Қазақ фильмдері Қазан халықаралық кинофестивалінде көрсетіледі

Қ

азақ фильмдері ХХ «Алтын минбар» Қазан халықаралық кинофестивалінің бағдарламасына енді.

Қазақ фильмдері ХХ «Алтын минбар» Қазан халықаралық кинофестивалінің бағдарламасына енді.

2024 жылдың 6-11 қыркүйегі аралығында ХХ «Алтын минбар» Қазан халықаралық кинофестивалінің конкурстық бағдарламасы өтеді.

Қазақстан – Қазан кинофестивалінің жыл сайынғы қатысушысы. Кинофестивальдің іріктеу комиссиясы жұмысының қорытындысы бойынша конкурстық бағдарлама құрылып, оған 27 елден 51 фильм таңдап алынды, оның ішінде қазақстандық туындылар да бар, делінген хабарламада.

Фото gov.kz.

Сонымен қатар кинофестиваль аясында қазақ киносының күндері өтеді. Атап айтқанда, қазақ режиссері Талғат Теменовтың «Смуглянка/QaraQyz» және режиссерлер Ерлан Нұрмұхамбетов пен Лиза Такэба болып табылатын бірлескен қазақ-жапон туындысы «Конокрады. Дороги времени» атты көркем фильмдерін көрсету көзделген.

«Алтын минбар» халықаралық кинофестивалі Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігі және Татарстан Республикасы Раисінің Әкімшілігі қолдау көрсеткен, сондай-ақ «Ресей – Ислам әлемі» стратегиялық көзқарас тобының серіктестігімен қолдау көрсетілген киножобалар тізіміне енді.