57
Шәмші
Қатысушы кейіпкерлер:
Шәмші
Нұрсұлтан
Сағыныш
Мұхтар
Қыз
1 студент
2 студент
3 студент
Нұрғиса
Дінмұхаммед Қонаев
Хатшы
Көмекші
Хрущевтің дауысы
І көрініс
(Сахна. Сахна қараңғыланып тұрады. )
Хрущевтің дауысы: Біз қайтсекте, ұлан байтақ қазақ жерінің солтүстік аймағындағы Ақмола, Петропавл, Павлодар, Қостанай, Қарағанды облыстарын Қазақ республикасының құрамынан бөліп, Ресейге қосу керекпіз! Қазақстанан бір автономиялы Республика құрамыз! Сөйтіп, қазақ жерін тас-талқандаймыз! Жерінің асты-үсті байлығы бізге қалады! Сонда, қазақтар бізге түбегейлі құл болады! Олар- жабайы азиат, түк көрмеген сорлы халық! Сталиннің кезінде бірін-бірі аямай, репрессияға ұшыртқан! Өздеріне жаны ашымаған адамдар, менің бұл шешіміме қарсы шығуға дәрмендері жетпес! (Арсыз күлкі естіледі)
ІІ көрініс
(Көрермен залынан бір топ жастар ұрандап шығады. Бәрі бірге:
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы.
Думанды бастады,
Далама қарашы.
Кең екен Жер деген,
Жерге дән шықты ғой.
Дән егіп, терлеген,
Қазағым мықты ғой.
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім,
Туған жерім менің – Қазақстаным.
Сағымды далам бар,
Сабырлы көлім бар.
Қараңдар, жарандар,
Осындай елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Ежелгі досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай.
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім,
Туған жерім менің – Қазақстаным. Деп әндетіп сахнаға көтеріледі)
1-студент: Біз ата-бабамыздан қалған жерді сақтау керекпіз!
Көпшілік: Сақтау керекпіз!
2-студент: Қазақстанның 5 облысының Ресейге қосылуына қарсымыз!
Көпшілік: Қарсымыз!
3-студент: Жерімізді өзге беріп қарап отырмауымыз керек!
Көпшілік: Дұрыс!
4-студент: Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Жұмабек Тәшеновке хат жазайық!
Көпшілік: Дұрыс!
1-студент: Әнімізді бір қайталап жіберейікші!
Көпшілік: Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы.
Думанды бастады,
Далама қарашы.
Кең екен Жер деген,
Жерге дән шықты ғой.
Дән егіп, терлеген,
Қазағым мықты ғой.
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім,
Туған жерім менің – Қазақстаным.
Сағымды далам бар,
Сабырлы көлім бар.
Қараңдар, жарандар,
Осындай елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Ежелгі досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай.
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім,
Туған жерім менің – Қазақстаным.
(Көрермен залынан Шәмші шығады. Жастардың күйін көріп, таңырқап тұрып қалады.Ән айтылып жатқанда ақырындап сахнаға көтеріледі. Сахна жарығы ортаңғы деңгейде тұрады, кішкене жанады.Көпшілік сахнадағы бір қыз әнді жылап айтып тұрады. Шәмші жанына таянып, қыздың көз жасын ақырын ғана қолымен сүртеді.Ән аяқталған соң)
Шәмші: Жігіттер, қыздар, мұнда не болып жатыр?
1-студент: Біз Қазақстанның 5 облысының Ресейге қосылуына наразылығымызды білдіргелі жатырмыз!
2-студент: Аға, қалай ойлайсыз, Хрущевтің бұл ісі дұрыс па?
Шәмші: Әрине, дұрыс емес! Азаматтық ой-пікірлеріңді білдіргендерін дұрыс, бірақ.... бейбіт жолымен білдіріндер!
3-студент: Бізге ақылды аямай айтып жатсырсыз, өзіңіз кім болдыңыз?
Шәмші: Мен композитор Шәмші Қалдаяқовпын!
3-студент: Қалай сонда? Сіз жаңа біз орындаған әннің авторы Шәмші Қалдаяқовсыз ба?
Шәмші: Ия!
2-студент: Әннің өлеңін жазған, Жұмекен Нәжімеденов ше ол кісі қандай?
Шәмші: Қандайы несі? Кәдімгі, мен сияқты адам!
2-студент: Жоқ, қай жерде жұмыс жасайды радиода ма, газетте ме?
Шәмші: Жұмекен Нәжімеденов консерваторияның домбыра мамандығында оқиды, студент, жас ақын.
Көпшілік: Түсінікті!
1-студент: Жігіттер, қыздар, Шәмші ағамызбен таныстық. Енді бұл кісіге артық сұрақ қоямыз деп, негізі мәселемізді ұмытып кетпейік!
Шәмші: Оларын дұрыс!
1-студент: Шәмші аға, біз Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Жұмабек Тәшеновке хат жазбақпыз! Осында тұрған жастар барлығымыз қол қоймақпыз!
Шәмші: Бәрекелді! Егер сендер қарсы болмасаңдар аталмыш хатқа мен де, қол қойсам!
1-студент: Әрине аға!
Шәмші: Қазақтың жерін бөлшектетпейміз. Оған рұқсат жоқ!
Көпшілік: Дұрыс айтасыз!
(Жастардың біреуі қағаз бен қалам алып хат жаза бастайды. 2-студент Шәмшінің жанына келіп)
2-студент: Шәмші аға, хатымыз дайын болғанша, бір әніңізді орындап берсек, қалай қарайсыз?
Шәмші: Әрине! Қарсы емеспін! Халқым, менің әндерімді орындап жатса, маған одан артық бақыт болмас!
2-студент: Жігіттер, қыздар дайынбыз ба?
Көпшілік: Ия!
(Музыка қосылады. Хат жазып жатқан студенттен басқасы әнге қосылады.)
