Жылдың үздік прозасы
605

Дүниежүзілік үкімет

(Адамзатты құлдықта ұстауға арналған үкімет)

Ура, анашым қараңызшы! Кешегі емтиханнан 100 ұпай жинадым. Группадағы ең жоғарғы бал менің балым болды анашым.  Маған мынандай сап-сары жейде мен д дәрежесін берді. Ертеңнен бастап мен де жұмысқа тұрып сіздер секілді койндар жинап барлық қалағандарыңызды әперетін боламын, терезесінен күннің көзі таң атқаннан шуағын шашып тұратын кең зәулім сарайда өмір сүретін боламыз. Енді ешқашан жертөледе өмір сүрмейміз анашым. Анашым әкешім қайда? Әкеме осы жаңалықты айтыңызшы. Жұмыстан әкешім келді ме? Кеше әкешім ертең он үш жасқа толғаныңда әлемдік үкіметтің қалай құрылғанын айтып беремін деген еді, деп шағын жайылған үстелге барып отырды. 

- Оо, жарайсың ұлым. Азамат болды деген осы. Әкесі қарашы ұлымыздың жейдесі өзіне құйып қойғандай екен. Ең жоғарғы ұпайды біздің ұлымыз  жинапты. Бізге зәулім сарайдан үй алып беремін дейді. Әлемдік мемлекеттің қалай құрылғанын құлыныңа айтып беремін деген екенсің, құлының асыға күтіп жүр отағасы деп қол жуатын бөлмеден шығып келе жатқан   сары жиделі, қара бас киімді азаматқа күлімсіреп қарады арықша келген, орта бойлы, аққұба келіншек.

- Азаматым Ханзадам. Жарайсың.Сенің ең жоғарғы бал жинайтыныңа сеніп едім. Құтты болсын құлыным. Киімің де расында өзіңе құйып қойғандай екен. Анаң жұмыстан келе сала саған арнайы жақсылап ас дайындап қойды. Енді жақсылап жұмыс істеп 100 миллион койн жинап мына зәулім сарайлардың бірінен баспана алып, отбасын құрып, ұрпақ сүйгеніңді көрсем арманым болмас еді деді;  самайын ақ шалған ұзын бойлы  бидай өңді осы шаңырақтың отағасы Серікзат. Жасы қырықтан енді асса да ауыр жұмыстан тез самайын ақ шалып, қабағын мұң басқан.

Серікзаттар отбасының осы жертөледе тұрып жатқандарына жиырма жылдан аса уақыт өтті. Ай сайын осы жертөле үшін 35 мың койн төлейді. Жеті жыл тынбай еңбек етіп, сары деңгейдің С дәрежесіне әрең көтеріліп,  Айжан екеуінің шаңырақ көтергендеріне де 13 жылға жуықтап қалды.

