«Алпамыс батыр» жырын ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне енгізу ұсынылды

Алматыда бас қосқан бір топ мамандар осындай ойды ортаға тастады

pixabay.com

«Алпамыс батыр» жырын ЮНЕСКО-ның материалдық емес, мәдени мұрасы тізіміне енгізу ұсынылды. Алматыда бас қосқан бір топ мамандар осындай ойды ортаға тастады, деп хабарлады 24.kz.

 Түркі халықтарына ортақ мұраны талқылау үшін Алатау баурайына 12 елдің сарапшысы келді. Олар – Түркия, Әзербайжан, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекетіне белгілі ғалымдары.

Жиында «Алпамыс батыр» жырының ағылшын тіліндегі басылымы таныстырылды. Халқымыздың батырлық кейпін паш ететін бұл шығарма – ең көне жыр әрі түркі халықтарына ортақ. Айталық, өзбек халқында «Алпамыш», башқұрттарда «Алпамыша» атымен аталады екен.

Кенжехан Матыжанов, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры: - «Алпамыс батыр» жырына қызығушылық ерте заманнан басталғанын білеміз. Алғашқы жазба дерегі ретінде жарияланған кезі 1889 жылдан басталады. Міне, содан бері бүкіл Еуразия даласында жырланып келеді, қолданылып келеді. Сондықтан бұл жырды ЮНЕСКО-ның тізіміне кіргізу өте маңызды.  

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/m-denie/item/676251-alpamys-batyr-zhyryn-yunesko-ny-m-deni-m-ra-tizimine-engizu-synyldy
Қолданылған материалдарға міндетті түрде 24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс