Жазушы-этнограф Болат Бопайұлы өмірден өтті
О
л қазақ этнографиясы тақырыбында 30-дан астам кітап жазған

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, этнограф-ғалым, тарихшы Болат Бопайұлы өмірден өтті, деп жазды kaz.inform.kz.
Бұл туралы әлеуметтік желіде белгілі журналист Біләл Қуаныш хабарлады.
Болат Бопайұлы 1960 жылы 1 қаңтар күні ҚХР Шыңжаң өлкесі, Алтай аймағында дүниеге келген. 1986 жылы Іле педагогикалық университетін, 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.
Ғалымның бірнеше кітабы орыс тіліне аударылды. "Қазақтың алғыстары мен қарғыстары", "Қазақ ырымдары" атты кітабы қазақ және орыс тілінде жарық көрді. Этнографтың соңында "Қазақ мінезі", "Қазақ кәдесі", "Қазақы түс жору", "Бастаудан бақиға дейін", "Қазақтың гүл мәдениеті", "Қазақ наурызнамасы", "Қазақ аспан есебі" сияқты оннан астам еңбегі қалды.
Әр жылдары Қазақ радиосында, Қазақстан телеарнасында редактор, сценарист қызметін атқарған. Қазақ этнографиясы тақырыбында 30-дан астам кітап жазған. ҚР «Мəдениет үздігі» төс белгісінің иегері, Қазақстан Республикасының құрметті азаматы.