атамыз болған Алаш бабамен Наурыз баба бір әкеден қатар туады. Алаш баба Алашаға дейін көп уақыт бұрын жасаған ескі адам. Наурыздың аяқ астынан бұл дүниелік дәмі таусылып, арғы дүниеге сапарға кетерінде бір туғаны Алашпен бақұлдасып:
- Күн мен түнді теңестіріп бұл дүниеден тұқымсыз, тай күйімде кетіп барам. Артымда атым қалсын. Жыл сайын осы уақытта бір қазан көже қайнатып, Құдайы беріп тұрсын. Балаларыңа өсиет еткейсің мұны. Өзгеден озып бағың жанып, уысыңа ұйытып ел ұстарсың. Сол еліңе осы наурыздаманы тойлатып менің атымды естеріне сала жүрсең, -депті.
Сол есіне түсіп, Алаша:
- Ұлыспыз. Ұлыс болдық. Наурыз деген мұндағы барша келін-кепшектің қайын атасы жолындағы кісі аты, Майқы бидің айтуындағы дүниеден ертерек қайтқан бабамыз. Келін-кепшектер тергеп «Ұлы күн» дегейсіңдер.
Сонымен, бұлар Ұлытауда оқыр-оқыр қазанға көже толтырып ішіп «Ұлыстың ұлы күні» деп кеткен. Ұлыс атауы онсызда ескі тіл. Наурызды «Ұлыстың ұлы күні» деп кетерден аз бұрын қазандағы астардың буы бұрқырап тұр еді.
Алаша хан бір әредікте көжеге тойып қызара бөртіп, жұрт алдына шығып деген екен:
- «Елді, жүртты оңға бастаймын! Ілгері басуына, мал басы өсуіне тілеулес боламын!» деушілер, осы наурызды құрметтеп «Ұлыстың ұлы күні» атандырып, той-тамаша қылдыруға тырысуы керек.
8
Анау жақта той болатын сияқты,
Атысқалы тұрған қосын ойланатын сияқты,
Құстың үні бойлап ағып ұятты,
Бір ақ иіс қозғап кетті қияқты.
Осыларға соншама ұлы мəн беріп,
Бас қолбасы бөтен оймен əлденіп,
Шымырлаған ыстық қаны тосаңсып,
Менің жырым оны ұстаған жанға еніп.
Бүркей берді ол басына бұлт шапанын,
Бүгін сардар нəр татпастан жатады.
Неге бүйтті деген əскер тағы жоқ,
Əскерлер де ұқсас жырға батады.
Ой түбінен шөміш-шөміш күміс ап,
Əрбір əскер «сардардан да
көп алдым» деп қысылар.
Сардардың да миы толы - күміс от,
Өз ойларын ұрттап отыр тыныш ел.
Манаураған күлгін мұнар домалап,
Тау біткенің бүйі құсап бүрісер.
Сардар шешіп дулығасын- бір ойын,
Көк лашынын ұшырады - үрейін.
Көк құсынан босағанда алақан,
Жəне бір ой сыйпап қонды жүрегін.
Неткен сұлу бітпейтұғын бұл мазмұн,
Қызылқұмның шөліне кеп ырғалды.
Қалың əскер тəтті ойларын өшірмей
жазу үшін, бейбіт сəтке шырмалды.
«Мен соғыссам, қару жырса етімді,
Осы ұлы ойым дей бер онда сетілді» -
Деп ойлады бірдей қалың жауынгер,
Бұл майданға келгеніне өкінді.
Қарсы алдында - Жаудың ұлы ақыны,
Шабыт торлап өне-бойын, бақырды.
Арлы-берлі бұлғалаңдап жыр шырмап,
Ескірген бір əулиенің құм жырларын сапырды.
Осы ұлы ақын жырмен жауын тылсымдап,
Жасақ біткен күміс ойға шыңғырлап.
Бəрін шабыт басып кетіп, ой таптап,
Арт жағына қайтты қосын мыңғырлап.
Осыдан соң қаңлы біткен қайтты артқа,
Өз-өздерін күміс ойға арқандап.
Қаңлы ханы ордасында бұл сардарын аямай,
Кесек басын қиып түсті талқандап.
- Ежелгі Қаңлының өксік жырларынан
- Қазақтың өңешімен оқ жұтқан шежіресі ғой!, -дейді.
Ханымы балбырап тыңдап жатыр.
- Бір кезде әлемді кезіп мәңгілік өмір шуағын өнерімен шашуға рұқсат алған Қаңға баба әу баста хан атанбай тұрған кезде, балбал жасаудың шебері болған екен. Бәдізші Қаңға баба күн-түні сүйіспеншілікпен балбал соғып, өлінің өңін ойып, құшақтап тамға сүйеп, шығармашылығына ұйығаны сондай, ішкен асы суып мұзға айналыпты, шабыттанған иығы көтеріліп құзға айналыпты.
Бір күні Құдай асқақ нұр берген екен. Тәжі толы басына таудай нұрды көтерген көп қанатты Құдай жіберген кие самұрық болып, қара түнді алтын жапырақ қанаттарымен дүркірей кесіп өтіп, осы ұлы нұрды Құдайдың әмірімен «шынайы бір жанның төбесіне» құйып етпек болып даланы, тауды, қаланы кезді.
Сол кезде самұрық бейнелі көп қанатты киенің көңілі - өз ісіне ерекше сүйсініп, жұмысын жасап түні бойы ұйықтамай, жасаған балбалдарын тамға сүйеп құшақтап отырған Қаңға бабаға түсіп, киелі нұрды тегешімен үстіне құйып жіберіпті. Баранды үйден сәуленің шамы жанып Қаңға бабаға мәңгілік тірі болудың емес, өнерімен аты мәңгілік өмір сүретін, жер бетін даңқы кезіп, жақсылардың көкірек көзін ашып құт үлестіріп жүретін мейірім патшалығы болған артқа қалар білім, көркем ой беріліпті. Бір күні осы мынау ұлы Қазар теңізінің бойынан озып Қаратеңіз, Азаулы теңізіне ұзап сандала - сандала сапар кезіп озып кетіпті. Қаңға бабаның өз елі тынышталмай, бей-берекет күнге тура келіп, соғыста босқан елдің қатарында жаңағыдай теңіздерге озып кеткен Қаңға баба Ағры тауын аңсап, Мәрмәр бұғазынан бері өтіп, Жер-Ұйыққа жақын Сұпқан таудың ойынан, Уан көлінің бойынан біздің бабаларға белгісіз бір қауымның сұлу қызын алып келіпті.
Жер-Ұйықты тауып Ұйық деген қала салып, Кеңгір деген патшалық құрып, Ұйықты Мекіре деген ұрпағына ұстатып бұл дүниенің аспанына қайтқан екен. Мекіре Қаңға бабаның атына арнап алтынмен аптап, күміспен күптеп қорған салайын деп, оны қаптайтын көкмия деген жақұт тас табылмай, аналадың иесі - Ененеден кеңес сұрайды. Алтын-күміс аздық етті, көкмия тас тіптен жоқ. Енене ойланып отырып:
- Алыстағы Арқат елін алыссынбасаң, көкмия тасты сол елдің билеушісі Сүгір-анадан сұрап кісі жібер. Жіберген кісің Сүмбе тауынан асып, Созға жетіп, Анжанды кесіп өтіп, тағы үш таудан өтіп, Арқатқа жетер.
Арқатқа жіберген елшісі аман-есен жетіп, Сүгір-анаға бұйымтайын айтқанда, Сүгір-ана «көкмия тастан арба-арба қып беретінін, орнына астық беруін, елінің асыл тастың үстінде отырсада астыққа жарымай отырғанын» айтыпты. Сонымен, тас пен астық алма-кезек тасылып, Жер-Ұйықтан жеткен астыққа аңтарылған Арқаттықтардың есі кете бастайды. Жел иесі - Ысқыр келіп Арқат елінің астықтан мол өнім алып, жинауына жәрдем беріп кері қайтады. Мекіре Қаңға бабаға арнаған қорғанын алтынмен аптап, күміспен күптеп, көкмия таспен жақтауларын әсемдеп жарқыратып тастайды. Елі өзінен көрі Ұйықтағы елді ұнатып, аңсары алысқа ауғанын байқаған Сүгір-ана ел назарын өзіне аудару үшін Мекіреге екі елден балуан салып, күш сынасуға шақырады. Арқат елі алып балуандарымен, ерекше күресу тәсілдерімен әйгілі ел еді. Арысқа түскен екі бура балуан алқын-жұлқын алысып, ойда-жоқта адамдары көп күресе бермейтін Ұйықтың балуаны қапысын тауып оның балуанын алып ұрады. Амалсыз дағдарған Сүгір-ана балгері мен кеңесшісін шақырып кеңес сұрайды. Балгер сонда бүй дейді:
- Әскер бастап барып жаулап алайық.
Кеңесшісі бүй дейді:
- Біздің жеріміздің оңтүстік-батысы теңізге тіреледі. Оның Ұйық өлкесінің оңтүстік ауызын да теңіз шайқап жатыр. Олардың шетелдерге таситын астығын біздің кемемізбен тасуға көндіріп пайда табайық. Сауда жолын тұйықтайық.
Екеуіне де Сүгір-ана ләм-мим демеген соң, балгер қайтадан тыпыршып:
- Олардың малына ауру таратайық, -демесі барма?! Қызғанышы қозып тұрсада, ізгі патша ана шарт кетіп балгерін тыйып тастайды. Ақыры, «жығылған күреске тоймайды» деп мақал айтып, балуан күресінен кейін жеңілгенін мойындап қызғанышын сол арада уақытша болсада тоқтатады. Бірақ, «заттарыңды біздің кемелермен тасыңдар» деген орынсыз талабын қарсы жақ қағып тастаған соң, балгердің алғашқы ақылы көңілінен өтіп көп әскер жасақтап, «Жер-Ұйықты тонаймыз!» деп аттанады. Олар таулардан асқанда, Ұйық ханы Мекіре әскер жинап оларды тойтарып, елін барып шабу үшін Сүмбе тауынан асады. Жол бойында оның ұлы Ер-Келменді ауырып, оны үңгірге қалдырып, әскерлер алға шеру тарта береді. Ер-Келменді жаратушыға жалынып шипа сұрап сонда бір құс келіп оның ауызына сүт тамызады. Құс сүтін алғаш көріп аң-таң болған патша осы құсқа «Емізет» деген ат қойып киелі құспен достасып, оған кеткен әскердің бағытын көрсетуді сұрайды. Осы құстың көмегімен жол тауып, Соз, Аншан далаларын кесіп өтіп, таулардан асып соғысып жатқан әскерлерге барғанда ел әскерінің Арқат әскерінен қатты соққы алып, жанталасып жатқанын көреді. Мекіре болса қиналып, елге қайтып өзін қолдайтын, аналардың иесі болған киелі Ененеден кеңес сұрауға ұлын қайта аттандырады. Енененің ақылымен Мекіре тастан бомбы, темірден тебінді қару жасатып жауын жеңіп, Арқат еліне жетіп, самырсындардың арасында кірпішпен қапталып, көкмия асыл тасымен қабырғасы өрілген әсем қалаға тап болады. Бұл Арқат елінің астанасы еді. Мекіре ел астанасын ақыры жаулап алады.
Әңгіме жібі үзіліп, екеуі шымылдық ішінде ай бетіне ай бетін жақындатып, өзара аймаласып көрді де, жалғыздық азабын алып тастайтын дәрінің дәмін татты.
Ханымы соңғы кездері 13 ақсақалмен көп әңгімелесіп, көп шежіре ұққан Алашаны тыңдап жатып:
- Сіздің атыңызды неге Алаша қойды?, -деді.
- Үйсін - Үйсін болғалы ел қатарына қосылғаны Құлжа бидің тұсы екен. Бала күнінде елін жау шауып, әкесі Мәнді бекті өлтіріп, жұртта қалған баланы бөрі емізіп, қарғалар жем тасып асырапты. Көне елінің самұрығы Боданшарға бөрі асыраған баланың жайын біреулер жеткізген соң, бұған таңданған билеуші оны «киелі бала болды» деп танып, құлжа сойып, асықты жілік ұстатып өзіне бала қылып, Құлжа деп ат қойыпты. Ол заманда аңшылықта түлкі аулағанды емес, құлжа аулағанды бағалайды екен. Құлжалы оралған адам ең бақытты болып көрінетін болса керек. «Құлжалы оралдым» деген сөз кейін «олжалы оралдым» болып айтылып жүріпті. Шаңырақта жаңа сәби дүние есігін ашса «құлжалы болдым - олжалы болдым» деп, оған арнап құлжа сойып, қалжа сөзі содан шығыпты. Ер азаматтарды намыс буғанда «менің шешем босанғанда маған да бір қалжа сойған» деп кеуделенетіні содан болған. Сонымен қалжаң да, олжаң да құлжадан келіп отыр. Көне елінің самұрығы Боданшардың тауып алған баланы олжа көріп оған құлжа сойдырып, асықты жілік ұстатып, Құлжа деп ат қойып бала қылып жатқаны соның жолы. Құлжа, Қалжаты деген жер аттары сол кісінің мекендеген жерлері. Мені Майқы бидің Ұлуша деп атағаны бір жағы тау етегінен тауып алып олжа көргені, екінші жағы мені де тауда бөрі емізген киелі кездер болған. Сондықтан, бөріні ұлу деп тергеп айтып Ұлуша дегені.
Құлжа бидің Үйсін шежіресінде Қалша атанып кеткеніндей, мені Ұлуша болып ем, ақыры Алаша атап кетті. Майқы би айтып еді «өлген соң ордаң тігілген жеріңе салынған тамның маңдайшасына - елің бөрінің ізін ойып қалдырады. Айтқаным айтқандай-ақ келмесе көрші» деп, «ұрпағың Алаша деген ру болып, өз ішінен Ақбөрілі, Тоқбөрілі болып бөлінеді» деп. Кім білсін, абыз адам. Айтқаны айнымай келетін. Майқы би ақылы артық, ұшар қанаты бар пері болмағанымен, әулие бейнелі адам болып дегбірсіз, жанын өнер ұрған, әлем кезіп, ұлыстарды тануға құштар екен. Өзі де алдағыны болжап, әр нені тұспалдап қиналғанның жолына нұр сеуіп, біраз адамның көңіліне үйрек болып сүңгіп, діңіне алтын түймеш болып қадалып жұпарландырып жүрген. Соғдиананың тоғыз ханын өз қолымен таққа отырғызған алтын дәуірі қалай басталды, солай Түркеш деген қағанат құрып, Самарқан, Қазақ, Бұхара, Асар-Шан(Саржан), Шаш, Байбарақ, Қосан, Хорезм, Өтек қатарлы Соғдиянаның тоғыз ханының еңсесін тіктеп, мына мені де балбалдай қатып тұрған жерімнен «Болайын деп тұрған ұл екенсің. Болатын жеріңе жете алмай, қолына алып, қайырып салушының жоқтығынан құсбегі пішіп тіккен томағадай құнысып, жазыла алмай жүр екенсің. Жеріңе жетпей тұр екенсің! Кел, балам, қасыма мін!» деп адам қылды. Міне, енді қаншама адамды бағып, жылқы дауысына төңіректі толтырып, Ұлытауды ұя қылып отырмын.
Қаратауда өстім. Таудың қырынан құлжа аулап алсам, ішінен қырғауылдың етіндей ғана таңдаулы жерін ойып жеп, ойға төмен түскенше, ойынан қайта қырына шыққанша сол тістемнің өзі қуатты күш берді. Мен шаршауды сезбедім. Таулы жердің таңы сыз. Мені суықтан тауешкінің терісінен тігілген ішігім қорғады.
Күндіз ғой арудың бетіндей күн соншама жарық. Түнде қараңғы бола бастағанда, алдымен жұлдыздар алақанынан сәуле шаша
бастайды. Демек, аспан бетіндегі жаратушының киелері жер бетіндегі жануарларға, пенделерге қызыға қарайды, бәрі бізге ғашық.
- Айтасыз-ау жандырып! -деп қойды сыңғырлай сыбырлап ханымы, -Туа бітті маңдай тәжіңіз алашы құстың төбеліне ұқсаған соң Алаша аталды деп еді. Оны қайда қоямыз?
- Айтпақшы, -деді Алаша ұмытып бара жатқан сөзін есіне түсіріп жатып.
Қазбике ойын ірікпей:
- Оңтүстікке құмырсқадай қаптап жатқан Парсылар сізді Гург деп атап кетпесін енді, -деп сыңғырлап күліп алды, - Олар ұлуарды - ұлыманы солай айтады.
Қарлығаштан аумай құйғытқан қарала байтал секілді Қазбикеге қызығушылықпен қарады да:
- Айтса айтар. Қазбике-ау?
- Ау-у?...
- Есіме түсіріп жатырмын. Майқы атамның айтқан әңгімесі еді. Сені неге Қазбике атағанымды түсіндірейін деп. Жә, менің аталарым Қазақ қаласында билік құрып тұрған соң, өздері түгел Қаз-ата деген атты есімдеріне қосып жүргенімен, Алаштан кейінгі бабалардың бірде біреуінің ханымы Қазбике аталмайды. Неге?
Қазбике үнсіз жымиып бас шайқады.
- Кедері шежірешісінің айтуына қарағанда, ең алғашқы Алаш атауы солардың Қалаш Қыдыр деген бабасынан шығады екен. Қалашты оңтүстіктің халқы Қалаш, Қалша десе, солтүстіктің халқы Алаш депті. Қыдыр деген атынан Кедері руы өз атын алған. Қалаш Қыдыр бабаның соғыста әскері қырылып, қауға-қауға сайлар қанға толып, өзі де қатты жаралы болады. Бетпақтың шөлінде есі кіреслі-шығасылы болып жатқан көзіне қаз бейнесінде көрініп, көз алдында пайда болған бір ару батырдың ауызына сусын тамызып шөлден құтқарып, аюдың ақ дәрісімен жарасын жазып ажалдан арашалап, оның жұбайы болыпты. Екеуінің ортақ тілі жоқ. Белгісіз асқақ сұлумен, денесі аппақ мөрмен таңбаланған мөлдір, су сүйекті сұлумен ымдап ғана сөйлесіп өмір сүріпті. Қауымы бұған жалт қарап, «Қалаш ұл мылқау сұлу алған екен» деп күңкілдеп жүріпті. Бір күні тоғыз ай тоғыз күні толып, Қалаштың қадірі, қара шашты, аққу қыз қатты толғатып қиналып еденге бурыл талдарша бұрала құлайды. Тыпырлап, сырғақтаған алтын сұлу бозарып, әбден қуарып күйген кезде Қалаш дейтін еріне былай деп тұңғыш рет оның тіліне ұқсамайтын, бірақ естіген адам ұғынатын күйеуінің жұртына тілдес бір ұғымды тілмен тіл қатыпты. Сонда Қалаш таңданып тыңдап тұрған.
- Мені тыңда Қалаш дейтін жұбай жаным. Мен қазір-ақ өлемін. Қазірден бастап ана сүті орнына жүретін көк ешкі сауып үйрен. Атқосшыңа саудырма. Көр ішіне мені еркін толғатып жататындай етіп жерле. Құдайдың қалауымен қара көрдің түбінде ешкімге көрінбей босанамын. Баланың кіндігін өзіңнің мені иіскеп жарқылдаған ақ сүңгі тісіңмен кес. Ешкі сүтімен емізіп, алақаныңмен әлпештеп бағып-қағарсың. Көрден балаңды ал. Балаң жалқы емес, егіз болады. Атын Жайыл мен Сейіл қой. Сейіл деген менің қасиетінің қара шуағы қасқа тұманды айға жеткен түп атамның есімі еді, ұмытылмай балаңның егіз атында ұйқасып жүрсін. Жайыл балаң бір күні Жайылхан, Сейіл балаң бір күні Сейілхан болып өзгере жатар.
Аққу терісінен тігілген киім киіп, аузыңызға су тамызып, Қазбике атандым. Қазбике аналарының құрметіне ұрпағым өзін Қаз ұрқы деп Қазоқ атар, Қазақ қояр өздері-ақ атын. Қазақ дейтін кие түскен, әруақ қонған сол ұрпағың - аттың үстін төсектей жайлап өмір сүрген, ереуіл тартқан еңселі ер болып, бек сөзді, бекем мінезді, қолында ақ найзасы жыландай ойнап дұшпанның жүрегін көрген жерден айбынымен жымиып буындырар. Мыңғыртып айдап жүрген малы бауырын арда Ертіске жуындырар.
Қазағыңнан Жобан дейтін тұқым шығар. Жобаныңды Жұман, әлде Жұбан деп атар ұрпақ, -деп қаршыға сөзді осынша қайырған анамыздың аты Қазбике екен. Қаз деп аталуы сол Оғыз дегенді Үйсіннің Қаз деп қысқартып айтатынынан шыққан екен. Онсызда Оғыздар астанасын Құз деп атаған Шынымен, сол анадан туған ұрпақ бір мезет нағашыларының атымен Қаздай тізілген Қазақ атанып, арада ұмытылып, міне біздің кезімізде қайта жаңғырып шығып жатыр, -деп бір тыныстады Алаша.
Қазбике ернін бұлтитып, иегінің терісін жиырып еркелеп қарап тұрды да:
- Сол аналардай бола алар ма екенбіз!, -деп арман етіп көзінен үзіліп кеткен бір моншақ жасты қағып алған күйінде, күрсініп шаңыраққа бір қарап қойды. Сосын өзін тез сергітіп:
- Жақсы кеңес! Ыстық ықылас!, -деп жымиып ризашылық білдіріп үлгерді.
- Жобан бабалар бізден 550 жыл бұрын қағанат құрып, алтын саңырауқұлақтың алақанының аясына мөлтілдеп тұнған алтын судай болып, тағынан құламай көп отырыпты. Өзі мен ұрпақтары 330 жыл ел билепті. Майқы атам солай дейді. Түгел сөздің түбі бір, Түп атасы - Майқы би.
Сейіл ханды Сейіл шах деп те айтатын сол сегіз арыс Түрікпен баласы кейін Селжұқ атанып кетпесі барма?! Сейіл хан Қалаш Қыдыр атамның баласы еді. Сейіл ханның елі мекен еткен Әму суы Сейқон атанып, Жайыл ханның елі мекен еткен Сыр суы Жайқын атанып тұрғанын қайда қоярсыз деймін.
Аққуды бұрын «Қу» деп қана атағанымыз белгілі. Кушан патшалығын құрған Қалаш Қыдырдың кейінгі ұрпақтары өз алдына Қудар патшалығын құрып, қос аққу мойынды әшекейлі таңба қолданады. Қудардың Қыдыр болып Қалша бабаның атына қосып Қалша Қыдыр қылып айтатыны, ұрпағының Кедері руы болып шығатыны да аққуға байланған.
Бұған қарап Қазақтың «Қалаш Қыдырдың балалары анасы аққу кейіпте көрінген Қазбикенің атымен Қаз атанып, Қазақ сөзі содан шықты» дейтіні еш қиялсыз ақиқат екен. Себебі, осы Қудар, яғни аққулар мағынасын білдіретін елдің жұрнағы - Кедері руы дедік. Соғдиананы биелеген Алашаның алдындағы Қаз-ата атанған хандардың бәрінің қолданған таңбасы сол Худар жұртының таңбасының ықшамдалған түрі еді.
Алаша қырмызы қызыл уықтың басын қосып, төбесіне күлдіреуіші қанатын жайған самұрықты білдіретін шаңырақ қойып, киіз үйді алғаш жасатқан Уыз ханның өнегесімен Ордың қара ағашынан біраз елдің үй-жабдығын қайта жасатып, алпыс екі тоғанақ үй ағаштарын Ұлытауға әкелткен адам. «Қазақ - Қазақ болғанда, Алаш - Алаш болғанда, Ала тай ат болғанда, Таңбасыз тай, енсіз қой болғанда, Алаша хан болғанда, Үйіміз ағаш болғанда, Ұранымыз - Алаш болғанда, Үш Жүздің баласы Қазақ емес пе едік?!» деген 13 ғасырлық жыр сонда қалған.
«Сейіл ханнан тарадық» дейтін сегіз арыс Түрікпен баласы жиылып, олар «Уыз ханның Үш Оқ деген үш ұлынан тараушы едік» деп, кілең Үш Оқ емес, Боз оғы да аралас келген олармен одақ құрған қалған Қазақ баласы «Қазақтың Ақ, Жан, Бек деген үш ұрпағынан тараған Үш Жүз едік» деп, осы алтауы Алты сан Алаш болып. Осының бәрі 24 рулы ел болып, Бетпақтың шөліндегі Таңбалы-Нұра деп те, Таңбалы-Шұбар деп те аталған жерге 24 рудың таңбасын басып, Алашаны ханымыз деп танып, Алашаның хан сайланатын күні жақындай түседі. Үш Оқты Қазақтың ескі сөзі «Үш Уықты» деп те айтқан. Сол жерде Абыр, Оймауыт, Аққойлы, Қарақойлы, Шәуілдір, Салар қатарлы сегіз арыс Түрікпеннің таңбалары мен Алшын, Керей, Кедері, Қыпшақ, Байбақты, Шымыр, Қоралас, Жаппас қатарлы көп Қазақтың таңбасын күн сүйіп жылтырап тұрды. Таңбалының шығысындағы Қарақойын көлі мен құмының аты өздерін әуелде Қарақойынлы деп атайтын Қарақойлының отырған кезінен қалған белгі. Ұя таңбалы Ойма руы бір кезде Он сан Оймауыт атанып тарихты шайқалтқан. Таңбалы тасқа басылған таңбалар Қазаққа бір ру қосылған сайын көбейіп, тағы 7~8 ғасыр бойы тоқтаусыз таңба басылып отырады. Үш Жүздің баласы Қазақтың таңбаларында талас болса, сол тастан барып қарасады. «Міне, менің таңбам, Алаша ханның тұсында басылған таңба» деседі. Әубаста 24 рудың таңбасы қашалғанымен, ел үсті-үстіне көбейіп, Алашаның билігі Ұлытау, Кішітауда орнығып, Сарысудағы Ортау мен Кертауда, Есіл, Нұрада кеңейіп, қыс қыстауда Борсық құмы мен Баршақ құмына, Сырға ойысып, Қызылқұмнан өтіп Қарақұмға дейін жайылғанда, Алашаны хан көтерген Қаңлы ол кезде Қаңғар, Кеңгір деп аталып тұрған соң, Қаңлыны қаңқа етіп, Алаш одағының алты үйіне ұйысып, төңірегіне туырлық болып жабылған есепсіз көп руды ел санап айтып бере алмай, көзін жұмып, саусағын созып тұрып «Алпыс екі Қоңыр» дей салатын болыпты. Мұны күйшілер әспеттеп «Алпыс екі Қоңыр дегенің алпыс екі тараулы Қоңыр күйдің аты екен» деп «Ықыластың Қоңыры», «Майда Қоңыр» аталған күйлерді қанша жинап терседе, 62 күйге жеткізе алмапты.
Отыз төрт салалы Қаракеңгірдің атына Сарыкеңгір, Жездікеңгір қосылып, «Үш Кеңгір» аталушы еді. Байкеңгір деп аталатын теріскей жағында жатқан бір өзен кейін келе Байқоңыр болған. Ұлытау мен Кішітаудың о жақ, бұ жағынан Сарысуға құйған Қаракеңгірді өз ішіне алған жеті өзен Жеті Кеңгір делінетін. Жеті Кеңгірдің құйған жері - Қаражар деп аталады. Жеті Кеңгірге жақын құм «Жетіқоңыр» атанып бүк түсіп көзін жұмып, мүлгіп жатыр. Түлкі аяғы теппесе, борсық тұмсық тигізбесе быққан құм мұрнынан батып қозғалмайды.
Енді міне, сол Алашаның алдына Түрікпен билері жетті. Алаш одағына қосылмай тұрып келгендері еді.
- Қырға қырғауылдармен бірге тыпырлап шыға бастадық, -деп күрсінді Абыр би, содан кейін Алашаның жүзіне бажайлай қарап, - Қаңлының қалқасы боламын, Қаңлыға ұйыған Уыз ханның жұртын уықпен қоршаймын дегеніңе қуанып қалдым.
Алаша жымиып бас изеді. Көзі қызыл қорғасыннан бетер балқи қарап отыр екен.
Сол кезде сөз құйыны Шәуілдір биіне ауысты.
- Абдолла Әмірдің әскері Меруді алып, бұқамызды бауыздап, танамызды тізіп әкетіп, аяулы ахалтекеге бұтын артты... Оған да 60 жылға таяп қалды... Алпыс жыл бойғы азапты арқамызбен көтердік.
- Онсызда езуі тілік біткен түлкіні сойсаң езуі қалай ырсиып шығатын еді?! Енді сол Араб-Парсы жасағы Қарақұмды тіле, Әмудің шұратын іреп, қылтамағымызға пышағы тірелген соң, Алаша, өзіңді таптық. Осыдан 55 жыл бұрын Бөрі-Қобан Қаз-ата деген бабаң Ұлытауда Қаңғар одағын құрып, бізді де ішіне қосып еді. Оның сонда шыққан төбесі - Әулиетау атанып кетті. Атымыз Түрікпен болып алабөлектенгеніміз болса, біз де сол Қаңғардың бір тарауы емес пе едік?! Айтып-айтпай не керек, біздің Селжұқтың билік ұстағаны Қаңғар текті Қанық руы. Енді міне алтын арқаңда Алаш болып бірігейік деп отырмыз, -деп тоқетеріне тоқталған Шәуілдір биі Алашаның көзіне сынай қарады.
- Оңтүстіктің ойындағы Самарқанды қысқан Арабтар, біртіндеп Бұхара қатарлы қалалардың тамын тескілеп келеді. Құмда қыдырған Түрікпен баласы әйтеу аруанасының емшегіне қол созып, Әмудің балығын қақтап кептіріп, ахалтекенің арқасына жабысып бет-бетіне кетіп жан сақтауда. Қарақұмның ұсақ құмшығына айналып, тозаң болып кетер ме екенбіз деп қорықтық.
- Төбеге бұлт төнсе, сеңсең телпектілер, шөгірмелілер мен тұмақтылар, бөріктілер бірігіп, сәлделілерге салғау болар,- десті Алаша.
Қоржын қарнын бос тастап, аяғын жазып отырған Түрікпен билері мақұлдасп бас изесті.
Өткенде Алаша ханның кілең Үш Жүзден тұрған жасағы оның хан аталары тұрақ еткен, теңге шығарған сүйікті қаласы Байбарақтың түбіне жиналып ақыл қосқан. Самарқанды басып жатқан басқыншыларды бір шошытып, қаланың солтүстік қорғанын қиратып, сол шайқаста алғаш рет «Байбарақ» деп ұрандаған еді. Содан бері Алаша руы жау біткенге тұйғындай тигенде «Байбарақ» деп ұрандайтын. Кейін Алаша руының өзінен Байбарақ деген батыр да шыққан екен.