Көпшілік: Көк майса Алатаудың бөктерінде,
Гүл тердік жастық шықтың көктемінде.
Алдымнан арманымдай жарқ етіп ең,
Қолымды жеткізгендей көкте күнге.
Қайырмасы:
Айналдым, ақ маңдайлым,
Ақылдым, бал таңдайлым
Жалында жас дәуренде,
Ұялма, "жан сәулем!" де,
Жақсылықтың жоқ, сәулем, ерте-кеші,
Жадырашы, назданшы, еркелеші.
"Сен" деген сөзің серттен артық еді,
Өзіңе іштей мені тартып еді.
Өзгеге өзін қимас өр көңілім,
Лебіңнен қорғасындай балқып еді.
Қайырмасы.
"Сен" деген ыстық сөзің артық еді,
Өзіңе іштей мені тартып еді.
"Сіз" деген салқын сөзлен тоңамың ғой,
"Сен" десең көңіл қайта шалқыр еді.
Шәмші: Бәрекелді, жарайсыңдар! Көңілімнің хошы болмай жүр еді, бір серпіліп, марқайып қалдым! Рақмет!
2-студент: Осындай әндер туғызып жатқан сізге рақмет!
1-студент: Міне, хат дайын болды! Өзіңіз бастап, қол қойып жіберсеңіз...
(Шәмшіге хатты ұсынады. Шәмші қол қояды. Сахна толық жарқырайды.Жастар кетеді. Шәмші жалғыз қалады.)
Шәмші: Осы сәтте, есіме Қазыбек бидің: «Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз. Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз» -деген сөзі түсіп тұр. Мен қолыма найза алып, соғыспасам да, мен жазған «Менің Қазақстаным» әні кең байтақ даламыздың жерінің сақталуына өз әсерін тигізссе, онда мен ел алдындағы азаматтық борышымның кішкентай ғана бөлігін өтегенім!
(Шәмші кетеді. Сахна қараңғыланады. Радио дыбысы қосылады: «Коммунистік партия комитетінің бірінші хатшысы Никита Сергеевич Хрущевтің бұйрығымен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Жұмабек Ахметұлы Тәшенов қызметінен босатылып, Шымкент облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары лауазымына ауыстырылды».)
ІІІ көрініс
(Сахна жарқырайды. Сахнада скамейка үстінде Нұрсұлтан шылым шегіп отырады.Шәмші көңілсіз келеді. Қолыңда мандоллина аспабы. Скамейкаға жайғасады.)
Нұрсұлтан: Асслаумағалейкум! Қалайсың Шәке?
Шәмші: Уағалейкумасслам! Жақсы өзің?
Нұрсұлтан: Аман-есен! Көңіл-күйің жоқ қой?
Шәмші: Консерваториядан келе жатырмын! Великанов «Менің Қазақстаным» әні үшін, оқудан шығарылғанымды айтты. Нұрсұлтан, өзің ойлашы, бұл өмірде әділдік бар ма? Менің бар айыбым Қазақстанның бес облысының өзгенің меншігіне кетуіне қарсы болып, патриоттық ән шығарып, елімді сүйгенім бе? Сол үшін жолымды кесіп жатыр? Осыған қарап отырып әділдік жоқ деп қалай күйінбейсің айтшы?
Нұрсұлтан: Көңілге алып, қайтесің Шәмші? Сенің әндерінді барша халық біледі, жиын-тойларда, бас қосуларда сен жазған әндер орындалып жатыр. Ал сені оқудан шығартқан сол Великановтың әндері тұрмақ, өзің халық білмейді. Консерваторияның композиторлық бөлімінде білім алып жатқан, я болмаса бітірген қыз-жігіттердің қай әнін ел жатқа біледі айтшы?
Шәмші: Сөзіннің жаны бар. Шынымен де, консерватория Құрманғазының атын иеленін жақсы білесін. Бірақ, сол Құрманғазының өзі, сол оқу орнын бітірген жоқ қой! (Нұрсұлтан күледі.Шәмші де, күледі. Шәмші көрермендер залына ойлана қарап қалады.)
Нұрсұлтан: Тыныштық па?
Шәмші: Нұрсұлтан, қарашы, көл бетінде қайық мініп, қаншама жарасып, ғашықтық жұптар кетіп бара жатыр. Қандай әдемі! Қандай әсерлі!
Нұрсұлтан: Ия! Расында, керемет көрініс!
(Шәмші ақырын ғана мандолина аспабын алып, шерте бастайды. Ән туындайды. Қайықтаның әуені орындалады. Нұрсұлтан төс қалтасынан қағаз бен қалам алып жаза бастайды. Әуен орындалып аяқталған соң)
Шәмші: Ән туды!
Нұрсұлтан: Сол әнге, сөз туды!
Шәмші: Кәне!
(Шәмші Нұрсұлтанан парақты алады. Мандалинаны алып, әнді бастайды.)
Шәмші: Болсақтағы жаңа таныс,
Жүзсек те алғаш қайықта.
Ұшқыр қиял кетті-ау алыс,
Бұйырмашы айыпқа.
Самал болар толғандырған,
Айдын шалқар көл бетін.
Сәулем, мені ойландырған
Сенің жарқын келбетің.
Көлдің жүзін нұрландырып,
Тұр ма сенің дидарың?
Сол бейнеңді тұрған күліп,
Су бетіне қимадым.
Ескегіңді берші маған,
Мен есейін, сен еспе.
Су күлкісі сылдырлаған
Сенің күлкің емес пе?
Ашылғандай айдын көлде
Үлкен өмір есігі.
Су бетінде қайық, бейне –
Махаббаттың бесігі.
Жылжы, қайық, осы көлде,
Жыр толтыршы жаныма.
Махаббаттың бесігінде,
Тербелейік тағы да.
Нұрсұлтан, мынау өлеңін керемет! Әнге тамаша үйлесіп тұр!
Нұрсұлтан: Сенің әніңе үлес қосқаныма қуаныштымын!