-  Не деген зымыраған уақыт, деп бастады Серікзат өз сөзін. Кеше ғана әлемді жайлаған соғыс бітіп, дүние жүзінде демократия орнатамыз, ұлттар мен сан алуан діндерге қармастан барлық азаматтар қуғын-сүргінсіз тең өмір сүретін болады деп құрылған мына әлемдік үкіметке жиырма жылдан аса уақыт өтіпті. Әлемде қымбатшылық жайлап, азық-түлік азайып, шағын мемлекеттердің халқы жаппай билікке өз наразылығын білдіруінен басталған шағын қателіктер, ел ішіндегі тұрақтылықты жойып,   әділетті демократиялық халықтың  билігін орнатамыз деген  топтардың талас-тартысына ұласып, осы  талас-тартысты арнайы ұйымдастырып халықты дін мен тіліне, ойдан шығарылған жынысы мен қызметіне бөліп араздастырып, жасанды қымбатшылық, эканомикалық кризис жасап, қағаз ақшаларды жаппай құнсыздандырып жан-жаққа бөлінген топтарды қаржылай, қару-жарақпен қамтамасыз етіп әлемдік мемлекетті құрмақ болған элита адамдары ел шекарасына әскер кіргізіп, гуманиарлық, қаржылай көмек көрсеткен сыңай танытып өз ауруханаларын, өз университеттерін, өз зауыт-фабрикаларын салып, мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырып билікте өз азаматтарын қойып түбінде мемлекеттердің жойылып, адамзаттың тағдырының одан сайын қиындауына әкелді. Дүниежүзілік соғыс, репрессия,  ашаршылықтан кейін таралған түрлі аурулардың таралуы 5  миллиардтан астам халықтың жазықсыз қырылуына, бір миллиард  халықтың 500 миллион билік элитасын азық-түлік, киім-кешек, автокөлік т.б заттармен қамтамасыз етуге арналған жұмысшылар тобына айналуына әкелді. Жер шары қазір бір орталықтан басқарылатын ақ, жасыл, сары, қызыл аймаққа бөлінген, әр аймақ халқына а, б,с,д дәрежесі беріліп,  қағаз ақша, төл құжат, жеке меншік түгел жойылған. Әрбір адам туылғанынан бастап көз-жанар биометриясы жасалып сол биометрия негізінде аты-жөн, номер береді. Ақ деңгейдегі адамдар дүние жүзілік үкіметті басқаратын элита болса олар дүние жүзілік үкіметтің қауіпсіздігін, тиімді басқарылуын, адамдардың туылғаннан бастап көз жанар биомертисын алуды, койндар яғни қаражаттың дұрыс таратылуын қамтамасыз етіп отыратын арнайы басқарушы топ. Жасыл деңгейдегі адамдар қызыл, сары деңгейдегі аймақтардың басшылары, ғалым, инженерлер.Олардың міндеті зауыт-фабрикаларды басқару, әр деңгейлі аймақтарды басқаруға арналған жаңа тәсілдерді, құрал-жабдықтар мен видео бақылауларды жетілдіру. Ал сары деңгейдегі азаматтар қауіпсіздігі төмен зауыт-фабрикаларда таңғы сағат сегізден түнгі тоғызға дейін демалыссыз жұмыс істейтін жумысшылар. Қызыл деңгейдегі адамдар дүние жүзілік үкіметке қарсы шығып, өз ойларын ашық айтқан, зауыт-фабрикаларда жұмыс істеп жүріп жұмыстың ауырлығына шыдай алмай қарызға мемлекеттен койндар алып уақытылы төлей алмаған, дін мен дәстүрдің жойылуына, қызыл деңгейдегі адамдардың бір бөлігін доннар ретінде қолдануға, зейнеткерлікке шығу жасын алып тастап адамдар 13 жастан бастап зауыт-фабрикалар мен фермаларда сағат 8:00-ден кешкі 21:00-ге дейін демалыссыз жұмыс жасайтынына, бала дүниеге әкелгеніне байланысты