Шеберлер құрақ көрпе тігуден әлемдік рекорд орнатты

Қ

азақстанның түкпір-түкпірінен келген 450-ден астам шебер құрақ көрпе тікті

Еліміздің әр өңірінен жиналған шебер әжелер құраған көрпе әлемдік рекорд ретінде тіркелді.

құрақ көрпе

Фото: Дүниежүзілік көшпенділер ойындары дирекциясы

«Бүгін сағат 13.00-де ерекше іс-шара өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 450-ден астам шебер құрақ көрпе тікті. Осылайша, дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақстандық Гиннес рекордтар кітабына тіркелетін әлемдік рекорд орнатылды», - деп хабарлады Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының баспасөз қызметінен.

құрақ көрпе

Фото: Дүниежүзілік көшпенділер ойындары дирекциясы

Айтулы шараға әлемнің 89 елінен 2500-ден астам адам қатысып жатыр. 

құрақ көрпе

Фото: Дүниежүзілік көшпенділер ойындары дирекциясы

Еске салсақ, Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, шоуға 3 мың артист қатыстыы. Шараның ашылу рәсімінде сахна мен мультимедианың заманауи технологиялары қолдыныла отырып, екі сағаттық музыкалық театрландырылған қойылым ұйымдастырылды.