Шәмші: Сенің өлеңін маған үлкен көмек болды!
Нұрсұлтан: Шәке, жүр, біздің үйге барайық! Шәй ішейік, бүгін менің қасымда бол!
Шәмші: Нұреке, рұқсат болса мен сәлден кейін барайын! Кішкене таза ауамен тағы тыныстасам ба деп едім.
Нұрсұлтан: Онда мен үйге бара берейін! Сені, үйде күтемін! Міндетті түрде кел!
Шәмші: Әрине!
(Нұрсұлтан кетеді. Шәмші скамейка үстінде қуанышты күйде отырады.Сахна сыртынан Сағыныш келеді. )
Сағыныш: Сәлеметсіз бе?
Шәмші: (орнынан атып түрегеліп тұрады) Сәлеметсіз бе?
Сағыныш: Кешіріңіз... Сіздің көмегіңіз керек болып тұр еді....
Шәмші: Айта беріңіз қандай көмек?
Сағыныш: Сталин даңғылының қай жерде екенін айтып, жол көрсетіп жіберсеңіз...
Шәмші: Жақсы! Менде бір ұсыныс бар. Мен сол Сталин даңғылына сізді жеткізіп тастасам жол бойы Алматыны сізге таныстырсам осы ұсынысқа қалай қарайсыз?
Сағыныш: Жақсы болар еді!
Шәмші: Сонымен, танысып та, алдық-ау деймін! Менің есімім-Шәмші. Фамилям-Қалдаяқов.
Сағыныш: Атым-Сағыныш, Фамилям-Оспанова! (Екеуі де, күледі.) Сіз композитор Шәмші Қалдаяқовсыз ба?
Шәмші: Ия!
Сағыныш: Қандай керемет!
Шәмші: Танысқаныма қуаныштымын!
Сағыныш: Мен де!
(Сағыныш музыкасы қосылады. Шәмші мен Сағыныш пластикалық би билейді. Вальс биі. Немесе екеуін бірге қол-ұстасып кетіп бара жатқан сәтін этюд гұсқасында көрсетуге болады.Музыка тоқтайды)
Шәмші: Міне, жеттік!
Сағыныш: Сізге көп рақмет!
Шәмші: Дала қараңғыланыпты. Аспанда жұлдыздар жарқырап тұр.
Сағыныш: Ия!
Шәмші: Сағыныш, анау аспандағы екі жұлдызды көріп тұрсыз ба?
Сағыныш: Көріп тұрмын!
Шәмші: Осы жұлдыздардың бірі мен, бірі сіз.
(Сағыныш ұялып қалады.)
Шәмші: Өйткені, сүюсіз өмір сүру мүмкін емес!
Сағыныш: Бір музыка естіліп жатқан сияқты. Сізге де, естіліп тұр ма?
Шәмші: Естіліп тұр!
Сағыныш: Бұл музыка қай жерден шығып жатыр екен?
Шәмші: Бұл біздің жүрегіміздегі музыка.
(Сағыныш ұялып қалады.)
Сағыныш: Уақыт та, біразға келіп қалыпты.
Шәмші: Ия!
Сағыныш: Шығарып салып, жол көрсеткеніңізге рақмет!
Шәмші: Сіз осы үйде тұрасыз ба?
Сағыныш: Өзіңіз көріп тұрғаныныздай көшіп келіп жатырмын. Алматыны жақсы біле қоймаймын.
Шәмші: (Сағынышпен қоштасқысы келмей) Мммм..... дұрыс.... Сағыныш, сіз «Махаббат дастаны»деген фильмді көрдіңіз бе?
Сағыныш: Ия!
Шәмші: Мен сондағы Қозы Көрпешті бір адамға ұқсатамын!
Сағыныш: Кімге?
Шәмші: Сіз танисыз ол......
(Төбеден жаңбыр жауып кетеді.)
Сағыныш: Мына жаңбыр шелектеп құйды-ау! Мен ішке кірейін!
Шәмші: Жақсы, сау болыңыз!
Сағыныш: Танысқаныма қуаныштымын!
Шәмші: Менде!
(Шәмшінің үсті су болып қалады. Сахна қараңғыланады. Шәмші жақсы көңіл-күйде тұрады. Ақырын ғана сахнаның шетіне қарай жүре бастайды. Алдынан пышақ ұстаған Бұзақы шығады.)
Бұзақы: Бауырым, қайда бара жатырсың?
Шәмші: Досымның үйіне
Бұзақы: Шырттай киініп алыпсың... костюмін әдемі екен!
Шәмші: Саған не керек?
Бұзақы: Не болушы еді (костюмді көзімен көрсетеді) Маған мынау керек!
Шәмші: Менің маң-маңдай су болған костюмімнің саған қажеті не?
Бұзақы: Костюмін нағыз дефицит. Мұндай костюмді Алматыдан таппайсың!
Шәмші: Сен мені танымай тұрсың ба?
Бұзақы: Танитындай Ленин бе едің?
Шәмші: Мен Шәмші Қалдаяқовпын. Бұл костюмді маған халқым кигізіп еді!
Бұзақы: Шәмші болсаң қайтейін, мен алатын болсам, сенікін емес, халықтың костюмін алып жатырмын. Аман болса халқың тағы да, кигізер!
(Шәмшіден костюмді шешіп алады. Жүгіріп, сахна сыртына кетеді. Жарық Шәмшіге ғана түседі)
Шәмші: Ия, халқым, өзі киіндірді....өзі шешіндірді.... костюмді қойшы, бастысы бас аман болсын!
(Шәмші шығып кетеді. Жарық сөнеді.)
IV көрініс
(Жарық жанады. Көпшілік сахна шығады. Бәрі көңілді)
1-студент: Достар, Шәмші Қалдаяқовтың жаңа әнін радиодан естідіңдер ме?
2-студент: Ия, естідік, тіпті, жаттап алдық!
1-студент: Олай болса, бәріміз, бірге шырқап жіберсек?
