Kitap Fest фестивалі кезінде 50-ге жуық жаңа кітаптың тұсауы кесілді

А

лматыдағы Арбат алаңы әркім іздегенін тапқан нағыз кітап патшалығына айналды

14-15 қыркүйекте Алматыдағы Арбат алаңы әркім іздегенін тапқан нағыз кітап патшалығына айналды. Алматы мәдениет басқармасы және қаланың орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қолдауымен «BAURZHAN Foundation» қоры ұйымдастырған Kitap Fest Almaty кітап фестивалі өзінің он жылдығын атап өтіп жатыр, деп хабарлады kaz.inform.kz.

қала күні

Фото: Алматы әкімдігі

Фестиваль қала күні қарсаңында мегаполистің ең ірі мәдени іс-шараларының біріне айналды.

кітап

Фото: Александр Павский/Kazinform

2014 жылы бастау алған фестиваль бүгінде әдеби мәдениетті насихаттаудың бірегей платформасы ретінде танылған және бұл дәстүрден биыл да жаңылған жоқ.

қала күні

Фото: Александр Павский/Kazinform

Биылғы ерекшелігі — фестиваль 10 жылда алғаш рет екі күн қатарынан өтті. «Келешек кітабы» ұранымен өтіп жатқан мерейтойлық фестиваль келушілерге түрлі бағдарламалар ұсынды.

қала күні

Фото: Александр Павский/Kazinform

Фестивальдің негізін қалаушы Жұлдыз Омарбектің айтуынша, Kitap Fest Almaty кітапқа деген сүйіспеншіліктің символына айналды.

қала күні

Фото: Александр Павский/Kazinform

— Кітап — ұлт руханиятын дамытып, жас буынды ізгілікке тәрбиелеуде аса маңызды рөлге ие. Kitap Fest-тің басқа фестивальдерден айырмашылығы неде? Біріншіден, Kitap Fest — Қазақстандағы жалғыз кітап фестивалі. Екіншіден, бұл жай ғана кітап жәрмеңкесі емес, біз мәдениетті және оқуға деген сүйіспеншілікті насихаттаймыз. Әрбір кітаптың өз оқырманы бар. Сол сияқты әр жазушының да өз аудиториясы бар. Жобаның мақсаты оқырман мәдениетін дамытып, жазушылар мен оқырманға кездесу алаңын ұйымдастыру, — дейді ол.

қала күні

Фото: Александр Павский/Kazinform

Фестивальге 70-тен астам кітап дүкені мен баспалар қатысты және 50-ге жуық жаңа кітаптың тұсауы кесілді.

 День города Алматы

Фото: Александр Павский/Kazinform

Аталмыш шараға шетелдік қонақтар да қатысты. Түркия елшілігінің өкілі Айхан Коркмаз мұндай іс-шаралар арқылы мәдени тәжірибе алмасу және халықаралық байланыстарды нығайтудың маңызына тоқталды.

кітап

Фото: Александр Павский/Kazinform

«Фестивальдің 10 жылдығы өте керемет өтіп жатыр! Мұндай шаралар қоғам үшін әсіресе жастар үшін өте маңызды. Біздің мақсат — екі ел арасындағы терең, тарихи және бауырластық байланысты көрсету. Фестивальмен әрі қарай да ынтымақтастығымызды арттырамыз деген үміттемін, — деді Түркия елшілігінің өкілі.

қала күні

Фото: Александр Павский/Kazinform

Еске салайық, бұған дейін Алматыда өткен жылы 4 мыңнан астам жаңа кітап басылғанын жазғанбыз. 

кітап

Фото: Алматы әкімдігі

кітап

Фото: Алматы әкімдігі