Абай шығармалары өнер туындысына арқау болды
А
лматыда Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай көркемөнер туындыларының көрмесі өтті

Алматыда Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай көркемөнер туындыларының көрмесі өтті, деп жазды qazaqstan.tv.
Келушілер назарына қойылған кескіндеме, графика және сәндік-қолданбалы бұйымдарға ақын шығармалары арқау болған. Әр өнер туындысында ойшылдың мұрасы, оның философиясы және мәңгілік рухани-адамгершілік құндылықтары бейнеленген. Көрме Абай идеяларын түсіндіруде дәстүр мен жаңашылдықты біріктіріп, ұрпақтар арасын жалғайтын алтын көпірге айналды, дейді қатысушылар.
Болатбек Нұрбатыров, ұйымдастырушы:
Біздегі ерекшелігі мен айырмашылығы - тек қана Абайдың ұқсастығы емес, ішкі жан дүниесі, философиясы, оның қара сөздеріне байланысты болсын, не болмаса жазған шығармаларына байланысты Абайдың ішкі жан дүниесін ашып көрсету.