«Көшкен жұттан құтылады, қашқан жаудан құтылады» деп қырға жиылып, ойдағы өлермендерге қарсы күштерді арт-артынан өзіне жинай білген Алашаға мына сегіз арыс Түрікпеннің келіп қосылуы осы жолғы шайқастың даңқын естіп, қияндағы қырпулы күшке үміт артып, одақ болғаны еді. Самарқанның түбінде шаңқылдап қайтқан күн кеше ғанп. Қырдағы қырандардың соңына түсетін ойдағы ойраншының әскерлерінің көп кешіпей жетіп келіп, бұлардың аз екенін біліп шауып алуы бүгін, ертең болғалы тұрған бір қауіп. Осыны ескеріп, Алаша етегін қымтап, сегіз арыс Түрікпеннің шоқпар көтерген шомбалын іріктеп қатарға қоса бастады. Түркештің бұл кездегі қағаны Сөге-Дәу еді. Майқы бидің дүниеден өткеніне 3 жылдан асып бара жатқан. Ендігі ақыл сұрар ақсақалы Майқы бидің өзіндей ақылды адам болмаған соң, Майқы би тірісінде бар үмітін өзіне артқан соң, бұл қарап жатпады. Арқаға ауған Оғыз баласын Қазақпен қосып қамал салуға жұмылдырып, дүйім Алаш баласына қорған етіп Жезді-Кеңгірдің бойында Бас-Қаңғар, Аяқ-Қаңғар деген екі қамал тұрғызып, бұл қамалдар Арқаға жаза жорығын жасауы мүмкін болған Араб-Парсы жасағына жақсы қарсылық дайындап жатты. Бас-Қаңғары кейін Басқамыр атанып, Аяқ-Қаңғары Аяққамыр атанып кете береді. Бас-Қаңғар Аяқ-Қаңғардан бұрын салынып, әуелде Қаңға, Қияңғы деп Қаңлының түп атымен аталып, кейін екінші қала салынған соң, жаңа атауға көшпесіне болмады. Екінші қаланы Алаша сарай ету үшін салып Сарайлы атанып, абыздардың ырымдауымен Тұрайлы атанып, кейін бұл бірінші қаланың атымен егіздесіп, біз білетін Аяқ-Қаңғар атына көшеді. Жергілікті ел «Аяқ-Қаңғарда Қамыр ханның күмбезі болған болған» десе, мұнысы Қаңғар ханы, Қаңлы ханы дегені. Бұл жерді абыздардың ырымдап «Тұрайлы» деуінде үлкен мән бар еді. «Үлкен Эдда» мен «Кіші Эдданың» авторы Снорри Стурлусон Готтардың түптегінің Ас бірлестігінен шыққанын, Трояның Түрік болғанын, Астардың он жылға созылған соғыстан Троя күйрей жеңілгеннен кейін, Каспийдің теріскей жағалауы мен Оңтүстік Оралдың етегіндегі кең алқапқа ығысып келіп, тұрақ тапқанын айтады. Қытайдың «Таңнама» -сы Соғдиананың тоғыз жұртын билеген Қаңлы билеушілерінің Ас қауымының Қан әулетінен шыққанын қорытады. Алаша туғанда күншілдік еткен бәйбішенің ханға «елді Алатайдай бүлдіреді» деп сөз қуалауы Трояны күйреткен Элладаның Түрік аңыздары арасында Алатай атымен сақталуынан еді. Сол Трой, сол Трой елдің кейінгі өшпес тұқымдарының Аяққамырды Тұрайлы деп те атағаны содан екен. Ол - ол ма, Ұлытау, Кішітауды өз ішіне алған Алтын Арқаның өн-бойына келе салып сол ескі Астардың Сары-Торғай, Қара-Торғай, Жалдама-Торғай, Сабасалды-Торғай, Қарынсалды-Торғай, Ашудасты-Торғай, Ақтасты-Торғай деп 7 өзенге Торғай атын ұялатуы да Тройдың бір бітпес әңгімесі екен. Шежіре шеңгеліндегі әңгімелерде «Алпыс екі Торғай» деген сөз бар. Мұнысы «Алпыс екі Қоңыр» деген сияқты 62 баулы Түрікті көрсеткені. Трой қаласының Хет жұртының жазбасында Ұлуша деп жазылғанын ескерсеңіз, Алаша ханды Ұлуша деп атаған Соғдылар мен Қытай жұртының сөйлегеніне бір таңырқайсыз. Тройдың түбіне жақын жатқан Хет жұрты мен шығыстағы Астардың бір тарауы Кедері құрған елдің Хет елі болып та айтылғанын, Құндызды астана етіп, қызара бөртіп қымыз ішкенін не дерсіз?!
Үйсіннен кейін, Самарқанның Сартынан жерініп, Қызыл Арыстан ханға бағынғысы келмеген Болатқожа, Алшынның арттағы елінен Алашаның атын естіп адымдай басып, Ұлытауға өрген жұрт оны ендігі шабылған барша халықтардың бір тиянағы деп білді. Алашаның елі Түркешке сырттай қарасты болып күш алып тұрды. Мына жақтағы ел-жұрт жиылып оны бөлек тау көрді. Қазақтың үш жұртының билері ұйлығысып Алашаның ауызына қарап отырғанда, осы Үш Оқ билері «Самарқанның бір қанатының быт-шыт болған шайқасында белінен орып бес жүз адамын, алқымынан алып алты жүз адамын, тізесінен түсіріп төрт жүз адамын жойыпсыз» деп шарсаулықтарша мекіреніп қойды. «Ұлым! Ұлым!» деп аялап қойып, ақ сақалдарын селкілдетіп, иектерін изеп қарап қойып отырған Үш Оқ билерінің беліндегі қанжары ақ шортанша көлденеңдеп жарқырап қалып отырды.
О, Алаша, Алаша!
- Самарқан менің бабамның болашаққа сары майдай сақтап отырған жұрты еді. Арабтың қолына өткені қарашығыма ине шанышқандай қинайды. Менің арманым - Самарқанды мәңгілік өз қанатымызбен қымтау. Майқы би таққа отырғызған Соғдиананың тоғыз ханының билігін өз қолына мықтап ұстатып, әруақтардың алдында абыройлы ұрпақ парызын өтеу, -деп күміспен әшекейленген, қызыл аса таяғын сілки сөйлеп, күлдіреуіші самұрықтанып тұрған шаңыраққа қадалып тұрып қалды ол.
9
Нар аққудай ақ келін,
Қалқып келді, жар-жар!
Алашамен тәтті елің -
Шалқып толды, жар-жар!
Қара сүлік тұлпарлар
Қарлап жетті, жар-жар!
Жазғы сұлу сұңқарлар,
Шарлап жетті, жар-жар!
Оғыз-Қазақ жақсысы
бәрі мұнда, жар-жар!
Көңілдердің көк құсы
сабылуда, жар-жар!
Көк бұлт өрмек төгеді -
Көк ғұмырым,
Жар-жар!
Топты жарып келеді -
Қос құлының, жар-жар!
Қаздай аяқ басыңыз,
Іркілмеңіз, жар-жар!
Келін бетін ашыңыз,
Күтудеміз, жар-жар!
Алаша хан тұрғызған әуелде Бас-Қаңғар, Аяқ-Қаңғар атанып, бүгінгі күні Басқамыр, Аяққамыр болып бүк түсіп дөңкиіп жатқан қалалардың салынып бітуі Жезді-Кеңгірдің бойында мейрам болып тойланатын болып, осы тойдың қарсаңында Алаша билермен ақылдаса отырып, елдің той-томалақ, қыз ұзату, келін түсіру, қыз таңдау, қыз бен жігіт арасына қойылған ар тосқауылы, ұрпақ парызы, ұлдың ел тірегіндегі маңызы, жол-жосындар, тіпті кит киуге дейін белгілеп, мұны жасаған Үш Оқ билері мен Үш Жүз билері осы дүбірлі тойдың өтуіне дейін дайындап, әбден пысықтап, ақыры мерей той кезеңінде көптеген жастардың үйлену тойлары да қатар өтіп, жұртқа бұл салттардың бірсыпырасы бұрыннан таныс болса, кейбірі жаңалық болып көрінді. Қазақтың жалғыз үміті – Алашаның әлем дидарына шыққалы тұрған бір сәті. Таңданған дауыстар, құйқылжыған көзқарастар, ашылған ауыздар осы жолы дөңгелек алаңды қоршаған елдің шуылын бір сәтке басып тұрды да, одан кейінгі уда-шу қызу өмір бұл салттарды жылдам сіңіріп әкетуге күш берді.
Жігіттердің қыздар алдындағы абыройын «бидай, арпа, күріш, бұршақ, тары, май, жасымық» қатарлы 7 дәннің басын қосып көже жасайтын Наурыздама мейрамы мен той-томалақтарда өтетін қылыштасу, көкпар тарту, балуан салу жарыстарындағы жеңімпаздығы арқылы көтеретін болып шешім қабылдап. Қалған уақытта қыз-жігіттің кедергісіз бей-берекет танысуына шектеу қойып, қызға қырық әдетке тыйым салып, оның қызығушылығын ел алдындағы жауынгерлік додада алға шыққан азаматтарға аударып, осынау жаугершілік кезеңінде жігіттерді қыз көзқарасы арқылы шабыттандыру, батылдығын арттырудың бір түйінін осыған байлады. «Үйлену» ұғымы - «үй салу» ұғымы дегенді білдіріп, күйеу жігіттің жанындағы күйеу жолдасы алысқа садақ тартып, жебе түскен жерге үй салынады.
Ауқаттылар күйеу балаға отар мал, үй-жер, бау-бақша беріп, билігі бар әулет күйеу балаға үлкен аумақ пен бірнеше ауылды бере алады. Тойдың бәрі «Шашу» рәсімінен басталады. Алғаш реткі шашуда шылан деп аталатын қызыл құрма шашылды да, елдің қолының бәрі оған жете бермеген соң оның орнына қызыл жиде шашатын болды. Шашудың әуелгі ырымы осылай болса, кейін әркім қолға түскен дәнді-құжырын шашып мәре-сәре болады.
Қалыңмалды Қазақ бұрынғыша «келін мал», «қалың мал» деп атап жүре берсін де, Түрікпен де бұрынғыша «Төтепберді», «Салмақ» деп атап жүре берсін! Ана сүтінің адалдығы, қызды өсіру, тәрбиелеу еңбегіне Алаша әмірімен «Сүт ақы» беріледі. Сүт ақыны Түрікпен жағы сонда «Сүт ақы» деп те, «Сүт ымыра», «Шырбаға» деп те атайды.
Алашаның хан атануына аз күндер қалған. Бастапқы бірге келген юүз жігіт, оның қолбасы, мырзасының қауымын «Ұлы жүз-Үйсін» атады.
- Түп қазық салықшы! Жауға шапқанда, бұлар шаппасын, тас-түйін болып тұрсын!- десті.
Ортаншы келген жүз жігіт, оның қолбасы, мырзасы Болатқожаның тобына қарап:
- Бұл буын - тосқауылшы! Орта буында жүрсін, ханның қамшысы, ордасының ортасы есепті болсын!-деп, оны: «Орта жүз- Ақ жол» атады.
Соңғы келген жүздердің қолбасы, мырзасына бұрылып:
- Беті қайтпаған, жаужүрек, жан қадірін білмейтұғындар бұлар. Бұлар кезеуілші болып, қарсы алдында жүріп, жауға шабатүғын оғландар болсын!- деп, «Кіші жүз-Алшын» деп ат қойды.
Үйсіннің жан басы көп болсын деп, оған жамбас ұстатып, сыйымды болсын, інілері сыйлап иіліп тұрсын деп мойын ұстатып, Болатқожа ортада тең күйінетін болсын деп, оған ортан жілік ұстатып, бел ортада жүрсін деп белдеме ұстатып, Алшын елдің шетінде, жаудың өтінде жүреді деп, оған құйымшақ ұстатып, алдына албасты да тұра алмасын, алды ашық болсын деп асықты жілік ұстатып үлестірген екен.
Тарихта Қазақ жұрты үш рет жаңаланған. Мәшһүр Жүсіп сөйлеуінде, ең әуелде Қазақтың ел қатарына қосылған тұсы осы Алаша ханның тұсы болса, екінші рет Асан қайғының хан болған тұсы. Бір ағарып мың жылда Қазақ халқы, үшінші кезең Әз-Жәнібектің тұсында болған. Әз-Жәнібек Үш Жүзді қайта жіктеп, Сары-Үйсінді Үйсінге тұтқа қылып, Жалайырды көтермеші орынбасар қылып, Ұлы Жүздің ат байланар дересі етіп Дулатты, Орта Жүзге Арғынды тұтқа етіп, Найманды көтермеші орынбасар қылып, Орта Жүздің ат байланар дересі етіп Керейді, Кіші Жүзге Алтынды тұтқа етіп, Жаппасты көтермеші орынбасар етіп, Алшынның ат байланар дересі етіп Адайды сайлайды. Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс деген атаулар тұрақты емес, олар Әз-Жәнібектің тұсында Ақкелімбет, Сарыкелімбет, Қаракелімбет болып та ауысып айтылады. Ақшора, Жаншора, Бекшора болып айтылғаны да бар. Алаштың екінші жаңаруында Алты Алаштың бір жағында Ноғай, Қалмақ, Естек тұрса, үшінші жаңаруында Қарақалпақ, Қырғыз, Қыпшақ тұрған. Қыпшақ соңғы ғасырларға дейін бөлек ұлт саналған.
Алаша ханның атақ беріп, жілік үлестірген ішкі мәжілісінен кейінгі Алаштың жалпы отырысында, Үш Оқ атанып отырған Түрікпен мен Үш Жүз атанып отырған Қазақ екеуі бір тілде «Құдалығым - мың жылдық, Құдайым - Құдам» деп сыйласып, қызды жігітке атастырарда бұл мәселе мұқият шешіліп, «Қыз таңдауда жеті өлшеп бір кес!» деген Алашаның сөзін құлаққа алды. Алашаның «Жеті өлшеп бір кес» деген өлшеміне Қазбике ананың қосқан үлесі, парасаты бар еді. «Жеті өлшеп бір кесуді» билерге оқып беріп тұрған канизак:
- «Қанға қан құйылсын, жанға жан ұйысын. Құда-құдағи болып құйрық-бауыр жеу бұйырсын!» деген ханымыз келін таңдауда шаңырақтың шығу тегі, елдегі беделі, отбасы берекесі, келіннің қолөнер шеберлігі, әдебі, қабілеті, пысықтығы қатарлы өлшемдерді жетіге толтырды. Бұны барша Қазақ-Түрікпен баласы «Қыз көрмек», «Қызбайқау» деп атасын демек, - деді.
- Қыз ұзату, үйлену тойының жалпы уақыты үш күнге созылды,-деп екінші кесімді оқи бастады оқуға дайындап қойған Үш Оқтың екі тілге жүйрік бір жас жігіті,-, Бұған той алдында туыс-туғанның жиылып тойды талқылауы, ойын-тамаша қылуы, тойға дайындалып мал батасын жасауы сияқты барлық рәсімдерді қосып орындаса бес күнге созылды. Той алдында екі жақтың енелері бір-бірінің туысына кит кигізіп, өзара тең мөлшердегі сыйлық жасайды. Ауыр сәукеледен тұратын қыз бас киімі мен басқа киімінің салмағы 50 қадаққа, яғни 5 батпанға жеткізілсе, қосымша қобдиға салынған сәндік заттары 12 батпанға жетеді. Одан асырмасын.
- «Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма?» -деп мырс етті бір Үш Оқ биі.
Келіннің үстіне әдемі етіп тігілген қызыл желегі жын-шайтанның шалығынан қорғайды, кесапаттан сақтайды деп некеден кейін қырық күн бойы үстінен шешілмеуі қадағаланды.
Көрікті ауызы, таза таңдайы бар ханым Қазбике байыппен, билер ұсынысымен пысықталған той жосындарынан мынадай бір үзбе айтты:
- Қыз жасауын өз үйі жасағанымен, оның көйлегін келген жері көп балалы әйелге аптаның сәтті күндері ғана тіктіріп дайындайды. Келін сәнді күйінде туыс-туғанымен қоштасып, түйе үстіне орнатылған, маталармен, түрлі-түсті жіптермен әсемделген күймемен жеткізіледі. Мұндай күймеге Қазақтың да, Түрікпеннің де қолы жетімді. Келін түскен соң оны бөлек үйге енгізіп, оған ірімшік иісті сәбилеріміздің бірін әкеліп, екеуін біраз оңаша қалдырып, одан соң келін оларға сый жасап үлкендер сәбиді алып, «балалы болуды тілеу» ырымы осылай қосылады.
Ендігісін өзі айта бергісі келмей, билер дайындаған қағазды қызметші жігіт пен канизак қызға қайталай ұсынды. Сүттей аппақ қағазға оқтай шаншылған қолтаңба өз әмірін біраз ғасырға жүргізбек.
- «Жұт жеті ағайынды» дейді Алаша, -Жеті жұттың бірі - екі аяқтыға төл берілмей, құрсағының құтсыз қалғаны. Сол үшін бұл ырымның қажеті ана бауырын балаға жылыту, үйір ету. Жерге түскен сәбидің көзі көрмейтін соқыр болуы да бір жұт деймін. Қаптаған қара құрт, шегіртке үнімен тізеден төменгі жер жылап тұрса, мұндай апат та жеті жұттың бірі дегенім бар. Жетеуіне қарсы тұратын береке қана. Берекеде мейірімді көздер бар. Жеті жұттың жетеуінде көз жоқ, қарғысталған соқыр апаттар деседі. Қандай ауыр!
Қағазды қолына алған оқып беруші жігіт қаз дауысымен тоқтамай саңқылдата жөнелді:
- Содан кейін сәл балдырған балаға тыртиған киім кигізіп, оны келін әрең шешеді және күйеуінің беліне қатты байланған белдігін босатады. Құрбы-құрдастары көз алдында күйеуінің түймелерін жұлып алады да, келін күйеуінің түймелерін ұқыптылықпен қадайды. Содан соң босатылған белдікпен құрбыларын қуады. Ақыр соңында жұптар оңаша қалады. Күйеуі сонда жұбайына «Бойдақ едім. Үйлендім - ханға айналдым» деп айтады. Бұл біздің Алаш азаматының үйленген күннен бастап отауын отаным деп танытудың тәрбиесі. «Тұңғыш баламыз ұл болады» деп ырымдап жұбайлардың көрпесінің шетіне ұлға арналған ою-өрнек бастырылады. Жастардың үйлену тойы отырысында қыз-жігіттердің жиылысын Қазақ жастары «Бастаңғы» деп, Түрікпен жастары «Бассалғыл» деп өзінше атасын.
Бір-біріне жарасымды, қай жағынан да сай келген ерлі-зайыптыларды бұл дүр екі қауым «Некелері көкте қиылған» дейді. Жасауды қыз өзі бой жете бастаған күннен бастап ертеден дайындайды. Ыдыс-яқ пен сандық, кебеже, жүкаяқ қатарлы жиһаздар мен зергерлік бұйымнан басқасын өзі дайындап үйренсін. Кейін отбасы болғанда осының бәрі ыстық, қадірлі болады, -деп сөзін тоқтатты жас жігіт.
- Қыз жасауына кіретін, -деп канизак «міхім», «міхім» деп ауызын басып, тамағын жұмсақ кенеп алды да, құлағының ағарып тұрған түбіне түсе бастаған қою қара шашын қайырып жіберіп, аяғының ұшы мен қағазға қарап, басын көтермеген күйі жасауға кіретін заттарды оқи берді, - Бірнеше сырмақ, көрпе-жастық, қаптар, салтанатты бір киер киімдер мен тұрмыстық киімдер, орамалдар. Ешқашан некеде қара киім қолданылмайды. Қызыл түске құмарлық, қара түске қарсылық болсын. Қоржын әкелуді бұған дейін Қазақ «қоржын» деп, Түрікпен «қомша» десті. Сол атау мен тәртібі жалғаса берсін. Қызыл шүперектер той заттарына байланғанда жат көзден қорғайды.
Сонда Шәуілдірдің бір биі тіл қатты:
- Тілге тойды тиек етіп, сөз арқауын өріп отырған соң қыстыра кетейін. Сәукеле деген ежелгі шахтардың, патшалардың бас киімі. Сәукелені ұзатыларда бір күн киген қызды ғұмырында бір күн патшаның тәжін киді деуге болады. Сіздерде шоқайтып биік, бізде аласа киетіні болмаса, бұл біздің барша Түрікпен мен Қазақтың, тағы да туыс көп халықтың, қызын төрге отырғызатын арда халықтардың айтулы әдебі, құрметі. Мұндай құрметті басқа қай жерден табуға болады?
Сол секілді, біздің Түрікпенде ғана емес, жалпы Оғызда ер азаматтың үйленген кезде қырық күн киетін хандардың салтанатты киіміне ұқсас той киімін айта кетейін. Осындай киімді менен тартып мына отырған Түрікпеннің барлық мырзасы үйленгенде киді ғой!
- Э-э-х-х!, -деп тамсанып қойды отырған Үш Оқ билері.
- Бұл киімді әр азамат өмірінде бір рет ғана киеді дедік. Бұл киімді Түрікпен баласы «Кісібат» деп айтады. Мұны Қазақ пен Түрікпен арасында құдалық болғанда, Қазақ бауырларға не деп айтсақ болады?
Сонда Алаша тілгерін шақырып, аз күбірлесті де, жауабын жылдам алғандай болып, орнынан көтеріле жаздап бір қопаңдап қойды да, осы Шәуілдірдің биіне қарап:
- Қысымет деп алыңыз, -деді. Содан кейін тілгеріне бір жалт қарап, бірдеңені жылдам есіне түсірді де,- бізде мұның мәнін ашқан «Қошамет» деген сөз бар. Құрметтеудің айрықша түрі. Қошамет сөзі үнемі айтылатындықтан, құр сөзбен де сыйлаған адамы не айтса соны қоштап қошаметтейтіндіктен, сөзге жүретін қошамет сөзін алмай, затқа жүретін етіп, сол Кісібатқа жақын қылып «Қысымет» сөзін алсаңыздар екен.
- Болиар, -деп «жарайды» деген мағынадағы Түрікпен сөзін айтып би сөзіне тиянақты жауап алып, тыңдап отырған басқа Үш Оқ билеріне жағалай бір көз тастап өтті.
Алашаның Қазақ-Түрікпен арасына тең тараған, басқа Оғыз қауымында кездесе бермейтін айтулы сөздері мақал-мәтел болып, екі жақта мың жылдан астам уақыт бойы жоғалмай, сарқыт болып сақталып келді. Сол кеңестен белгілі болған «Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма?», «Құдалығым - мың жылдық, Құдайым- Құдам» деген сөздер Алашаға дейін де екі халыққа белгілі сөздер еді. «Құда - мың жылдық», «Құдасын Құдайындай сыйлайтын елміз» деген сөз Түрікпенде «Құдалығым - мың жылдық», «Құдайым- Құдам» болып айтылады.
- Ел еңсесін көтерсе, ересек адам еңселенеді, -деген Түрікпен сөзін Алаша да қоштайды.
- Ұл - Жұрттың басы, -деп Үш Оқ билері ер азаматтың ел тұтқасын ұстаудағы маңызын айтса, оған Алаша «Ұлы бардың елі бар» деп қосып қойды. Бұл сөз бізден көрі Түрікпенде көбірек айтылды.
- Отар елде отан жоқ. Еліңнің амандығы, туған жеріңнің тазалығы үшін отқа түскен ұлдың аты – ұлы, -деп Алашаның арқалы сөзін көтермелеп қайталап:
- Ұл туылса ата-анасы жұрт таптым дер,
Туыс-туғаны жұдырықтандым дер, -деп сөйлеген Түрікпеннің Оймауыт руының қартының сөзіне балаша еріксіз мәз болған Алаша сүйсініп қойды.
Осы кезде Алаша:
- Адам ұрпағымен мың жасайды, -деп тақ еткізгенде, Үш Оқ билері іліп әкетіп, тілдеріне «Перзент ата-ананың доуаматыдыр» деп аударып алды. Мұнысы «Ұрпақ - ата-ананың жалғасы» дегені екен.
- Алтын сақтаған аштан өлмес, - депті Салар биі, - Алтынды үйдің жаны тәтті, -дегенді қосып қойды.
Сонда Алаша:
- Гаухардан көрі алтынды көп айтасыздар. Жақсылық отқа күймес, суға жанбас. Гаухар тас жарық қылмай жерде жатпас деген бір сөз айтайын. Мұны қалай аударып салмақтайсыздар?
- Алтын жерде жатпас, жақсылық жолда жатпас, -деді Салар биі жұлып алғандай. Мұның Түрікпеншесін де айтып үлгерді: «Алтын иерде ятмаз, ягшылык - иолда ятмаз».
Сол кезде Алаша мың жылдар бойы Қазақ пен Түрікпенге ғана емес, кейінгі Қыпшақ заманы арқылы Еуропаға дейін жеткен бір әйгілі сөзін айтты:
- Алтаудың ауызы бір болса, аспандағы келеді,
Алтау ала болса ауыздағы кетеді.
Мұны Түрікпен билері өздеріне «Алтының агзы бір болса, асмандакыны гайдырар. Алтмысың агзы ала болса, агзындакыны тайдырар» деп аударып алды.
8 ғасырдың басындағы осы Алашаның ауызынан әлем сөздігінің тостағанына құйылған ескертуі мол, сындарлы мақал-мәтел 12 ғасырда жасаған Жүсіп Баласағұнидың «Құтты білік» кітабында «Иалауач йауз болса қыпшақ қобы» деп берілген. Сонда Жүсіп Баласағұни Қыпшақ еліне арнап осы сөзді айтады. Мұнысы «Ала ауыз болса Қыпшақ қобырайды, ыдырайды» дегені екен.
10
Алашаның хан сайлануы
Алаштың рухы қайнаған уақыт. Бір Алаш баласы қап-қарала орманға қарап жымияды. Қызарып піскен көктем ағашы орманға еркелеп өседі. Алаш байрағы ретінде бөрі басты қызыл байрақтар көтеріледі. Нағыз қызыл байрақ ұранмен бірге көтерілген адамдардың қолдары ғой. Олардың қолы таудың да мұнарын көтереді. Нарттай қолдар созылса болды, сол жерде осы ту тұрады. Созылса болды қызыл қол, Алаштың рухы қайнайтын. Әлем-жәлем қызыл-сары жалауы самсыған Ұлытауға жиналған елдің ішінде том-том білімдер қарттарының кеудесін торлайтын. Алыстағы Алтайдың бұғылары бу атып тарихтан ескен деміктей жер-ананы тебірентпейтін бе еді?! Сол секілді бүгін Ұлытаудағы хан сайлауында қол соза түссе осы бір жас Алаш, Алаштың рухы қайнап күнмен тоғысып, адамдардың төбелерін айналып шұбыра жөнелетін. Сонда Алаштықтар жерлеріне қарап «тілімізді мәңгі бақи осы жер ұғып тұрар!» деп жырдай сөзін шұбыртқан еді. Алаша ханның орда ақыны Шұғыраның:
Қасқыр қаным - Қаңлы,
Керегем - ағаш!
Ұраным - Алаш!, -деп бастаған жыры араласа соққан желдің үнімен құмығып үзіліп қалатын.
Адамдар бір кезде қызғылт шапақтың арасынан Шұғыраның жаңғырып тұрған жырға бергісіз сөздерін қайта естиді:
- Менің жырымның жаңғырығы мың жылдан кейін қайта естіледі.
Алаштықтар осы әлемнің аспанынан өткен өмірдегі өздеріне мәңгілік қарап, белдерін көріп тұрар,- деп еді.
Жас Алаштардың қимылы Алашаның хан сайлану сәтіне жақындата түседі. Әжелерінің албыраңқы бетіндей қып-қызыл күн атып шыққанда, анау шыңдарға бір топ Алаш қызғылт ту қадап жатқанда, сол тудың шетінде он мыңдаған Алаш қанымен қайнап тұрды. Найзаларын тік ұстап, найзаның түбін ұран сайын жерге ұрып, ұшы - алтын найзасын аспанға ұмсындыра солқылдатып қозғайды. Он мыңдаған Алаштың жүрегі қайнайды. Олар аққудай тазалықтарымен шұбыра жөнелген тілегімен-ақ Ұлытаудың басын ақ мамық бұлтқа орап тастағандай болады. Алауды үптеген адамдардың демімен Ұлытау жаңа тынысқа енеді. Сол жерде - қызыл түсті адамдар салтанат құрып жатқандай еді. Сол бөрі басты қызыл байрақтардың астында қызылшақа бөбектер туып жатқандай еді. Олар туса да өмірге алаңдап тумай, асқақ жылайтын, асқар таудың бұлттарының жаңбыр шашып серілік жасағанындай. Аналары да қосыла көтерген ұран ішіндегі бөбектердің айналасындағы қалың жалаулар сәбидің дүниеге ұмтылған іңгасындай асқақтай, созылып көрініп тұратын. Жүруге жарап қалған ұялшақ сәбилер қызыл тулардың, қызыл күннің шапағына малынып тұрған қызыл қурайдың басын сипағанда сыпайы есейіп кетіп жататын, албырттанған жүзіне ақыл кіргені, «ел үшін!» дейтін естілік кіргені байқалатын. Қурайдан шыққан сыбызғы үніндей тараған сәбидің жұпар иісі тез тарап, төңіректе қалың Алаштың көздері күн құсап жылтылдап барады. Ерменнен жердің өңделген иісі шығады, Ұлытау білдірмей емдейді. Алаштың балалары балалықтан өтіп жастыққа енгенде, жиырма жасына қызынып, Ұлытаудың басына жүгіріп шығардай күшпен келеді. Сонда ғана Ұлытау басына шаншылған солғын қызыл тулар өзінің қанқызыл реңіне енеді. Бұлардың ортасында алау тығылған жанарын күн қып ашып-жұмып тұрған Алаша-ай!
Жесірлердің жасына көмілген, сан жорықта бұлғалған қызыл тулардың кейбірі аңғарда желпініп тұр. Ойлашы, қызыл қанға семірген, толқи желпінген қызыл тудан бетер «жау барма» жаттар үшін?
