Ұлттық музейде «Дүние дидарындағы Димаш» көрмесі ашылды

К

өрменің ашылу салтанатына әлемнің 50-ден аса елінен келген көрермендер қатысты

Астанадағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақстанның халық әртісі, композитор және мультиаспапшы Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған «Дүние дидарындағы Димаш» атты көрменің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлады kaz.inform.kz. 

Астанада Димаштың көрмесі ашылды

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Көрме, Димаштың Астанадағы ауқымды концертіне орайластырылып, оның өнердегі жетістіктері мен шығармашылық жолына арналған маңызды мәдени кеңістік ретінде ұйымдастырылды.

Астанада Димаштың көрмесі ашылды

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Бұл көрменің мақсаты — көрермендерге Димаш Құдайбергеннің өмірі мен шығармашылығындағы маңызды сәттерді көрсету, оның ұлттық және халықаралық деңгейде қол жеткізген жетістіктерін айқындау. Экспозицияның негізгі бөлімі әртістің жеке заттары, сахналық өміріне қатысты құнды жәдігерлер мен әлемдік мәдениетке қосқан үлесін айқындайтын экспонаттардан тұрады.

Астанада Димаштың көрмесі ашылды

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Көрменің ашылу салтанатына әлемнің 50-ден аса елінен келген көрермендер қатысты, олардың қатарында Қытай, АҚШ, Канада, Ресей және басқа елдердің өкілдері болды.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ашылу салтанатында арнайы хат жолдап, Димаш Құдайбергеннің қазақ мәдениетін әлемге танытудағы рөлін атап өтіп, жанкүйерлеріне алғысын білдірді. Министрдің хатын мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Қарсақбайқызы Сейітова оқып берді, хатта Димаштың шығармашылығы еліміздің ұлттық өнері мен мәдениетін жаңа деңгейге көтергені атап өтілді.

Көрме

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Астанада Димаштың көрмесі ашылды

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Көрме

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Димаштың жанкүйерлері

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Сондай-ақ, Ақтөбе облысының әкімі де өз құттықтау хатын жолдады, бұл хатты облыстың ішкі саясат басқармасының басшысы Әлібек Мұқтарұлы Байнешов оқып берді. Әкім өз хатында Димаштың туған жерінің мақтанышы екенін және оның әлемдік аренадағы жетістіктері Ақтөбе өңірі үшін үлкен мәртебе екенін атап өтті.

Астанада Димаштың көрмесі ашылды

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Көрменің ашылу салтанатында Димаштың әкесі, ҚР мәдениет қайраткері, әнші, композитор Қанат Айтбаев да сөз сөйлеп, жанкүйерлердің әрдайым қолдау білдіргеніне шынайы алғысын білдірді. Әкесінің айтуынша, музыка мен мәдениет шекара таңдамайды әрі адамдарды біріктіретін күшке ие. Сондай-ақ, Қанат Айтбаев жанкүйерлердің қолдауы мен ықыласы Димаштың өнер жолындағы ең басты мотивациялардың бірі екендігін баса айтты.

Көрме

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Сонымен қатар, жанкүйерлер атынан сөз сөйлеген Канададан келген Чжао ханым Димаштың шығармашылығы мен тұлғасына деген махаббатын жеткізіп, бүкіл әлемдегі жанкүйерлердің оның өнеріне деген шынайы ықыласын білдірді. Чжао ханымның сөзі көрермендер тарапынан зор қолдау тапты.

Ал Гонконгте туған, қазіргі уақытта Норвегияда тұратын Димаштың Catherine есімді жанкүйері Қазақстанға алғаш рет келіпті. 

«Димаштың арқасында мен Қазақстанды таныдым, осы елдің мәдениеті мен дәстүрлеріне деген қызығушылығым арта түсті. Бұл - менің Қазақстанға алғаш рет келуім. Қазақстан халқының қонақжайлылығы мен мейірімділігі маған зор әсер қалдырды», – дейді ол. 

жанкүйер

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Димаштың анасы, танымал әнші Светлана Айтбаеваның айтуынша, қытайлық жанкүйерлер қашан да белсенді.  

«Димаш Қытай елінен көп нәрсе үйренді, мұны өзі де үлкен ризашылықпен үнемі айтып жүреді. Димаш қай жерде концерт өткізсе де, Қытайдағы көптеген жанкүйер әрқашан оған қолдау көрсетеді. Біз оларға ерекше алғысымызды білдіреміз», – деді ол.

Светлана Айтбаева

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Көрмеде бірнеше тақырыптық бөлімдер ұсынылды:

«Шабыт көздері» — әртістің балалық шағы, өскен ортасы және шығармашылық дамуын бейнелейтін фотосуреттер мен заттар;

«Даңққа апарар жол» — оның кәсіби білім жолындағы дипломдары мен түрлі республикалық және халықаралық байқауларда алған марапаттары;

«Жанкүйерлер махаббаты» — әлемнің түкпір-түкпірінен әртіске жолданған жанкүйерлердің сыйлықтары;

«Ұлт мәдениетінің жаршысы» — ұлттық мәдениет пен қазақ өнерінің әлемдік аренада танылуына ықпал ететін Димаштың ұлттық аспаптары мен ұлттық киімдері.

Астанада Димаштың көрмесі ашылды

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Димаш

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

 

Астанада Димаштың көрмесі ашылды

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Астанада Димаштың көрмесі ашылды

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Астанада Димаштың көрмесі ашылды

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Айта кетейік, 13-14 қыркүйек күндері Димаш Құдайберген Астанада екі күн қатарынан жеке концертін береді. Бірегей шоуды тамашалауға 50 елден көрермендер келеді деп күтіліп отыр.

Димаштың жанкүйерлері

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform