Мәскеудегі цирк фестивалінде қазақстандық балалар күміс жүлде иеленді

Д

анат және Данали Досбатыровтар «Юниор» күміс жүлдесін жеңіп алды.

kudamoscow.ru

12-15 қыркүйек аралығында Мәскеу циркінде Ю.Никулиннің Цветной бульварында өткен «Артист» II Халықаралық цирк фестивалінде «Аманат» әуе белбеуінің дуэті Данат және Данали Досбатыровтар «Юниор» күміс жүлдесін жеңіп алды. Олардың жетекшісі – «Құрмет» орденінің иегері Дәулет Досбатыров.

Қазақстандық өнерпаздар фестивальдің ең жас қатысушылары болды, Данат 10, ал Данали 8 жаста. Сондай-ақ, жас әртістер төрт арнайы сыйлыққа ие болды. Олар: Халықаралық цирк өнері фестивалінің президенті Женис Матабоштан (Жирона қ., Испания), Баку мемлекеттік циркінің дирекциясынан (Әзірбайжан), «Sky Angels» тобынан (Өзбекстан) және режиссер, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері Александр Гримайлодан арнайы сыйлық. 

 Алматы әкімдігі

Фото: Алматы әкімдігі

«Артист» цирк өнері фестиваліне әлемнің 17 елінен 87 артист қатысты. Фестивальдің жүлделері үшін тәжірибелі әртістер де, балалар да бақ сынасты.

«Екі конкурстық күнде және Гала-шоуда халықаралық қазылар алқасы мен көрермендер «Аманат» нөміріне қошемет көрсетті, бұл үлкен қуаныш пен мақтаныш. Біздің нөмірімізді кәсіби әртістер, фестивальдің режиссерлік сахналау тобы ерекше атап өтті. Ресейдегі ең көне цирктердің бірінде, аңызға айналға әртістер жұмыс істеген манежде өнер көрсету біз үшін үлкен мәртебе», - деді «Аманат» нөмірінің қоюшы-режиссері Дәулет Досбатыров.

Еске салайық, Алматылық студенттер Франциядағы WorldSkills халықаралық чемпионатында үздік атанғанын жазғанбыз.  

 Алматы әкімдігі

Фото: Алматы әкімдігі