асқынуларына қарамастан 3 күн  ғана демалыс беріліп, балаларын кешке ғана алып кететін мекемеге өткізетініне, дүниеден өткен адамдарды жерлеуге тиым салынып криматориларға жіберілетініне, жұмысқа жарамсыз мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен қарияларды өз еркімен дүниеден өткізуге арналған арнайы капсулаларға салуға қарсы шыққан   азаматтар. Әрбір азамат әлеуметтік деңгейіне байланысты белгілі бір қаражат төлеп әлемдік үкіметтен рұқсат алып қана ата-ана бола алады. Дүние жүзілік үкімет құрылғалы көмір шахталары, мұнай кен орындары, су электр станциялары жабылып, күн-жел энергиясынан қуат алатын станциялар  ауа райының өзгерісіне тәуелді болғандықтан саны азайтылып жаппай атом станциялары салынды. Осы атом станцияларында және осы атом станцияларын  уранмен қамтамасыз етуге арналған уран кен орындарында осы қызыл деңгейлі азаматтар қызмет етеді.Ақ, жасыл, сары аймақтардан шығарылған қалдыктарды қайта өңдейтін де осы қызыл аймақтың адамдары. Ақ, жасыл, сары, қызыл аймақтағы азаматтардың арасы арнайы электрленген заборлармен, көз-жанар тексеруінен өтуге арналған камералармен жабдықталған. Әр аймақтың өз қарулы әскері, қызмет ететін роботтары бар. Ақ, жасыл, сары, қызыл аймақтың адамдары бір-бірінің аймағына арнайы рұксатсыз өте алмайды, бір-бірімен некелесіп отбасын құра алмайды. Ақ аймақтың халқы теңіз жағасында, тау етегінде жеке үйлерде тұрса, жасыл аймақтағылар  бауы-ағашы бар шағын үйлерде тұрады. Ал сары аймақ адамдары биік-биік ғимараттарда жертөледен бастап жүзінші қабатқа дейін  жинаған койнына байланысты тұрады. Оларға жасыл аймақтағы адамдар секілді жеке меншік құқығы берілмейді, жеке көлік сатып алып айдауға да рұқсат берілмейді. Тұрғын-үй жер төледен жоғарылаған сайын бағасы қымбаттай береді. Биік ғимараттар бір- біріне жақын әрі биік болғаны сонша төменгі қабаттағы үйлерге күн көзі мүлде түспейді. Биік ғимараттар арасында ағаштар мен гүлдер де өспейді. Ең жоғарғы қабаттағы үйлер қымбат болғандықтан  үй шатырындағы шағын бау-бақшалар  осы жоғарғы қабатта тұратын азаматтарға тиесілі. Сары аймақтың азаматтары тек қоғамдық электр көліктерімен жүреді. Бірақ сары аймақтағы азаматтар қаланың сауда орындарын, азық-түлік дүкендерін аралауға жинаған койндарымен жанар биометриясы арқылы азық-түлік, киім-кешек т.б басқа заттар сатып алуға құқықтары бар. Ал қызыл аймақтағы адамдар қоғамдық көлікке мінбейді арнайы жатақханаларда бір бөлмеде он-он бес адамнан тұрады. Қызыл аймақта басқа аймақтағыдай ойын-сауық орындары, сауда орталықтары тіпті азық-түлік дүкендері мүлде жоқ. Қызыл аймақтың адамдарына отбасын құруға тиым салынады. Ал ал сары жасыл аймақтағы адамдар белгілі қаражатты жинаған соң, мемлекеттің рұқсатымен өз аймағының азамат немесе азаматшасымен отбасын құруға рұқсат беріледі. Сары аймақтағы азаматтарға жинаған койын яғни қаражатына байланысты бір немесе екі перзент сүюге рұқсат берілсе, жасыл айтақтағы азаматтарға үш перзентке дейін дүниеге әкелуге рұқсат беріледі- деп сөзін аяқтады Серікзат.

