Мұқағали Мақатаевтың туған күні

М

ұқағали Мақатаев – қазақ халқының шоқтығы биік ақыны.

Ақпарат көздерінен алынды

9 ақпан – қазақ поэзиясына ерекше серпін әкелген ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні, деп жазды kaz.inform.kz. 

Ақиық ақын «Социалистік Қазақстан» газетінің, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет атқарды.

Ақын поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры – туған елі, өскен жері, замана тынысы.

Оның «Қарлығашым, келдің бе?», «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің», «Соғады жүрек», «Шолпан» және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, «Қош, махаббат!» атты прозалық кітаптары бар.

Мұқағали Мақатаев – қазақ халқының шоқтығы биік ақыны. Бүгінде оның жырлары миллиондаған оқырманның жүрегіне жол тапты.

Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай Қазақстан радио арналарының эфирінде ақынның «Махаббатым өзімде» өлеңіне жазылған әннің тұсаукесері өтті.

Әннің музыкасын композитор Қадылбек Жағыпаров жазса, оны Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі, жас көрермен музыкалық театрының актрисасы Мақпал Дүйсен орындады.

Музыкалық туындының жарыққа шығуына Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдау көрсетті.

Әннің премьерасы «Qazaq Radiosy» және «Shalqar Radiosy» радиостанцияларының эфирінде орындалды.