Ескі кекті өсиеттер тіріліп жыланға айналып кетеді де, аузымен тас шайнаған Түрік текті жас бөрілердің жонында айдағар құйрықты айдары бұлғаң-бұлғаң етіп, одан жеңілген жаулары айдағарға табынатын болыпты. «Көк Бөрінің еліміз!» деп байрақ астында қолдары көк тіреп тұрған Алаштың жап-жас жігіті жерді теуіп шыққан перінің өзіндей. Аяқ астынан жұмыртқа таңның ішінен жарылып шығып, ағаштай асыға өсіп, күндей албырап осы жиналған жұрттың ішіне келе қалған жас Алаштар таққа отырғалы жатқан Алаша ханды тебірентіп жібереді. Ол елдің алдына шығып әуелі көп байрақты көреді. Қайнаған рухтарды көреді... Дөң үстінде төмпейіп тұрған қадымғы Қаңлыдан қалған қызғылт моланы көреді... Шықтай жалтылдаған сауытының иығындағы шығыршық көздер иығына кірісе, біте қайнасып құрышталып сіңісіп тұрғандай. Иығын қозғаса «екі кесек тас» бірге қозғалады. Албырап тұрған аспандар Алаш қартынша шұқшиып, үңіліп бұлардың үстінен қарайды, хан сайлауын бақылайды. Қаракеңгірдің қара көзіне құйылуға ұмтылған қара бұлақтар жыландай жыбырлап, сыбызғыдай сыбызып үн шығарып арулар құшағын өзіне сіміріп, айла мен сұлулық, сыңғыр үн мен сұңғыла мінезді қатарынан жинап үңілген ер адамдарды күмілжітіп тастайтындай, бүгінгі күн осы екен, бүгінгі хан сайлау алдындағы Ұлытаудың төрт төңірегі осы екен. Қошаметке бөленген жер, күймен әлдиленіп, жырмен шарықтата мадақталған мақпал топырақты жердің адамдары әлі де қызыл туды сипап тұр еді. Үш жүз он үш байрақтың ішінде жиырма жігіт әрең көтеріп шың басына қадаған, тұғырға орнатылған алып байрақ бар. Осы бір алып байрақтың қан-тамырлары болардай созылған қызыл қолдар алып тудың тұғырынан ұстайтын. Алаша хан алтын қауырсын қадалған хан бөркімен аламыттанып қарап, қырбақ сақалы мен сәулеге қоңырқайланған мұртымен иегін көтеріп, артына бір айналып алып жайынның жонындай қызыл байрақты асықпай шола қарап шықты. Жас Алаштар оны сипаса, кісі секілді кербез ту бедірейіп қарап тұра береді. Адами сана қонған, жүздеген абыз дұғалап өткен есті ту шынымен кісіше қарап, соғыстан алдын-ала хабар беріп жау жақындаса алып сандық ішінде дауылдай дүрілдеп, тіксе кісіше айбаттанып артық желпінбей тұратын еді. Сондықтан, Алаша хан мұның сырын біліп жаяулап басып, жас Алаштар қоршап тұрған алып туға тағзым етуге бара жатты. Ту рухы өзіне қонардай... Немесе осы ту рухы әдепсіздік, тоқмейілсу көрсетсе жанын қыршып алардай Алаша хан әдеппен желе жорта басады. Халықты соғысқа айдайтын да осы байрақ сияқты. Халықтың қонысын басқа жаққа ауыстырып жіберетін ақылшы күш те осы кісі сипатты алқызыл алып байрақтың ішіне жасырынып жатыр. Осы алып байрақтан сескеніп Алаша ханның жүрегі алыстан-ақ дірілдеп кетті.
Бала кезінде қызыл жосаға боялған асықтармен ойнайтын. Уақыт арасындағы жымысқы қол сақасын тығып алды ма, ол күндер де көзден бұлбұл ұшты. 12 жасында қамқор болған атасы Майқы биді қандай қол арадан жұлып әкетті? Ол қол - ажалдың қолы шығар?!
Асықты қоя тұр, мұны өзіне бала қылып кезінде елді асықтай шырқ иірудің неше түрлі тәлімін көрсеткен абыз атасы неге көрінбейді? Сол кезеңдегі Жетісудағы қанды шайқастардың сан нөпірінде шахид кешкен атасының талай рет жараланғандағы қаны мына байрақтың бояуын толтыра түскен болар. Бірақ, сол атасы жау қолынан емес, өз ажалымен өлді. Тұлпарының иесі әлдеқашан ана дүниеге өткен. Тұлпарларының кісінеуі кісінің сөйлескеніндей -ақ болған болар?!
Жас жүрегі сүйсінді. Таққа шығар алдында Майқы биді тағы да еске алды. Тоңазып әрі қалтырап:
- Май атам, мені жебеші!, -деп күбірледі. Алып тудың шайқалған қанды ырғағына қарай бара жатқан жас ханның мына күбірін он мыңдаған адамның ішінде еститін жан болған жоқ.
- Май атам, сенімен бірге қызыл жалаулы шайқастарға бара алмайтын болдым. Әруағың тасада қарап тұрған болар, мүмкін елдің ішінде сығылысып. Жебе мені, жебе!
Содан кейін толқып алып күн шуақты тудың басына қарап:
- Самарқанның әрі жағында жатқан Қазақ қаласында өмір сүрген абыз аталарым, қызыл байрақтың сабын өсірші. Бұдан да биік тауларға қадауға керек екен. Жаза басқандя жаулаймын. Аталар, сендерге сарай болған Самарқанды сәулелі сәттіліктерге толтырамын. Бұхарада әлі-ақ бүкшиіп қалаған асымды жеп отыратын боламын, қалаған асыңды жегізетін болам, жұртым. Сайға салынған қос қолыңды алтын менен күміске толтырып шығармасам күндей қызыл, қуатты хан болғаным қане?
Қыздай дауыспен қыз-байрақ шулағанда қып-қызыл түстер қымсына күлердей, адамның бет-бейнесіне айналып кетердей. Бұланның терісінен тігіліп, боялып, аспанға күллі бұландардың мөңірегін биік қойғандай болып, бұлан терісімен қапталған дабылды жуан таяқтарымен дабылшылар басына шалма байлап, жанталаса секіріп ұрғылайтын. Алаша хан толқып тоқтаған орнынан қозғалып, қыз-байраққа қайта жүре бастады. Анасының қыз күнгі рухы да осы жолда қызыл байраққа асығып кіріп кетіп жатқандай болады. Тағы тебіренеді. Бір тоқтап тікірейе қарайды. Анасының сонда жас күнінен бері тастамай таққан моншақтары баласының қуанышына шашылып кетіп, Ұлытаудың етегіндегі құлағыңның түбінде шымырлаған Қарақойын, Күмістікөл қатарлы ұйық көлдердің құлпырған жағалауларынан ішіндегі тұңғиыққа шашырап түсіп кетті ме екен, япырым-ай, сол моншақтары?...
- Уа, көкжалдар-ай!, -деген қатқыл дауыс, әнді дауыс шаңқ еткенде жұрт жүрегіне әсем саз жүгірді.
- У-уа, Алаша-а-а!, -деді содан соң есімі Майқы болмасада, Үйсін жосынындағы «Майқы би» деп аталатын тұрақты төбе билік лауазымға ие болған Жам би, «У-уа, Алаша-а-а!» деп дауысымен төңіректі тағы бір сілкіп өтті. Содан кейін барып «Отты жер» деген атауды ауызға алды. Отты жер дегені сол сәттегі Ұлытаудың қызып тұрған шағы. Дабылдың қайталай ұрылуымен ханды ақ киізге отырғызып хан сайланатыны осы бидің ауызымен жарияланды. Өңкей зерлі жабумен жабылған арқалы биік орын тақтың аяқ жағы адамдардың иығына көтеріп шығуына орайлатып, көлденең сырық қойылып жасалған екен. Хан отыратын жері ағаш төсек сияқты ортасы ойысталып, екі жағы құс қанатынша көтерілген. Осы ойысқа екі қабатталып кішкентай алаша кілем төселіп, оның үстіне бір қабат зерлі жіптермен өрнектелген алтын тоқым салыныпты. Таққа отырар сәтте аяқ басатын екі адым шығатын ұзындықтағы алтын жиекті, алтын жиегіне қызыл-көк жақұттар жапсырылған, ортасында тік түскен алтын жолағы бар, дөңгеленген шетінде он екі қолдың алақан табы ойылған кірсіз, аппақ киіз бар. Алаша осы қошаметпен ақ киізді басып келіп таққа жайғасты. Оның төңірегін үш жүз он үш жігіт қоршап, ұран мен мадақ аралас сарын айтып, ұшына жирен жалаушалар қадалған найзаларының түбін бір ырғақпен жерге ұрып тұрды да, Алаша хан ақ киіз үстіндегі алаша төселген таққа отыра салысымен, баяғыда үш жүз жігітті бастап келген үш көсем өздерімен қатарласа келген Үш Оқтың үш құрметті адаммен, Қаңлының алты серкесімен бірге таққа төселіп, шеті сыртына шығып тұрған ақ киіздің шетінен ұстап жоғары көтере беріп ырымын жасаған соң, Алты Алаштан сұрыпталған алты балуан орындық тақты иықтарына көтере жөнелді. Алаша ханды ақ киізге салып хан көтергенде «ақ киіздің бір жақ шетінен ұстады» деген атаққа ие болған Үйсін мырза мергені Бақтияр мен Қаракесектің абыз бабасы Болатқожаны, Алшын батыры Алдиярды, алысырақ жерде адамға сүйрететін күймелі арбасында бәрін көз алдынан өткізіп отырған Майқы би деген атағы шартарапты шарлаған Түркеш қағаны Ожырайдың ізін басқан Сөге-Дәу қағанды көрдіңіз бе? Түркеш бекзадасы Сүлік бұл тойда жүргенімен, Алаш одағынан тысқары Үйсін саналатындықтан, ақ киіздің шетінен ұстамады. Қызығып қарап тұрды. Ханды тек қарашасы көтереді.
Адамдардың бұйрық күткен қимыл-әрекеті жақұтпен безендірілген ұсақ гаухар тастармен баттастыра шегенделген мұрақ киген Сөге-Дәу қағанның жиегі зерленген аппақ жеңінің жоғары көтерілуіне, түсуіне байланысты болып жатыр. Аласа төбелердің бірінде ақ киізге салынып хан көтерілген Алашаның орын тағын иығына көтерген Алты Алаштан таңдалған алты балуан сол көтерген күйі мығым қайратпен, үш жүз он үш әскердің арттарынан еріп мадақ айтуымен Ұлытаудың ең биік нүктесіне жаңа ханды алып шықты. Ұлытаудың ең биік нүктесі - Әулиетауға көтеріліп бара жатқан Алаша ханның көзіне таққа шығарар алдында сойылған көкқасқа тайлар, ақбас атан, ақсарбас қойлардың құрбандыққа шалынған сәті елестеп өтті сағымдай. Көзіне елестей берген Қаракеңгір моншақтап алыс қалды. Әулиетаудың екі жағын Жетіқыз бен Сарықыз суларының білезік бастауы алыстан қоршайды.
Іңір иіріліп, айран бұлттардың арасына қызыл-қара ұйтқысын араластырып жіберіп, іңірдің қызыл бояуын шығарып отырғанында Алаша ханды балуандар Ұлытаудың ең биік нүктесінен етекке қайта алып түсіп, ішіне 2 мыңдай адам сыйатын, сыртын түрлі өрнектермен әшкейлеген алып алаша ордаға кіргізіліп, осы алаша орданың сырты ағаш қоршаулармен қоршалған екен. Ханды бағанағы Алты Алаштан таңдалған алты түйе балуан орда төріндегі биік таққа аяғын жерге тигізбеген күйі әкеліп отырғызды. «Алаша хан - Алтын басты бақауыл хан» деген атағы осы сәтте бұрқ ете қалды. Үш жүз сақшы әрбір сәтті қорып жүр. Алып дөңнен аумаған алаша орданың сыртындағы ағаш қоршаудың екі есігі бар екен. Сол екі есіктің бергі жағын қоршап, «жылда» деп аталатын лақтыруға арналған қысқа найза ұстап, сыртқы бетіне сіңір тартылып, ішкі жағы мүйізден қапталып, ортасы мен екі шетіне сүйек бастырып қағылған құрама садақ асынған қақпашыларының өзі 180 адамды құрайды. Екінші бір есікке ешқандай күзет қойылмаған. Күзетсіз есік тек ханның кіріп-шығуына арналған есік. Күзет қойылмаса да ол есіктен ешкімнің кіріп-шығуға батылы бармайды.
Күзет қойылған екінші есікпен орда ішіне шұбырған, салауаты мен киінісі жағынан Алаша ханнан айырмашылығы аз толып жатқан би-төрелер де сайланған ханның артынан кіріп ордадағы өз-өз орындарына отырып жатты. Биік тақтың үстінде Алаша хан жалғыз емес. Қасындағы орынға ханымын қарқарадай қаздитып қойды. Тақтың алдындағы екі жаққа қойылған ұзын орындықта бір әкеден туыспаса да аға-бауыр орнындағы Қаңлының бекзаттары, туыстары, бала-шағалары отырды. Босағадан қараушылардың бір байқағаны еркектер түгел оң жақ орындықта отырса, әйелдер сол жақ орындықта отырды. Алаша хан отырған орданың ішкі жағына адамдар таңданып қараса орда киізден жасалмапты, іші түгел зығырдан ерінбей тоқылған екен. Айтуларға қарағанда, бұл орда «Түрікпеннің кілем атасы» саналған Үш Оқ шеберлерінің қолында тоқылған. Алаша ханның адамдарына өрмекпен алуан түсті алашаны жарыстыра тоқып жолақ алаша шығарып, теріп тоқып терме алаша шығарып үйреткендер де осылар.
Оның туыс-туғандарынан кейінгі қатардағы орындықтарға Алты Алаш одағының ығайлары мен сығайлары тізіле орналасып, осы елге бұған дейін талай еңбегі сіңгенін, қараны қиядан шолар көреген қырандар екенін білдіріп нығызданып, ханға теңселе қарап отырды. Орданың дәл ортасына жирен жібекті дастарханмен жабылған, алып дөңгелек үстел тұр. Оның үстіне алтын-күмістен жасалған ыдыстарға қымыздар мен шәрбаттар толтыра құйылғанымен хан ордасындағылар күй тартылып, ән айтылмайынша ештеңе ішпеді. Сауық-кештің бір әредігінде Алаша хан далаға шыққанда Алты Алаштан алынған алты күзетші алты найзаның ұшына байланған күнқағар жібек шатырды тік ұстап, ханды көлеңке астында алып жүрді. Оның артынан ілесе шыққан көптеген би-төрелер де осындай қошаметпен, төбелерін қалқалаған күзетшілермен жүрді. Ордаға кірсе де, шықса да шұбырған ұзын салтанат былай бір көсіліп, олай бір көсіліп шеру тартады. Алаша хан күзетшілеріне және басқа да адамдарға мейірім көзімен қарағанымен, одан бәрі жасқанады екен. Ал, соғыс, шайқас үстінде ол өте қатал, жан төзгісіз сұсты адам. Осыған дейінгі Араб шапқыншылығына байланысты соғыстарда Алты Алаш одағын құраған алты арыстың төңіректі толтырып отырған адамдарының дені мұны біліп қалды. Бозбала күнінен белсеніп, Түркеш қағаны Майқы бидің қолдауымен алға аттанған Алаша, хан болмай тұрып осыған дейін өткізген шайқастарында соғыс өнеріне өнеріне жетік қана емес, аса айлакер қолбасшы, бауырмал мамлегер ретінде де көрінеді. Орда сыртында ханмен кезіккісі келетін адамдарға жауап беретін немесе ханның іштегі бұйыртуымен шақырылған адамдарды тауып кезіктіретін бурыл сақалды, бүкшиген қозы жауырынды болсада, кеудесі апай төс ұлық тұрады. Төкіректегілер «бұл кім?» деп бір-бірінің жеңін түртіп сұраса, білетіндер оның атын «Орданың әкімі Қолтуған» депті. Оның арт жағына ала жіп тартылып, белгіленген осы шектен рұқсатсыз аттап кеткендер бірден ұсталынып, қамшының астына алынады. Күдікті түрде қаша жөнелгендерге бірден садақ тартылады. Орданың осы жақ есігін төңіректегендер аттарын садақшылар екі рет жүріп барып ататын жердей алыс байлап кетеді. Ат кермелерге бес қаруын асынуға құқы бар, нөкерлерін қалдырмай ертіп жүретін лауазымды адамдардан басқа, жай адамдар жақындай алмайды. Олардан басқа кімде-кім ат кермеге жақындаса аяусыз таяқ жеп жатады. Кермедегі басын алма-кезек шайқап тұрған мынау дүниенің бәрінен хабардар тұлпарлар мен жорғалардың әрбірінің ноқта-жүген, өмілдірік, құйысқанын аптауға 20 алтын құйма теңгенің мөлшеріндей алтын кеткен.
Алып орданы қоршаған ағаш қоршаудың арғы бетіндегі есіктің аузында да осындай ең маңызды адамдарды кездесуге шақыратын бір ұлық тұрса керек. Бірақ, хан әзірге ол есіктен ешкімді қабылдап жатқан жоқ. Бұл күні ұлықтардың бәрі ақ мамық қамқадан киім киген.
Екінші күні басқа тұстардан ақ ордалар тігіліп, оған Алаша ханға қызмет көрсететін нөкерлер орналастырылғанымен, олардың дені орда ішінде емес, орда сыртындағы жап-жасыл төбе-қырат, жазықтарда атқосшыларымен серуендеп жүр екен. Бұл күні кешегіге ұқсамайтыны ұлықтардың бәрі қызыл мамық қамқадан киім киген. Осы күні барша ұлықтарымен Алаша ханның кездесуі болды. Үшінші күні ұлық біткен қызыл мамық қамқадан киген киімдерін шешіп, аспан түстес бозғылт көк мамық киімдерімен суырылып шықты. Төртінші күні де таңсық түстермен киініп шығу өз жалғасын тапты. Бұл күні бәрі алаша өрнекті, жирен киімдерімен көзге түскен. Осындай алты күн демалыстан кейін ұлы құрылтай болды. Бұл кезде би-төрелер өздеріне арнап тігілген ордаларына бір кіріп кетсе, ұзақ уақыт бойы шықпайды. Соған қарағанда алдағы құрылтайда болатын істерді сенімді адамдарымен отырып ұзақ талқылайтын көрінеді. Мыңдаған адамдар алып алаша орданы қоршаған ағаш шарбақтың сыртынан недәуір алыстау жүрді. Түске дейін шұбалған қалың адамға кешке қарай мың сабадан аста-төк қымыз берілді. Алыс шетелден, Алаш одағына кірмейтін көрші елдерден келген қонақтарға да қымыз үлестіріліп, олар қымызға қанса да, қымыз құюшылар «іш! іш!» деп қыстап жатты. Осы сайлау өткен, құрылтай шақырылған алаңнан құнан шаптырым жердегі бір аласа төбеге Алаша ханның нағашылары Қызылаяқ руынан келгендерге тігілген үй бар еді. Ұлы құрылтайда шетелден келген қонақтарды түгел сол жаққа жібереді.
Құндыз өзенінің бойынан келген Қондыгер елінің аржаны Нараяна, Құдай сөзін патша деген мағынада қолданатын Парсының Сасан әулетінің жолын ұстанған «Бұхара құдайы» Доспанбет, Таң елі мен Тибеттің бірнеше уәзірлері және де Хазардың екі ханзадасы, автократ болған Юстинианның Византиядан келген елшісі және оншақты Балқаннан келген Бұлғар төрелерінің бәрінің ағаш шарбақтың сыртында қалғаны көрінеді. Орданың әкімі Алаша ханның даңқын асыру үшін оларды көріп аң-таң болып тұрған Авар, Само, Ятвяги қатарлы Еуропа елдерінен келген жиһанкездерге айтып таныстырып жатыпты. Олардың ішіндегі сый-сияпат әкелгендер мен солардың қастарына жақын тұрған алым-салықтарын төлеуге келгендер, дос және бағынышты рулардың көптеген көсемдері мен би-төрелері, хан сайлауы мен хан сайлауынан кейінгі құрылтайға шақырылғандар деген сияқты, шамамен мұнда жүрген адамдардың төрт жүзі сырт елдерден келген елші-өкіл адамдар екен. Олардың барлығы да шарбақ қоршаудың сыртында қалғанымен, Алаша ханның қызметшілері олардың бәрінің алдына аткөпір ас қойып, алдарына дастархан жайған болатын. Бір-бірін жақсы тани алмай тосаңсып тұрған әртүрлі шетелдік өкілдерді, Еуропалық жиһанкездер мен дін өкілдерін де қызметшілер олардың арасына қосып қүрметтеген. Осы жан-жақтан жиылған елші-өкілдерді Алаша ханның сыйласы Хазар қағаны Құла мерген жіберген Хорезмдік қарауылдары орналастырып, бірталайын төрге шығарып риза етіп жүрген. Сыртқы құрылтай төрт күн болып, шетелдіктердің дені еліне қайтарылды да, Ішкі құрылтай тағы төрт күнге созылып мұны Алаша хан өз тілеулестерімен талқылады. Қонақтардың бір байқағаны, Алаша хан алып алаша ордадан шыққан сайын және орданы қоршаған ағаш қоршаудан шықса да тұрақты қарауылдар ұшына қызыл шашақ байланған сәнді бишіктерінің ұшын жерге еңкейтіп қуатты әнмен жар салып тұрды. Мұндай құрмет сырт елшілердің байқауынша соңғы 10 күнде ешкімге көрсетілген жоқ. Алаша ханның бұл алаша қылынып тоқылған алып ордасын оның ала шұбар түсіне қарамастан, жергілікті қызметшілер «Сары сарай» деседі екен. Соған қарағанда, тоқылған сарайдың кендірінің сары түстілерінің зермен оралып, тым жарқырап тұрғанына қарап атаса керек.
Бұл оқиғалар заманымыздың 710 жылының парағын желмен үрлеп ашып, жаңа тарихтың жазылуына мұрындық болып жатқан тұсы еді.
Осы жылы Соғдиананың тоғыз ханының басын қосып төрелік айтатын бас хан отыратын Самарқандағы сарайда, билік ұстаған хан Тоғымның Араб жаулаушыларынан жүрексініп, оларға тым еңкейіп кеткеніне наразы болған Қаңлылар Тоғым ханды хан-талапай жасап тақтан қуып, Түркеш қағаны Майқы бидің өсиетімен, Қаңлы ақсүйектерінің ортақ шешімімен Қаңлының қамын жер, Көк Түріктің көкжалы ғой деп сенген Алашаны Ұлытауда Алаш тағына отырғызып, хан сайлауынан кейінгі 6 күндік демалысын, 8 күндік құрылтайын өткізіп, дүркіреген жаңа хабарды Ұлытаудың төрт бағытына хабаршы жіберіп жеткізіп жатты.
Сол кездегі, 13 ғасыр бұрынғы Алаша ханның хан сайлану жаңғырығы бүгінгі күнге қып-қызыл күйінде алаурап жетіп, менің кеудемнен қайтадан оңтүстіктің раушандарынша төгіліп жатыр.
Қызыл байраққа ұйқасып,
Өлең боп кетті іңір де.
Қызыл тұман өлсе жерленер -
Қызыл іңір мен қызыл байрақтың арасының біріне.
Қызғылт өзенде толқын билесе,
Қауышып кетер байрақпен...
Желкілдеп асқақ бұл байрақ,
Дала мен судың махаббатынан алған айғақ па ең?
Тұлпарларым да ұзарған күннің сәулесін қуалай шабады -
Ұзарған бойым мен ойымдай қуана ағады.
Қызыл тұяқтар ағылып өткен дала бұл,
Қызыл тұяқтан ышқынып, жарқ еткен мөлтек жаңа жыр.
Күллі дүние жүрегін қозғалтып,
Енді Алаш рухы жазғы қайнауға барады.
Қызыл туға еріп жазына көшкен даланы...
Қарайды көріп...
Шаба береді тұлпарлар...
Өкпесіне қайнаған будан алады.
Қайнаған кеуде, қайнаған тұяқ...
Қызыл көкірегін болашақтың тіке жарады...
Тұлпармен бірге,
Енді Алаш рухы жазғы қайнауға барады.
11
Құтайба Мүсілімнің бөркіне мүйіз қадаған сәлделі елшісі Қытай патшасы Шуанзұңның алдында текедей тебінмен отыр. Ол осы келбетін ұлы Құдайдың қолдап тұрғанын, қысық көз Қытай патшасының мықшырайған отырысынан, оның жеңі, шапаны қанша кең болсада, сол кең шапанның ішінде сүйегі ұсақ болсада, етженді келген денесінің қысылып отырғанынан көрді. Сарай төбесіне, ондағы оюлардың ретсіз сызықтарының патша Шуанзұңның миында да өз сызығын салып жатқанын сезді.
- Сонымен Құтайба бізге қандай пайда береді?, -деді тікесінен Шуанзұң жеңіл дем алып, - Сендердің Мауараннахрдағы бізге қарап бадырайып отырғандардың жерін жаулауларыңа араласпай, оларға көмек бермей шет қалдық дейік ал. Бізден келер қауіп болмаған соң Құтайба ұтымды қимылдап Түркеш пен Соғдиананың текелерінің мүйізін қайырар. Ал, олар бірігіп іс қылғанда бізден келіп әскер сұрар. Оны да бермедік дейік, ал. Таң еліне қандай үлес бар?
- Құтайба, -деді елші, -Есіңізде болса осыдан үш жыл бұрын мына Түркеш қағанының қолдауымен Ұлытауда Соғдиананың қасқа-жайсаңы түгел жиылып, Алаша дегенді Ұлытау деген жерде хан деп жариялап, оны Соғдиананың айбары етті. Отырған ордасының маңдайшасына ұлыманың сойдиған ізін салдырып қояды екен. Соған бола Соғдылар оны Ұлуша десе, Қытайлар да солай айтып жүр. Ал, біздің елшілер мен барлаушылар оны Гург деп атауда. Ұлыманың Парысшасы осы ғой. Қазірге дейін сіз бен бізге жіберіліп жатқан Мауараннахрдағы елшіліктердің денін сол ұйымдастырып жатыр. Екі жаққа кезек сый-сяпат жасап шаршар. Олардың осындай белсенді көсемдерін шала үмітпен алдаусыратып тұра тұрыңыз. Біз Тұранды жан-жағынан шеңгелдеген соң, Түркеш қағанатының жері толықтай сіздерге тиеселі болады да, Көкше теңіздің қысқы мұзының бетінен бал қаймақ жалап, жазында жайынын тістелеп отырасыздар. Қошқар басты екі патшалықтың сауда қатынасы жанданып, кең шапаныңыздың жеңінің ішіне Іле өңірінің бар байлығы сыйып кетеді деп ойлаймын.
Осы сырттай бөлісіп сәтіне айналғанша бір-бірімізге сәттілік тілеу қалды. Олар не мұсылман емес, не пұтқа табынушылар емес, ортада қалған аралық қауым.
- Сендердің келу себептерің Тұранға шабуылдауға жол ашып беріңдер дегендерің екенін сезініп отырмын. Түрік десең, түске дейін түсімді іздеп шаршап тұрам. Егер, Соғдиана сендердің қолдарыңмен алынса, Түркештің тыпырлауы көпке бармас. Әлгі Майқы бидің Алаша ханды Соғдиана тағына шығаруы, өзі ақылды деп есептеген жергілікті ақсүйек тұқымымен Соғдиананы сырттай билеп-төстеу ғой. Майқы би көз жұмғанымен, оның жарқыраған оң көзі болып отырған Алаша хан әлі де соның саясатымен жүреді. Түркеш пен Соғдиананы әзірге ырылдастырудың амалы да жоқ. Майқы би бәрін ерте ойлап жоспарлап кетті. Егер, анау Алашаның алдындағы Тоғым Қаз-Ата тірі болғанда мұндай қауіпті ойлау санамызға да кірмес еді.
- Тоғым хан бізге бар ынтасымен берілді. Алайда, оның хан-талапай болып қуалануы, екі ұлының Моншақкентте Асар-Шан елінің билеушісі болып тұрған Достай байсынға қашып барып бас сауғалауы, Алаша ханның күллі Соғдиананың бас ханына айналуы, тіпті ауызға алуға аты ауыр «Алты Алаш» деген одақты құрып алуына Түркеш қана әсер етті ме? Сіздер мұны іштей қолдадыңыздар. Өйткені, ол кезде Тоғым бастаған адамдар бізге тез жұтылып жатқанда, күн нұрымен қуанып, түн бұлтымен мұнарып тұрған заманда Іледен олжасыз қалудан алаңдадыңыздар. Әйтпесе, сіздер тебіндеп аралассаңыздар Алаша ханның хан сайлануы болмай қалуы да мүмкін еді.
- Жо, жо, жоқ, -деп мырс етіп барып ұзақ жымиды Шуанзұң. Сөзін жалғауға осынша уақыт алып барып, шарасыздығын білдіре бас шайқап қойды:
- Түркештер өте есер болды.
- Солай ма?, -деп бағжаң етті Араб елшісі сенгісі келмегендей.
- Майқы би не істемеді? Күллі Батыс Түрікке қарауыл етіп, біздің ел Ыстықкөл, Таласты өз ішіне алған Жетісу, Сыр бойын қамтыған Мешін өлкесінің әмірі, «мәңгі қаған» деген барша атақты үйіп-төгіп сенім артқан Қысырау Асан кейін бізді шауып Сүйепті алып, Батыс Түрікке қағанмын деп жайлана бастағанда, сол Майқы оны Чань-Аньға қарай қуалап, біздің жолымызды кесіп тастады. Іленің шетін шыммен емес, таспен бекітті. Бір өзі Соғдиананың тоғыз ханын өз қолымен қойды. Соның төбесіне қойған Алаша ханы сіз бен біздің арамызда түлкідей қуақы жол басып, ешкімге алдырмай тұр. Майқы өлген жоқ, ол Алаша болып Түркеш пен Соғдиананың арасында иіріп айдап, қойдан қоңыр халқының мүйізінен ұстатпай тұр.
- Солай-ақ делік. «Бұған дейінгі істерге біз де шарасызбыз» дейсіз ғой?...
Шуанзұң «шарасыз» деген сөзді айта алмады. Түксиіп қарны салбырап бір аждаһа оты оянып қайта басылды. Елші енді қараса, оның бір кесек мұз сияқты көзі жібімейді. Өзін шарасыз, шала-жансар билеуші ретінде көрсетуге қалай дәті барсын?!
- Бірақ, бір шартым бар, -деді Шуанзұң себезгілі тәжін селкілдетіп, сұқ саусағын шығарды да бір елдің атын атады:
- Ферғана...
Осы сөзден кейін елші үнсіз қалып, сүйегі мейіздей қатып, қабағы түксиіңкі тартты.
- Бұл - біздің нысанамыз ғой?