-Асың өте ерекше дәмді бопты, Айжан ертең ертемен жұмысқа баруымыз керек. Тезірек ұйықтайық. Құлыным да он үшке толды, ертең алғашқы жұмысына барады. Сағат көзді ашып жұмғанша  түнгі он бірден асып кетіпті; деп асқа бата беріп орнынан тұра беріп еді баласы

- Әке мен анамның жұмысының жанындағы жылыжайда жұмыс жасайтын болдым. Жылы жайда жемістің небір түрлері өте көп екен. Жанында төрт түлік бағатын фермалар бар екен. Ол жерде сиыр, қой, шошқа, тауық өте көп.

-Әке біз неге сол фермадағы толған жеміс-жидектерді, қой,сиыр, тауық еттерін неге өте аз жейміз. Неге күнделікті ас дайындамаймыз. Ылғи неге дайын пісірілген астарды дүкеннен сатып алып жейміз. Әке  жаңа жиналған жеміс-жидектер неге сонша қымбат, арнайы піскен шұжықтар арзан ал еттер неге қымбат? Менің күнде ет, жеміс- жидек жегім келеді; деп ренжіді ұлы Ханзада.

Әкесі біраз ойланып отырды да.

-Ұлым. Азық-түлік дүкенінен дайын  пісірілген тағам сатып алсаң  пісіргенге қарағанда арзанырақ түседі. Дүкендегі шұжықтар 100% еттен жасалмаған.  10%-ы жасанды өсірілген ет болса қалғаны соя ақуызы, дәмдеуіштер қосылып жасалады. Нандар мен ұндар табиғи бидай мен жүгері, күріштен емес шегіртке ұнынан жасалады, дайын тағамдар қолдан өсірілген жасанды еттен жасалады. Ал табиғи сиыр, қойдан, тауықтан алынатын  еттер, табиғи сүт пен май, арнайы экологиялық таза жерде өсірілетін жеміс жидектер бізде сары аймақта өндірілгенмен жасыл, ақ аймаққа көптеп жіберіледі.Сондықтан бізде балғын еттер мен жемістер қымбат. Сен де ертең көп жұмыс істесең сары аймақтың а дәрежесіне көтерілсең көп қаражат табатын боласың.Ол үшін жақсылап жұмыс істеп, көп үйренуің керек. Ұлым білесің бе? Сен осы асымызға разы болуың керек. Қандай еңбекпен келіп жатыр? Қызыл аймақтағылар дүкеннен қалаған затын сатып ала алмайды, жеміс-жидек, ет мүлде жемейді. 

- Ұлым болды қой. Ертерек ұйықтайық. Сөз бұзау емізеді деген. Ертең алғашқы жұмыс күнің ғой. Ұйқың қанбай, әлсіреп қаласың- деп жалғады анасы үстел үстін жинап жатып.

- Анашым жарайды қайырлы түн. Әкешім сізге де  түн қайырлы болсын-деп ұлы үстел үстін анасына жинасып, қабырғасы іргелес бөлмеге аттанды. Артынша осы бөлмеге анасы мен әкесі келіп қатар- қатар тұрған кереуеттерге жайғасып ұйқыға кетті.Екінші қабатқа ұлдары ұйқыға жайғасты. Бөлме іші еш терезесіз, кілем, көрпешесіз тіпті артық киім салып қоятын жиһазсыз қара көлеңке, сұрықсыз. Барлық сары деңгейдегі адамдардың үйлері дәл осындай қарапайым әрі шағын. 2 метрге жетер жетпес жатын бөлме биіктігі екі қабатқа бөлінген. Бірінші қабатта ата-анасы ұйықтаса, екінші қабатта балары ұйықтауға арналған төсек орын бар.Іргелес қабырғадағы ванна мен әжетхананы асханадан кішкене жұқа есік бөліп тұр. Асхана ортасында шағын стөл мен 3 орындық бар. Қабырғаны айнала тізенің биіктігіндей мұздатқыз пен кір жуатын шағын машина тұр. Шағын ас дайындайтын үстел үстінде кішкене пеш пен шайнектен басқа ешнәрсе жоқ. Жалпы жатын бөлме мен асхана, жуынатын бөлмені қосқанда үш адам құлаштап тұрса әрең сиятын шамамен  ұзындығы 4метр, ені 4 метр шағын тұрғын ұй.

Осылайша арада жеті сағат лезде өтіп Серікзатың отбасы асығып ұйқыларынан тұрып, тез таңғы астарын ішіп электірлі қоғамдық көлікке мініп жұмыстарына аттанды.

Дүние жүзілік мемлекет құрып әлемді шексіз билегісі келген әлемдік элитаның заманауи дамыған мемлекеті міне осындай Құмырсқаның илеуі секілді күн көзі тура түспейтін биік ғимараттар мен жұмысқа асыққан адамдар тобыры.