Көпшілік: Жөн сөз
1-студент: Кеттік онда!
Сен жанымда жүрсең,
Сен жадырап күлсең.
2-студент: Бақыттымын мәңгі, асыл арманым.
Жаутаңдаған көзде,
3-студент: Сәуле ойнаған кезде,
Шаттығымды елден жасыра алмадым.
Көпшілік сахна: Желбіреген гүлдей,
Жеке шыққан күндей,
Сағынышым, жайнап тұршы алдымда.
Тауды бұлт асып,
Жерге жұпар шашып,
Бал бұлақтар тасып,
Жатқан кезде
Қырқасынан қырдың,
Арасынан нұрдың,
Еркетайым, сені көріп қалдым ба?!
Құшағыма кіріп,
Күле қарап тұрып,
Қосылшы әнге сол бір жүрек тербеген.
Тал жанына барсақ,
Таңды күтіп алсақ,
Таңдай әппақ адал тілектерменен.
Желбіреген гүлдей,
Жеке шыққан күндей,
Сағынышым, жайнап тұршы алдымда.
Тауды бұлт асып,
Жерге жұпар шашып,
Бал бұлақтар тасып,
Жатқан кезде
Қырқасынан қырдың,
Арасынан нұрдың,
Еркетайым, сені көріп қалдым ба?!
1-студент: Бәрекелді, қандай тамаша ия?
3-студент: Ән айтып, жақсы көңіл көтердік!
2-студент: Айтпақшы, жігіттер-қыздар, айтамын деп ұмытып кеттіппін. Горький паркінде би кеші болады екен. Сол би кешінде Шәмші Қалдаяқовтың «Бақыт құшағында» әні орындалмақ!
1-студент: Ендеше, не тұрыс, кеттік!
(Жастар улап-шулап шығып кетеді. Шәмші мен Мұхтар сахна сыртынан күбірлеп, сөйлеп шығады)
Шәмші: Дұрыс айтасың, Мұхтар, «Арыс жағасынданы» осы байқауға қатыстырайық!
Мұхтар: Бағымызды сынап көрейік!
Шәмші: Бақ шаба ма, бап шаба ма? Оны көрерміз! Бастысы қатысу.
Мұхтар: Ия!
Шәмші: Мұқағали мен Төлегенен хабар ма?
Мұхтар: Мұқағали аға, «Мәдениет және тұрмыстан» жұмыстан шығып кетті.
Шәмші: Неге? Не болды? Не себеп?
Мұхтар: Бас редактормен сөзге келіспей...
Шәмші: Түсінікті! Ақиқатты бетке айтпаса, Мұқағали бола ма? Бас редактордың бір қисынсыз ісін көрген болар. Әйтпесе, мен білетін Мұқағали жайдан-жай соқтықпайды ғой...
Мұхтар: Ал Төлегеннің «Арман сапары» атты жыр жинағы басылымға шықты.
Шәмші: Мынауын жақсы жаңалық қой!
Мұхтар: Ия!
Шәмші: Айтпақшы, Мұхтар, «Шәмші әнді ішіп алып шығарады екен» деген әңгімеден құтылатын күнім бола ма, жоқ па? Айтқанда да біліп айту керек қой, ең болмаса шын сырымды айтайыншы. Мен ән жазбақ түгілі ән тыңдай алмайтын кездерім болады. Сол кезде ақаңа басамын да, жұрт көзіне түсіп қаламын... Арқам құрысса, бір ән келе жатқанын сезіп, арақтан безіп кетем. Мен әнді бір-ақ күнде жазам. Екінші күні шығармасы жүрегіме жақын ақын тауып алып, оған «өлең жаз» деймін. Өзімнің де аздап ақындығым бар. Егер ақын өлеңі ән секілді боп естілмесе, ондай өлеңді жаратпай тастаймын... Үшінші күні дайын болған әнді орындаушыға берем. Әнім ұнаса ол оны әрі қарай алып кетеді.
Мұхтар: Енді көзбен көрмегенен кейін, ауызбен айта береді ғой! Мән бермеңіз!
(Бір қыз келеді. )
Қыз: Сәлеметсіздер ме?
Шәмші: Амансың ба?
Қыз: Мен Сағыныштың құрбысы едім!
Шәмші: Сағынышқа бірдеңе болды ма?
Қыз: Жоқ, бәрі дұрыс! Тек, сізге мына хатты беруімді аманаттап еді.
(Хатты Шәмшіге ұсынады. Қыз кетіп қалады.Шәмі Мұхтарға қарап, бара бер деген белгі береді.)
Сағыныштың дауысы: Шәмші! Мені шын сүйетінінді білемін! Мен де, сені бір көргенен ұнаттым! Біле білсең, мен сені бұрынан, қыз болып, бойжеткелі білетін сияқтымын! Шәмші, сен дарынды композиторсың. Жақсы, адамсың! Мен сенің бақытты болғанынды бар жан-тәніммен тілеймін. Сен бар бақытқа лайықсың! Шәмші, маған ауылға қайтуға тура келіп тұр. Оқуды, Алматыны, сені тастап, тәуекелге бел буып кетуге, мәжбүрмін. Өйткені, мені бала күнімде ауылдас өзімнен бірер жас үлкен жігітпен атастырып қойған.... Енді соның үйі құда түсуге келгелі жатыр...Тұрмысқа шықпақпын. Бұл менің саған жазған соңғы хатым! Қош бол, Шәмші!
(Шәмші хатты төс қалтасына салады.)
Шәмші: Сол бір кез есімде
Жағасы бұлақтың.
Айлы жаз кешінде
Сырласқан ұзақ түн.
Сүйкімді бейнеңді
Жүректе сақтадым.
Арманым, сол жерден
Сен едің тапқаным.
(Күдікті музыка қосылады. Көпшілік сахна шығады.1-ші жігіт Шәмшінің қолын қайырып, жерге тізерлетеді.)
