Алматыда «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

Б

айқауға 200-ге жуық өтініш түскен.

pixabay.com

Байқауға 200-ге жуық өтініш түскен. Дәстүрлі додада «Үздік әдеби сын» аталымын жазушы Жүсіпбек Қорғасбек «Сайтанның ойыны» әдеби эссесі үшін еншіледі, деп жазды qazaqstan.tv.

Ал «Үздік поэзия» номинациясы Маралтай Райымбекұлына бұйырды. Бұдан бөлек, «Үздік проза», «Үздік комикс», «Үздік әдеби аударма», «Үздік балалар әдебиеті» аталымдары өз иелерін тапты. Әр аталымнан үздік атанған бір жеңімпазға 5 миллион теңге көлемінде сыйақы табысталды.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Айбоз» әдеби сыйлығы қаламгерлер мен баспагерлерге мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіп, қазақ әдебиетінің тұғырын нығайтуға арналған бірегей жоба екенін атап өтті.

Жүсіпбек Қорғасбек, жазушы, «Үздік әдеби сын» аталымының жеңімпазы:

«Айбоз» сыйлығы бар, басқа да біздің атқарылып жатқан жобалар бар осы кітапқа қатысты, солардың барлығы әдебиетіміздің дамуына үлкен серпін береді. Қазір мынау шетел әдебиетін де қазақ әдебиетімен қатар талдап жүрмін. Қазақ әдебиеті, әсіресе соңғы жылдары жақсы өсті деп сенімді айта аламын.