Сұраулы көзін шымырлатып барып қарады.Арқа құрыстырып, шеке тырыстыратын әңгімені сәл жұмсартқысы келді, байқаймын:
- Сендер жаулаңдар, оларды алыңдар, тонаңдар. Бірақ, сендердің жүріп өткен жолдарыңнан кейін біз Ферғана даяғашысының билігін қалпына келтіріп, өзімізге қолайлы адамды қойып, осы шаруаның ошағы болған жерде саяси істерге тікелей араласқымыз келеді, -дегенде елші түсініксіз, шолақ сұрақ қойды:
- Себебі?
- Себебі?...
- Себебі сенбеуде ме?
- Жоқ, атай көрме, -деп тағы да сұқ саусағын алға созды-Түркеш тым бері жатыр. Сендер жорық жасап жүріп өткеннің өзінде, Түркеш жуық уақытта алдырмайды. Олардың бөрілері тау жастанып, түйе қолтықтанып кәнігі бұлаңға салады. Олар Құсырау Асанмен соғыста біздің әскери қимылдарымызды көріп соғысқа төселген. Билікте тіс қаққан билері кездесуге дайындалғандай сіресіп отыр. Солар емес пе тарыққан қағанына тапқыр ақыл салатын?!
Сендер Сейқон мен Жайқонды дара басып алған жағдайда біздің жолымыз Түркешпен тұйықталып, бұл ойынды бақылаудан шет қаламыз. Тұранға шабуылдауға жол ашып беріңдер деп отырсыңдар. Қазір бәрібір біздің ол жақта ықпалымыз жүріп тұр. Ал, сендердің қылыштың ұшымен өз діндеріңе кіргізіп, олардың бабаларының басындағы балбал тасты қыршып, көміп жоқ қылатындарыңды біліп сендерге үрке қарап отыр. Бізсіз ол жаққа еркін аттап басуларың тағы мүмкін емес. Сондықтан...
- Иә, иә, -деп бас изей берді Араб елшісі, - Рұқсат па? Рұқсат!
- Сен сонда Құтайбаның атынан шешім шығара алғаның ба?
- Мен Құтайбаны бұған көндірем.
- Онда ауызша келісімдердің бәрі хатқа түсіп мөрленуі керек.
Шуанзұңның жаңғырған осы сөзі сарай ішінің төбесінде бұлттап тұрып, тарихтың үстіне жаңбыр болып төгілді. Ол жаңбырдың қандай сұсты бұлтты ерте келіп асқарға қара сеңсең бөрік кигізгенін, қандай суық нөсер төктіргенін алыста жатқан Соғдиана билеушілері мен Түркештің қағаны сол сәтте сезінді.
708 жылы Қазақ қаласын, 709 жылы Бұхараны алып қомданып дайын отырған Құтайба 712 жылы Хорезм мен Самарқанды толықтай жаулап алып, тұлдыр жетім, тұл жүрек даланың үстінен қараған. Құтайба осылайша, «сұмдықты сұмырай істемейді, сұмырайдың арғы жағына өткен сұмырай істейді» деп, 713 жылы Таң ықпалында жатқан Шашқа Таңның оқиғаға араласпау келісімімен басып кірді. Ферғана тағын жаңартуды күтіп отырған Таңдықтар Құтайба қолының Ферғанаға басып кіруін, одан кейінгі жаңалану күндерін асыға күтті. Алайда, осы кездегі оқиғалар сарыны келесі жылға созылып, Құтайбаның келісімінің орындалар-орындалмасына көзі жетпей, осы жылдың түндерін Шуанзұң патша көзінің астын басқан ауыр қыртысымен әрең өткізді. 714 жылы ол Таң мен Омейяд халифаты күткен Ферғана ойпатын жаулау оқиғасы ақыры орын алды. Бие сауым уақыттан артық күте алмаған Таң дереу Тұран ісіне араласты. Самарқанынан айырылған елдің Ұлытауда сайланған ханы Алаша Таңға дүркін-дүркін елші жіберіп көмек сұрады. Таңның бар ойы ойға түспей, қыр жағалап жүрген қалаларынан айырылған Соғдиана билеушілерінің өзінің қарастылығына өткенін күту ғана еді.
Алаш әруағы иіскеген күні-түні,
Жүрегімде жатталып дүбір үні.
Алшаң басам біле алмай кідіруді,
Алаш жүрек кеудемде ілінулі.
Көп әруақ атойлап тұрған дала,
Боз жусанмен кіндігін буған бала.
Бұл даланың аты еді - "Алаш" деген,
«Алаша ұлым, құтқар!» деп шулауда алап,
-дегендей күндер Алашаның басын домалата жаздап жатады-ай өтіп.
Қытай патшасы Шуанзұңның алдына жаңа мәліметтер жетіп жатты. Тоңқалаңдап патша алдына жалп ете түскен төрткіл кепешті уәзір:
- Патша ағзам, мың-мың жасасын!, - деп көзі жасаурай құлдық ұрған. Бет-ауызына қатқан тас менмендіктен жүзін әрең жібіткен патшаның иек қаққанын сезе қойып, көзін тіке қадамастан:
- Ферғана Араб құшағына кірді. Бірақ, Ферғана даяғашысы Алдар өлтірілмеді, ол күші мен тағын сақтап қалды. Алайда, енді барлық жүріс-тұрысы Құтайбаның сызығымен болады.
Патша не дерін білмей күмілжіп біраз отырып қалды да, көзін қатты жұмып, төбедегі айдағарлардың қиуадан қисынын тауып айқастыра сызылған өрнектеріне қарап ойын жинақтай бастады.
- Алдар тірі де... Онда оның өзіне менен жаңа елшілік жіберіңдер. Құтайбаның оның өмірін сақтап қалуы біздің келісімімізді мақұл көріп, екі жаққа да таныс адамның отырғаны дұрыс деп қарағаны болар. Оның бұл ісі бір жағынан Ферғанаға біздің де ықпал етуімізге есік ашқан келісіміне үйлеседі. Алдардан басқа жалтақтаған біреу болса, біз Ферғана билігіне қанша араласамыз десек те, бізден көрі өздеріне жақын жатқан Арабтан аса алмас еді...
Шуанзұң осылай қорытты. Кешке қарай ұсыныстарының үш қырын тегіс қарап, кеудесі қызып, көңілі алып ұшып Алдардың өлтірілмегеніне тіпті қуана бастады. Қытай елшілігі екі тарапқа бөлініп аттанып, бірі Құтайбаға жетті. Құтайбаға Ферғананы бағындырса да, жергілікті өзімен тамыр билеушілерді жоймай сақтап қалғанына, жаңа қарым-қатынас пен сауда-саттық жолының жабылмайтынына рахмет айтып, сенімділік білдірді.
Құтайба елшіні сараң көзқараспен қабылдады да, артық ештеңе демеді. Елші кетер тұста, өзінің жақұт қынапты семсерін сипап, жүзінен сүйіп отырды. Елші оның мұнысынан ештеңе түсіне алмай, қауырсын қадаған қайырма төбелі сәнді қоңыр бөрік киген Құтайбаның иіріліп әсемделген ұзын мұртынан кесіртке көргендей болып тыжырынды да, бұлғақ жүрісіне басып, арқасы айдағар өрнекті кең қызыл шапанының етегін желдей естіріп, жеңін сабалап ұстап кетіп бара жатты.
Екінші елшілік тобы Ферғана даяғашысы Алдардың алдына жеткенде тұңғиық ойға тұныққан ол, басын көтеріп алып серги жөнелді. Билеуші деген аты болмаса, орданың төңірегінде қайқы қылыш асынған Құтайбаның адамдары өрмекшідей өріп жүрді. Сәлделі адамдардың ұсқынынан елшілік секем алып, жанжалдасса мойынына қылыш тақалардай болып, осы бір таластың нүктесі болған Ферғана мәртебелісіне жылы ұшырап, оған қалайда үміт сыйлауды шешті.
- Жайғасыңыздар, -деп шабыттана қол сілтеді Ферғана даяғашысы. Тонының сыртынан жасыл жамылғы жауып алыпты. Басында тура Құтайбадағыдай қауырсын қадаған, қайырма төбелі қоңыр бөрік тұр. Бөрік сыртына ақ сәлдесі жартылай оралған.
- Патша ағзам Шуанзұң сіздің амандығыңыз үшін Құтайбаға неше рет құлаққағыс етіп, сіздің тағыңыз бен еліңіздің тыныштығын сақтауды аманат етіп сұрады. Құтайба да сіздің бұған дейінгі төңіректегі елдермен тату-тәтті болған мінез-құлқыңыз үшін орныңызды сақтауға пейіл екенін білдірген. Ол ұлы патшамыздың келісімінен аттап өте алмады.
- Түсінем, -деді қарны алға зорая шығып қатты дем алған кезінде ыңғылы арта түскен әмірші , - Патша ағзамға мың мәрте алғыс деңіздер. Алайда, мені арада бір жылдай тақтан тайдырған Құтайба билігімді сақтауыма толық мүдделі болмай отыр. Менің қалайтыным, патша ағзам Шуанзұңның осы істі назарда ұстап, басқа Соғдиана билеушілерінен менің қана тағым үшін арнайы ат шаптырғанына алғыс айта отырып, билігімді сақтап қалуға ынта-шынтасымен кіріссе. Мен де сіздерді ренжіте қоймаймын деп ойлаймын. Арабтың шүйдемізден басып қалғанына екі жыл толды.
- Ферғана - Тұранның жүрегі, -деді толқыныспен елші. Бұл кезде Алдардың да көңілі тасып, кеудесін көтере түсіп, тамырында бір рухты ағыс тебініп жүре бастады. Қалтасынан тарағын алып сақалын тарады. Осы жылғы қан тамырындағы бұрқ еткен тебін мен үміт, үрейі келесі жылы Түрік қағанатының ұлы қағаны Қабаған қаған қайтыс болғанда үдей түсті.
Батыс Түріктерден толықтай айырылған Түрік ордасының шаңырағы шайқалып, ордасы ортасына түскелі тұрғанда, сол қайғылы қазаға Жетісуді Түріктен тіпті бөлектей түскен Сұлу қағанның қабырғасы қайыспаған соң, одан бері жатқан ұлықтардың да ол жаққа жалтақтауға шамасы келмеді. Алдардың таққа оралуынан кейін екі жыл бойы едірейген мұрты бір тыным алмай, алдында қауғаланып тұрған жасыл жүзімдерді сәмбі талдың жалбыраған басынша көтере түсіп аузына жақындатқанда, санасын сан ырғаған бір ойдың бұтағы қолын қағып жібере ме әйтеу, селт етіп жегелі отырған жүзімін тастай салып орнынан атып тұрады. Түріктің түбі түсе бастады.
Аумалы-төкпелі, аласапыран Түрік қағанының басында тағы төрт жыл тұрды. Білге қағанның болашақта Таң қолын талқандайтынын әлі көре қоймаған бұл, Түрікте сүйенетін әл-дәрмен қалмады деп жұтады. Күңгірт құмыра ішіне тығылған ойы тұншығып, күрсінуі күшейген Алдар кенет атып тұрғанының себебін енді түсінді. Өзінің тағын сақтап қалуына қол ұшын берген Таңдықтарға басқа Тұран әмірлерін бауырына тартып дос етсе, «Түрікті толығымен ойсыратам» деген Таңның ойы ұлғая түсіп, Таңдықтар алдаусырату үшін де мұның осы арадағы билігін күшейте түсіп, басқа Тұран әмірлерімен жақындасуына сескене қарап әрі тіпті алдай түсіп, бұл сонда Омейяд халифатының бодандығында аяқ асты болудан құтылар ма еді?
Төніп келе жатқан Араб әлемімен қазір теке тіресе алатын қатал, алып күш Таң елі болып отыр. Бірақ, Алдар бұл ойын айрандай араластырып ішіп алып, алтын көрпесіне оранып жатқанды жөн көрді. Егер, мына Тұран әмірлерін өзі бастап Таңға жақындаса Құтайбаның қылышынан өтетін бірінші мойын өзінікі болғай тұр. «Жо, жо, жоқ, мен ешқайда елші жібермеймін. Өз алдында жүрген өгіздерді ұйымдастырмаймын. Сайда саны, құмда ізі жоқ әмірлер бірі Ұлытауға, бірі Шуға қашып сахарада сағым арасында сандалған сарай жасап, түрленген түбектегі ескі астаналарын қайтара алмай, сайғақ құсап саяқ жүргенде жылы орнымды суытпайын. Мен олай жасамаймын. Қытайдан елшілік келсе қабылдаймын, Омейядтер тарапынан келсе Таңның арқамды сүйеп тұрғанын білгізіп арындаймын. Басқа не тәйірі, жалшының күніне түсе жаздап жалпайған шапан астында жапалақ болып жүрген көрші елдердің әмірімен араласу жылы ұяға жылан шақыру»...
Осы жүзім желінбей қалды. Өз ойларымен арпалысып, бүкірейіп бүктеліп жүріп, қас-қабағы салбыраған күйі бурыл тартып, төбе шашы шоқайып, жеңін кең етіп, білезігін бүркеген Қытайы қара-күрең шапаны мұның салтанаты болып етегі жер сызып... Ақыры, бұл басын көтерді де, мешіттей кең, салқам сарайдың терезесінен иен жатқан сары қырқаның шарасыз жалғыздығына налып қарады.
718 жылдың жазында ол жаңа хабар естіді. Төңірегіндегі төрт тірек елдің әмірлерінен Алты Алаштың иесі Алаша хан, Бұхара хұдайы Доспанбет, Қондыгер елінің аржаны Нараяна мен Суған байсыны Ұлытауда жиналып бас қосып, Таңға біріккен елшілік аттандырып, елшілердің қойынына үкі қыстырылған мөрлі хат салыпты. Суған байсыны жеке хаттарында Омейяд халифатына қарсылық емес, екі жаққа да достық пейіл айтылып ара-ағайындық көзделсе, тарпаң Алаша хан бос белбеулікке көнбей, Доспанбет, Нараяна үшеуі Омейяд халифатына қарсы әскери көмек беруді ашық оқталып сұрады.
Алаша ханның хатының сондағы мәтіні мынадай:
Құрметті Таңның жарық билеушісі Шуанзұң патшаға сәлем!
Сәлеміміздің жарқын сыңғыры, сеніміміздің беріктігі ретінде тор көзді сауыт, ішкен дәмнің уытын бірден айыратын гаухар тостаған, қолға ыңғайлы лағыл көзе, түйеқұс жұмыртқасы, ергежейлі қызметшілер мен биші қыздар осы хатпен бірге сіздің құзырыңызға сыйлыққа жіберілді.
Үркек жел мен шулаған аң, жапырлай түскен күн нұры адамдарға ортақ түсуі керек. Шалқыған күн нұрының астында бетіне сәуле айқын түспей, беттері қашан да қара көлеңкеленіп жүретін кей тұрғындардың азабы, олардың тұрмысының ауыртпалығы мен жанының мазасыздығы біздің өтелмеген парызымыз.
Ой-дүние танымымызды астаң-кестең еткен мүлдем басқа діндегі, басқа өңдегі, басқа тілдегі Омейяд халифатының атынан сөйлеген Араб-Парсы күштерінің бізді жайындай жұта жаздап, тілін діннің күшімен тықпалап, діни ескі көзқарастарымызды түгел дерлік «жынмен сыбырласу» деп түсіндіріп, еркегімізге дейін әйелше ұзын киуді нәсихаттап, бабалар моласына қойылған белгі тастарды пұт ретінде қиратып жатқандықтан, біз бұл дүлей тасқынға қарсы тұрдық. Шегінерге жол қалмады. Баба моласының амандығы мен ұрпақ тілінің тазалығы, әйелдердің еркекке басыбайлы күң ретінде қызмет етуіне деген қарсылық, адамдардың өз жерінің байлығы мен табиғатын еркін игіліктенуі үшін мен Бұхара, Қондыгер билеушілерімен ортақ тіл табысып, осы еш елдің төресі сіздердің бізге әскери және елшілік арқылы елдесу тұрғысынан бауырлас, одақтас болуларыңызды қалаймыз. Шығыстағы дүлей тасқынның толқынын батыстың қара құмында жүрген Омейядтіктер алыстан сезінеді, қаймығады. Алақаны ақшаға толы Самарқандықтардың шабдалы иісі астында тыныш өмір сүрулері үшін күресіп, бақыты мен байлығын теңшеп ұстап көп атадан бері Созақ, Қобан, Досымбет деген ата-бабаларым мұрагерлікпен билік жүргізіп келген еді. Енді міне, қаламыздың қызығын тастап, салт атты сайлауыттар мен көшпенді өмірден түспеген, отырықшылықты ұнатпайтын топтарымызды бастап қыр кезіп жүрміз. Әзіргі менің орда тіккен тиянағым - Ұлытау. Көшпенді қауымдарым Қаратаудан әрмен асып, Үш Кеңгір, Сарысу, Есіл, Нұра деген жерлерді жайлап отыр.
Қытай патшасы Алаша ханның хатын оқып болып, бетіне қиғаштай түскен қызғылт нұрға хаттың бір шетін жалатып отырып, қызыл шымылдыққа шағылысып түскен нұрмен жуылған хатты баяу бүктеп, оның астында тұрған аппақ хатқа - Қондыгер аржаны Нараянаның хатына көз тастады.
- Қондыгер аржаны!,- деп дауысына қырыл араласып күңгірледі. Босағада басын салбыратып тұрған ұзын кепешті келген, екі күзетші тың тыңдағандай бастарын селт еткізіп, атжалмандай жалмаңдап, қайтадан қыбырсыз тұра берді. Қызыл күрең киімді екі күзетшінің белуардан аяғына дейінгі денесін күңгірт көлеңке жауып қалды.
Алаша хан Қытайдан Самарқанды қайтарып алу үшін әскер сұраса, Бұхара хұдайы Доспанбет Түркеш қағаны әскер шығарған жағдайда, Таң елі бұған қосыла қолдау танытса бірігіп, Арабтарға қарсы іс қылатынын жеткізсе, Қондыгер аржаны Нараяна Арабтардың барлық саланы шеңгеліне алып, ауыр салық салғанын, қазынаға қол салып ештеңе қалдырмағанын, билік иелерінің күші бытырап, тым ұсақталып қалғанын айтып шағымданса, Суған елінің байсыны да осы салықтардың өз елі үшін ауыртпалық екенін жеткізіп, билеушісін «елге ие болар егем, егейім!» деп атайтын Тоқарстан жұртының егейімен арадағы қатынастарының реттелмеуі себебінен Арабтарға қарсы өнімді әрекет ете алмай отырғанын жайып салды. Олар қанша сенімділік білдіргенімен, осы хаттарды ашып уысында ұстап отырған Қытай патшасы бір кезде тұңғиық түнектен сары кепешті басын шығарып, «жо-о-оқ» деп жолбарысша гүр етті.
- Қанша әділ сөздер болсада, -деп күбірледі, - Бұл менің қалауым емес. Құрыңдар Түрік тектілер!
Соңғы гүрілі ерінбей шығарған көп айхайдың біріне ұқсағанда, босағадағы қарауылшылар селк етті. Түзу тұрған аяқтарын артқа жинап, сіңірлері тартылып қала жаздады.
Өздерін «одақтаспыз» деп атаған үш ел өзіне қарасты және өздерін қолдайтын қалалар мен көшпенді рулардың басын қосып, қара түнекке қарсы қарсылық дайындағанымен, үнсіз күреңітіп отырған осы аспан ұлына жаңбырдай жаудырып жақсы тілек, қызыл раушан көңіл сыйын жолдағанымен, бұл жібімеді. Осы одақтастардың жеріндегі Арабқа қарсы қақтығыстарда бірде-бір Қытай әскері төбесін көрсеткен жоқ.
Мауараннахрда Омейяд халифатының шапқыншылығымен қатар діни, мәдени толқыны болып жатыр. «Бұл өзі қандай жұрт?» деп Алаша ислам хадистерін аудартып тыңдап отырып салыстырып, қорыта келе, бесіктің екі басына қарап: «Жер-Ана Алланың бесігінде тербетіледі» - деп, бесіктің сол екі басынан көз айырмаған күйі «Иман» мен «Әділдік» деп күбірлейді. Оның не айтқысы келгенін қасындағылары түсінген жоқ. Ұжымақтай тыныш жас отаудың иелерінде қана болатын мейірім көзі оның болаттай көздерін балқытып тұрды.
12
Қырандар ұшқан сайын,
Ұшады түсіндегі биіктікке.
Қырандар ұшқан сайын,
Ұшады төсіндегі биіктікке.
Төсі оның қандай биік,
Әуеде толқындайтын.
Төсінен шыққан әуен,
Тұмсықтан саңқылдайтын.
Түсі де қандай биік,
Ұйқысын тазартатын.
Түсінде көрген түрлі әуендерді,
Қанатын сілкіп- сілкіп тарататын.
Бүгін де қыран ұшты,
Айналып ала тауды.
Түн бойы көрген түсі,
Мені іздеп бара жатты.
Түркеш қағаны Сүліктің бұған жүрегі шыдамады. Екі алып күштің өздерін түбегейлі қолдаушы емес екендіктеріне көз жеткізіп, кезінде өзінен бұрынғы Түркештің билеуші буындары ебіл-дебіл қорғап аялаған Алаша ханға кісі салды. Көптен көріспеген құдаларша құшақ айқастырған Сүлік пен Алаша екеуі үш-үш мыңнан 6 мың аңшы мен құсбегіні, ас әзірлеп, сусын дайындайтын қыз-қырқынды ертіп, қоңыр күз өз бояуымен күреңіте сылаған Сарысудың жазығына аңшылыққа шығады. Саятшы, құсбегі деп алымды аңшылығына қаратып айтпасаң, бұлардың дені сайлауыт сарбаздар еді. Құсбегілер мен аңшыларды Баян, Шегір деген даңқы жайылған екі аңыз құсбегі басқарады. Бұл заманымыздың 720 жылы еді. Сүліктің құсбегілері мен аңшылары біріңғай көк киім кисе, Алаша ханның құсбегілері мен аңшылары біріңғай ақ киім киеді. Алаша ханның адамдары қызыл байрақты, қызғылт киімге құштар ел болғанымен, саят құстарын салуда қызыл киім киуге, қызыл нәрсе бұлғауға болмайтындықтан, көкті таңдағаны осы. Осы Сүлік атайдың ұрпақтары Ыстының Тілік руы мен Дулаттың Шымыр руында Сүлгетай тармағы болып аман-есен жүр. Алаша ханның құсбегілері ұстаған қыран бүркіттердің төресі Оралдың зор табаны болса, Қазықтының қарагері, Құмның қызыл көзі, Асаршық маңының жирен тұяғы, Жанбауырдың жарғыш тұяғы, өлтірмей бермес өтеген, несібелі байқасқа қатарлы жеті түрлі қыран бүркітті қалғандары қолға ұстап, Түркеш қағанының құсбегілері ұстаған қыран бүркіттердің алдында едіреңдеп келе жатқан Есбалақтың есер соғы, Құмның қызыл көзі, Дересіннің шұбары, мұзбалақ шөгел, шашақты шөгел, сүйелді шөгел мен Барлықтың ала қанаты, Жәйірдің шұңғыл қарасы, Ерентаудың керқұйрық қызыл аяғы, Күнестің қаусырмасы қатарлы он түрлі қыран бүркіт шалғыларын жел сүзіп желпілдейді.
Әр үш мың адамның алты жүзі құмай тазыларды жетелеп алған. Екі топтан тұратын осыншама көп құсбегілер мен аңшылар күншілік жерден үлкен шеңбер жасап, аң-құстарды қыспаққа түсіреді. Дәл осы сәтті көру адамға керемет әсер, таңғажайып қызыл арайлы көңіл-күй береді.
Саятшылар бөлек ұйыса қалғанда, Шегірдің тұлпары көз алдында алдыға шығып топ бастап өтті. Баян мен Шегір қатар тұрғанда, Шегір кешкіл, жылан бас, үңгір қабақ, баға жетпес, қызға бергісіз бүркітті сипалап:
- Кең танаулы деу керек пе мұны?, -деген.
- Жырық танау ғой, - деді Баян,- Су ағарлы екен өзі. Шүңірек қисық көздім-ай, дүрдік езуім...
- Беті – қылыштан...
- Иа, қылыш бет... Пышақтай көкшіл тұмсығын айтсаңшы!... Сары шудалы екен...
Содан кейін күбірлеп сипай берді: - Кең иық, қобы жауырын, төсі шалқақ, шұлғымас шұбар төстің өзі.
- Қызыл жемсауын, жоғарылау алдына біткен қалың топшысын да сипала!
- Аюша тұяғы имек емес, сәл иін... Шаршы саусағы, саласы бүріс емес. Жуан шоқпар саны тұтам төрт елі, төрт болатты, көкшіл түсті бұжыр аяғы... Дәл осы қалпымен анау қатын мінезді Абдыл-Әзіздің үстіне салар ма еді?... Э-эх!... Болаттан құйылды деуге кісіні нандыра жаздаған қыраным, пышақ шалғылары да иін емес, түп-түзу кесіп тұр. Парқы құйрыққа жетпей тұрғанында.
- Ірге қанаты ирексіз келген мұндай ұшқыр құстың дауысы шаңқылдай ма, сусылдап сұқсыр құсап кете ме, қалай шығатынын ойлап көрдің бе осы?
- Қалың жүндес мақтадай түбітіне қарамайсың ба, бірақ қолтығы сүбесіне дейін тақыр. Мұның өзі дауысы - шаңқылы жоқ, жылан үндес жарқышақсыз сусылдап шықпай ма екен?
- Мынаның жүнінің ағаласын аршып шықсаң арылмайды. Қолға түспес қара тарлан қыран құстың өзі-ақ. Бір бабы келген соң күз демей, қыс демей түлкіні көрген сайын ала беретін мына іш жарғышым Алтайдың ақиығы емес пе? Әлі тани алмай тұрмысың?!
- Болар, болар. Алыста жатып атақты болған Алтайдан алдырды десе, сенем. Жұқалаң, пышақ тектес көк тұмсығын көріп отырмын. Талтақ бұтты, қожыр аяғының мелжемділігін де көріп отырмын.
Саятшылар алтын, күміспен құймалаған томағалы қырандарының қайырғанда саңқылдаған дауысын шығармау үшін тамағының астына, томағаның тамақ бауына қыстырып қойған «Таңдай» дейтін тіл ағашын, екі аяғына екі бөлек тағылған аяқ бауын сипап, ішіне қалың киіз астарланған, бұғы терісі, сиыр терісі сияқты қатты, шымыр теріден тігілген биалайының үстіндегі бүркітті қолға қондырып алып жүргенде, білек астынан көтеріп демеп тұратын балдақты ердің алдыңғы қасына бүлдіргелеп бекітеді де, биіктігін өз ыңғайларына қарай ыңғайлап.
Құстың сырлап, құймалап қойған жемаяғы қанжығада желп-желп етеді.
Тазы иттердің мойынына шығырықты қарғыбау тағылған. Қайыстан арнаулы жұмырлап тез суситын етіп өрілген жіңішке, ұзын жетек бауды шығырыққа іліп, екі ұшын бірдей қолда ұстап отырады. Шикі тамақ бермей, піскен аспан бағылған тазылар адамның серілерінше желге жүндерін түлежіте таратып, ит екенін ұмыттырып, қасындағы қарагерлердің қайратымен қайқая қарайды. Табаны тозып тасырқамасын деп аяғына мәсі кигізілгенін қайтерсің?! Тазы итке көрінген адам ие болмай, бір адам ие болып, иесі өзі баулиды. Елік, арқарға да шабатын тазылар иесінің баулуымен оларды тірсегінен қиып, қасқыр мен түлкіге шапса тамағынан ұстауға тырысатын.
Сарысу бойының қасқырлары Алтай мен Арқаның сырттан бөрілеріндей емес, әлді, қарулы бүркітке артық қайрат көрсете алмайтын кішірек келетіндіктен Түркеш қағанының шөгелдері қасқырға түсуге бейім. Қырағы қырандарды көтерушілердің қағуылшылары жанында. Қыранын қағуылшылардың көмегінсіз түлкі алуға баулыған құсбегілер де бар. «Түлкі көрмегенде томағасын тартқан бүркіт итке түседі» деп екі топ саят басталғанда, аңкөстерін бірге ұстамай бөлініп кетті. Мұнысы енді бірде «Ит тістеген аңға бүркіт түсіп таласып қалады» деп сақтанғаны.
Алаша ханның сол уақытта Маңғыстаудың қыры мен ойын, Сырдың бойын андыздап мекендейтін ұшқыр аламаннан бірнешеуін қолға үйретіп, мойынына қарғыбау тағып, басына томаға кигізіп киік, бұғы, бөкен аулататын әдеті бар болған. Аламан дегеніміз гепард еді. Енді бір шежірелік аңызда Алашаның әкесін Аламан деп айтады. Гепард қызыл шұбар болған соң, сол заманның адамдарының адамға Қызыл Арыстан деп ат қоюы гепардтың жанама атын қойғаны болып табылады. Жолбарыс ешқашан шұбар болмайды, тарғыл келеді. Қызыл шұбар жолбарыс деп жүргендері де осы гепардқа қойылған жанама атау.
Осы аламанды аңға жүгірткенде одан өткен жүйрік болмайды. Аламандарды аңға салмай, бір-бірімен жарыстырып та алатын. «Аламан бәйге» деп аталатын бәйгенің ең үлкеніне қаратылған атау да ескідегі хандардың гепард жарыстыруынан қалған естелік сөз еді. 8 ғасырдың әйгілі қолбасшысы, Түркеш қағанатының қағаны Сүлік қаған аламандарды жанына ұстамай көңілі көншімейтінін байқадя.
Алаша хан қолға үйретілген алты аламанның екеуін сыйлап жібергенде, Сүлік қаған тебіреніп кетіп:
Самарқан үшін барымды саламын!, -деп оң мен солына әкелінген екі аламанның басынан сипай берген. Алақаны күмістеніп кеткен сияқты болды.
Бұдан кейінгі кезде Қағанның демалуға шығып, осы екі аламанын жүгірткен жердің қиясы Аламан атанып кетіпті. Бұл жер қазіргі Алатаудың Шу ауданында жатқан Аламан деп аталатын бір сілемі. Олар қағанның сарайында ерекше күтіммен қаралып, ханның салауатын білдіретін.
Олар осы жолғы 6 мың адамдық аңшылықта әр жерге бөлініп аран құрды. Басында бұзау өрісіне жетпейтін аран жасап бүркіт жемі үшін қояндарды қырса, одан кейінгі аранды аңы жыртылып-айырылатын үлкен алқаптың аңына туралады. Терең орлар қазылып, қоршаудың ішіне үшкір сида, істіктер орнатылып, қуаланып, үркітіліп қуылған аңдарды мертіктіріп жаралап сидаға түсіріп, бір жағынан атып, ұрып, ұстап жататын. Аңдарды қауымдап, ұрандап, оларды бір жағы қана ашық қалдырылған, секіріп өте алмайтын жыраға кіргізіп, садақпен атқылайтын. Шалма салып әбігерге түсетіндер де бар. Кей аран шатқал, сайды тұйықтап, аңның қашар жерін тас пен ағашпен қоршаса, жан-жағына өткір істік шаншып қоятын. Аңдардың бір бөлімі істікке шаншылса, қалғаны ұрадан шыға алмай ұйлығып түрғанда аңшылар соғып алады.