1-жігіт: Сені композитор одағына қабылдамаймыз! Себебі, сен, консерваторияны аяқтаған жоқсың!
2-жігіт: Сен жұмыстан шықтың! Бізге, жұмысқа келмей, қыдырып жүретін Донки Хот керегі жоқ!
(Шәмшінің костюмін шешіп алады)
Әйел: Ты бездельник! Нигде не работаешь! Мне, такой квартирант не нужен!
(Шәмшінің бетіне түкіреді.)
3-жігіт: Сен сияқты жалаң аяқ артист болғаннан, колхозда тракторист болып жүрген жақсы шығар
(Шәмшіні тебеді. Шәмші жерге құлап жатады.)
ІІ бөлім
І көрініс
(Сахна қараңғы кішкентай ғана жарық Шәмшіге түседі. Шәмшінің көзінен жас шығады. )
Шәмші: Өнер.... Ән.... Музыка.... Құдай маған таудай талап берді. Мың адамның біріне жазылған сазгерлік дарын берді. Уа, Құдай, осындай қабылет бергенше, неге басыма бақ бермедің.... Неге қалтаға сыймайтындай көп ақша бермедің....Неге бақыт бермедің.... Бұлай бақытсыз боп өмір сүргенен....(жерге сұлқ құлайды. Көпшілік сахна шығады. Жарық Көпшілік сахнаға түседі. Арасынан Бір Қыз шығады. Сағыныштың хатын әкелген Қызды шығартуға болады. Шәмшінің жанына жақындайды.)
Қыз: Шәмші, Шәмші, неге мұңаясың?
Шәмші: (ақырын ғана Қызға қарайды) Е, Мұқағали досым айтпақшы: «Менің нәзік жанымды кім түсінер?» Досым дәл айтқан. мен бейбақтың нәзік жанын кім түсінер? Сатқындық пен өтіріктің құрбаны болдым-ау! Композитор болғанан қарапайым адам болып жұмыс жасап, тұрмыс көрген қандай жақсы! Ал мен ше? Не қалтада ақша жоқ, не атқаратын жұмыс жоқ, не оқитын оқу жоқ. Не жаныңды түсінер бір адам жоқ! Бұлай сорлы боп өмір кешкенен....
Қыз: Тоқта Шәмші, сен талантты композиторсың. Сенің жанынды халқың әндерін арқылы түсінеді. Сен ән арқылы, музыка арқылы өз жанынды түсіндіресің....Сен мұңынды әнге шақ, сырыңды әнге айт! Сол әндерің арқылы халқыңа айт. Сонда сенің тыңдармандарын сені түсінеді.....
Шәмші: Халқым мені жақсы көре ме?
Қыз: Әрине! Қарашы, барша халық саған келіп тұр. (Шәмші ақырын ғана Көпшілік сахнаға қарайды. )Сенің әніңді шырқағалы тұр.
(Жарық толық жарқырайды.)
Көпшілік сахна: Көзіңнен бір ұшқын
Ұшты ма білмедім
Әйтеуір нұр құштым
Әйтеуір гүлдедім
Көктемнің бұлбұлы
Кеудеме қонады
Құшаққа қыр гүлі
Толғандай болады
Кел билейік, кетпе менің қасымнан
Қызғалдағым таң нұрымен ашылған
Сезім шіркін ақ жаңбырға ұқсайды
Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған
Әнбісің төгілген
Жырмысың армандай
Бір бақыт көрінген
Жақындап қалғандай
Жанарың ұшқыны
Жүректе жанады
Қолыңның ыстығы
Қолымда қалады
Кел билейік, кетпе менің қасымнан
Қызғалдағым таң нұрымен ашылған
Сезім шіркін ақ жаңбырға ұқсайды
Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған
(Шәмші басын көтереді. Көтеріліп тұрады. Қыз Шәмшінің үстіне костюм кигізеді. Сахна жарық. Көпшілік сахна кетеді.)
Шәмші: Менің білетінім: ән – адал жүректен туады... Ән жарқын болашаққа деген сенімді паш етеді. Асқақтата салған ән... Сені әлдеқайда алысқа, қиын шетке, сонау төскейде көрінген қырат басына жетелейді. Сол қыратта қыран отырар. Анда-санда қанатын қомдап-қомдап, бар даусымен шаңқ еткенде, ол да енді қайтып ешқашан қайталанбайтын ерекше ән ғой... Табиғат әсер етпесе, қыраннан ол ән тумас еді. Қыранның көзін шетсіз-шексіз жатқан кер дала ашты. Дала оның көңілін оятты... Жүрегін тербеді... Қыран бұлбұл секілді сұңқылдай бермейді. Ол өзінің ең ғажап, ең айбынды әнін анда-санда бір-ақ рет айтады....
ІІ көрініс
(Шәмші кетеді. Көпшілік сахна сахнаға ұзын үстел, кресло, екі орындық қояды.Үстел жанында радио және телефон тұрады.Сахнаға Дінмұхаммед Қонаев шығады. Дінмұхаммед Қонаев радионы бұрайды. Радиодан Шәмші Әні қосылады. Ән аяқталған соң. Радиодан: «Сіздер, Шәмші Қалдяқовтың «Ақмаңдайлым» әнің тыңдадыңыздар» деген диктор дауысы шығады. Қонаев телефонды алып )
Дінмұхаммед Қонаев: Маған Шәмшіні тауып, жолықтырыңдар! Дереу!
(Жарық Қонаевтан өшеді. Жарық жан-жаққа жарқырайды. Күдікті музыка қосылады. Жарық сахнаның екінші жағы, яғни, шетіне қарай түседі. Шәмші нота дәптерін парақтап тұрады. Нұрғиса келеді. )
Нұрғиса: Шәмші, Шәмші, қал қалай? қайда жүрсің? Сені іздеп табаным таусылып, бармаған жерім, баспаған тауым жоқ.
