Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығын Оңтүстік Корея жазушысы Хан Ган алды
Н
обель сыйлығы адам өмірінің нәзіктігін әшкерелейтін поэтикалық прозасы үшін берілді,
Әдебиет бойынша 2024 жылғы Нобель сыйлығы оңтүстік кореялық жазушы Хан Ганға «тарихи ауыртпалықтарға қарсы тұратын және адам өмірінің нәзіктігін әшкерелейтін қарқынды, поэтикалық прозасы үшін» берілді, деп жазады ВВС.
"Хан Ган өз шығармасында тарихи ауыртпалықтар мен көзге көрінбейтін ережелер жиынтығын зерттеп, әр шығармасында адам өмірінің нәзіктігін ашады. Ол тән мен жанның, тірі мен өлі арасындағы байланысты ерекше түсінеді және оның поэтикалық және эксперименталды стилі қазіргі прозаның жаңалығына айналды" делінген Нобель комитетінің баспасөз хабарламасында.
Өткен жылы Нобель комитеті норвегиялық автор Юн Фоссеге "сөзбен жеткізу мүмкін емес дүниені дыбыстайтын инновациялық пьесалары мен прозалары" үшін әдебиет сыйлығын берді.
Өткен жылдардағы сыйлық иегерлері:
2023: Юн Фоссе (Норвегия)
2022: Анни Эрно (Франция)
2021: Абдулразак Гурна (Танзания)
2020: Луиза Глюк (АҚШ)
2019: Петер Хандке (Аустрия)
2018: Ольга Токарчук (Польша)
2017: Кадзуо Исигуро (Ұлыбритания)
2016: Боб Дилан (АҚШ)
2015: Светлана Алексиевич (Беларусь)
2014: Патрик Модиано (Франция)
2013: Элис Манро (Канада)
2012: Мо Янь (Қытай)
2011: Томас Транстремер (Швеция)
2010: Марио Варгас Льоса (Перу)
2009: Герта Мюллер (Германия)
2008: Жан-Мари Ле Клезио (Франция)
2007: Дорис Лессинг (Ұлыбритания)
2006: Орхан Памук (Түркия)
Бұған дейін 2024 жылғы физика саласындағы Нобель сыйлығы нейрондық желілерді машиналық оқытуға мүмкіндік берген жаңалықтары мен өнертабыстары үшін қос ғалым Джон Хопфилд пен Джеффри Хинтонға берілгенін хабарлаған болатынбыз.