Жазық далада тастан, ағаштан, шіліктен үлкен қоршау жасалып, қазан, тоған, астауша қылып үш түрлі орлар қазылатын. Ордың екі шетіне ағаштан, тастан аба қалайды. Мұндай орлардың бір жақ ұшы жіңішке қазылып, екі босағасының арасы алшақтап барған сайын кеңіп отырады. Аңдарды осы ауызы кең жағымен айдайды. Үш негізгі араннан тыс, жартылай дөңгелек етіп қоршалатын аран болады. Жартылай дөңгелек қамыс ұралардың іш жағына қарай істік шаншылып, аңдар соған ұрынып барып шаншылады.
О, осындай жауырындай жантайған ұралардың ішіндегі арандағы алқынған аңдарды қозы жауырын көк жендетпен жебелеп, зақпымен тас атып, «жылда» деп аталатын лақтыруға арналған қысқа найза шаншиды ерлерің. Қоңыр аңдар мен жыртқыштар араласып неше мыңдаған аңды олжаға түсіретін. Қан-қасап ішінде алас ұрған үйір- үйір құландар, табын-табын киіктер, қарақұйрық, елік, ой-хой, шұбыра қосылған қабандар, ширатыла ызбар төккен жолбарыс, қара езуі қара тағадай қасқырды-ай! Қымсына жортқан түлкілер...
Жан-жағы жақсы көрінетін, айналасындағы бұдырмағын аң шиырлаған тұрғыларға алып шығылып томағасы тартылған қырандар өршеленеді. Бүркіт қана ма, қаршыға, сұңқар, лашын қатарлы алғыр біткен тіленеді.
Терісін алу үшін ауланған қасқыр, қарсақ, мәлін, түлкілер құйрық түбінің бауыр жақ астынан бастап бітеу сойылғанда, бас терісін тұлыптап сою үшін еп пен уақыт керек. Тауешкі, бөкен, арқар-құлжа, бұлан, бұғы-марал, қарақұйрық қатарлы еті де пайдаланылатын, бас терісі алынбайтын қоңыр аңдар бауыздалып барып, бауырынан жарып сойылғанда, бұғы мен бұланнан басқа тұяғы кішкене қоңыр аңдардың тұяғын пұшпағына қалдырып сойып, жолбарыс, сілеусін қатарлы арам еттілер бауыздалмаған күйінде бауырынан жарылып сойылып жатты.
Қытай мен Араб арасындағы құпия келісімнің өте қатаң орындалып жатқаны, ешбір Түрік баласына тіс жармай, екі жақтың да мұздай безеріп, тастай қатып отырып алғанынан Алаша хан жаңа ойларға көшті:
- Ирақ әмірі Мәслам Әбділ-Мәліктің біз жаққа - Мауараннахрды басқаруға жіберген қабілетсіз ағайыны Сейт Әбділ-Әзіздің көңіл-күйін күйрету үшін, Соғдианадағы халықтың ауыртпалықтарын ашыққа шығару керек. Оның шын қабілетсіздігі анық көрінген соң Арабтар жанталасқа түседі. Соғдиананы көтеріліске дайындау керек. Ол келе салысымен саз аспаптарын қолдануға тыйым салып, өлімде жоқтау айтуға да «харам» деп шек қойып, иттің үргеніне де бөгеу болып, жұрттың ит-сілікпесін шығарды.
- Меруден кейін, Самарқанда жаңа аймақтың ашылуы олар үшін шығыстан жаңа Араб өрісін бастап беріп, жаңа жоспарларымен Сейт Әбділ-Әзіз аптығып жатқанымен, осы әлсіреулерге көп өтпей назар аударатыны анық.
- Оның үстіне, ерекше маңызды қала Самарқанды басқарып отырған ұлық Абырақпен олардың берік қарым-қатынасы, оларды толық көңілдендіріп еді. Бірақ, ол менің бабамның қаласы. Самарқанды қайтарып алу менің өмірімнің тынысы. Бір әттеген-айы, Абырақтың ықпалымен Самарқандағы ұлықтар аз күшпен болсада, басқыншылардың жаулап алушылықтарына өз көмегін көрсетіп жатыр. Бірақ, Араб күштері осы ақша құмарлардың алдаусыратып берген салығы мен азғантай әскери көмегіне сене қоймасы анық.
- Қытай мен Араб екі дінді болсада, бір-бірінен ыққан, Түріктен сескенген ося екі алып күш өзара байланыс жасап, бір ниетке бекіп қойған екен. Олардың бір-біріне жылтыраған нәрсені еселеп жатқанын көре бермейсің. Сыйлығы мен достығын арадағы елдердің тағдырын бөліске салудан бастайды. Тарту-таралғыны қоя тұр, болашақтың үміті олар үшін ең қызықты нәрсе.
- Таң елі біздің Түрік қағанынан бөлектенуімізге қолдау көрсетуінен кейін де, бізге билігін жүргізе алмасын білді. Алайда төңірегіміздегі елдер оларға өлі болып жұтылып, тірі болмаса, біздің өрісіміз тіпті тарылып, аңдыған жау біздің жерді аранға айналдырып, қан-қасап жүргізер еді. Мына аңдарша..., -деп байырқалады.
- Түрік тектілерге қарсы шеруге шығудағы үрей мен Түрік жағдайының реттелуі, Білге қағанның Қытай шапқынына қарсы тізе ұршығын түсіре ұруы, қанша айтқанмен иеленген уызын ішіп алмай қозғалмайтын Арабтың піл табанын жылжытпады. Түрік қағаны Білге қаған мен Күлтегін батырдың күші батысқа емес, шығыстағы Қытайға жылжып бара жатып-ақ, батыста отырған бұлар жүректен жеңілді.
- Соғдиана күштерінің басына айналды қамқоршыңыз. Соғдиананың тоғыз елінің тоғыз ханын өз қолымен отырғызған еді Майқы би. Майқы бидің бар кезінде ордасының алды қандай еді? Есік алдын жататын мақал көміп.
Сіз де одан қалған өнегені жалғастырып Батыс Түрік күштерін жандандырып, Соғдиана көтерілісшілерін қозғай отырып бір білекке біріктіріп, оларды қарумен де қамдай аласыз.
- Таңның тұмсығы тарихтың тасына тиіп қайтты. Ордоста Білге қаған қолы 17 мың Таң әскерін ат-патымен қоса омақастырып жер құштырған. Бір жақсысы, біз бұл тұста бұрынғыдай қырғи-қабақ болмай, жалпы Түрік тектілердің қамқоршысы болғысы келген Білге қағанға батыстан қысым түсірмей қолдау таныттық.
- Жиделі Байсыннан Жетісуға, Қаратаудан Хорезмге дейінгі жұрттар Майқы би өнегесінің өркені деп сізге сенім артуда. Алайда, «қарусыз елді қарулы етіп, Арабты жайқаймын» деген азғантай көтеріліс көсемдерінің қадамы сәтсіз болғанымен, аралықтағы осы тынысты уақытта аранды кім жасап үлгереді, сол жеңімпаз. Мұндағы қан- қасап кімге арналуы керек? Қан-қасапта бейуаз қоңырлар да, жыртқыш күштер де аяғынан оталып тындым табады. Түз бетінде әр жерде ырсиып тұрған бұрынғы хандар жасаған ескі аранға да кезіктік. Оны қайта пайдаланып, аңды қайта қыруға болады. Қырғыннан кейін бірнеше буын өтіп, жаңадан өскен аңдар бәрібір ол жерден алыс жүрмейді. Өзі келіп қырғындалады. Сондықтан, бұл қырғында Соғдианың бейуаз жұрты да, өрекпіген жаулаушылар да қырылып, соғыстың михнатын шегеді.
- Түрік қаған күштерінің азық-түлік, жол жорық жағдайына қарасаң, өз аумақтарынан алыстағанда Арабқа қарсы азу білеуінің мүмкіндігі төмен екені көрініп, үмітсізденген Соғдианада атаулы-атаусыз өзін билеуші деп жариялаған әмірлер маған бұрыла бастап, табалдырық тоздыруда. Мен «Соғдиана халқын жаппай көтеріліске дайындау керек» деген ұсынысыңызды қолдаймын. Білге қаған Қытай соғысын тастап, бауырларымен бері аттансада бұрын Түрік қағанына отар болған елдер оларды қабылдай қоймайды. Олар үшін біз таңсық, жаңа күшпіз. Басып алудан аулақпыз. Елді көтеріліске дайындап, жаңа тебінмен, ниеттес ел ретінде оларға көмектесіп құтқарушы жұлдыз ретінде ораламыз.
- Уа, қаған шабуылымыздың шаншылар жебесі әуелі қалай қарай атылады?
- Шоқпар қандауға ұстап Шашқа бір төнеміз. Сейқон мен Жайқынның арасындағы шортан шұбарлы шұратқа сүңгі салысып, сіз сұрағандай бір жебе емес, Алашам, екі жебемен екеуіне қатар тартамыз. Садақтың бірі сіздің солқылдаған білегіңізде тербелер. Елдің жүрегі дір ете қалатындай атыңыз бар «Алаша!»деген, қадап атасыз деп сенемін.
Олар қайтқанда таңшолпан шалқасынан жатыр екен. Таң алдында өз тарихын талқылап қайтқан екеуі ат үстінде шалқалап жатып, төбедегі таңшолпанның көзіне ұзақ қарады.
13
Анам аты - Ашина,
Әкем аты - Көк Түрік!
Қос қол созып ғасырға,
Бұлғаңдаймын көк тіліп.
Бұлтқа жетер биігім,
Жер тебіренткен табаным.
Қазақ жерінің қап-қара көзді киігін,
Ақ бөрі әнін созған жерден табамын.
Киіктер де, бөрілер де үн қосып,
Бетпақ-Дала аяулы үнмен тілдесіп.
Шидің басын күбірлеп кеп түрткен жел,
Менімен көшіп жүрді бірлесіп.
Бір көшемін аязы ауыр желмен де,
Үскірікке қарт сақалы тербелген...
Ешкім көрмес перілердің қауымы ем,
Айдалада ақ отаудай сенделген.
Қолымда бір көнсадағым, қорамсақ,
Ақ боз тауға бас шұлғытам алаңдап.
Перілердің аппақ, бозғылт жігіті ем,
Алды-артымнан жосып жүрер маралдар.
Осы тауға бір иелік етемін,
Садағымды шыңға байлап кетемін.
Ұлытаудың төбесінде - жалғыз оқ,
Алаша хан "сақта!" деген мекенім.
Ойпырым-ай, қып-қызыл жел уылдап,
Ыстық сөзім тебіреністі туындап.
Бөрі-аналар тастап кеткен отанға,
Ұлар құспен бірге отырам шуылдап.
Ұлы тағым қай зұлымның астында,
Көрікті елді қан қақсатып лас мұндар.
Жақтарыңды тіліп түсер қылышым,
Қарамайды сенен келген тасқынға.
Қызыл ерінім қызыл тостаққа ілініп,
Бас сүйегімен жаулардың қымыз ішіп кідіріп.
Осы Қазақ Азияны жаулайды,
Көк бөрінің сүрлеуінде жүгіріп.
Алтай - маған,
Іле - маған,
Еділ, Сарытау - маған да,
Тәңіртаудың жұлдызы жиылып тұр алаңға.
Үргеніштің түйелері үн салып,
Жоқтауына Әму қазы таранған.
Ыстықкөлге шашырата үн салып,
Ей, Кекілік-Сеңгірім, қасыма кел бұрқанып.
Ат үстіндегі хан еріне жақындап,
Барлық жердің рухы бірге шырқалып.
Қарқаралыда баршаға айхай саламын,
Әр үн сайын көктей кеңіп барамын.
Қарқараның қауырсынын суырып,
Шайтанкөлдің сиясына маламын.
Не жазамын одан кейін?
Белгі жоқ.
Жазуменен шимайлап өңдей берем жерді тек.
Қазақ жерін жазуларға толтырам,
Жеңімпаз сөз байрақтарда желбіреп.
Нұрға, суға малған қалам тоқталмас,
Жат қаламнан мұндай ыстық от тамбас.
Қазақ жерін жазуларға толтырып,
Кете барам кеудем - толы оқ,
Оқтар мас...
Мас болады жебеміз де жеңіске,
Кеудемде оқтар өзі атылып өріске.
Бытырлаған оқ кеудемді көтеріп,
Кіріп кетем ешкім көрмес теңізге.
720 жылы Самарқанның шабдалы иісін иіскей-иіскей кері қайтқан Түркеш қолының арасында елеуреп, қаны қызынып алған Соғдиананың көтерілісшілері жүрді. Самарқан мен Бұхараның арасындағы жол тораптарын басып алған қол Самарқанды ала алмағанымен, қамал ішінде бұғынып жатқан Сейт Абдыл-Әзіз Түркеш қолын осында алып келген Алашаға кісі салып бітім сұрайды. Самарқанның сыртындағы басып алынған ұлан-ғайыр аумақтағы жұрт қайтадан исламнан шығып, Ақыр-Мазданың алауды кие тұтқан сеніміне қайта көше бастады. «Саз аспаптарын ойнау, тыңдау харам», «Өлген кісіні жоқтауға тыйым салынсын!» деген жүректі қарайтатын, тұйық қара заңдарынан біржолата бас тартқан Сейт осы бұйрықтарды орындауға жіберген Ирақ әмірінің тым қаталдыққа кетіп қалғанын енді түсінді. Сейт соғысты қаламады. Алайда, төңірегіндегі Араб сардарлары оны соғысқа үгіттей берді. Жерлерінен айырылған жергілікті шаруалардың жері қайтарыла бастағанда, Араб сардарлары «Омейяд халифатының жерін бөліске салдың!» деп тағы шағымданды. Құлдыққа түскендердің азаттық алуы, ұрып-соғу көргендердің шағымымен оларды қорлаған мұсылмандарды жазалау Арабтардың ақылына сыймады.
- Түркеш қолын бастап келген Мықты тарханның аю көзінен ығып отырсың ба, жүрегің су түбіне кеткен бе?, -деп зілденді аптығы басылмаған бір қолбасы.
Қалай дегенде де, Алаша 721 жылдың ортасына дейін өзінің бабаларының сүйікті астанасы болған Самарқан жұртына ғана емес, Омейядтар қарауындағы көптеген Соғдианалықтарға жеңілдік әперіп, өзінің Соғдиана халқының алдындағы абыройын тереңінен сіңіре түсті. Ақыры, Сейт Абдыл-Әзіз төңірегінің тоқтаусыз айтақтауымен, ымыраға келген қарсы жағына қарай 721 жылы шайқасын бастап кеп жіберді. Мықты тархан мен Алаша қолы онсызда жігері жасыған Сейд Абдыл-Әзіздің қолын тас-талқан етіп еді.Омейядтың өткен жылы таққа отырған жаңа халифасы Әздер жаратушы бір құбыласын кем етіп қойған Сейт Абдыл-Әзіздің бұл қатерге қарсы тұруға дайын емес екенін көріп, жон-арқасы жыбырлап, жанары жасаурап, «Қорасанға қауіп төнді» деп зарлады. Самарқаннан басталған көтерілісшілердің толқыны кең жайылып кетті. Алаша хан аңыздарының бірінде айтылатын Абдолла-Әзіз атанып, онымен соғысып жеңіліп, Алаш жұртының бағынусыз еркін ел екенін мойындаған дейтін адам олармен соғысып жеңіліс тапқан осы Абдыл-Әзіз. Әскерлері ат тұяғын сүйіп кешірім сұрап, қасықтай қанын қиын-қыстау сәтте төктірмей сақтап қалмап па еді?!
Ирақ әмірі Сейт Абдыл-Әзіздің орнына Қорасанға әмір қылып Сейт Әмір Әл-Қарашиды қойып еді, ол тіпті басқа адам. Жаңа әмір көтерілісшілерді бағынуға шақырды. Мауараннахр бір жылдай аумалы-төкпелі күйде тұрды. Көтерілісшілердің көсемдері ақсүйектер мен бай саудагерлерден тұратын. Алаша көтерілісшілердің қаладан кетпей қарсыласуын, сырттан көмекке келіп Араб күшін бірге тойтарса тиімді болатынын қанша айтқанымен, көтерілісшілер Ферғанаға барып паналап, одан әрі Қытай асуды жоспарлап, Алдардан кейінгі Ферғана даяғашысы Арыстан-Даяғашыға кісі салды. Арыстан-Даяғашы оларды қарсы алатынын, оларға жақын Қожантқа орналастыратынын жеткізіп елшілерін шат-мереймен қайтарды. 722 жылдың көктемінде, Әл-Қараши әскерін бастап Дабусияға келіп шатырын тігіп, өзімен бақа үндес, балық тілдес Ферғана даяғашысының жауабын күтіп жатты. Көтерілісшілердің дені Қожантқа орналасып, бір бөлімі Ферғанаға кіріп, Зараушан аңғарында бекініс құруға кіріскенде Ферғана даяғашысы Арабтарды шақырып, Әл-Қараши оларды Қожант түбінде қоршауға алып, оларды қырып тастайын десе, көтерілісшілер олардың бірсыпыра маңызды адамдарының қатын-қалашын кепілге алып жүргендіктен, Әл-Қараши қыруға бірден батпады. Көтерілісшілердің көсемі Қарсаш не бағыну, не қарсыласып қырылу жолын таңдауы керек болды. Сол кезде Әл-Қараши келісімге келіп 400-ден астам көтеріліс көсемдеріне жағдай жасап, оларды көтерілісші сарбаздан бөлек орналастырды. Көңілсіз көтерілген күн сол күнгі оқиғаларды қаламап еді. Әл-Қараши ақсүйектерді бөлектеп алған соң Ыстыхандық ақсүйек Сәбитті өлтіріп арандап, Сәбит үшін бүлік шығарған оларды және бөлек орналастырылған 3 мыңнан астам қарусыздандырылған көтерілісші әскерлерді қоса қырып, байлығын талап алды да, бұлармен жымы бір деп мұндағы Қытай саудагерлерін де қоса қырып, олардың мүлкін де талан-таражға салды. Бұл Мауараннахр халқын тегіс ашуландырған ащы оқиға болды.
Босқан адамдарға пана болып, оларды ажал құшағынан алып қалып, өзінен орын берген Асар-Шан жұртының байсыны Достайға Әл-Қараши жорық жасап, оны Зараушанда екі рет шайқасып жеңіп, басқа бекініске қашқан оны ымыраға келтіріп ұстап, Бақшакент қаласының ғибадатханалары мен тәуір үйлерін өртеп, Достайдың өзін ағашқа шегелеп өлтірді. Үрейге буылған адамдар Түркеш қағанын қара тартып, Жетісуға қашып барып жатты. Сүлік қаған қашып келгендерден 2 мың әскер жасақтап, олардың туған жерлерін қайтарып алуға деген сеніміне қанат бітірді. Әл-Қараши сардары Сүлеймен Әбіссарыға Абғар бекінісіне шоғырланған босқындарға шабуыл жасауға бұйырды. Сүлеймен оларды берілуге көндіріп, бұлардың негізінен Бұхара, Хорезм, Суманның тұрғындарынан құралған адамдар екенін білді. Қожанттағы қырғынның дақпыртынан кейін, «қара жерден қатты жүрек» атанып қатты сынға қалған Әл-Қараши осы тұтқындарға жақсы жағдай жасап, ықыласпен қарап тұрды да, Қазақ, Рабинжан бекіністерін көтерілісшілердің қолынан қайтарып алған соң, жаңағы көтерілісшілерге енді жылы қарау қажетсіз деп қырып салады. Көтерілісшілердің барлық дерлік бекінісі алынсада, алынбас қамал болған жалғыз бекініс болды. Ол Наушаның оңтүстігіндегі Сұңқар басқарған Қазар бекінісі еді. Әл-Қараши Сұңқардың досы Мусарбал Әл-Хритты оған берілуге жіберіп, алдап-сулап қамалға әскер енгізген соң, оны ұстап Меруге жіберіп, халифа Омардың үкімімен өлім жазасына кесті. Әл-Қарашидың осының алдындағы Асар-Шан жұртының байсынын халифаның шешімінсіз өлтіруі, жергілікті халықтың Түркеш жағына мойын бұрып кетуі халифа жағынан қатты сынға алынып, оны Мауараннахрдың әмірлігінен алып тастап, сол жылдың қысында орнына Мүсілім Сейт Әл-Қылабиды тағайындапты. Бұл халифа Омардың істететінін істетіп алып, сырт көзге мұсылманның бейбітшілік сүйгіш қасиетін көрсету үшін бет жүздік қылған жалған әрекеті де еді. Осылайша Соғдиана опасыз әрекеттермен Араб қолына қайта өтіп, Хорезм, Бұхараның жаңа әмірлері оларға өз адалдығын қайта таныта бастады. Әму бойы көтеріліс кезеңдерінде бұрқ еткен шаң шығармай тыныш жатқан. Мүсілім Сейт Әл-Қылаби Ирақ әмірі болған Мәсләм әулетінен және Қорасанның жағдайына қанық адам болған соң бұл жаққа әмір болып таңдалды. Соғдианадағы көтеріліс ұшқынының Қорасандағы Парсыларға тарап кетуінен сақтану үшін ол ерекше ықпалды Хаян Әл-Напабиды «Парсыларды үкіметке қарсы қоздырды» деп улап өлтірді. Омар халифа бұл кезде оған жағдайды ушқытырмай Парсылармен тату жолды ұстануға кеңес берді. Мүсілім Сейт Парсы текті Маздан Бахрам Систы Меруде басшылыққа қойды. Бірқанша Парсыларға мәнсап беріп, жамбас мұзын еріте түсті. Дегенмен, Соғдиана мен Тоқарстанда наразылықтар қайта өрши бастаған. Ферғана жорығына байыппен дайындалған Мүсілім 724 жылы наурызда жорыққа дайын болғанда, Балықтағы соғысқа қарсы Иемендік әскерлер оның биліктен кетуін талап етіп дүрбелең тудырды. Мүсілім оларды тыныштандыруға Насыр Саярды жіберіп, Суған елінің әскерлері де көтерілісті басуға қосылып, Иемендік әскерлер Баруханда жеңіліп ақыры әскери міндет өтеуге қосылды. Әзіт руындағылардан тұратын 4 мың жасақ қалдырылып, қалған қол Соғдианадан әскерлікке алынғандармен қосылып Ферғанаға жорыққа шығады. Олар Жайқын аталған Сырдан өтіп Ферғана астанасы Қосанды қиратып, бұлап-талады. Мақпал қара түсіне қызығып, қарагерін қайқайта бастырып Сүлік қағанның жеңімпаз жасағымен өздеріне қарсы келе жатқанынан хабар тапқан Мүсілім қолы асығыс шегінді.
Шымқай қара, шіркін-ай!, -дейді атының оң қапталы мен сол қапталына кезек қарап қаған.
Бірінші күні айтарлықтай қақтығыс болмағанымен, екінші күні Араб қолы ауыр шығынға ұшырап, осы шайқаста Алашаның жақын бір ағатайы мерт болып Алашаға бір күйік әкелді. Бұдан кейін сегіз күн бойы Сүлік қағанның ұлы Тоқсанкөсе басқарған Түркеш атты әскерлері оларды қуалай соққылап, олардың барлық бұлап-талаған ерекше мол мүлкін өртеп жіберді. Түркештер Араб әскерлерін қоршап, аңды қыратын қан-қасап аран жасап Сырға жібермей, сусыз шөлде арандады. Бұл бірер жыл бұрынғы Сүлік қаған мен Алашаның аңшылыққа шығып жасаған аранының Арабтардың басына әкеліп істегені еді. Арабтар шөлдегі қоршаудан қашып Сыр бойына қайта жақындағанда, кезінде қатыгез Әл-Қарашидың қырғынынан қашып құтылған кектенген Соғдылықтардың Ферғана, Шаш әскерлерімен бірігіп, алдынан шығып тосқауыл қойғанын көреді. Соғысайын десе шөлдеп, «шылжырап аққан бір бұлақ табылар» деп жүдеген әскерлерде қарсыласар қуат жоқ. Артқа шегінейін десе Түркеш қоршауы торлап тұр. Осы жерде қан-қасап аңшылық болды. Олар қолбасыларынан айырылып, қырылған әскердің қалдығы сүйегін сүйретіп Қожантқа әрең жетті. Жаңадан қолбасылар тағайындалғанымен еш қайран қыла алмай, Араб күштерінің айқасқа жіберілген топанынан бір топ адам қана Самарқанға келіп тығылды. Бұл Арабтардың Мауараннахрға жасалған соңғы 15 жылдық жорығындағы ең үлкен қырғыны болып, бұл оқиға тарихта «Жан алғыш күн» деп аталды. «Жан алғыш күннен» кейін Арабтар Әмудың солтүстік бетіне аттап баспай, оның солтүстігіндегі ұлан-қайыр аймақтар өз еркіндігіне көшті. Бүкіл Тұран әмірлері аққудай азат жандарға айналып, енді Қытайға жалтақтамай, Арабтан сескенбей, Түркешті арқа тұтып, оны құтқарушы пір ретінде көре бастады. Тоқарстан егейлерінің тамыр тарауы Түріктің Асан әулетінен басталатын еді. Осы азат етілу кезеңінде, Тоқарстан егейі Жұқана Сүлік қағанға хат жолдап:
- Маған Арабтар ауыр салық салды. Олардың жасаған зұлымдығы мен қасіреті өтіп кетті. Қағанның көмегі болмағанда, Алашадай алымды адамның ақылы мен Тоқсанкөседей ұлыңыздың батылдығы болмағанда, менің елім әлдеқашан жойылып кетер еді, -деп алғыс айтқаны тарихтан тарихқа көшіп, осы хат мәтіні көптеген кітаптарға еніп кетті.
Самарқанға әлі қолы жетпеді Алашаның.
Сүлік қаған тотықұсын басынан сипалап:
- Алшеке, -деді Алашаға қарап, - Иемендіктердің Мауараннахр әміріне бойсұнбай дүрбелең тудыруын қалай қоздырғаныңызды әлі күнге түсіне алар емеспін. Әскер бастап дүрлігіп жетіп, балықтай бауырын қақ жаруға дайынбыз. Алайда, олардың өз ішінде Түрік тектілерге қарсы соғысқа қарсы шығуын ұйымдастырып, былықпалық тудыру ойыңызға қалай келді? Олардың бойында бір тамшы Түрік қаны жоқ, кіл Арабтар ғой.
Сүлік қағанның қолы қағып кеткен, ауызы ашық тұрған тотықұс қапасындағы салақтаған қоңырау күңгір -күңгір етеді.
- Тотықұсты сипайтын алақан бізде болғанымен, біздің басымыздан сипайтын ешкім жоқ. Бұл Иемендіктер бұрын мына Суған еліне «Мұсылманның діні үшін!» деп ұрандап шабуыл жасап кірген есер қосын. Алдағы шабуылдарда алдыға арлан қылып салып, осы Иемендіктерді пайдаланатын болғандықтан қауіпті құрам еді. Оларды Араб емес, Парсы қолбасылары басқарып, Хаян Әл-Напабидың жазықсыз өліміне кекті болып жүрген, өздерінің түпкі азаттығы ойында жүрген Парсы қолбасылар оларға қатал қарап, тізесін батырып-батырып алатындығы жасырын емес. «Соғыста Араб біткен тізеден қан кешеді. Төбеңнен төніп айхайлап тұрған басшың - Парсы. Бұл не қылғаны?» деп ежірейген бұлар үсті-үстіне. Жетпіс жыл бұрын жойылған Парсының Сасан жаһаншахтары әулеті әр Парсының жүрек түкпірінде жерленген болатын. Міне сол кезде мен ислам құндылықтарымен жете танысып, оны өзіме пайдалы білім ретінде қарадым. Олардың Араб текті ұсақ басшыларымен байланыс орнатып, бағынышты екенімді білдіріп, шын Араб, шын пайғамбар тұқымдары басшы болса олармен етене болуға, ислам құндылықтарынан қабылдаған терең білімдеріммен оларды риза етіп, мұны тіпті тереңдетіп, ортақ үйге ұйысатынымды білдіріп, Алла, Тәңірі деп аты алуан болсада, бір Құдайшылдыққа жақын жүрегімді жеткізіп, сый-сиапат жасадым. Оның үстіне, Әл-Қарашидың тұсында Қожанттағы опасыздықпен жасалған қырғын, Асар-Шан елінің байсыны Достайды ағашқа шегелеп өлтіруі, Абғар, Қазар қалаларындағы берілгендерді алдап қырып тастауы Соғдиана жұртының есінен кеткен жоқ. Шемен боп қатқан шер, шиқан боп жарылатын ыза. Атауы мұсылман болып, ислам дінін көтеріп жаратушының әділдігін айтып, Құран ұстап сендіргенімен осы алдаулары, қатыгездіктері ислам дінінің Сейқон мен Жайқын арасындағы ықпалын төмендетіп, Парсы мүддесі де алға шыққалы тұрғанын ұқыптылықпен жеткізіп, құр қан-тер болып титықтап жүрген Иемендіктердің Арабшылдығы оянды. Олардың да билікке деген дәмесі қозды. Балықты бөлек иелеп шығыстағы Араб жұлдызы болғысы келді.
- Мұныңыз сәтті бастама болды. Өздерінің қозған битін өздері әрең жаншыды. Ферғанаға олар шабуылға дайындалып жатқанда, біздің олардан бұрын қарсы аттануымызға дайындығымыз бітпей жатқан кезде бұл өте тамаша табылған амал болды. Олар Иемендіктермен әбігерленіп талай уақытын жоғалтып алды. Егер осы былықпалықты жоспарламағаныңызда Ферғанада ендігі Араб қолы орнығып, біз барғанда тұмсығымызбен там сүзіп жем іздеген иттей болып, қыңсылап кері қайтар ма едік?!
- Сонда да олар Ферғанаға аттап үлгерді. Жеміс ағаштары мен атыздарды қиратып сақалдарын сипалап, сәлдесін иыққа асырып тастап отырғанында әйтеу әрең үлгеріп жеттік-ау! Ух-х! Бұл соғыс Алатаудың басындай көрген ағатайымнан айырды. Туыстарым кескілескен ұрысқа кіріп, Самарқан үшін сары су кешіп қызыл қанға шомылды, -деді де кідіріп барып, -Шөлге қамалған жаудың қос көздері атыздай болып бізді бақылады да отырды, -деп жеңістің жарқын бір тұсын атап өтті де, - Әубаста өзеннен алғаш өтіп қаршығадай тіленіп қалшылдаған Арабтар жергілікті халықтан ұлғаусар қарсылық болмайтынына сенімді еді, -деп енді оқиғаның басына көшіп санасы сан-саққа кете бастағанын аңғартқандай болды.