Шәмші: (күліп) Нұр аға, енді кішкене екпінді бассайшы! Сұрақтың астына алдың ғой! От алмай тұра тұр енді. Бірінші сұрағына жауап берейін, қалым жақсы! Жаман емес! Ал екінші сұрағына келетін болсақ, міне, осындамыз!
Нұрғиса: Сөз тапқанға қолқа жоқ!
Шәмші: Келген шаруанды айт!
Нұрғиса: Сені Дінмұхаммед Қонаев шақырып жатыр! Сенімен танысқысы келіп жүр!
Шәмші: (сасқалақтап) Қалай болар екен!
Нұрғиса: Қорықпа, бара көрерміз! Маған ЦКдан өзіңіз ертіп келіңіз, сыртта күтесіз деген. Сондықтан, уайымдама сенімен қабылдауға кірмесемде сыртта күтемін!
Шәмші: Тәуекел түбі жел қайық!
(Шәмші мен Нұрғиса шығып кетеді. Жарық толық жанады. Қонаев қағаздарға қол қойып отырады.Телефон шырылдайды.)
Дінмұхаммед Қонаев: Кіргіз! (Шәмші кіреді) Амансың ба, Шәмші?(Екеуі қол алысады.) Сенің атың дардай, өзің шынашақтай жігіт екенсің ғой.
Шәмші: Құдайдың бергені ғой, Димеке, мұнысына да, шүкір!
Дінмұхаммед Қонаев: Әндеріңді жақсы білемін... Біздің үйдегі ЗуҺра жеңешең өзінің татар әндерінен соң сенің «Ақмаңдайлымыңа» басады. Бүгін сені көргенімді айтып қуантайыншы!
Шәмші: Рақмет, Димаш аға... Мен әнді «әруақ» деп білемін. Әруақты сыйлағаныңызды айта-айта жүрермін.
Дінмұхаммед Қонаев: (жымиып) «Әруақ» деген сөзің жақсы екен. Біздер бұл сөзді айтпай кеткелі қай заман...
Шәмші: Ал мен сізді тек орысша сөйлейді, ескі сөздерді білмейді деп ойлаушы едім. Кешіріңіз, аға!
Дінмұхаммед Қонаев: (күрсініп) Әй, Шәмші-ай! «Замана сенімен санаспайды, сен санас» деген. Мен де сол заманның құлы болдым. Оны біреулер түсінсе, біреулер түсінбес... Мен үшін сол қайғы.
Шәмші: Димаш аға, ол жағдай менің де басымда бар. Менің әндерім көбіне жиын-тойда, ішкілік үстінде айтылады. Ал ол әндер менің жүрегімдегі шерден, мұңнан шыққан болатын. Жұртшылық оны білмейді-ау деп қамығам.
Дінмұхаммед Қонаев: (ойланып) Иә, сенің де, Нұрғисаның да әндерінде өмір бар. Өткен шағыма ойлап қарасам, өмір дегенің сарқырап жатқан асау өзенге салынған жалғыз аяқ аспалы көпірдей қиын өткел. Аман-сау өте аламыз ба, бірақ?...
Шәмші: Мына сөзіңізден менің құлағыма ән естілгендей болып тұр, Димаш аға. Мен енді «Өткел» деген ән жазайыншы.
Дінмұхаммед Қонаев: (күліп) Қой, айналайын! Егер сен сарай ақындарындай ән жазып кетсең, сені мен түгілі, елің сыйламай кетеді.
Шәмші: Сізді, Мәскеу жағын білмедім, қазақ халқы түгел сыйлайды.
Дінмұхаммед Қонаев: «Түгел» дегеніңе тағы да күмәнім бар. Неге екенін, Қарағандыда тұратын Нұрсұлтан деген інімнің – ол да бастық – сөзімен айтайын: Қиын ғой жалпақ жұртқа түгел жақпақ,
Көңілін жақсы-жаман түгел таппақ.
Қақ жарып қара қылды жүрсең-дағы,
Жүреді біреу мақтап, біреу даттап.
Енді түсіндің бе?
Шәмші: Апыр-ай, Димаш аға, сіз өлең де жаттайды екенсіз ғой!
Дінмұхаммед Қонаев: (жымиып) Егер мен Сүйінбай ақынның қырғыз ақыны Қатағанға бүкіл қазақ халқының атынан айтқан өлеңін жатқа оқысам, сен мені Қонаев кабинетіне шақырып алып, мақтанды дейсің-ау, ә?
Шәмші: Шынымды айтайын, Сүйінбай ақынды білгеніммен, әлгі өлеңі есімде жоқ.
Дінмұхаммед Қонаев: Мен өлеңді қайбір жақсы өмірден жаттады дейсің. «Қонаевтың қолынан бәрі келеді» дегені болмаса, Қазақстанның бар билігі Мәскеудің қолында екенін біреу біліп, біреу білмейді. Біз әлі тәуелдіміз. Ел мүддесін қорғап, жоғарыдағылармен жағаласып жүргенімде, бар сенгенім – қазағым бұл жақта ру-руға бөлініп, өзді-өзі қырқысып жатады. Қазақтар руға бөлінбей біріксе ғана жауға алдырмайтын айбынды ел болатынын жырлаған Сүйінбай ақын неткен данышпан, неткен көреген!
Шәмші: Димаш аға, (күліп) Рушылсың деген өсекке қалам ба деп, қай рудан екенімді ешкімге айтпаушы едім. Енді айтамын.
Дінмұхаммед Қонаев: Солай ет, Шәмші, Қазақта «Түбін білмеген түгін білмейді» деген сөз бар. Жеті атасына дейін жазбай білетін атамыздың айрықша қасиеті де осында. Қаны таза кісінің дені де, тілі де сау. «Мен – Қазақпын!» деген Жұбанға да талайлар таяқ ала жүгірді-ау...
