Жылдың үздік сатирасы
117

Қарға, қарға, қарғалар

(Горатикалық памфлет)

- Баршаңа қайырлы таң!
Бізде Англияда 05:30, таңғы. Жұмыс күні. Қысқасы, менің жұмысым - мына-а-ау үлкен атыс. Мына жақта білмеймін нелер өсіп, нелер шығатынын. Менің жұмысым мынандаймен қарғаларды қуу, хуак, уәух деп. Тағы, бишік бар, жалаулы бишік, соларды лақтыр-ы-ып жүрем. 12 сағат, сағатына 6 мың теңге. 12 сағатта 72 мың бір күнге. Менің міне жүрісім сол. Қарғаларды тықсырып қуып жүрмін. Күлкілі. Бірақ... Мына үлкен атызда бір өзім. Хех-хе... Қарғаларды аулаймын. Хе-х-хех-хе... Домалатам қазір, әне-е жерде біреуін, анау жүрген біреуін.
Видеодағы ара балының ұясындай сап-сары далаға кірпіктерін қағып-қағып қойып Жанат әпке редакциядағыларға:
- Әлқиса, тиктоктан бір видео көрдім. Қазақ жігіті Англиядағы егістікке жұмысқа тұрған. Қарға қуады екен. “Үлкен атыз. Бар жұмысым қарға қуу. Күніне табатыным біздің ақшамен 72 мың теңге” дейді.
- Күніне 72 мың берсе, мен ол егіске шыбын да қондырмаймын ғой!
- Ха-ха-ха!...
Әлқиса телефонның бетіне үңілді де, қарға қуушы жігіттің видесының бетіне ауызын апарып:
- Қойсаңшы, ей, бауырым, көлеңкеге отыр да, шапқыламай дронмен қу, -деп ақыл айтып жатыр.
Енді атызда қарға қуалап жүрген жігіт үйімен сөйлесіп жатыр. Ағасы екен трупканың ары жағында:
- Қарғаларға рахмет Қазаққа жұмыс тауып беріп жатқан.
- Ха-ха-хех... Келмейсіз бе?
- Мына біздің Катон-Қарағайда күніне 72 мың берсе аю қуатын ем.
- Келсеңізші онда тез.
- Хех-хе-е-е... 72 мыңыңның күнне 15 мыңын маған беріп отыр. Сен көлеңкеде үш сағат демалып отырасың. Э-э, Күләш маған тұрмысқа шығуға мақұл болмай жүр. Барам ғой інім, -деді желпініп, -орын дайындап қой.
- Жетеді ғой сізге орын деген. Мына атыздан қырық үйшік салып аласыз. Кезекпен қонып.
Қарға қуушы жігіттің шешесі Дина дүкенінен қайтып келе жатқан.
- Балаң қайда?
- Англияда қарға қуып жүр.
- Қайтып келіп Алматы, Астана жақтан үй алса қарға қуып алғамбыз деп айтасыңдар ғой, ке-ке-хе...
Жігіттің анасы марсиып қосыла күлді.
- Айтпақшы, Нәзи, қарғаны ағылшынша қуу керек пе екен?
- Иә, ол жақтың қарғалары Қазақша түсінбейді ғой!...
- Біздікілер шешеңнен бастайын деп тұр ғой Қазақша қуса.
- Онда қарға ренжіп қашпай қойса айлығынан құр қалады деші!...
- Қазақша «қаш, қаш!» десінші...
Кемпір тұз жиналған тізесімен қисаңдап, дүкеннен көтерген заттарын жерге қойды да, белін жазып алып:
- Қазақтың билігі халыққа жұмыс тауып бере алмай жатқанда ағылшынның қарғаларына мың да бір рахмет қазаққа жұмыс тауып беріп отырған.
Жолығып қалған сырласы оның гүлді көк көйлегіне қонған шаңды қағып беріп жағдайын жасап жатып:
- Мә-ә, енді қазақтар Англияда қарға қуып, ақша тауып. Күлкім де келіп, хы-хых, менің де белім... БІр жағынан жылағым да келді! Үкімет кінәлі бәрін. Мына тұрған Шыңғыстайда - ауылда менің екінші ұлымның 1 айлық жалақысы 60 мың. Қазақстан!
Шерлі көршінің әйелі үйге кіргенде үлкен ұлы мұны естіп сгущонкаға малып жеп отырған нанын сары майдың бетіне қадай салып:
- Пит, 72 мың берсе, жеке-жеке ұстап түсіндірем қарғаға «қайтып келсең өлесің!» деп.
- Біздің Қазақыстан 72 мың берсе қарғаны жеке-жеке жеп қоятын шығармыз.
Анасы күбіге айран құйып жатып осыны айтып, баласына қарап марсия күлді.
- Атыздың арғы басына жеткенше, мына басын қарғалар жеп кетпей ма екен?
Үстелді шынтағы дірілдетіп, тырқылдай күлді.
- Қарғаны ұстап алсаң сыйлық төлейтін сияқты...
- Күніне 72 мың берсе, динозавр қуамын ғой, мама.
- Жігердің анасына хабарласып, ебін тауып барсаңшы.
- Біздің ана ауылда, Шыңғыстайда қарға көп. Қарғаларыммен барсам жұмысқа алама?
- А-ха-ка-ка... Жігерден сұра. Мені де айт, сен де қуайыншы!
- Қарғалар кейде күлетін шығар?!..
- Неге?
- Сіз екеміз қуалап жүрсек сол жақта. Бірақ сізге болмайды. Қарғаның да рызығысы барда қумай-ақ кой, жей берсін дейтін шығарсыз бір шетте төсенішіңізді салып отырып ап.
- Қарға болып барғым келып кетты ғой, балаларымның мұнда қиналғанын көріп. Сендерге қарға боп жұмыс тауып беріп жүрсем.
- Не болсада ол жақтың қарғалары бай екен, ақсүйек екен. Жігердей жұмысшылары бар.
- Күн ыстықта күйіп кетесің ғой, бірақ, қарғам!