Сол кезде жақтаудан тиер-тимес ұстап тұрған Алашаның көкірегі қысылып, «аһ!» деп қалып жақтауға жарғанаттай жабыса сүйенді де, көкірегі қайта кеңіп, оңалған соң бері қарады. Үкі қадалған бөркін айтпағанда, кең қызыл шапаны, қызыл өрнекті ақ жейдесі оны Араб әмірлеріне ұқсатып тұр еді. Иегінің ұшындағы ұйлығыса өскен сақалы, кесер басы шелектей ханның биіктен қиялай қарап тұрған сұстануға да, ойлануға да даяр көзі ғана Араб шейхтарынан оқшаулайды. Алашаның осы жүзіне сәл таңғала қараған Сүлік қаған, оның қысылып барып босаған көкірегіне қарап тұрып қалды да, қабағын түйіңкіреп көкірегі бірге қысылды. Сонда да үндемей сабыр сақтап, шайқаста өлген Алашаның туыс ағасын еске алып:
- Сарай мырза Түрік халықтарының бақыты үшін бадана көзді басын оққа байлап, жұмсақ басы тасқа айналып айдай жылтырап жауға айбын болды. Айбалтасынан төгілген нұр таулардың иықтарын жаншып өткен айбарлы қосындарымыздың иығына айналды. Бауырлас жанның үй-ішіне көңіл айтылып, үйіне үлкен тоғанақ жіберілді.
- Көңіліңізге шексіз рахмет, қаған.
- Сіз өз алдыңызға хансыз. Еліңіз бар, Үш Жүз Қазақ пен Үш Оқ Оғыздың тілеуі – Сіз! Бірақ, аға орнына ақылшым болып, Соғдиана, Тоқарстан істері сіздің жоспарыңызбен жүйелі жүріп келеді. Осы жолғы жеңілісінде Арабтар айтыпты «Алаша өлген соң Соғдиянаның қарсылығы да өледі» деп. Алаша өлген күні Соғдианаға жойқын шабуыл басталады деп күтеді екен тағы өздері. Сіз менен бұрын саясатта барсыз. Мен билікке келіп Сары Үйсін әулеттерінің ықпалын азайтып, Қара Үйсін әулеттерін Түркеш тағына шығардым. Жаңа өмір бастадым. Ұлан-ғайыр жетістіктерге қол жеткізіп, міне Арабтарды алғаш рет қатты тұқырттым. Менің күшті қолым, қаһарлы соғысым, жеңісім болғанымен өзіңізден көп кейін келдім бұл ортаға. Сондықтан, әлі де ақылыңызға мұқтажбын. Сіз секілді еліме жер емшегін емдіргім келеді.
-«Адам деген - баласы, жер-анасы. Бала ана емшегін ембей, асқа жарымайды» деп елге егін салуды машық қылдырып, бір отбасы жоқ дегенде бір қырқаның қыртысын айырып егін салып, бір бидайды қақ жарып, бір уыс бидай шашып, кетпен шотпен салған сол егіннің орны болып Аралдың қолтығында Ақкөл, Сырдың бойында Жайылма жатыр.
Мен бір шортанмын суда еркін жүзген немесе кекілін жел тараған арғымақпын. Бірақ, атты желкілдететін жел мен шортанды сылап- сипап жүздіріп жатқан оның төңірегіндегі жел мен су. Ұлыс ұясы - Ұлытаудың биігінде тұрып, Қаракеңгірдің суын қауып алақаныммен ішіп отырып, сол желдің бабалар әруағының шамы, ұлыстың ұлы тілеуі екенін, еркін жүзер суымның Үш Жүз Қазақ пен Үш Оқ Оғызым - Алты Алашым екенін және Майқы биден сізге мұраға қалған Ұлы Үйсін жұртының әрқашан өшпейтін ұлы қолдауы деп түсінем. Бидің ақ таяғы Алаштың ақ семсерінің қалай сілтенуіне бағыт берді.
- Осы шайқастағы Сарай мырзаның өлімінен кейін туған қатал кек сізді ширатты. Онсызда сарғайған Самарқан арманы бар. Суық ақыл, жылдам қимыл қана емес, өжет отпен ұлдарыңызбен бірге қарсы атылдыңыз. Қарауыңыздағы Қара-Асар қамалына барып, соғыстың батыс бағытын көздеп ем. Соғыс алауы оңтүстіктен үйелеп шықпай, ұлым сол жақта жүрді де, төбеден шірей садақ тартқандай керіліспен хабар-ошарды иелеп қозғалмай жаттым.
- Өлі-ау дала, тып-тыныш.... Сарай ағам кетті.
Қысқа үнсіздіктен кейін:
Өзіңіз соғыстан кейін қонақ болған Қара-Асардың маңын қаған-ау, құрметіңізге Жөлек деп атадым. Сүлік қағанның атында деп Жөлек қорғанын салдым. Сүлік десем Жөлек деп тілі айналып кететін қаланың қарапайым Сарттарына кіна артпассыз, жарық қаған?!
Сүлік қаған тамсана қарауға түн екенін байқап құр телміріп, меңсіз аппақ айға қадалып бір қарап қойды.
- Сол Қаратау мен Сырдың орта тұсындағы Асаршық суын төңіректеп ұшатын жирен тұяқты қыран бүркіт бар еді. Құсбегілерім не деп атарын білмей жүрген. Енді бұл жер Жөлек болса, сол қыран бүгіннен бастап не деп аталсын десем, аналар «Желектінің жирен тұяғы» деп атапты деп Алаша қолын аршындатып сермеп, көзінен сол қырандарша жирен от шашқандай болғанда Сүлік қағанның көзі де қызарып құбылып, от жанарын өрт қауып, саусақтарының ұшы күнге шағылысып жиренденіп жалтырап, Араб әлемі қорқатын алып самұрықша, адамның сырттаны болып денесі өсіп, Алашаның мына жомарт пейіліне қорған толы сеніммен етбауыр көріп аялап қараған еді.
14
Самарқанда саздар бар,
Саздан ұшқан қаздар бар.
Су сұрасаң сүт берген,
Қазақта сұлу қыздар бар.
- 13 ғасырдың соңында Арал теңізінен Ішкі Қытайдағы Көктеңіз, Жишышан аудандарына көшкен Салар елінің халық өлеңі. Қазақ хандығынан бұрынғы Қазақ туралы өлең. Олардың 8 ғасырдағы Алаш одағының құрамында болғанын ескерсек, бұл өлеңге 13 ғасыр толып отыр. Салардың Қараман, Сары руларының құрамында Алаша руы бар.
Түркештер мен Алты Алаш қолынан қырылған Арабтардың «Жан алғыш күннен» кейін Ирақ әмірі Қалид Әл-Касридың ағасы Асад Әл-Касри Қорасан әмірі болып тағайындалып, Тоқарстан мен оңтүстікте ислам дінін қабылдаған тұрғындарға төмен салық жосынын жолға қойғандықтан, бірсыпыра ақсүйектер мен байлар ислам дінін қабылдап, оның ықпалымен қарашасы да исламға ұйый түсуі тиіс еді. Бірақ, Асадтың ықпалды адамдарға жасаған қарым-қатынасының жылы, шуақты болуы ақсүйектер мен байлар арасында осы үрдісті жеделдеткенімен, қарайған қараша халық ашкөз, зорекер ұлықтардың кесірінен салықтың жеңілдетілгенін көрмеді. Олардың ауыртпалығы арта түсті. Халықтың дау-шарына әділ болу, әскерлерге оң көзбен қарау, азық-түліктен тарықтырмау, артық әскерді тарату, абыройы асқақ адамдардың сенімді достарына мәнсап беріп ел ісіне тарту тәсілдерінің бәрі халықпен татуласу үшін еді. Татуласудан басқа жол қалмағандықтан, қылышқа сенер заманды асықпай күтті. Бірақ, осы татуласу тәсілдері ол мәнсапқа қойған Парсы әкімдерінің қаталдығымен орындала қоймады. Асад Әл-Касри Қытайға елшілік жіберіп жымиыспен көз қысуды да ұмытпады. «Түркештермен тікелей қақтығысу ауыр шығындарға әкеледі» деп білген ол Түркештермен қақтығыс тудырмауға тырысып, одан көрі өз қарауындағы елдің мазасыз әмірлерін тыныштандыруға көңіл бөліп, Қырат қаласы жақтағы Қаршыстан елі мен Әмудің басындағы Кедерен еліне бірнеше мәрте жорық жасап қайтты. Алайда, 726 жылғы Кедеренге жасаған бір жорығында оның қолының қарсы алдынан Кедерен жасағы емес, Сүлік қаған жасағы шықты. Араб басы қанға шомылған «Жан алғыш күннен» рухтанған Тоқарстан өлкесіндегі Кедерен сияқты елдер «Соғдиянадан Арабты қуып шыққан Түркеш, енді Әмудің басынан аяғына дейінгі Арабты қуып шығуы керек. Арабтардың үстіне тағы бір «Жан алғыш күн» орнату керек» деп Түркеш қолын солар шақырыпты. Сыпайы, мейірімді әрі айлалы тәсілімен Тоқарстан мен оңтүстікте бейғам, тыныш өмір орнатам деген Асадтың үш жылдық еңбегі осындай тұралауға толы еді. Ол бірте-бірте тілін алмай жасанды әрекет жасап, билігін былықтырған әкімдерден күдіктеніп оларға тізесін батырып, шарасыздық шеңберіне қамалып және Самарқанды тастап босқан елдің, ақбөкендей жосыла жайылып бара жатқанына өшпенділік көзқараспен қарай бастады. 727 жылы ол әмірлік міндеттен кеткен соң, оның орнына келгендер жергілікті халыққа тарпаң саясат ұстанып олардың қарсылығын қоздырды. Арабтар Парсылардың көптеген іскер адамдарының маңызды қызметтерді уыстап, Қорасан өлкесінің Парсы мәдениетті өлкеге айналып бара жатқанына, әскердегі Араб басшылардың Парсы ұлықтарына жалтақтауына наразы болды. Іш деген удай ашыды. Билік қанша қарсы күрескенімен Қорасан мен Төменгі Тоқарстанда Шиттік ағымға кірген адамдардың топаны тым көбейіп кетті. Биліктің жарлығының жеткілікті орындалмауы Шиттік сенімдегі көптеген ұлықтардың іштей бөлектеніп, Арабтардың бүкіл құрылымын бұзып, үкіметті іштен шірітуге әрекет етуінен еді. Жер-жерден діңі қатты әкімдерге қарсы халық ішінде көтеріліс көзі жылтырап, қорғаны бекем, әскері мығым, бақылауы қатаң Самарқанның өзінде көтеріліс ұшқыны жылт етті. Самарқан оқшауланып, төрт төңірек уыстан шығып бара жатқан. Қорасан жақтан келер көмек жоқ. 727 жылы Қорасанға Әшірас Абдолла Ас-Сулами әмір болып тағайындалды да, оның халифаға жасаған өтініштері қабылданып, Қалид Әл-Касри әмірлік ететін Ирақ өлкесінен Қорасан бөлек өлке болып бөлініп шықты. Арабтың көзі ашық саясаткерлері Парсышылдық пен шиттік ағым тоқтаусыз күшейген Қорасанның бөлек өлке болып, оның ықпалының Ираққа жайылуынан сақтану үшін осы бөліну саясатын қолдаған. Бұл ұсыныстың басында Алаша хан тұрды. Ол Соғдианадағы тоғыз қалалы жұрттың мұнарасы ретінде өзін танытып, Парсылардан көрі Араб текті ұлықтармен жиі байланыс жасап, олардың жаңағы көзі ашық саясаткерлеріне осы ұсынысты жиі жасайтын. Алашаның бар ойы егер қарауындағы халық дін мен тіл жағынан Арабтанып кететін болса, бұған дейінгі ата-бабаларының және өзінің күресінің түкке түрмей тозаңға айналатынын, халықтың өзіне тән бөлек болмысын сақтап қалу үшін Араб пен Түрік халықтары арасында Парсының дараланып, өз қалпымен аралық қамал болып еңсе көтеруін құптады. «Қорасан Ирақтан бөлектенетін болса шығыстағы әртүрлі халықтардың ұлттық өлкесі ретінде қаралып, діни, ұлттық сенімдер жақсы сақталады, Араб мәдениетінің жойқын селі бері жетпейді, тек әкімшілік саяси, салық жүйесі қана бет жүзімізді көлегейлейді. Араб билігі күндердің күнінде құлағанда оның ешқандай мәдени сарқыншағы қалмай, Қазақтар өз мәдениетімен әрі қарай өмір кеше береді» деп сенді. Самарқан Алашаның ата-бабаларынан мұра болып келе жатқан көне астана болғандықтан, Самарқан халқының қаланы тастап босуы, қаланың құр қорғанмен қымтанып аңырап бос қалуы Алашаның іштен ыдырату саясаты болды. Самарқанды алу үшін талай қоршап ала алмаған Алаша мен оның одақтастарының осы жолғы тәсілі айтарлықтай өнімін берді. Алаша мен жақсы қарым-қатынастағы бір бөлім Араб ұлықтары көтерілісшілерді әскери күшпен жаныштауға қарсы болып, Самарқанды бос қалдырып, дүрбелең тудырып босқан елді қайтарып әкелуге үгіт-нәсихаттар жүргізіп жатқан кезде, Түркеш қағаны Сүлік пен Алашаның ұлы Бөршенің қолы осы босқын елдің ішіндегі көтерілісші күштермен қосылып кетті. Олар Әмуден өтіп Араб күштерінің тоз-тозын шығарып, Бұхараны ат тұяғының шаңында қақалтты да, Арабтар Самарқан мен Зараушан аңғарын Қамаржа мен Дабусиа деген екі кіші қамалмен әрең ұстап тұрды. Сүлік қағанның жанында 80 жылға жуық уақыт бұрын жойылып кеткен Парсының Сасан жаһаншахтары әулетінің соңғы шахы Әздігердің немересі Құсырау болды. Парсылардың Арабтардан бөлініп өздеріне жақтасуына көз қылып, оны әдейі ертіп алған. Араб ұлықтарымен қойын-қолтық араласып жүрген Алаша Самарқанның қоршалғанымен әлі де алына қоюы екіталай болып тұрғанын ескеріп, Арабтарға бірден қарсы келмей, олармен байланыс жасап тұрды да, Түркеш қағанның қасындағы Қазақ қолын басқарған ұлымен де хабар алмасып тұрды. Араб ұлықтары қиын жағдайға қалса екі жаққа бірдей абыройлы Алашаның ақылымен аман қалуына болатынын ескеріп, Алашаға қарсы ештеңе айта қоймады. Алаша ханды ақ киізге салып хан көтерген билердің «Жүрегіңнің даңқы көкке тыңдалсын!» деген тілегі соғыс аспаны үстінде жаңғырып жатты, айтқаны айнымай келіп тұр. Түркеш және Алаш қолы олардың сыртынан үлкен аран жасағандықтан, әдетте қырық пышақ болып қырылысып жататын Араб күштері аяқ астынан біріккенімен, үш ай бойы Әмуден өте алмай басы айналды. Қапан Құтайбаның азғантай қолы Түркеш, Алаш қолдары келгенге дейін Әмуден өтіп бекініп жатқан. Әшірас Абдолла Ас-Сулами Қорасанға қарай қасқырша шапқан Түркеш-Алаш қосынына қарай Сәбит Құнаны жіберді де, өзі өзеннің ары жағында бекініп жатқан Қапан Құтайбаның қолына барып қосылып, Байкентке қарай бас сауғалай жылжыды. Түркеш-Алаш қолдары су көздерін кесіп тастап, Қарис Сұрайш, Сәбит Құтна қолдары қанша жанқиярлық көрсетседе, анталаған арландардың қолымен «Жан алғыш күнге» ұрынып құрып кетті. Қапан, Қайс қалталылардың қолдары Түркеш- Алаш қолын ауыр шығынмен әрең бөгеп, Әшрастың әрі қарай Бұхараға жылжуына жол ашпақ болды. Алайда, жойқын шабуылдан мұсылман жасағы екіге бөлініп, бір-бірімен тіл алыса алмай қалды. Жүйріктерін қарлығаштай қалқыта шапқан Түркеш-Алаш қолы сауытының қолтығымен жер-әлемді жаба берді. Алаша «енді Түркеш жағына біржолата шығамын да, қалама кіремін» деп отырғанда, мұсылман әскерлері екі күннен кейін Бұхарада бастарын қайта қосып, Түркеш-Алаш жағы Бұхара сыртындағы Бауадараға барып қаланы қоршауға дайындалып Бұхараны басқанымен, Қапан барып бекінген Самарқан жағындағы Қамаржа бекінісі еш алдырмай қойғанда, Самарқанның тағдыры әлі де Араб қолында қалатыны белгілі болып, Алаша Әшрас жағында болып ақсақтың аялына бағуды көздеді. Бұл кезде Хорезм жұрты көтеріліп, Әшрас оны басып тастады. Алашаның ұлы Бөрше және оның жанындағы Соғдиана әмірлері Бұхараны басып алған осы жеңісті кезеңде Сүлік қағанға әскери кеңесті Самарқан түбіне орналастыруға кеңес берді. Мұнысы Арабтардың ата-бабасының қаласына ауыз салуына үлкен бөгет қою, соғыс біткен соң астанаға кіруге әзірлік жасаудың қамы еді.
Кешке таяу жасауылдар Бөршеге көзі шүңірейген,киімдері кең пішілген, сақалы қудай бір қарияны алып келді.
- Бас сардар,-деп қарияны мұның алдына әкеліп тұрғандар Түркеш жасақтары болатын.
- Иә, айта беріңдер. Бұл кісі кім? Қайдан жүрген адам?
- Самарқанның елінің дүрбелеңнен кейін босқанын, сол елдің қамы үшін соғысқанымызды білмейтін, әпербақан, зұлымдардың қолынан қамал ішінде қалған халықтың қалай тарыққанынан хабары жоқ, ұядай үйдің ішінде кітаптан кітап көшіріп отыра беретін адам екен. Төңірегіне сөйлемей отырып алғанынан меңіреу ма дейін десең, оны білетіндер «кітап адам» деп атайды екен.
- Кітап адам?...
Оның миы лезде шұбарланып кетті. Бұл жолғы жорықтың бас сардары Бөрше таңырқаған үстіне таңырқай түсті. Ақыры, оны «ерекше олжа» ретінде қарады.
- Қария, қалай болғанда да біздің олжамызсың. Шын олжасың ба, жөн олжасың ба, оны айтқан сөзің дәлелдейді. Білгім келгені, сонда қандай кітаптарды көшіресің? Мен күтпеген тың дүниелер айтылып жатса басыңа – бостандық, тізеңе – тұрақ, аузыңа – ас, алдыңа – қалам-қағаз беріледі. Ешкімнің саған тисуге хақысы болмайды. Айтқаныма қалт етпеймін.
Бағанадан бері қыртысы қалың көзімен төмен қарап, екі қолын жұптап ізетпен иіліп тұрған қарт сол еңкейген күйі көздерін жыпылықтатты да, өкшесін шегіндіріп барып қайта орнына қойып:
- Тақсыр, ел үшін балуардан қан кешіп жүрген сіз секілді адамдардың алдында менің «кітап адам» болғанымның қандай құны бар? Таңнан кешке дейін ескіріп, жыртылып бара жатқан мың жылдық кітаптарды жаңа қағазға көшіріп әлек болам. Басқалар көшірсе бір әрпін қате жіберсе тарих былығады деп, балама да сенбей өзім көшірем. Жаңағы жасауыл дұрыс айтады, соғыс лаңында балаларым мен келіндерім босқан елмен кетіп қайта оралыпты. Мен осыншама бай кітаптарды тастап қалай кетем?
Бөрше естілікке көшіп, енді оған шын сене бастады да, «сен»-нен «сіз» -ге ауысты.
Атыңыз кім қария?
- Атым - Мәшһүр.
- Мәшһүр қария, қарап отырсаңыз, Алаш ұғымы қыр көшпенділерінің аты ретінде қалыптасқан. Менің әкем Алаша хан жайлы не білесіз? Тарих айтар ма екен? Ойланыңыз.
Оның бір бақыты, тарихшы, кемеңгер, «кітап адам» екі қолын жұптап, оған күлімсірей қарап отырып Алаша хан жайлы тәптіштеп айтып бермек:
- Алаша ханға дейінгі мың жылдықтардың құшағында онсызда Алаш ұғымы болған, -дегенде Бөрше аңтарылып, шалға төбесінен төніп шұқшия қарады да, содан кейін шалқайып шаңыраққа қарап, қайқайған күйі қатып тұрды,- Кейінгі хандар сол ескі ұғымды өз кезінде тарихтан қопарып, өз атымен байланыстырып, жаңа құрған елін сол атаумен атап, сіз айтқандай «Алаш ұғымы қыр көшпенділерінің аты ретінде қалыптасқан».
- Айта түс, -деп ыңыранды да бір еңкейіп, бұған әлі көз тоқтатпастан дөдегеге қарап шалқайып тұра берді ол. Қызыл шұбар, кең тігілген шапанының екі жағасы піл құлақты жапырақтай екен.
- Тарих қамалы сізге есігін албаты аша бермейді. Құрыш қақпасы жаңғырып дың ете түседі, тақсыр. Қағасыз, аша бермейді. Жаңғырыққан үн қақпаға қайта-қайта соғылып, жым-жырт, бейғам тарихтың ауыр күрсінісі дүниежүзі алғаш жаратылғандағы тыныштығына құлай түскен. Осы кезде сіз осы қақпаға қарап тұрып «Алаша» деген әкеңіздің алтын есімін айтуыңызға болады.
Мәшһүр қария су жорғадай сусыта басып жорта жөнелмек. Ешкімге ұқсамаған ерекше ағысқа түсіп алып, шәу тартпайтын құмырсқа бел қозғалыс, соқтықпалы сарынмен көмейін бүлкілдетіп, нақылмен қостап, басты-басты бабаны таныстырып, одан кейін олардың арасында болған біз ұмытқан сөйлесулерін бермек.
- Қазақтың алғаш ел қатарына қосылғаны - Алаша ханның тұсы.
Бөрше сол кезде Мәшһүр қарияға жалт қарады. Бір қарлығаш жалт бұрылып ұшты ма дерсің?!
- Бұл күнге дейін Қазақ ел болып, жұрт қатарлы ауызға ілініп, көзге түскен жоқ. Бұра-тара қайда барса, жалғыз үй. Қазақ деген қалаң болғанмен, айқасқан Араб, батпан құйрығын сүйреткен Қытай сенімен ел қатарлы сөйлесті ме бұған дейін? Өзі бай, құл-құтаны көп елдер Қазақ атын жоғалтпай, көрінген жұрттың ішінде кірмесі, қоңсысы болып жүрген біздің елді енді танымай қалмас.
Алаша хан жайлы асықпай бастаймыз. Алаша ханға дейін ел тізгінін ұстаған Қаз-аталардың өмірін таныстыра отырып, олардың Қазақ деген атты пайда қылғанын, жалауы жығылмаған ұрпағының жалғастырып алып жүргенін айта түссек дейміз.
- Айта түсіңіз, -деп иек қақты Алашаның ұлы.
Әкесі туралы абыз ағыл-тегіл Айта жөнелгенде, ежірейіп, иек терісін жиып, лезде рухтанып алған.
- Сыр - Алаштың анасы, -деп ұйысып, жапырақ жасап тұрған сақалы иегімен қоса бір көтерілді де, жанданған сақалы оның әңгімесінің рухқа толы екенін бірден сездірді, - Осы мен сөйлеп тұрған уақыттан 1350 жылдан артық уақыт бұрын,-бұлар есептеп бола қоймайтын тым үлкен сандармен сөйледі,- Сырдың төменгі ағысында Асар деп аталатын әртүрлі қалалар көптеп салынды. Мұны салғандар Асар әулетінің адамдары еді. Бұл әулет есте бар ескі заманда Сыр бойына келмей тұрып, Бағдат пен Басыраның арасында отырып Асариа деген ел құрған. Өте даңқты ел болған. Сырдың атын да солар қойған, -жөткірініп қойды да, - Сырдың төменгі ағысындағы Моншақты Асар қаласының жұртын әзірге дейін киелі қала деп қастерлейміз. Жанында Қара-Асар, Сырлы-Асар, Жалпақ-Асар, тағы көп Асар толып жатыр. Ол - ол ма, Сырдың төмен жағын қойып, Қаратаудың етегіндегі Қара-Асардың жұртына жақын аққан су Қарасиыр деп те, Асаршық деп те аталады. Қандай ескі қалалар?! Көрдіңіз бе, Асар десеңіз де, Сыр десеңіз де, бір сөз. Соны солар, сол күннің өзінде салған екен. Сол ескі уақытта Бағдат пен Басыраның ортасындағы шыпырлаған қалың қалаға әмірін жүргізген патшалардың ұрқы болған Асар Ақтам деген патша өткен. Мен әңгіме еткелі отырған бір патша бар, ол осының ұлы. Ол патша мен сөйлеп тұрған уақыттан 1350 қанша жыл бұрын билігі ақырласқан, оған дейін 42 жыл ел билеп, жарық дүниені шайқап өткен Асар Пан-Бол деп аталған адам екен. Э, әлгі өз қаламызды айтып өтейін. Сыр бойында көсілген Асар қаласының тарихта даңқы сондай, Арабтың Омар халифасы осыдан 82 жыл бұрын осы Асардың аты мен даңқына еліктеп Басыра деген қала салған болатын. Асар-Шан жұртын солар онсызда Асыраушан, Уасыраушан деп бұзып айтпай ма?! Асар-Шан елінің аты мізбақпай тұра берген соң ол жердегі өзен мен ойпат Зараушан атанған еді.
Бұлар шын ықыласымен тыңдап тұрма, бірдеңе түсіне алды ма деп, бозғыл басы киіз үйге тіреліп тұрған қария төңірегіндегілерді бір шолып шықты, еш қыбыр байқамаған соң сөзін жалғастыра берді.
- Асар Пан-Бол патша, -деді тағы да айқындап, - Әлемнің ең әйгілі билеушілерінің қатарында тарих оны мадақтайды. Ол сына жазуын білетін, Кеңгір-Әгеде тілдерін түсінетін, әлемдегі ең үлкен кітапхананы жасаған ғалым патша еді. Оның билігіне мына бізге келген Арабтар айтып жүретін Ирақ, Ямама, Хижаз, Иемен, Санауа, Жазира, Египет бас шұлғып бағынды, - қария желдей есе жөнелді, - Шығысындағы көрші ел Еламда табиғи апаттар болғанда ол сол елге азық-түлік жіберіп, босқындарына баспана беріп бағып кейін елдеріне қайтарған. Елам патшасы қайырымды елге қайырыла шабуылдап, аштықта жеген құйқаның дәмін ұмытқан оның ісін Құдай қалай оңғарсын?! Шабамын деп барып шабылып өліп, Елам елі отырған Иранның батысы да осы әділ патшаның қарамағына өтті.
- Патшаң қайырымды-ақ екен!
- Елам дейсіз бе, недеген іші тар патша?! Бәрібір өз қақпанына аяқ-қолын турап алған екен.
- Өзіне сол керек! - деп дүрліккен бұлар жапа-тармағай пікір білдіріп өтті. Қария көзін сығырайтып сынай қарап тұрды да, олардың пікрі біткен соң сөзін жалғастырды.
- Кемеңгерлігі сондай, ел ішінде өзіне қарсы көтеріліс жасаған Халдей дейтін әулеттің 60-тан астам мүшесіне кеңшілік жасап жанына алдырды. Құрметпен қарап қызмет берді.
- Пай, пай-ау, бұл біздің қолдан келер ме? -деп мыңқ еткен бір тыңдаушы. Қалғандары қарияның сөзін бөлмей, бірдеңе айтқысы келседе сөздерін жұтымдап, қызыға тыңдай берді.
- Анатолияның батысындағы Лидия елі оған қарағысы келетінін білдіріп елші жіберді. Ол - ол ма, патшаға адалдығымды білдіремін деп, өз елінің шығысындағы Киммерия елін қос патша билейді екен. Бұл сол қос патшаны қапысын тауып тұтқындап, оларды Асар Пан-Бол патшаға сыйлыққа жіберді. Кейін Киммерияның екі патшасы бұл патшаға қыздарын беріп, жыл сайын жылқыдан алым төлейтін болды. Біз секілді жылқы құмар ел екен.
- Мынауың да ерен іс қылған екен, -деп сарала қамшысының түбін құрсағына тіреп селкілдетіп тұрған жігіт.
- Лидияның шығысы - Киммерия. Жаңа өздеріңіз естіген екі патшасы бар ел. Оның шығысында Урарту деген бір ел болған. Осы елдердің атын айтуда тіліңді бұрап айтып қиналасың. Кейде сені біреулер мүкіс дей ме деп ұяласың. Сол елдің патшасы Асар Пан-Бол патшаға қарсы көтеріліп еді, патша оны жазалауға бармай-ақ, өз елінің адамдары оны өлтіріп Асар Пан-Бол патшаға адалдығын білдірді. Осымен тұтас Анатолияның үстірті оған қарасты болды. Естіп отырсыздар ғой, бабамыз өз заманының әділ, мейірімді патшасы болғаны анық. Әйтпесе, оған қарасты болғаны болмаса, тілі, ділі бөтен халық өз азаттығын іздеген патшасын өлтіре ме?!
Палестина жеріндегі Финикиядағы Тира қаласы көтеріліс жасап, жеңілген соң рақым тілеген көсемі өзінің ұлы мен қызын, және ағайындарының қыздарын патшаға жібереді. Асар Пан-Бол патша осы бір бай қаланың әміріне кешіріммен қарап «тектілігіңе тиек болып, ұрпағыңды жалғастырсын. Адам ұрпағың мың жасайды» деп ұлын өзіне қайтарып берген соң, мұны көріп Тирдың одақтасы болып өзіне қарсы соғысқан Аруад жұртының көсемі де бірдей бағынып қызын береді. Ол осындай да осындай, асқар таудай патша екен, -дегенде «данышпан екен ғой, жарықтық!» деген сөз ұлардай шу еткен дауыстардың арасын айқын жарып шықты. Қарияның ерні кеберзіп, кенезесі кебе бастағанын ауызын тыржита ашып көрсеткені сол, Бөрше бір жымиып алды да, жасауылдарына қымыз алдырып соны жұтқызды.