Шәмші: Димаш аға, қазағым айдын шалқар теңіз болса, мен сол теңізге ескексіз малтыған кішкентай қайықпын. Сондықтан сізге айтар өтінішім көп. Менің артымда сізді әруақтай сыйлайтын қазақ деген халқым бар. Сізге солардың тілегін айтайын.
Дінмұхаммед Қонаев: Айт!
Шәмші: Бүгінде бүкіл әлемге әйгілі Қазақстанның дәуірлей өркендеп, бақ-дәулеті барынша өсуіне теңдесі жоқ үлес қосқан сізді «Ардақтым» деп білетін халқыңыз сіздің аман болуыңызды тілейді.
Дінмұхаммед Қонаев: Өмірдің осы бір ұзақ та шаңғыт жолында біраз нәрсе атқарған шығармын. Бірақ мен оны «еліме сіңірген еңбегім» деп емес, «борышым» деп білемін. Менің бар арманым – халқымның бірлігі мен ұлан - ғайыр даламның тұтастығын сақтау болды. Жатсам, тұрсам соны ойлап, менен бұрынғы хатшының Өзбекстанға беріп жіберген үш ауданын айқасып жүріп кері қайырттым. Нұрмолда, Ыбырай, Мұхтар секілді ардақтылардың аты бүкіл Одаққа үстем болуы үшін таластым. Тың игеруді ойлап тапқан Хрущев қазақ даласын орыстарға толтырса, мен нанымның молдығымен басқаларды жасқауды мақсат еттім. Өз халқыма, қайран қазағыма сіңірген жалғыз еңбегім – осы деп білемін.
(Екеуі де үнсіз. «Елім-ай» музыкасы қосылады. Шәмшінің көзіне жас келеді. )
Шәмші: Асыл аға... Ардақтым... Аяулым... Кетесіз-ау, кетесіз-ау, сіз де бір күні!
Дінмұхаммед Қонаев: Көтер басты! Хан келеді, кетеді. Халық қалады, тақ қалады. Жалған дүние-ай, десейші! Менің орныма келгендер елін, жерін, егемендігін сақтап қалса – жасым жетті – жер қойнына еш армансыз енер едім. Тұр, Шәмші! Енді өз өтінішіңді айт!
Шәмші: Айналайын қазағыма мынадай еңбек сіңіріпсіз. Өтінішім жоқ. Тек аман болыңыз!
(Екеуі қол алысады. Жарық Қонаевтан сөнеді. Жарық сөнген кезде Көпшілік сахна заттарды алып кетеді. Сахнаның шетінде Нұрғиса Шәмшіні күтіп тұрады.)
Нұрғиса: Қалай болды?
Шәмші: Мен бұрын Димаш ағаны орысша сөйлейтін көп басшының бірі ме десем,қателескен екенмін. Нағыз ұлтына жаны ашитын азамат екен ғой. Осындай ұлы бар біздің ел қандай бақытты!
Нұрғиса: Ия, Қонаев біздің басымызға қонған бақ. Қазақ үшін қаншама еңбек сіңіріп жатыр. Димаш аға, сені алғаш көргенде не деді?
Шәмші: Сенің атың дардай, өзің шынашақтай жігіт екенсің ғой.
Нұрғиса: Сен не дедің?
Шәмші: Құдайдың бергені ғой, Димеке, мұнысына да, шүкір!
Нұрғиса: Сөз тапқанға қолқа жоқ деген осы! Шәмші, осы сенің адамды баурап алатын бір мінезің бар, қыз болсам саған ойланбастан тиіп алатын едім.
(Екеуі күледі. Шығып кетеді.)
ІІІ көрініс
(Радио музыкасы қосылады. «1986 жылы 16 желтоқсанда 1960-шы жылдардан бастап Қазақ КСР-ін басқарған Дінмұхамед Қонаевтың орнына Геннадий Колбин Мемлекет басшы болып тағайындалды. Бұған дейін ол Ресейдегі Ульяновск облыстық комитетін басқарды». Радио хабарландыруы өшеді. Көрермен залынан Студент жастар шығады. Қолдарында «Әр елді өз көсемі басқарсын», «Қазақты қазақ билеу керек», «Колбинге билік бермейміз», «Қазаққа керек азаттық» деген жазулар жазылған плакаттар. Сахнаға қарай көтеріледі. Сахнада Хатшы мен көмекші тұрады. Хатшы Көмекшіге сыбырлайды. Көмекші шығып кетеді. Қайта келеді.)
1 студент:
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы.
Думанды бастады,
Далама қарашы.
Көпшілік сахна: Кең екен Жер деген,
Жерге дән шықтығой,
Дән егіп, терлеген,
Қазағым мықты ғой.
Қайырмасы
Менің елім, менің жерім,
Гүлің болып егілемін.
Жырың болып төгілемін, елім,
Туған жерім менің - Қазақстаным.
Айнала қарасам,
Асықты жүрегім.
Заманға жарасам,
Жарасып тұр елім,
Біздің ел Орденді
Көтерді туларын.
Ел мен ол тербелді,
Тербеле жырладым.
Қайырмасы
Сағымды далам бар,
Сабырлы көлім бар.
Қараңдар, жараңдар,
Осындай елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Ежелгі досындай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай...
Хатшы: Қане, тарандар! Жарты сағат уақыт береміз, әйтпесе жақсылық күтпендер!
Көпшілік сахна: Бізге тәуелсіздік керек!!! Әділдік керек!!! Тарқамаймыз!
1 студент: Қазақты қазақ басқарсын!
Хатшы: Қазір, солдаттар келеді, олардың қару-жарақтары жеткілікті. Олар аямайды. Ал сендердің қолдарында мына плакаттардан басқа ештеңе жоқ! Сол үшін жақсылықпен қайтыңдар!
1 студент: Сендер біздің сағымызды сындыра алмайсыңдар! Біздің қолымызда қару болмағанмен, Шәмші Қалдаяқовтың әні күш беріп, рухтандырып тұр.
