Данияда Ботай мәдениеті туралы кітап жарық көрді

А

втор шығарманы жазуға деректі фильм шабыттандырғанын айтады

Дат жазушысының Ботай мәдениеті туралы кітабы жарыққа шықты. Әдебиет авторы шығарманы жазуға деректі фильм шабыттандырғанын айтады. «Ботай – көлеңке іздері» атты кітаптың таралымы 800 дана. Оның бір бөлігі Дания мектептеріне берілген. Жас жазушы романның екінші бөлімін шығармақ.

Леонора Ван Деурс, жазушы:

Материал жинау барысында тарихшы, археолог ғалымдармен жұмыс істедім. Бұл жай ғана көркем шығарма емес, тарихи деректерге сүйеніп жазылған еңбек. Кітапты 5 жыл бойы жаздым. Қазақстанның көркем табиғаты мен бай тарихына тәнтімін.

АНЫҚТАМА

Ботай мәдениеті — энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті.

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км жердегі Ботай қоныстарына байланысты аталған.

Бұл мәдениеттің өмір сүру уақытты б.з.д. V-IV мыңжылдықта өтті. Зерттеулердің тарихи маңызы - жылқыны алғаш қолға үйретудің жер жүзінде ең басты орталығы Қазақстан болып саналуында.

Ботай мәдениетін жасаған тайпалар жылқыны қолға үйреткен. Тастан жасалған пышақ, қанжар, жебенің, найзаның ұштарының көптеп табылуы қоғам өмірінде аңшылықтың рөлін айқын көрсетеді.