- Одан кейін ол патшамыз, -деді жеңімен езуін сүртіп алып, - Оның Асария жұрты Жабалдағы Манна елін бағындырып, ол елдің мұрагері патшаға қызын беріп адалдық білдірді. Осы жорықта бұл елдің оңтүстігін алып жатқан Мидия елі мен өзіне күйеу бала болып, кейін бағынбай кеткен Қап тауының екі бетіне жарыла орналасқан, Көз теңізінің шығысына аяғын тіреген Сақ патшасы Мади ерді де бағындырып қайтады. Қап тауындағы Қара өзеннің оң жақ саласы болған өзеннің Арыс атануы мен Сырдың орта бөлегіндегі Арыстың Арыс атануы, Сырдың Ұлытау жақ сыртында Арыс құмының жатуы осы тұсқа тең келсе керек.
Мидия мен Елам арасындағы Еллипи елі де патша қарамағына өтті. Иранның батысындағы Парсы патшасы Кир патша оның билігін мойындап, ұлын жіберіп сыйлықтар тарту етті. Асар Пан-Пал міне осындай Ұлытаудың басындай патша еді, -деп тоқтағанда баршасы бас шайқап, талайы таңдай қағып кетті. Ақсақалға қымыз ұсына қойып еді, неге екені, шпей қойды. Жүйріктің бабына келіп сөйлегісі келгенін Бөрше бірден аңғарды. Аңғарды да бірнеше тостаққа қатар құйылған қымызды ұсынып, «Іш! Іш!» деп итермелеп жатқандарға қолын көтергені сол еді, бәрі қолдарын тартып алды.
- Арыстанды Қазақтың Сырттан деп айтатыны секілді, осы Асар әулеті бәйтерек бұтақты шежіреде Арыс деген атпен жүреді. Асар әулеті арыстанды кие тұтты. Осы Асарлар, Арыстар Сақтың шахы Мади ерді өзіне қаратып, оның жеріне жосылып келмеді ме?
«Қап тауындағы Қара өзеннің оң жақ саласы болған өзеннің Арыс атануы мен Сырдың орта бөлегіндегі Арыстың Арыс атануы, Сырдың Ұлытау жақ сыртында Арыс құмының жатуы осы тұсқа тең келсе керек» деп айтып қалғаным содан. Асарияның патшасына қайта келейік.
Шежіреңде Асар Ақтан патшадан бір ұл қалып, өзі шет жұртта өліп, бізде қалған ұрпағы Ақ-Арыс атанады десе, Асар Пан-Бол патшаның атындағы Бол сөзі мен оның жұбайы Үле-Бал ананың атындағы Бал сөзін шежірешілер бөліп алып, «Пан мен Ақ шет жұртта өлді. Бал және Бал деген адамдардың азғантай тұқымы белгісіз болып Жан, Бек деген Арыс әулетінің басқа тұқымдарына сіңіп кеткен» дейді. Шежіре осылай дейді. Өзгертпедік, тиіспедік. Асария жерінде атағы жаңғырған патшалардың шын мәнінде шежіреге аты осылай кіргізілгені болмаса, тікелей ұрпақтары бізде өте аз екенін, әйтеуір Асар-Ақтам патшадан бір ұрпақ келіп ата жұртында түтін түтеткенінен бір белгі шығады, -жөткірініп алып, -Бақ пен Жан деген Сыр бойында тұрған билеушілердің Бек-Арыс, Жан-Арыс атанып кеткен ұрпақтары осылайша біздің түп тағанымыз болып айтылып, осы біз атаған бірқанша кісілердің тұқым-жұрағатының Алты Арыс ұғымын дүниеге әкелгені, Алты Арыс ұғымы кейін Алты Алаш ұғымына ұласқаны осыдан белгілі бола түседі.
- Э-э-э, -деп таңырқасты отырғандар.
- Ұшын созсаң Ұлытауға, шетін тартсаң Шуға жететін әңгіме ғой.
- Тек түсінуге қиын деп айтпаңдар, -деп саңқ етті қария, - Миларыңды мыжымай, жастар, өжет бөрі, от бөрі болыңдар!
Қария батылдана түскен. Ішін жалап тұрған рух алауы оны қақтағысы келетін сияқты.
- Сонда ана ескіріп, есте жоқ ескі заманнан екенін ашып айтпай дөңкиіп жатқан Моншақты-Асар қаласына 1350 жылдан артық уақыт болды дедіңіз, қария. «Мен сөйлеп тұрған уақыттан 1350 жылдан артық уақыт бұрын» деп қосып айтайын ба, әлде? Сонда қаланың аты осымен өшіп кетті ме? Соншама ұлы, алғашқы қалалардың бірі болса неге оның аты басқа жақта жоқ?
Бұл сөйлеп тұрған Парсының Сасан жаһаншахтары әулетінің соңғы шахы Әздігердің немересі Құсырау болатын.
- Э-э, -деді қария Құсырауды әбден таныған бейнеде, мыспен баса сөйлеп, - Атаңның сарайы қираса да, ескілікті кітаптарды алып қалмап па? Бір жерге көмбеп пе? Патшалық құлап, Қытай айналып қайтып келдіңдер де, не қалды деші сен жазғандарда?!...
Қария осылай бастырта сөйлеседе, өркениет ізінің дерексіз күйіне қарап бір мұңайып алды. Құсырау да ештеңе демеді.
Ешкім үндемеген соң, сілтідей тынған тыныштықты бұзып, қария Құсыраудың сөзіне жауап іздеп көзін сәл жұмып тұрып, содан кейін шаңырақтан көрінген аспанға көз терезесін ашып ойланғандай болып қарап тұрды да:
- Патшаның тұқымысың ғой. Қаныңда жатқан қасиетті сұрақ, -деп бір көтермелеп алды да, - Моншақты Асар, иә, дұрыс сұрадың, жай қала емес. Оның кішігірім түрлері біртіндеп, сол әулеттің жаулап алған басқа жерлерінде салына бастады. Соған куә айтайын, -деп қария шекер шайнағандай тісін шықырлатып-шықырлатып алып, рухтанғанда жасайтын әдетінше иегін бір қағып қойып, - Тарих 400 жыл бұрын жаза бастады Асар әулетінің ұрпақтарының Асыр-Шан деген ел құрғанын.
- Эх-х, -деп тістеніп қалды Бөрше, тоғыз өрімді , темір түйірлі дойыр қамшысын шарт түйіп, тістерін атасынша шықырлатып, жұдырығын сықырлатып, -Асар-Шанның байсыны Достай Арабтан қырғын көріп босқан халыққа баспана беремін деп ағашқа шегеленіп өлтірілмеді ме?
- Япыр-ай!
- Есіме алсам қарадай түршігіп кетем... десіп жатты.
Бөршенің жұдырығы мұз жарығы айырылғандай тағы бір мәрте сықырлады. Қария сәл сескене қарап тұрды. Біраз үнсіздіктен кейін қарияның үні мұздап қалған тыныштықты балғадай жаңғырып бір бұзды.
- Асар әулетінің ұрпақтары, -деді «Асар-Шан» деп Достайдың қайғысын еске қайыра түсіре бергісі келмей, - Шахристан жерінде,-деп күңгірледі,- Моншақкент қаласын салып, бұл қала астана ретінде танылып, Көкүйек деп те аталатын. Бұл елдің аты мәшһүр болған тағы бір Моншақкент сол астанасының батысында ағатын Зараушан өзенінің бойында орналасты. Кейін Бақшакент, Бағыскент аталып кетті ғой. Бұл ел билеушілерін Би-Шан деп атады. Достайдың «өз елімнің байсынымын» дейтіні сол Би-Шаннан шыққан сөз екен. Балық аймағындағы таудың осы билеуші әулеттің атымен Байсын тауы делініп, 300 жыл бұрын Қонды тайпасының билеушісі Жиделі сол жаққа барып тұрақтап, тау бауырындағы өзен Жиделі атанып, Жиделі-Байсын содан шықты. Созақ биге дейінгі аталарымыздың бәрі осы байсын атауын билік атауы еткен екен.
Сұрхан-Дәрия, Балық, Құндыз, Талқан, Бадақшан аймақтарының бәрін сырттай «Жиделі-Байсын» дей салады жұрт. Байсын тауы тау болғанда тамаша тау, елі қай жерінде, мал қай жерінде жүргенін білмейді. Жаңағы Бақшакент, Бағыскент аталып кеткен қала мен жанындағы Бағыс суының өзегін жағалағандар Қара-Бағыс руы атанып, өз ішінен Ханбағыс, Есбағыс, Досбағыс руларына бөлініп, Суан биді Байсуан деп ұран еткен Суан руының тіректі бөлегіне айналды, -деп енді бірқыдыру деректерін қозғап-қозғап қалғанда, отырғандардың үсті-басына шежіренің шырмауығы оратылды.
- Бойсұн дегендей, осы Би-Шан, Байсын деген билік иелерінің атауы, -деп самбырлап сөйлеп жатыр. Отырғандар бұрыннан шежіре тыңдауға құлықты, - Бұл даңқ Пар-Пария жағынан Писинақ деп аталғандықтан , -деді де сәл кідіріп, бұл сөзінің соңы піспеген бе, оны айтпай жұтып алып, руларға ауысып кете барды.
- Хан ием, Қазақтың аққу мойнақ көсеу таңбасын ұстаған Ысты мен Керейттің Тілік тармағы «Көсеуман» деген сөзден шыққан Қоспанбеттің атымен атанған. Осы бір ислам кезеңінде Қоспанбеттің атын Мұхаммет пайғамбардың Махамбет деген атына жақындатып алып та жүр ғой ішінара шежірекештер. Асар-Шан елінің әуелі осыдан 38 жыл бұрынғы кезге дейін белгілі болған билеушісі Жаны-Қиян болса, 21 жыл бұрынғы кезге дейінгі билеушісі Шаншар-Білге, одан кейінгісі Достай болған.
Арабтардың, -деді ол күрсініп, - Достайдың ұлы Тарғынды Қорасанға алып кеткеніне – табаны күректей жапырағы жоқ алты жаз, қары қарайған алты қыс.
15
Алаша ханның қатысуындағы әлемдегі ең айтулы шайқастардың бірін білеміз бе?
Жыл айналғанда Түркеш шабуылы қайта жасалды. Бұл кезде Қорасанға жаңа әмір жіберіліп, оның аты Жөнейд Әбдірахман Әл-Мурри еді. Ол Бұхараға жеткенше әскери күшін қалай толықтыруды ойлады, кеңесшісі Әмуден өтпей тұрып жолдағы Зам қатарлы өңірлердегі елден әскерге адам алуға кеңес берсе, Жөнейд оған қосылмай Әшрас қолының өздерін қорғап жеткізуін айтып хабар жіберді. Әшрас қолы жолда Түркеш жасағымен шайқасып Жөнейдке жетіп, енді Байкентке қарай қайтып бара жатқанда Түркеш қолына қайта тап болып, ауыр шығынға батады. Осы шаңды жорық «Бұхара мен Соғдының бұқа ерлері», «Түрік пен Соғдиананың семсерлі серілері» деген атаулармен әспеттеліп, олар арасында ерлік жыры ретінде жырланды.
Төменде жердің дірілі болғанда,
Үстіндегі Түрік баласына жасынның күбірі қонғанда,
Ентігін басып бұлқынып ойнап найзағай,
Көкірегі бұлтқа толғанда,
Менің көтергенім - Түріктің қылышы емес,
Найзағайдың қалтырата ұстатқан қылышы екен.
Менің ішкен айраным - апамның ырысы емес,
Бұлттардан сауылған әппақ емшек сүтінің ырысы екен.
Менің мекен еткенім - адамның үйі емес,
Жаратушының үңгіп дайындаған қуысы екен.
Менің туыс көріп жүрген көк бөрілерім -
Көк Түріктердің сүт ана туысы екен.
Ал, содан жай тасын ұстап қолыма ырғаймын жайды,
Күңіренген дауыс жер бетін басып,
Жер бетіне Түрікті толқытқан жылдарды жайдым.
Төбеме үкідей қадап жорыққа шығам -
Мұсылмандар ұнатып қорғайтын иманды айды.
Жөнейд ес-ақылын жинап, әскерін жасақтап, үстіне мінген қырсық әскердің қырсықтығын жұқтырған қыңыр аттармен Самарқанды кіру үшін жолға шығып, Түріктердің артынан қуалай соғысып, Самарқанға 18 шақырым жердегі Зарман өңірінде екі жақ бетпе-бет келді. Жөнейд қолында Сүлік қағанның жиені тұтқында еді, осыны пайдаланған Арабтар сәтті келісімге отырып, уақытша тыныштықты пайдаланып, Жөнейд қолн бастап Термидке жол тартып, Суған елінде екі ай аялдап, көтерілген Тоқарстан мен Кедерен жұртын тыныштандырудың жол-жобасын жасап, одан соң Меруге оралды. 731 жылы, ол Тоқарстанның бірқанша аудандарын басып алғанда, Түркештер мен Алаш қолы Соғдианаға басып кіріп, Жөнейд бұл жоспарларын өзгертуіне тура келді. Бұл қосынның ішіне Алаша біржолата бір ниетпен қосылған еді. Жөнейд өзі Қазақ қаласына жетіп, жан-жақтан ауыр алман жинап, мұны әскер шығынына жұмсап Самарқанға жорыққа дайындалды. Бұл кезде Түркеш пен Алаш қолы тағы да су көздерін жауып, Жөнейд пен Самарқандағы Араб күштерінің арасын кесіп тастады. Зараушан қырқасы арқылы Самарқанға кетпек болғанда, Түркеш-Алаштың шөптерге өрт қойып жолды жауып тастағанын білді. Өрт қою Алаша ханның ақылымен болған.
Ақыры, шарасыз қалған Жөнейд сардары Әл-Суламидың ақылымен құлама құзды, бірақ Самарқанға ең тез баратын Тақты-Қараш асуы арқылы жолға дайындалды. Осы кезде әскерлер арасында рушылдық дауымен, соғыстан сескену қаупімен қатардан қашып кетушілер де болды. Бәрібір қашқандардың саны мұртын балта шаппайтын қалың қолдың алдында топ шіркейдің топанындай ғана екен. Қалай дегенде де Жөнейд 28 мың адамдық зор күшпен Тақты-Қарашта 10 мың адамдық Түркеш-Алаш қолымен бетпе-бет келді. Араб әскерлері ауыр және жеңіл атты әскерлерден, жаяу әскерлерден тұрды. Түркеш-Алаш кілең жарау атты, шебер садақшы әскерлерден тұрды. Бастапқы шайқаста Арабтар негізінен атты әскерлерді салып, одан кейін жая әскерлерін салды. Түркеш-Алаштың атты жасақтары бұлардың әскерінің қандай түрін де ойсыратты. Себебі, атқа міну өнері, ат қапталына кезек аунап соғысу мен көз ілеспес жылдамдықпен ат үстінде садақ тартуға, жалған шегініп жауын тұзаққа түсіруге келгенде Арабтар олардың шаңына ілесе алмады. 2 күннен кейін Шаш, Ферғана әмірлері мен кейінгі аттанған Алаштың көмекке келген жасағын қосып алып, Сүлік қаған асуда жатқан Арабтарға шабуылға шықты. Араб қолбасшысы Осман Абдолла жеңілді. Осы жеңістің көзімен қараған жанға, бүгін Тақты-Қараштың сілемінде Сүлік қағаннан сұлу адам болған жоқ. Түркештің жеңімпаз туы жан-жаққа жүгірген адамдай әр жерге шаншылып, жер астынан атылып шыққан алып жебедей қадалып тұра қалады. Жөнейд өз әскеріне жылдам орналастыру жасап, Әзіт, Тамым руларынан шыққан әскерлерді оң жаққа, Рабиа руынан шыққандарды сол жаққа қойды. Жылдам бөгет жасап, қарауыл тұрғызып оң қапталдан келіп қалған Түркеш шабуылын тойтарды. Одан кейін келген Түркеш-Алашқа атқа мініп қарсы шығып еді, атқа мінсе әруағы таситын Түркеш-Алаш алдырмай, шығын көбейіп кетті де, аттан түсіп біріңғай найза тіреп ұстап жаяу бөгесін жасады. Бір күн бойы шайқасқан екі жақ бір-бірін ала алмады. Қазақ қаласы маңында артқы күш болып қалған Абдолла Муаммар басшылық еткен Араб қолын Түркеш-Алаш толығымен жойып жіберді. Келесі күні Түркештер тағы да шабуылдап ала алмады. Түркеш-Алаш ақыры оқ атпай, оларды біртіндеп қоршап ала бастады. Бастапқы шабуылдарды әрең тежеген Жөнейд Шабдар жоталары арқылы жүретін төте жол арқылы Самарқанға кетпек болғанда, алдынан Сүлік қағанның тосқауыл қойғанын білді. Әскердің алдыңғы бөлімі Қазақ қамалына қашып үлгерсе, қалған негізгі екі бөлім қоршауда қалып жанталасқа түсті. Жергілікті күштер мен Түркеш-Алаш аламаны қамалға қашқандарға қырғидай тиіп талайын тұтқындап еді. Келесі күні Сүлік қаған қыраттан түсіп қаланы қоршауға алды. Бұл кезде Жөнейд «мен аман болмасам Самарқан мәңгі Алаштың құшағында қалады» деп, Самарқандағы Саруаның басқаруындағы әскери күшке бері қарай шеру тартуға бұйырды. Саруа «ашық далада босқа қырыламыз» десе де, Жөнейдтің қоқан-лоқысымен амалсыз жолға шығады. Самарқаннан қалың қол аттанып, таудағы төте жол арқылы жылдам жетіп, Жөнейдке небәрі 6 шақырым қалған кезде оған қарсы Түркеш-Алаштың жойқын шабуылы басталды. Алаша хан су көздерін жауып тастаудан тыс, құрғақ даланың шөбін өртеуге бұйырды. Шөл мен өрттен Арабтар мейлінше қырылғанда, өртенген шөптің зияны Түрік тектілерге де тиді. Саруаның 12 мың қолының 11 мыңы қырылып, мыңы қашып құтылды. Екі жақ осылай арпалысып жатқанда Жөнейд орайды пайдаланып Самарқанға жол тартып, кеңесшілерінің ақылымен Тақты-Қараш Асуынан түсер жердегі күдірге қонып, «қырғындалып қаламыз» деп ашық далаға қонбады. Осы шайқасқа Тоқарстан егейі Құтты Жодай-ата әскерін алып келмеседе, өз елінің азаттығы үшін Сүлік қағанның қасына еріп бірге шайқасты деп те айтылады. Түркештердің шабуылын үш күнде әрең тойтарып, зор шығынмен қалған жасақ Самарқанға әрең жетті. Тақты-Қараш асуындағы шайқас , Қазақ қаласы маңындағы артқы күшті қоршап жою мен Самарқан қолына жасалған «шаңды жорықта» 50 мың Араб әскерінен бірнеше мың адам қалды.
Осы үш шайқастың бәрі төрт төңірекке «Тақты-Қараш шайқасы» болып тарап кетіп, жеңістің желкілдеген жебе көзді адамдары - Сүлік қаған мен Алаша ханның жасаған жеңіс тойында, дүниені дүбірге бөлеп жататын аламан бәйге ертеңге қалдырылып, сиыр түске дейін құнан бәйге өткізіп, одан кейін көкпардың кезегі еді.
Сонда Алаша бүй деді:
- Көкпар өтпейді.
Сүлік қаған үндемесе де, оның жанында отырған кеңесшісі дүңк етті:
- Неге?, -деп қайран қалысып.
- Көкпарда тартқыланатын көк лақтың терісі жыртылып кетсе, ел іргесі сөгіліп ала болады. Түркеш пен Алаштың арасы сетінемесін дейін, өркенді ұрпақ ертең өкінбесін дейін. Уа, халайық! Бұл жеңіс Түркеш пен Алаштың аласыз, берекесінен, Ферғана мен Шаштың солқылдаған найзасының күшімен келіп отыр. Араб Мауараннахрға аттап басқан сексен жылдан бері мұндай үлкен қырғын көрген жоқ. Арабпен бірге әлем шошынды.
- Көкпар болмаса, не тартамыз? Көкпар болады деп жиылып дайын отырған жұртқа не дейміз?
Кеңесшінің сөзін баршасы ұйып тыңдағандай болды. Сүлік те қыбыр етпеді. Үй сыртында айдағар ұйықтап жатқандай сыбырласып сөйлеген біреулер болды. Алаша оларды «кім екен?» деп те қарамастан, Сүлікке бір тіктеліп қарап алды да, иықтарын кезегімен қопаңдатып алып, жамбасын орнықтырып:
- Сондықтан, ел ала болмасын деп, көкпар орнына ердің ері, егеудің сынығы шыдайтын қайыс тартамыз. Түйе балуандарды осыған дайындаңдар, кеңесші.
Майқы бидің сүйегі жатқан Бақай таудың баталы суы, көбелек қанатын демалдырған жайлауында жиналған он мыңдай адамның құмырсқа көзі шұқшиып, қайыс тартуға шығарылған ең зор екі түйе балуанның күш сынасуына қанжар ұштанып қадала берген-ау, қадала берген-ау!..Хантәңірі батыстан қарағанда үш қырлы болып ерекше көз тартады екен.
Құдіретше қағанның өзімен аттас болған, әрі балуан, әрі ақын, шығарған әні де бар, қазіргі уақытта Сүлік батыр атанып жүрген балуанға Сүлік қаған дем беріп:
- Ой, бәлі!, -деп екі езуін ырсита қарап, беті көлкілдеп қызара түседі.
- Тарт, тарт, ат бауырына түсіріп кет!, -деп білек сыбана, жұдырық сілтегендердің топаны аяғымен жер теуіп те жатқан сияқты. Аяқтарынан көтеріле берген шаңды қалың табан қайта жаншып булықтырып жатқандай. Сүлік батырдың астына мінгені көгала ат екен.
Алаша хан шоқайта киген мұрағымен басын тік көтеріп, қаз мойынын қайқайта созып, басын әлсін-әлі изектеп қарайды. Әлде бір әуенге еліткендей, ішіндегі жан ырғағына мас болған, сілкіне шапқан тұлпардың қасиетіндей. Оның көзі қайыс тартысқа лайықты ат бірден табыла қоймай, ақыры Алаша ханның қызылтөбел атынан кейінгі той-томалақта мінетін түйеторы деген қазанатын мініп шыққан Баба-Қоңыр балуанның ат үстінде жамбастап жатып қайыс тартқылағанына қадалуда.
Алаша үмітті адамына ерлене қарап, айхайсыз, сығырайып батылдана түскен көзімен, қызара бөрткен жүзімен қызығып тіп-тік отырған күйі жеңісті қана күтуде. Бір қарағанда, оның төңірегінің шуылы, сермелген қолдар Алашаның жан дүниесін де бейнелеп жатқандай. Түйенің терісінен тілінген, жалпақтығы жарты сүйем келетін қайысты білезіктеріне шырмап орап, ерекше күшті адамдарға ғана арналған қайыс тарту бәсекесіне түскен екі алып, білек күшін сынап бір-бірін жұлқа тартқанда біресе анау жұлып ала жаздап, біресе мынау жұлып ала жаздап, шірене тартқан күштілердің аттары да мойынын кекжең қақтырып, табандап тұрып барынша төзімділік танытады. Бір-бірін теңселткен, өлермен екі ат пен екі балуанға қарай-қарай көз талды. Сиыр түстен бесінге дейін тартты.
- Ә-і-іғ, -деп күшенген, ерленген дауыстары әсерлі шығып жатқанымен, қисапсыз жұрттың құлағына жете қоймады.
Бұл кезде мейірлене, қайраттана қараған Сүлік қағанның көмекейі бүлкілдеп:
- Есе бере қояйын демейтін екі есерің бір-бірін тымақтай сүйретіп жатыр, -деп дауыстады.
Сиыр түстен бесінге дейін өлермендене қайыс тартқан екі ердің мінген аттары қуатты күшке шыдамай, тілдері салақұлаш болып салақтап, дығдыры құрып тізерлеп жатып қалды. Әйтпесе, бұлар әлі де тарта беретін еді. Сүлік қаған қолын көтерді де, әбден айызы қанып, тоқтатуға белгі берген. Алаңға шыққан Қаңлының биші қыздарының көлбіреген көйлегі алаңды ақ сағыммен жуып кетті. Қаңлының наз биі түнде биленгенде ғой, арқырап аққан жұлдыздарды аспаннан шақырып жататын. Бұл уақытта Самарқан мен Шашыдан шыққан Теңге-Жорға, Шеңбер-Жорға, Жүз биі деген танымал Қаңлы билері Таң елінің сарайында биленіп әйгілі болған заман еді. Майқы би хандарын таққа отырғызған Соғдиананың тоғыз жұртынан Қытай жаққа Қамбар жылқы тұқымы, арыстан, қабаған ит тұқымы тарап жерсіндірілген кезең де осы кез.
Аламан бәйгеден кейін Бөрше әкесі Алаша ханға өткенде елдің түп тарихын баяндап берген «кітап адамды» ертіп келді. Алдындағыдай емес, барынша сәнді киімдермен ханның әкесіндей етіп әспеттеп киіндіріп әкеліпті.
- Әке, сізге айтқан адам осы.
Алаша хан қысқа амандасудан соң:
- Қария, сіздің атыңызды Мәшһүр-ата деді ме?
- Иә, тақсыр, -деді көздерін жұмып, басын алға шұлғытып тұрып.
- Аталарымыз Самарқанда сарайда жатудан бұрын, Самарқанға Қазақ-Дәрия бойындағы Қазақ қаласынан келген екен. Жай келмепті, сол қаланың атын елдің аты қылып көтеріп, одан кейінгі біз «Киіз туырлықты, Қазақ бидің баласы, Уыз үйлі Қазақ» атандық. Сонда біздің түпкілікті шыққан жеріміз заман - заман болғалы, бабам баба болғалы Шахрисабз жерінде салынған осы Қазақ деген қаладан ба? Жоқ, басқа жер ме?
Қарияға сынап қарап отырмай, бірден сұраққа көшкен ханның ынтызар сұрағын бірден қанағаттандырғысы келген қария:
- Асар-Шан елінің,-деді жұтынып,- Шахрисабз жерінде қаланған Қазақ деген бұл қаланың ірге тасы менің ескі кітаптардан ұғуымша, біз сөйлеп тұрған уақыттан 1500 жыл бұрын қаланған екен. Әлем тарихы Қазақ деген қаланың атын естігеніне осынша уақыт болғанымен, осы қаланың атынан шыққан Қазақ деген жұрттың атының алғаш рет танылып, ел қатарына қосылуы тақсыр, бұл сіздің тұсыңызда болды. Сізге дейін де Қазақ деген атты елдің аты қып ұстап, алға шыққан аталарыңыздың тұсында Қазақ елі мұндай танылмаған болатын. 100 жыл бұрынғы уақытқа дейін Қазақ қаласын Түріктің Түңке қағанының бекітуімен Сыпыра бек билейді. Одан кейін қаланы 18 жыл бойы керқұла атты Қонды би басқарады. Бұл кісінің жүріс-тұрысы ертегі секілді еді, ақырында ертек болып айтылып кетті. Керқұла аты тарпаң тұқымынан еді. Қытаймен хат алысып, өзін «Қазақ қаласының иесі» деп жазған осы адам еді.
Алаша хан таңырқап қарады. Неше күннен бері онымен бірге жүрген Бөрше де оны жаңа көргендей аңтарылып, қабағы сәл түйіліп, беріліп ойланған кейіпте еді. Басын баяу изектете, салмақты дауыспен тарих баяндаған Мәшһүр-атаның қоңыр дауысы күңгір-күңгір етеді. Жалықпас, бір қалыпты ырғақпен.
- Қонды биден кейін ел билігі Созақ бидің қолына өтеді. Қазақтың тағдырының жанданған тұсы - осы тұс. Созақ баба қастерлеген Ақшолпан ананың аты, мама қаздай тербетілген бәйбішесі Қаранастың, екінші жары Бекіранас ананың аты, Алаша ханның анасы Ханбибі ана, Алты Алашты - Алты Арысты дүниеге алып келген, атын атауға ұрпағының дәті бармайтын «Мамалы әз аналардың» қатарынан болған.
Созақ жеріндегі Қазақ қаласының салынғаны да сол кезең. Созақ бидің жұбайы Түңке қағанның қызы болатын.
Қария осы арада бір тоқтап, шалқая сөйлеген күйі кеңсірігін тартып, демін терең сіңірді.
- 89 жыл бұрын Созақ би Мауараннахрдың жүрегі болған, Қаңлыларға мың жылдай астана болып келген Самарқанды басып алып, Қаңлы арманын жүзеге асырды. Ол бұған дейінгі байсын деген билік атауын тастап, өзіне Қаз-ата деген атақ беріп, осыдан былай Самарқанда отырып күллі Соғдиананы билеген билеушілер осы атауды қолданатын болды. Қаз-атасы «Қазақ ата» дегені еді. Қасиетті Қазығұртта Қазақ деген жаңа жұрттың аты шақырылып, ел болып, өзінің Қаз-ата болған жері әлі күнге дейін көзін жуған жанның көз ауруын кетіретін Көз-ата бұлағы делінеді. Ұлытаудың Әулиетауында сіз хан сайланғанда, таудың екі жағындағы күміс сырғасы болып Жетіқыз бен Сарықыз сылдырай ағып жатпады ма? Ескідегі Жетікөз, Сарыкөз осылар. Оны былай қойғанда, Қырыққыз деген жер тағы бар онда. Ол да бұрын Қырықкөз болған. Осы аттың бәрі Қазақтың бабасының Көз-ата, Қаз-ата болып тұрған күнінен қалған екен.
Шежіреде бір атадан Қазақ, Созақ деп қатар таратылып, Созақтан кейде бала жоқ деп, кейде одан басқа туыстарды тарататыны да сол Созақтың Қазақ ата, Қазақ би атанып кеткенінде. Әуелде Қаз руы болып Қазоқ атанған Қазақтың басын қосып, жиын жасап, ел болған жұрты Қазоқ-Иұрт болып, артынша Қазығұрт атанып, оның шығысындағы Өгем таудың Қазоқ-Су шатқалының кейін Қасқасу атанғаны, Шахрисабз жеріндегі Қазақ қаланың жанында аққан Қазоқ-Дәрияның Қашқа-Дария атанып отырғаны содан екен. Әйтпесе, Қазығұрт жарықтықтың бұрынғы аты – Маңқыр еді деге, Арартау, Айыртау еді деген екі сөз бар. Оның іргесіндегі тау Мансары аталып, түбінде Манкент кенті жылтырап жатыр.