(Жастар дыбыссыз яғни әрекетпен ұрандап тұра береді, этюд вариант. )
Хатшы: (көмекшісіне) Шәмші Қалдаяқов деген кім?
Көмекші: Композитор. Жаңа бұлар орындаған «Менің Қазақстаным» соның әні.
Хатшы: Оның әндерін халық біле ме?
Көмекші: Ия, халық жатқа біледі. Әндері күнделікті радиодан беріліп, концерттер де, тіпті, тойларда да, айтылады.
Хатшы: Ммм.... Солай де! Олай болса, радио, телевидениеден Қалдаяқовтың әндері берілмесін, концерттер де, орындалмасын! Тез хабар бер!
Көмекші: Жақсы!
(Жастар дауыстап ұрандайды. Көмекші Хатшының қолыңа қағаз ұстатады)
Хатшы: Желтоқсан оқиғасына қатысқан барлық қатысушылар оқудан, комсомолдан, жұмыстан түгел шығарылсын!
(Жастар улап-шулап сахнадан шығып кетеді.Жарық сөнеді.)
IV көрініс
(Жарық жанады. Шәмші скамейка үстінде шылым шегіп отырады.Қолында мандолин. Мұхтар келеді. )
Мұхтар: Асслаумағалейкум, Шәке, амансың ба?
Шәмші: Уағалейкумасслам! Амандықтың несің сұрайсың, әндерім эфирден алынып тасталды, жұмыс жоқ. Ұлдарым ер жетіп келеді, оларды оқыту керек, аяқтандыру керек соның бәрін ойласам....
Мұхтар: Шәке, уайымдама, бәрі жақсы болады! Әндерің эфирге көп ұзамай оралады.
Шәмші: Ол күн қашан туар екен?
Мұхтар: Болды көтер еңсенді! Саған мен айтамын деп ұмытып кетіппін, ағылшынның өнер қайраткері Роберт Файлер таң қалып: «Мен қазақтың ұлы композиторымен танысқаныма қуаныштымын. 300 — ге жуық ән шығару деген — ұлы ерлік! Оған ескерткіш орнату керек»-деп баға беріпті. Міне, бұл сенің шығармашылығына берілген үлкен мадақ емес пе?
(Шәмші жымияды. Бір кезде орнынан тұрып кетеді. Әрі -бері жүреді. Қолыңа мандолин алады. Бір өзгеше әуенді орындайды.)
Шәмші: Мұхтар, ән туды!
(Әуенді қайта орындайды. Мұхтар үнсіз тыңдап отырады.Ән аяқталған соң)
Мұхтар: Қателеспесем, өмір туралы ән секілді...
Шәмші: Дәл таптың! Осы әнге сөз жазып берші!
Мұхтар: Қазір! Шәмші менің Өмір деген өлеңім бар! Соны саған оқып берейін! (оқиды)
Шәмші: Біз екеуміз бәйшешектей ерте гүлдедік,
Қол ұстасып, бақыт жырын шертеміз дедік.
Қарсы жүріп үйренсек те қар мен жаңбырға,
Бірақ қарсы тұра алмадық асау тағдырға.
Қайырмасы:
Жылдар,
Өмірдің өзенімен,
Ағады кезегімен.
Сенсің көңілі ашық,
Менің ғашық ғасырым.
Ертеде де, кеште,
Тұрасың сен есте,
Мен өшсем де өшпе, асылым.
Алуан гүлдер шуақ шашты бүгін бақшамда,
Қызғанбаймын, басқа ошақтың отын жақсаң да.
Өмір мынау - бақ пен қайғы күнде жарысқан,
Ақ тілекпен қол бұлғайсың әркез алыстан.
Қайырмасы:
Жылдар,
Өмірдің өзенімен,
Ағады кезегімен.
Сенсің көңілі ашық,
Менің ғашық ғасырым.
Ертеде де, кеште,
Тұрасың сен есте,
Мен өшсем де өшпе, асылым.
Жалғыз аққу таудан асып, қайтып барады,
Сағынышын әнге қосып айтып барады.
Сол ерке құс мұңын жалғап ерте көктемде,
Мені есіңе ал, ауылыңнан ұшып өткенде.
Қайырмасы:
Жылдар,
Өмірдің өзенімен,
Ағады кезегімен.
Сенсің көңілі ашық,
Менің ғашық ғасырым.
Ертеде де, кеште,
Тұрасың сен есте,
Мен өшсем де өшпе, асылым.
Мұхтар: Керемет! Жүр Шәке, әнші тауып студияға барып жаздырайық!
Шәмші: Әнші табуың табамыз ау! Бірақ, халыққа ұсыну жағы қалай болады екен?
Мұхтар: Ол жағын алаңдама, бастысы жазып алайық, қалғанын көре жатармыз!
(Екеуі кетеді. Жарық әр түрлі жаққа жарқырайды. Радио дыбысы шығады)
Радио дауысы: Желтоқсан оқиғасына қатысқан студенттер оқуларына қайтадан алынып, кешірімге ілінді. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы жарлығымен композитор Әсет Бейсеуов пен Шәмші Қалдаяқовқа «ҚР Халық артисі» жоғарғы наградасы берілді.
(Жарық жанады. Сахнада Шәмші үстінде әдемі костюм. )
Шәмші: Міне, көптен күткен тәуелсіздігімізді алдық! Егемен ел болдық! Мен елдің ертеңіне, келешегіне сенемін. Біз Кеңестік заманда туып, Кеңестік заманда өстік, еңбек еттік. Ал мына дүние есігің енді ашып жатқан мемлекетіміздің тағдыры бәріміздің қолымызда! Міне, мен ҚР Халық артисі атандым! Бұл халқымның маған артқан сенімі, берген бағасы! Өздеріңіз аялаған, алақанына салып құрметтеген Шәмші ұлдарыңыз әрдайым халықтың жүрегінде! Шәмші, халқыңа бас иіп, тағзым жасайды!!!!
Соңы