Алматыда «Кітап оқиғалары» атты квест өтеді

Т

ұңғыш Президент саябағында қызықты әрі тартымды әдеби шара өтеді

15-17 қыркүйекте Тұңғыш Президент саябағында қызықты әрі тартымды әдеби шара – қала күнін мерекелеуге арналған «Кітап оқиғалары» атты квест өтеді. Сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін қонақтарды интерактивті сынақтар, кітаптар сиқыры және ұмытылмас эмоциялар күтеді, деп хабарлайды almaty.tv. 

«Кітап оқиғалары» - бұл жай ғана іс-шара емес, бұл балалар мен олардың ата-аналары үшін танымал балалар кітабына негізделген қызықты квесттер арқылы әдебиет әлеміне енудің бірегей мүмкіндігі. Әрбір квест қатысушыларды қызықты тапсырмаларды орындауға және олардың сүйікті кейіпкерлерімен кездесіп, кітап сюжеттеріне байланысты жұмбақтарды шешуге мүмкірдік береді.

Квест қатысушылары өзінің танымдық мүмкіндігін сынаумен қатар, серіктестерімізден лайықты марапаттар – кітаптар мен арнайы сыйлықтар алады. Сондай-ақ, іс-шара аясында «Кітап кейіпкеріне айналу» фотоаймақтары жұмыс істейді, онда әркім өзінің сүйікті әдеби кейіпкеріне айнала алады және фото арқылы осы сәтті есінде сақтай алады.

«Біз мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарын «Кітап  оқиғалары» квестіне шақыруға қуаныштымыз. Біздің жоба балалар мен олардың туыстарын кітап  оқуға шабыттандырып, олардың алдында классикалық және заманауи балалар әдебиетінің қызықты әлемін ашуға көмектеседі. Біздің квестіміздің әрбір қатысушысы жаңа білімді, әсерді жадында сақтап, сүйікті кітабын өзімен бірге алып кетеді», - деп атап өтті Алматы Кітапханасынан.