Өзіңіз, Алаша хан, Қазығұрттың Көзата бұлағында құрма құрып, Үш Жүздің баласына енші беріп, Сырдың басы болған Шыршыққа қарай Үйсінді, Сырдың ортасы болған Шардараға қарай Болатқожаның, Сырдың төменіне қарай Алшынды қоныстандырған кезіңізде шіркін дүниенің шырағы бір жанғандай еді, -, деп саусақтарымен сақалын салалап сипағандай болды, - Бұрынғы замандарда жеті салалы Шыршықтың басынан аяғына шейін там үйлі жұрт жағалай отырғанда, «Тоқсан мың үйлі Кыбырай-Дүрмен» атанған. Дүрмен дегеніңіз кім десеңіз 213 жыл бұрын Кедері патшалығын 25 жыл билеген Қаңлы патшасы. Сіздің таңбаңыз бен сізге дейінгі Қаз-ата атанған Қазақ билеушілерінің бәрінің таңбасы осы Кедері патшалығының таңбасы.
Сарылдап Сыр ағып жатыр.
- Созақ бабамыз жайлы айта түссеңіз, -деді Бөрше.
- Созақ бабамыз ба?, -деп саңқ етті Мәшһүр-ата, -Қазақ деген Шахрисабздағы қаланың салынғанына 1500 жылдан артық уақыт болды дедім. Тарих үшін бұл ұзақ уақыт емес. Мұның жайын айтқан ескілікті кітаптардың сөзіне сену керек. Византия тарихшылары Мысыр абыздарының 35 мың жыл бойы үзбей жүргізген «Ескі кезеңдер» деп аталатын жазбалары барын білген. Бізден 400 жыл бұрын өмір сүрген Гректің Диоген деген тарихшысы Мысыр қорғандарында Ескендір патшаға дейінгі 49 мың жылды қамтитын жазбалардың сақталып тұрғандығын айтқан екен.
Мұны естіп отырғандардың көздері атыздай болып шарасынан шыға жаздады. Алашаның таңғалғаны сондай басын бір ауық тоқтаусыз шайқады.
- Мұндай тарихтың алдында біздің Ұлытауда орда тігіп, тақ орнатып, Үш Жүздің басын қосып, әлемге «Қазақ!» деп дауыстап шақырғанымыз, Алаш болып алыс жорыққа аттанғанымыз, Арабпен жаудай алысқанымыз қызыл теңізге бір тамшы қызыл қанның қосылғанындай қана екен ғой,-деп тақылдата таңдай қаға жөнелді.
- Ол ілгерінді-кейінді Бағыс, Байбарақ, Ыстыхан, Қосан, Науша қалаларын бағындырды, -деп абыз Созақ бидің жайына қайта ауысқан.
Осы Байбарақ қаласы кейін келе Байұлының ішіндегі Алаша руының ұранына айналды.
- Созақ бидің Самарқан мен Қазақ қаласында шығарған теңгелерін көрдіңіз бе?, -деп сұрады ол Алаша ханнан.
- Көрмедім, -деді хан жасырмай.
- Ол теңге менде бар. Қаласаңыз сіздің құзырыңызда, қобдиыңызда тұрсын. Кітап сақтағыш аталарымыздан жеткен мұра. «Кітаптың айтқан тарихына куә болсын!» деп сақтап отырған ғой.
Алашаның айналасындағылар бұған риза бола түсті. Абыз Созақ бидің теңгесі туралы сөзін сабақтай түсті:
- Бір жақ беті жазумен толтырылса, екінші бетінде өзінен кейінгі барша Қазақ билеушілеріне мұраға қалған аққу мойнақ Қазақ таңбаны және басқа билеушілерде кезіге бермейтін сыңар көз таңба, үш иректі ошақ таңба, кесек таңба қашалған.
Содан кейін Алашаның жүзіне барлай қарап:
- Сіздің тұсыңызда үш иректі ошақ таңба Үйсін тұқымына, көз таңба Арғынның аға баласы болып билігін ұстаған Болатқожаға, кесек таңба Алшынның аға баласы болып билігін ұстаған Қаракесегіне тиген көрінеді.
Алаша хан ернін жымырып:
- Үш Жүздің үш тіреуіне осы таңбаларды үлестіргенде өзіңіз секілді абыздарды тыңдадық қой. Олардың абыздығы сізге қарағанда кішігірім болғанымен, таңбаларды беруде шатаспапты. Арғы түбі сол теңгелерде жатыр екен ғой...
Мәшһүр-ата бас изеп ризашылығын білдірген.
- Созақ атамыздан кейін билікті 41 жыл бойы Бөрі-Қобан Қаз-ата ұстайды. Оны Қобан би дейді. Одан кейін елді 8 жыл бойы Барақ Бөрі-Терек Қаз-ата, одан кейінгі 2 жылда Досымбет Қаз-ата билеген,-деп іркіліссіз, самбырлай сөйлеп келді де, одан кейінгі қаз-атаға ауысып,- Оның ағасы Әнес-Сақ Қаз-ата елді 9 жыл басқарады. Осы кездің діндарлары оны Әнес сахаба атандырып жіберген жоқ па? Көне көздердің айтуында ол 120 жас жасаған, ұрпағы мен байлығы мейлінше көп болған көрінеді. Одан кейін сіздің алдыңызда ғана ханталапай болған Тоғым Қаз-ата билікке келеді. Оны біздің Қаңлы ақсүйектері «Арабқа берілдің» деп абақтыға жауып, оның екі ұлы Моншақкенттегі Достайға қашып барып пана тапқанын қоя тұрыңыз, бірде Созақ, бірде Қазақ атанған қаланың қабырғасына арқамызды тигізіп бір дем алмай кетпейтініміз Созақ атамыздың отырған қасиетті сырмағы төселген жерді біздің елдің қадір тұтқанынан болар.
Мәшһүр-ата айтып отырған, Алашаның алдында елді билеген Тоғымды Қаңлы ақсүйектері жиылып тақтан тайдырып, орнына Көк Түріктің от шашқан тұяғы Алашаны Самарқан тағына әкелген. Алашаның өмірінің айтулы кезеңдері осыдан бұрын Ұлытауда өркендесе де, Самарқан тағына шығарылғанда ол ақыл-парасатымен күллі Араб, Қытай билеушілері мен Соғдиана, Мауараннахр, Тоқарстан, Қорасан, Түркеш жұртындағы толып жатқан билеушілер мен қайраткерлерді таңғалдырады. Алашадан кейін Қазақ елінің тізгіні осы әңгімелерді тыңдап отырған Бөршеге емес, Түкі деген үлкен ұлына мирас болып, осы ұлы Түкі Қаз-ата атанып, сол кездегі Қазақ елінің «Қаз ата» атанған соңғы адамы осы еді. Одан кейінгі кезеңдерде басып қалған Араб толқыны бұл атаудың жалғасуына мүмкіндік бермеді. Түкі әкесінің тағына отырудан бұрын Асар-Шан(Саржан) жұртының Достайдан кейінгі әмірі болған.
Бөрше болса Байбарақты еншіге алған, сол жұрттың тұрақты әмірі. Арабтар оған «Мұхтар» деген есім сыйлап, өздеріне қанша тартпақ болсада, бір жымиды да бөрілігін жасап Бөрше деген өз атында қала берді.
Түкі әулетімен ислам дінін қабылдап, баб-ата атанып, Язид деп қабылдаған жаңа есімі Алаш және Соғды дыбыстауында Жазды, Әзді болып екі түрлі дыбысталып, ерліктің Қаз-атасы, иманның Баб-атасы сонымен Баба Түкі Шашты-Әздер деп кейінгі Қазақтың қиналғанда моласына барып медеу тұтып, демеу сұрайтын піріне айналды. Баба Түкінің атына өзі билеп отырған Алаш жұртының аты қосылғанда, Баба Түкі-Алаш болып, мұнысы кейінгі Баба Түклас Шашты-Әздер деп айтылуына себеп болды.
16
Самарқанның азат болуы
Түннен түнге өткен бөрі,
Бой күйдіріп көктем желі.
Түрік қаны сіңген бөрі,
Ұмытпайды өткендерін.
Дабыл соққан дала қандай,
Жел шығарып барабандай.
Қайқая ескен қара тұлпар,
Жел қуалап балалардай.
Саусағымда - қанжар сағым,
Көкпен сағым алмасамын.
Ақ төбелі тымақ киіп,
Мұнарды үзіп, жолды ашамын.
Сауытыма сіңген тері,
Ібілістен именбедім.
Күңірентіп жаудың басын,
Аждаһа ұран иреңдеді.
Айхай, ұран салғам ағып,
Бабам атын таңдап алып.
Түркештердің атын айтып,
Тоқсан шерім толғанады.
Тоқсан шерім төсімде ағып,
Ұран қысар төзімді алып.
Ұлы шайқас басталғанда,
Селден селге қосылғанмын.
Ұйықтатпайды бөрі мені,
Дала шулы көрінеді.
Ұли, ұли талған жағы,
Сеніміме семіреді.
Бөрі көңіл бүлкілдеген,
Айызы қанған шіркін денем.
Жерге тамған лүпілімнен,
Жер жүрегі дүрсілдеген.
Оттан ыстық жаным бар ма?
Оттан қызыл қаның бар ма?
Бөрі дауысы ішімде ұлып,
Уақыт жоқ дамылдауға.
Айқасқаным ауыр ма екен?!
Өз жалынын тау үрлеген.
Бүкіл денем шоққа батып,
Оттай денем дәуірлегем.
Ту шаншылды, ел құрылды,
Қазақ болып ендігі ұлым.
Алаша ұлы о, Түкі,
Бөрше боп сергіді інің.
Шұбалаңнан шыққан шұбарыңмын,
Қойыны буалдыр тұманыңмын.
Әрбір Қазақ сақтап жүрер,
Мойыныңа ілген тұмарыңмын.
Айхайла да, ал есіңе!
Жарқ-жұрқыл ет, жан өксіме!
Аспандағы рухым ұнап,
Көкке ұмтылып тау есірген.
Бозбаладай бұлаң қағам,
Күнді арбасын жылан-далам.
Бұл даланы рухымменен,
Сағат сайын шұбарлағам.
Ей,тыныштал әруақтар,
Иесін сүйген арғымақтар.
Қойыныма құлап ұйықта,
Айдың нұры жалыңа аққан.
Тарала аққан тарлан жастар,
Тарала өрген абзал шаштар.
Есіңді жи арулы елім,
Жан-жағын жау таударды асқан.
Қылышыңа қуат берсін!
Қос қолыңа мұрат толсын!
Жүрегіңнің түгін күзет,
Сасқан жауың жырақ қонсын.
Шапқан қылыш аяй ма енді,
Жауым өксіп қарай берді...
Өз рухымның сарайына,
Алаша боп талай келдім.
Құмарланып шапқан аттар,
Қылышыңның жарқылынан қашқан ақ таң.
Аспан асты астаң-кестең,
Алаш тілін тасқа басқам.
Қиырларға қарап тұрам,
Желбірейді барақ тулар.
Алтай асып, Сырдан ішем,
Алашадай жарап тұлғам.
Ыңыранған садақ қандай?!
Тартыла түс қарап тұрмай.
Діріл қаққан адырнаңа,
Кетер көктен мадақ шулай.
Адырнадай алқы төсім,
Кетем атпен қалқып өзім.
Алашаның тұғырымын,
Бөршенің жұдырығынша бірігуім,
Сүлік қаған көзіне сәлихалы түсіндей боп ілінуім,
Баба-Түкі жебесіне үрей қосып жау кеудесіне кірігуім,
Барлығы да ұлтым үшін!
734~736 жылдары Қорасан мен Мауараннахрда Омейяд билігіне қарсы көтерілісті басқарған Әбу-Қатымды жаңа тағайындалған Қорасан әмірі Асад Әл-Касри сәтті жаныштап, Әбу-Қатым Бадақшанға қашып барып, Бадақшан мен Жоғары Тоқарстанда бекіністер тұрғыза бастайды. Асад болса Жөнейд Әл-Керманиды жіберіп ол бекіністерден Әл-Қатымның тобын қуып салады. Асад Әл-Касри 736 жылы өлке орталығын Меруден Тоқарстандағы Балыққа көшірген еді. Өлке орталығы Балыққа көшірілген соң, Асад Әл-Касри астанаға жақын жатқан Кедерен әмірлігін азаттығынан айыруды көздейді. 737 жылы Асад қолы «Әбу-Қатымның көтерілісін қолдадыңдар. Оған көмек бердіңдер» деп Кедеренге басып кіреді. Кедерен әмірі Шу бойындағы Науакентті астана етіп жатқан Сүлік қағаннан көмек сұрады. Кедерен жұртының азаттығын сақтауды көздеген Сүлік қаған мен Алаша Түркеш-Алаш қолын жинап, Сүйептен аттанған.
Екеуінің де киімдері оттай қызыл-ау, қызыл-ау!
Қос қызыл шұбар қабылан 17 күн жол жүріп Кедерен жұртына жетті. Кедерен жұртын бұлап-талаған Араб қолы мол дүние-мүлік пен көптеген тұтқындармен қайтып келе жатқанда, Түркеш-Алаш жасағының жақындап қалғанынан хабар тапқан Асад бас қолбасшы Ибраһим Асим мен іргелес жатқан одақтасы Суған байсыны жалғыз көзді Тәжікеге олжаларды тезірек жеткізуді тапсырып, өзі негізгі әскермен артта қалды. Түркеш-Алаш қолы келіп қалғанда Арабтар қалың дүсірден селт етіп, Әмуден жылдам өтуге жанталасқанымен онысынан түк шықпады. Себебі, Асад қалың малды жауға тастамаймын деп әрбір әскерге өзеннен бір қойдан алып өтуді бұйырып әурешілікті көбейткен еді. Осы кезде солтүстік жағалаудағы Арабтың Әзіт, Тамым руларынан құралған әскерлеріне шабуылдап, артқы шепті күйреткен соң, үрейленген Асад әскері олжаларын тастап Әмуден аман өту үшін тыпырлады. Әмудің оңтүстік жағалауында отырған Асад өзеннің бұл жақ тұсы ұрымтал, қауіпсіз деп санап шеп құрып және әскерін өзеннен өткізіп жатқан Ибраһимге де осы жағалауға өтіп шеп жаюды бұйырады. Мауараннахр мен Әму бойынан Арабты толық ығыстыруға дайындалған Сүлік қағанға Әбу-Қатымның тобынан тыс, Алаш қолы, Тоқарстан егейі Шолпансары, Достайдан кейін Асар-Шан тағының иесі болған Алашаның ұлы Түке, Шаш, Кедерен жұрттарының қолы келіп қосылып, 30 мың адамға жеткен қол өзеннің қарсыз бетінде жердің шаңын аспанға көтеріп төбе көрсетіп тұрғаны осы.
Қазан айының қара қазаны әлі де өз шұңғылын шуаққа толтырып тұрған. Желкілдеген қызыл төбел ат мінген, атқосшысына ақтөбел қызыл атын жетектеткен Алаша хан қайда тұр? Әне, тұр. Оның жанында Бадақшан арыстаны Әбу-Қатым мен Тоқарстан егейі Шолпансары, Шаш, Кедерен, Асар-Шан(Саржан), Ыстыхан жұрттарының аю табанды әмірлері. Сүлік қаған сусар қылшықты сарала тон киіп, садақтай шірене тартылған көздерін алысқа шанши қарап тұр. Мінгені тағы шабдалы түсіндей шабдар ат. Осы жерде олар ат үстінде тұрып кеңесті.
Біз қанша біріксек те өзеннің арғы жағын торлап алып, өрмекші көзденіп жатқан Жалғыз көзді Тәжіке мен Асад асығын алшысынан қойып отырған Ибраһим қолбасының қарақорым қолын ала алмаймыз деп үмітсізденбеңіздер. Тек қана өзімізден жеңілгелі тұрған жаудың осынша мол олжамен, сән-салтанатпен, айбарлы дулығамен ай бастанып отырған, қырыла қоймаған сәтіне бір-бір қарап тамсанып алайық.
Сүлік қаған сақалын селкілдетіп сылап алған. Қара беренгі сауытты, қайратты Әбу-Қатым қарақасқа атын шоқырақтатып барып тізгін тартты да, шабуылға асыққан сыңай танытып, Сүліктің жүзіне бірнеше рет жалтақтап алып:
«Біздің бұл шабуылымыз Тоқарстанды алу емес, Балықтың байбатшаларының түксіз жүрегін шымшылау» дедіңіз бе?
Айтуы ғой айттым. Мұны қандай жағдайда айттым? Байқаусызда айтқан сөз емес, байыпты бұйрық секілді. Кім тарқатып айтып бере алады?
Алашаның қабағы дір етті. Бәрін ұғып тұрсада үндемеді. Қаған алдымен Алашаға көз тастап, одан соң бәрін көзімен сүзе қарап шолып шықты.
Сол кезде Шаш әмірі оның көңілінен шыққысы келіп талпынып, тізгінін жинап бірдеңе айтқысы келді де, мағынасыз жауап беруден сақтанып, кібіртіктеп қалғанда, қашан да қарапайым нәрсе айтсада қоңыр дауысымен, салмақты сөйлеуімен жұртты ұйытып алатын Тоқарстан егейі Шолпансары қысқа қайырып, бәрінің айналасын орап өтті:
Құрметті жарандар, -Төңкеріле қараған тостақ көздердің ішіне ой тамшысын сеуіп шықты да, - Уа, құрметті қаған, Алаша хан, әмірлер мен бектер, қағанның бұл айтқаны осы жолы тізе қосып темір аяқтанып келіп тұрмыз, егер шабуыл ойдағыдай болмай жатса Балықтағы байбатшалардың түксіз жүрегін шымшылап қайтқан боламыз да, жеңсек үгітіп қайтқан боламыз деп отыр. Әйтпесе осынша көп отыз мың қолды ермек үшін бастап келе жатырмыз ба?,- деп буырқанып барып тоқтады. Оның күпиіп барып жазылған кеудесі мен ханның ойын дөп басқан пікіріне қарап, Тоқарстанның азаттығы бәрінен бұрын өзіне ең маңызды болған қап сақалды Әбу-Қатым желпініп қалды.
Иа, Асад жалғыз емес, - деп сөзін сабақтады құж жауырыны бүлкілдеп, дауысы гүжілдей шығып, - Асад түлкі бұлаңнан көрі, жанат терісіндей жүні сағымданып, қыран көзіне шағылысып тасқа ұрындыратын айлакер-ақ адам. Э-э, оның тілін алғыш батыл қолбасылары да бар. Оның дәл қазір су бетін қаймақша жалап ішіп, ыңыранып еркін отыруы сол Ибраһим, Жалғыз көзді Тәжіке дегендеріне сенгені ме, өзінің құшағын шыдатпай аштырып тұрған қап-қап қайратына мастанғаны ма, әйтеуір өзеннің ары жағынан бізді тосып қыбыр етпей жатқаны оған да бір мүйіздің шығайын дегені ме?
Мың неше жыл талай патшаға астана болып келген Балықтың балға батпас тас қамалына сенеді де, -деп қалды кекжие қарап тұрған Ыстыханның әмірі мұндайда.
Балықтың Меруден берік екені онсызда аян, -деді сөзге сараң араласатын Шаш әмірі.
Тоқарстан егейі Шолпансары өз ойын көсілте бағамдады:
Жергілікті халықтың Балықтың астана болғанын мақтаныш етіп, бұл жерді қорғауға жанын салып, отаншылдығын жоғары санап, мақтаныш сезімі кернеп, өздерінің Арабқа басыбайлы құл екенін ұмытып кететіні, Мұсылманданудың қарқынды жүріп жатқанын қосыңыз... Қазірдің өзінде мына Балықтың қорғанының ар жағында бізді қисапсыз ақ сәлделі қауым тілдеп тұрған болуы да мүмкін... Эх-х!, - деп айылын жинады әмір. Әбу-Қатым оның сөздерінен кейін бір үміттеніп, бір үмітсізденіп өңі қуқыл тартып қалды. Адырнадай созылып барып аяғын жиған Сүлік шұғыл әмір етті:
Арттағы қолбасышылар, бері жақындаңдар.
Сартылдаған үзеңгілер олардың онсызда қағанның барлық қимылын күтіп тұрғанын сездірді.
Уа, сардарлар, Ыстыхан әмірінің ақылымен өзеннің өзегіне түсірмейміз деп отырған Араб қолының алдын жайқап жатқан өзенді кесіп өтіп, жайған шептерін шытырлата сындырып, қатыр да құтыр шайнаймыз жәдігөйлердің сүйектерін. Топаны көп толқын болып, өзеннен бетер тасып, жағалаудағы оларды шайып кетуіміз керек, -деді зілдене сөйлеп, -Ал, содан кейін ораты тағы болмаса, балшыққа батып бақадай шулай бастасақ, олардың сырт тұсынан айналып өтіп, оңтүстігінен орай соғып аранға түсіреміз.
Сүлік қаған ойын пысықтап болып, өз сардарларына былай деп жар салды:
Уа, жиналған көп, мұрағы мұнар тартқан мырзалар, мен сендерге дос болып тобыма қосқалы, бауырым деп басшылық еткеннен бері сендерді жақсы көріп, ұлдарымды да ұмытып кететінмін. Өйткені, сендердің көбің менімен талай шайқасқа қатысып, беттің әжіміндей сайларды иірлеп, малдың шуындай шуатылған жолдарда бірге шұбырып, тау сағасын бірдей сүйірлеп, жапырақтай жасыл, алақандай аяулы жерлерді жаулап алуға талай рет аттанған едіңдер. Өзіме түскен олжаның онының төртеуі төрің мен дереңе, бесеуі басыңа, алтауы аулаңа, жетеуі жұртыңа байланды емес пе? Ұмытпа, түгел. Осы уақытқа дейін жинаған абыройымды қорғау үшін өздерің де абыройлы болып, бар күштеріңді салдыңдар. Асад қамалына сенген, қарашасын қамыстай көрген, әкесін ұмытқан әумесір, бір сарбазға бір қойдан құшақтатып өзеннен өткізіп жатқан дүниеқоңыз адам болғандықтан мына судың сарылы олардың жүрегін селебе болып тіліп өтеді әлі-ақ, біз өзенді жарып өткенде. Әрқайсысыңның оны шайқаста жеңетіндеріңді ұшқын ұялаған оттай көздеріңнен байқап тұрмын. Көздерің оттай қызыл-ау, қызыл-ау!...
Санымыз олардан екі есе аз. Олардың саны 50 мың. Бірақ, сендер білесіңдер, Тақты-Қараш шайқасында біз 10 мың адаммен олардың 50 мың соқталдай азаматтарын үгітіп тастағанбыз. Себебі, біздің қатарымызға оңай өлмес оғландар мен тұяғы тас тілген тектілер жиылған. Олардікі құр қара көбейту... Аянбаңдар... Осының бәрін көре білулерің тиіс. Үйімізден «А, Құдайлап!» сыртқа шыққанда осы жол басталады. Жеңімпаздық біздің жолымыз. Ит арқасы қияннан Кедерен жұртын азат етіп, тоналған байлығы мен тұтқындалған тұрғындарын құлдықтан құтқаруға қылыш созғанымыз үшін Тәңірі бізді жарылқайды. Әбу-Қатымның «Төменгі Тоқарстан жұртын да азат етейік!» деген ақылын қош көріп отырмын. Бұл қанша дегенмен Қорасан мен Мауараннахрды екі жыл аласапыран еткен көкжал ғой. Бүкіл Иран тік түрегеліп мұны қоштамады ма?! Ең қауіпсіз жолдар алдымыздан ашылып, сақсына басып 17 күнде осы араға іліктік. Бірің ақылыңмен, бірің арыстандығыңмен өздеріңді көрсетіп жеңістің жүгенін жылқыларыңа кигізіп, отбасыларыңа олжалы қайтыңдар. Батыл болыңдар. Мен әрқайсыңның жақсы дайындалғандарыңа сенемін..
Асад Әл-Касри да Сүлік қаған мен одақтастарының соншалықты дайындықпен келгенін біліп, ол да өз сардарларын жинап алып жүрек сөзін айтып жар салды:
Әділ бауырлар, қорғандар, Мұсылман жұртын мұңсыз еткен, бұлт болған айды ашқан, мұнар болған түнді ашқан түнексіз қолға ие ерлер! Білесіңдер ме? Мен өмір бойы патша болып, уысымда өздеріңді ұстаған жан емеспін. Үш жыл бойы Қорасан әмірі болғалы бері Әбу-Қатымның арпалысқан арыстан жүзін кілегейлеп кірбең тартқыздым да, Бадақшан мен Жоғары Тоқарстанға қашып барып қалаған соңғы бекіністерін де Жөнейд қатарлы жолбарыстардың жорығымен жоқ еттім, үгіттім, жасақтарының қанына илеп електедім. Осы уақытта, соңғы үш жыл бойы сендер Қорасанға қараған барша жұртты сергелдеңдіктен құтқарып, жүректеріне сенім ұялатып, тыныш, бейғам өмір сүруді үйреттіңдер. Мен сендердің жолбарыс жүректі, түйе тірсекті тұрқыларыңа қарап бізде – мына майданда жеңіліс болмайды деп үміттенемін. Сондықтан, 17 күнде ұзын да қысқа жол басып, албастыдай арбасып жеткен Сүлік қаған мен одақтастарының қолымен күрескелі тұрған, олардан бірнеше есе көп қолымыз, жағалауға жайған берік шебімізге сеніңдер. Олардың жасақтары біз ойлағандай асыл ұлдар емес. Олардың Әзіт, Тамым руларының жауырыны мен жамбасы жотадай ұлдарының алдында қауқарлы екеніне күмән келтірем. Оларды сойыл тиген сиырдай діңкелетеміз. Қылышпен қиялап турап, найза ұшына шаншып, айға арналған құрбандық қылып сорайтып қоямыз!, -дегенде оның көздерін қан жауып кетті. Ол сөзін тағы жалғастырып:
Тыңшыларымыздың хабарынша, олардың өздерінен жырылып бөлек кеткен қолы жоқ. Соған қарағанда бар жанталаспен жағалаудағы бізді алмақшы. Жылдам басып, шарт бұрылып, шалт қимылдайтын олар енді шапса түнге дейін шыдар. Олардың жағалауда жарбиып тұрғандарына қуанып тұрмын. Бәрің енді оларды ернеуден еңкейген заман еңіретер оққа байлауға дайын болыңдар. Бойларыңда мына нәрсе ешкімге бой бермесін: Тынымсыз туылған Түрік тектілерді тұлпарының желігімен топырлата бергенше, тобымен торға түсіріп, ара ұясына шақтырып шыбын жанның шырқырауын көрмеген сорлыларды сорға бір айдап түсірсек. Әрқайсысымыз алтын ел мен әйел-балаларымыздың алдында абыройымызды қорғап, жаудың іші ала болып, елі бүлінсін!
Осылайша екі жақтың егеудің сынығы, ердің ері болған екі көсемі өз жақтастарын жігерлендіріп шайқас болар сәттің көнмен қапталған дауылпазының дабылын күтіп, өздері де кернайларын дайындап, Араб қолының алдында тұрған пілдер шыңғырып, әскерлердің буынына бу жіберіп, шайқас шуын алдымен солар бастап жіберді. Дөнен сулар құнан көлге ширатыла атылып жататын Тоқарстан суларының мінезі долы.
Осы кезде өзеннің ары жағына келіп қойған Түркеш-Алаш қолдары Ыстыхан қаласының бегінің ақылымен өзеннен өтуге дайындалып. Адуынды Түрік-Алаш аламандары арқыраған өзен, алдынан тосқан шепті жаншып өтіп, кең көлемді шабуыл жасап өзеннен өтіп кетті. Кең көлемді шабуылмен жағалауда жол тосқан Арабтарды шатырларына әкеп тығады. Ибраһим неше он мың адамдық қолының тоз-тозы шығып, кештің қою түсі оларды жасыра бастады. Түнде Алаш қолының қомақты бір бөлегі Түркеш қолынан бөлініп шығып оңтүстік жақты айналып өтіп, Араб қолын ту сыртынан орай соқпақ болады. Осы кезде Алаш қолы оңтүстікті айналып өткен соң, олардың сыртынан аран жасап, бұл кезде Ибраһим өздерінің сыртынан айналдыра ор қаздырып, алғаш шабуылдаған Алаш мыңдығына тойтарыс береді. Сүлік қаған биік төбеге шығып қарауылдап, әртүрлі алау оттардан Араб күштеріне тірек болып сетінетпей тұрған артқы күштің негізінен Суған жұртының әскерлері екенін біледі. Сүлік қаған шалт қимылдап, «Суған байсыны тұрған жаудың артқы шебіне шабуылдап оны қиратып, одан кейін буыны босап қалған Ибраһим қолына өршелене өріп, олардың бекіністерін басып алу керек» деп шешеді. Сүлік қаған Ибраһим қолының алдынан шығып соғысып алдарқатып тұрғанда, кеудесінде алапат соғысқа дайын алып жүрек соғып тұрған Алаша хан Суған қолының артын орап шабуылдап артқы шебін күйретіп, Суған жұртының байсыны Жалғызкөзді Тәжіке соңына дейін табанды қарсылық көрсеткенімен әскерінің көбі қырылып, өзі соның арасында мүрдем кетті. Түркеш-Алаш қолы Ибраһим әскерінің шебін басып алды. Қырылған қисапсыз жаудың екі жағына екі ағаш шаншып, сол екі ағаштың сыртына шығып кеткендеріне тимей, екі ағаштың ортасындағы алаптағы жауды тірі шығармауға кірісті. Қанға бір қызарып, таңға бір қызарып жатқан шайқас майданына Түрік-Алаш қолы темір қазық туларын шаншып жатты. Асад өзі қашып құтылған соң, көмек жіберіп әскерінің қоршаудағы қалған бөлігін құтқарып алды. Арабтар бұл жерден табанын жалтыратып, Әмудың жоғары ағысындағы барша аймақтар толық тәуелсіздік алды. Араб жағы осы шайқасқа 50 мың адамдық күшін салған екен. Араб қолының қалдығы Балыққа келіп тығылды да, Түркеш-Алаш мыңдықтары әуелгі жоспар бойынша Кедереннің тәуелсіздігін қорғап қалған соң қысқа қалмай қайтуы тиіс еді. Алайда, қағанның қасына келіп қосылған, бұрынғы Қорасан, Мауараннахр көтерілісінің көсемі Әбу-Қатымның кеңесімен Сүлік қаған Тоқарстанда қыстап қалды. Әбу-Қатым оны Төменгі Тоқарстан жеріне қысқы шабуыл жасауға нәсихаттады. Осы мөлдіреп тұрған сәтте Әмудің солтүстігіндегі аймақтар да Араб бақылауынан толықтай шығып, еркіндік дәмін татқан еді. Бұл кезде Алаша хан босаған Самарқанға Алаш мыңдықтарын бастап кіріп, қалған бөлімі Түркеш қағанының жанында қалып, астанасын қайтарып алды да, 740 жылдың жазына дейін Самарқанға ешкім тиіскен жоқ.
Алаша хан Самарқанды қайтарып алды...
(СОҢЫ)